Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Цитологияның әдістері

Негізгі зерттеу әдістерінің бірі - электронды микроскоп, жарықтық микроскоп, интерференциялық полиризациялық фаза, контрастық микроскоптар. Клеткаларды фиксациялап зерттеу: фиксаторлар, олардың химиялық құрамы және қолдану, тұрақты : және уақытша препараттарды дайындау, бояғыштардың түрлері және препараттарды бояу, цитохимия, гистохимия әдістері: Ультракүлгін микроскоп. Цитофотометрия. Авторадиография. Биофизикалық және биохимиялық әдістермен клеткаларды зерттеу.

Клетканың құрылысы және функциясы

Клетка - тірі заттың ең кішкене бірлігі. Клеткалардың құрылысы: су, белоктар, липидтер, көмірсу, органикалық және неорганикалық иондар, АТФ, нуклеин қышқылдары. Клеткалардың әр түрлі пішіні, морфологиялық ерекшеліктерінің қызметіне тәуелділігі. Қарапайым бір клеткалы организмдер. Автотрофты және гетеротрофты организмдер. Клетка және организм: барлық организмдердің онтогенезінің негізі - көбею, өсу және клеткалардың жіктелуі. Клеткалық құрылысы жоқ вирустардың қызметі және тәжірибелік маңызы.

Клетканың структуралық компоненттері Цитоплазма

Клетка мембранасы, оның молекулалық құрылысы, негізгі атқаратын қызметі. Өсімдіктер клеткасының қабығы, химиялық құрылысы мен функциясы. Жануарлар клеткасының қабығы, гликокаликсі, оның химиялық құрамы, қызметі, құрылысы,

ерекшелігі.

Плазмалық мембрананың негізі атқаратын қызметі: сыртқы ортадан ішкі ортаны бөлу, өткізгіштік, заттарды пассивті, активті тасымалдау, фагоцитоз, пиноцитоз, экзоцитоз процестері, рецепторлық қызмет.

Клеткааралық контактінің жеті түрі. Жай байланыс. Күрделі байланыс. Тығыз байланыс. Саңылаулы байланыс (нексус). Аралық байланыс. Саусақ тәрізді байланыс. Синапстық байланыс. Клетка мембранасының өсуі.

Цитоплазманың негізгі заты – гиалоплазма - клетканың ішкі ортасы. Цитоплазманың негізгі компоненті - органеллалар, қосылыстар, гиалоплазма (матриксі). Органоидтар - жалпы сипаттамасы, классификациясы.

Мембраналы органоидтар

Эндоплазмалық тор - құрылысы, қызметі, тегіс және кедір бұдырлы эндоплазмалық тор; белоктарды синтездеуге қатысуы, белоктік өнімдерді жинау жене оларды тасымалдау, ядро қабықшасымен байланысы; Тегіс эндоплазмалық тор құрылысы және клеткадағы қызметі; полисахаридтерді және липидтерді синтездеу, осы заттарды жинау және тасымалдау, клетка ішіне түскен заттарды оқшаулаудағы және нейтральдаудағы эндоплазмалық тордың ролі. Өсімдіктер клеткасының вакуольдері.

Гольджи аппараты - құрылысы, қызметі. Диктиосомалардьщ пішіні мен орны. Гольджи аппаратының негізгі қызметі; липидтер мен полисахаридтерді синтездеу, секреция жинау, секреттік өнімдердің пісіп жетілуі (белоктар, липидтер, полисахаридтер) және олардың цитоплазмаға бөлінуі, лизосомалардың пайда болуы және плазмалық мембрананы қалыптастырудағы ролі;

Лизосома - құрылысы, химиялық құрамы. Алғашқы, екінші лизосомалар, аутофагосомалар, үшінші лизосомалар немесе қалдық денешіктері. Лизосомалардың зат алмасудағы яғни, тамақты қорытудағы рөлі. Өлген заттарды оқшаулап сыртқа шығару. Лизосомалардың түзілуінде Гольджи аппаратының қызметі.

Рибосомалар - құрылысы, және атқаратын қызметі. Полирибосомалар. ЭПС-тің мембранасында орналасқан рибосомалардың қызметі. Рибосомалардың белок биосинтез процесіне қатысуы.

Митохондриялар — жалпы құрылысы, пішіні, сыртқы және ішкі мембраналары, кристалардың құрылысы, матриксі: ДНК, РНК рибосомалар.

Пластидтер өсімдіктер клеткаларьщда ғана кездесетіндігі.

Хлоропласт, хромопласт, лейкопласт, протопластидтер. Хлоропластылардың функциясы: фотосинтез, АТФ синтезі. Фотосинтез процесі, оның негізгі процесі.