- •(Күндізгі бөлімге арналған)
- •Цитология және гистология пәні әдістемесі
- •Клетканың құрылысы және функциясы
- •Клетканың структуралық компоненттері Цитоплазма
- •Мембраналы органоидтар
- •Клеткалардың қимыл органеллалары
- •050113 «Биология» мамандығы үшін
- •Клетканың структуралық компоненттері Цитоплазма
- •Мембраналы органоидтар
- •Цитологияның әдістері
- •Клетканың құрылысы және функциясы
- •Клеткалардың қимыл органеллалары
- •Практикалық сабақтардың шамамен берілген тізімі Клетканың морфологиялық құрылысы
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Силлабус
- •1. Жалпы мәлімет:
- •1.1. Пән туралы мәлімет:
- •1.2. Оқытушы жөнінде мәлімет:
- •1.3. Курс процедурасы және саясаты:
- •2. Бағдарлама
- •2.1. Пәннің сипаттамасы
- •2.2. Пәнді оқытудың мақсаты:
- •2.3. Пәнді оқытудың арнаулы міндеттері:
- •2.4. Пререквизиттер:
- •2.5. Постреквизиттер:
- •2.6. Пән бойынша оқу- әдістемелік материалдар
- •Пәннің тақырыптық жоспары
- •Дәріс сабақтары
- •Зертханалық сабақтар
- •Технологиялық карта
- •Зертханалық сабақтар үшін әдістемелік нұсқау. Зертханалық сабақтар.
- •Сөж тапсырмалары:
- •Тексеру тапсырмалары
- •Қолданылған әдебиеттер
- •Гистология
- •050113 «Биология» мамандығы үшін
- •1 Кредит (45 сағат)
- •Жыныс клеткалары
- •Эпителиальды ұлпа
- •Ішкі ортаның ұлпалары
- •Дәнекер ұлпасы
- •Бұлшық ет ұлпасы
- •Нерв ұлпасы
- •Практикалық сабақтардьщ шамамен берілген тізімі Гистологиялық зерттеудің әдістері
- •Эмбриологияның негіздері
- •Ұлпалар
- •Қосымша әдебиеттер
- •Силлабус
- •1. Жалпы мәлімет:
- •1.1. Пән туралы мәлімет:
- •1.2. Оқытушы жөнінде мәлімет:
- •1.3. Пәннің саясаты мен жүргізілуі:
- •2. Бағдарлама
- •2.1. Пәннің сипаттамасы
- •2.2. Пәнді оқытудың мақсаты:
- •Пәннің тақырыптық жоспары
- •Дәріс сабақтары
- •Зертханалық сабақтар
- •Мұндағы: р1- бірінші рейтингінің бағасының паЙыздық құрамы;
Мембраналы органоидтар
Эндоплазмалық тор - құрылысы, қызметі, тегіс және кедір бұдырлы эндоплазмалық тор; белоктарды синтездеуге қатысуы, белоктік өнімдерді жинау жене оларды тасымалдау, ядро қабықшасымен байланысы; Тегіс эндоплазмалық тор құрылысы және клеткадағы қызметі; полисахаридтерді және липидтерді синтездеу, осы заттарды жинау және тасымалдау, клетка ішіне түскен заттарды оқшаулаудағы және нейтральдаудағы эндоплазмалық тордың ролі. Өсімдіктер клеткасының вакуольдері.
Гольджи аппараты - құрылысы, қызметі. Диктиосомалардьщ пішіні мен орны. Гольджи аппаратының негізгі қызметі; липидтер мен полисахаридтерді синтездеу, секреция жинау, секреттік өнімдердің пісіп жетілуі (белоктар, липидтер, полисахаридтер) және олардың цитоплазмаға бөлінуі, лизосомалардың пайда болуы және плазмалық мембрананы қалыптастырудағы ролі;
Лизосома - құрылысы, химиялық құрамы. Алғашқы, екінші лизосомалар, аутофагосомалар, үшінші лизосомалар немесе қалдық денешіктері. Лизосомалардың зат алмасудағы яғни, тамақты қорытудағы рөлі. Өлген заттарды оқшаулап сыртқа шығару. Лизосомалардың түзілуінде Гольджи аппаратының қызметі.
Рибосомалар - құрылысы, және атқаратын қызметі. Полирибосомалар. ЭПС-тің мембранасында орналасқан рибосомалардың қызметі. Рибосомалардың белок биосинтез процесіне қатысуы.
Митохондриялар — жалпы құрылысы, пішіні, сыртқы және ішкі мембраналары, кристалардың құрылысы, матриксі: ДНК, РНК рибосомалар.
Пластидтер өсімдіктер клеткаларьщда ғана кездесетіндігі.
Хлоропласт, хромопласт, лейкопласт, протопластидтер. Хлоропластылардың функциясы: фотосинтез, АТФ синтезі. Фотосинтез процесі, оның негізгі процесі.
Клеткалардың қимыл органеллалары
Микротүтікшелер. Кірпікшелер. Талшықтар. Базальді денешік (кинетосомалар). Микротүтікшелердің құрылысы, қызметі. Тубулин белогі. Кірпікшелер мен талшықтар, олардың құрылысы мен қызметі. Прокариоттардың талшықтары: флагеллин белогі. Базальді денешіктер құрылысы, қызметі.
Жануар мен өсімдік клеткаларының цитоплазмасының микрофибриллалары мен микрофиламенттері. Бұлшық ет талшығының миофибриллаларының құрылысы, саркомеры, белоктары. Цитоплазманың қимылындағы микрофиламенттердің қатысы.
Клетка орталығы. Клетка орталығының құрылысы, қызметі. Центриольдар,: улътраструктуралық құрылысы, репликациясы (дупликация).
Клетканың тұрақсыз қосылыстары. Классификациясы. Құрылысы, химиялық құрамы.
Ядро
Клетканың тіршілігіндегі ядроның маңызы, гендік информация. Ядроның пішіні, көлемі, клеткадағы саны және орналасуы. Ядроның химиялық құрамы: нуклеин қышқылдары (ДНК мен РНК), ядроның структуралық белоктары мен ферменттері. Ядро қабықшасы. Құрылысы. Ядро мен цитоплазманың арасындағы зат алмасу процесіндегі ядро қабықшасының қатысы. Ядро қабықшасының, ядро мен цитоплазманың арасындағы процестегі ролі.
Ядро шырыны (кариоплазма) құрылысы, қызметі. Хромосомалар - ядроның негізгі структуралық және функциялық бөлігі. Химиялық құрамы. ДНК молекуласының құрылысы мен қасиеттері. РНК молекуласының құрылысы, қасиеті, хромосомалардағы мөлшері. Хроматин жіпшелері. Эухроматин және гетерохроматин. Жыныстық хроматин. Кариотип жөніндегі ілім. Мегацентрлік, субметацентрлік, акроцентрлік хромосомалар.
Хромосомалардың репродукциясы. Интерфазадаіы ДНК синтезі. Редупликация механизмі.
Ядрошық. Ядродағы ядрошықтың саны, үлкендігі, пішіні. Ядрошықтың ультраструктуралық құрылымы. Химиялық құрамы: РНК белок. Ядрошықтың хромосомаларда түзілуі. Ядрошықты ұйымдастырушы. РНК синтезі; транскрипция синтезі. Ядрошықта рибосомалар суббірліктерінің қалыптасуы, олардың цитоплазмаға шығуы. Ядрошықтың клетка митозы кезіндегі өзгерісі. Клетканың метаболизмдік қызметіндегі ядроның ролі, гендік информацияньщ берілуі. Белоктың биосинтез процесі, гендік код. РНК түрлері; олардьщ ядрода пайда болуы, белоктің биосинтезіндегі ролі.
Клеткалық цикл. Митоздық циклдың негізгі процестеріне жалпы сипаттама, бірклеткалы және көпклеткалы организмдердегі оның ұзақтығы. Клеткалық циклдың қоршаған ортаға яғни, температура т.б. тәуелділігі. Интерфазалық клеткалық циклдьщ дәуірлері: пресинтездік, синтездік, постсинтездік, жалпы сипаттама.
Клетканың бөлінуі. Митоз. Митоздың фазаларьі. Митоз кезінде клеткадағы ядро қабықшасының өзгеруі, митоздық аппаратының қалыптасуы және осы процестегі центриольдардың ролі, ядрошықтың өзгерісі. Митоздық аппаратының улътраструктуралық құрылысы мен химиялық құрамы. Митоздық хромосомалардың қозғалысының механизмі. Өсімдік пен жануар клеткасындағы цитокинез, оның ерекшелігі. Эндоцитоз. Сомалық полиплоидия.
Амитоз — клеткалардың тікелей бөлінуі. Мейоз. Мейоздың ерекшелігі, оның биологиялық маңызы. Коньюгация, кроссинговер, хромосомалар санының редукциясы және гаплоидты жыныс клеткаларының (гаметаларының қалыптасуы, бұлардың бәрі мейоздың бірінші бөлінісі).
Клеткалық жіктелу (дифференциация). Клеткалардың жіктелуіне жалпы сипаттама. Клеткалық жіктелу кезіндегі цитоплазма мен ядроның өзара әрекеттесуі, соның нәтижесінде ядроның гендік қасиеттерінің өзгеруі. Клеткалық жіктелудің нервтік гуморальдық факторлары. Клетка паталогиясы (аурулары). Ісік аурулары.
1 - бөлім
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Жоғары кәсіптік білім
ЦИТОЛОГИЯ
