Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микроэкономика ОҚУЛЫҚ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Сурет 2.5 а Ұсыныс қисығы Сурет 2.5 ә Ұсыныс функциясы

Сонымен, ұсыныс туралы мынадай қорытындыға келуге болады: ұсыныс қисығының бойымен жылжу ұсыныс көлемінің өзгерісін сипаттайды: тауардың бағасы неғұрлым жоғары болған сайын (басқа факторлар тұрақты болған жағдайда), ұсыныс көлемі де соғұрлым жоғары болады, және керісінше, тауардың бағасы неғұрлым төмен болған сайын, ұсыныс көлемі де соғұрлым төмен болады. Ал ұсыныс қисығының оңға немесе солға жылжуы ұсыныстың өзгерісін бейнелейді: ол ұсыныс функциясын анықтайтын факторлардың өзгеруінен орын алады.

Ұсыныс функциясын толығырақ талдау үшін уақыт факторын да есепке алған жөн. Әдетте, өте қысқа мерзімді, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдер бөліп көрсетіледі. Өте қысқа мерзімді уақытта өндірістің барлық факторлары тұрақты болып табылады, қысқа мерзімді уақытта бірқатар факторлар өзгермелі (шикізат, жұмыс күші және т.б.), ал ұзақ мерзімді уақытта барлық факторлар өзгермелі (өндірістік қуаттар, саладағы фирмалардың саны және т.б.) болып табылады.

Сурет 2.6 Өте қысқа мерзімде (а), қысқа мерзімде (б) және ұзақ мерзімде (в) баға мен ұсыныс көлемінің өзгеруі

Нарықтың өте қысқа мерзімді кезеңі жағдайында сұраныстың өсуі (төмендеуі) бағаның өсуіне (төмендеуіне) алып келеді, ал ұсыныс көлемі өзгеріссіз қалады (сурет 2.6 a). Қысқа мерзімді кезең жағдайында сұраныстың артуы кезінде бағалар да және өндіріс көлемі де өседі, өйткені фирмалар өзгерген сұранысқа байланысты бірқатар факторларды өзгертіп үлгереді (сурет 2.6 б). Ал ұзақ мерзімді кезең кезінде сұраныстың өсуінен ұсыныс көлемі оған қарағанда едәуір ұлғаяды, ал бағалар бұл жерде өзгере қоймайды немесе мүлдем өзгермейді (сурет 2.6 в).

Біз енді сұраныс пен ұсыныс мәселесін жеке – жеке талдап алғаннан кейін, олардың өзара әсерлесуін қарастыруға көшеміз. Сұраныс қисығы мен ұсыныс қисығының бір жазықтықтың бойында қиылысуы кезінде сұраныс пен ұсыныс теңеседі де нарықтық тепе – теңдік пайда болады. Сұраныс қисығы мен ұсыныс қисығының қиылысуын кейде «Маршалл кресі» деп те атайды. Өйткені, кезінде неоклассикалық теорияның негізгі өкілі Альфред Маршалл (1842 – 1924 жж.) өзінің 1890 жылы шыққан «Экономикс принциптері» деген еңбегінде алғаш рет микроэкономикалық тұрғыдан шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану және пайдалылықты арттыру мәселесін қарастыра отырып сұраныс, ұсыныс, баға және нарықтық тепе – теңдік деген ұғымдарды қолданған деп айтылады. Сондықтанда, бұл жерде А. Маршаллды микроэкономиканың атасы деп айтуға толық негіз бар.

Бірақ, нарықта сатып алушылар мен сатушылардың келісімді жүзеге асыруға дайындықтары әртүрлі болып табылады. Нақты келісім-шарт (сату-сатып алу) берілген ағымдағы бағамен белгілі бір игілікті сатып алу көлемі мен сату көлемі теңескен жағдайда ғана орындалады және де сол сияқты, сатушы бағасы мен сатып алушы бағасы теңескен жағдайда да орын алады. Егер, сұраныс қисықтары мен ұсыныс қисықтары нарықтың қатысушылары бір-бірімен өзара айырбас операциясына түсу шартын көрсетсе, онда бұл қисықтардың өзара әрекеттері тепе-теңдік баға және тепе-теңдік көлемі түрінде айырбасты жүзеге асырудың нақты кәдімгі нәтижесін де сипаттайды. Оның графикалық көрінісі төменде көрсетілген (сурет 2.7). Графикке байланысты, Тепе-теңдік нүктесі Е әрпімен беріледі (латынның Equilibrium сөзінен). Сол тепе-теңдік нүктеде тепе-теңдік баға:

PE = PS = PD, (мұндағы, PE — тепе-теңдік баға; PS — ұсыныс бағасы; РD — сұраныс бағасы) және тепе-теңдік көлем:

QE = Qs = QD, (мұндағы, QE — тепе-теңдік көлем; QS — ұсыныс көлемі; QD — сұраныс көлемі) қалыптасады. Нарықта қалыптасқан мұндай жағдайды нарықтық тепе – теңдік деп атайды.

Р D S

PE Е (Equilibrium)

0

QE Q

Сурет 2.7 Нарықтық тепе – теңдік

Сонымен, нарықтық тепе – теңдік дегеніміз бұл берілген баға бойынша игіліктерге деген сұраныс көлемі оның сол игіліктің ұсыныс көлеміне тең болған кезіндегі орын алатын нарықтың қалыптасқан жағдайы. Әрине, бұл жерде, нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу шартының басты параметрлері болып, біріншіден, жоғарыда аталып өткендей, тепе – теңдік баға және тепе – теңдік көлем табылады. Тепе – теңдік баға – бұл сатып алушылар мен сатушылардың өзара әрекеттері нәтижесіндегі сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасын теңестіретін ортақ баға. Ал тепе – теңдік көлем – бұл сатып алушылар мен сатушылардың өзара әрекеттері нәтижесінде сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемін теңестіретін ортақ сату және сатып алу көлемі. Нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуы кезінде тұтынушылар да, өндірушілер де ұтады. Осыған сәйкес, екі ұғым пайда болады.

1) Тұтынушының ұтымы (артықшылығы) – бұл нарықтық айырбас үрдісінде тұтынушының игілікті сатып алуға төлеген нақты тепе-теңдік бағасы мен оның сол игілікті сатып алуға дайын максималды сұраныс бағасы арасындағы айырмашылықтан алатын қосымша пайдалылығы. Төмендегі графикте тұтынушының ұтымын PmaxEPE ауданы арқылы сипаттауға болады (сурет 2.8). Өз кезегінде, бұл тепе-теңдік бағаның (PE) тұтынушының төлей алатын максималды бағасынан (Pmax) төмен екендігін көрсетіп тұр.

2) Өндірушінің ұтымы (артықшылығы) – бұл нарықтық айырбас үдісінде өндірушінің игілікті сатуға дайын минималды ұсыныс бағасы мен сол игілікті нақты сатудың тепе-теңдік бағасы арасындағы айырмашылықтан көретін қосымша пайдасы. Графикте, өндірушінің ұтымын PminEPE ауданы арқылы сипаттауға болады (сурет 2.8). Сәйкесінше, 0PEEQE ауданы өндірушінің жалпы түсімін көрсетсе, ал 0PminEQE тіктөртбұрыштық ауданы өндірушінің жалпы шығындарын көрсетеді. Яғни, жалпы түсімдер мен жалпы шығындар арасындағы айырманы өндірушінің ұтымы деп те сипаттауға болады.

Р

Рmax Тұтынушының ұтымы

S

PE Е Өндіріс шығындары

Pmin

D

0 QE Q

Өндірушінің ұтымы

Сурет 2.8 Тұтынушы мен өндірушінің ұтымы және өндіріс шығындары

Нарықтың даму шеңберінде сатушылар мен сатып алушылар өзара бейімделу үстінде болады. Бұл жерде бағалар маңызды рөл ойнайды. Олар қажетті ақпараттармен тез алмасуға мүмкіндік жасайды. Сондықтан, нарықтағы бағалар нарықтық тепе-теңдікті үнемі ауытқытып отырады. Мысалы, төмендегі график арқылы артықшылық және тапшылық деген ұғымдарды түсіндіруге болады (сурет 2.9). Егер нарықтағы қалыптасқан баға тепе-теңдік бағадан жоғары болса, онда жоғары P1 баға кезінде тауардың артықшылығы орын алады, ол АВ кесіндісінің аралығына тең. Яғни, P1 > PE және QS > QD болған кезде ұсыныс сұраныстан артық болады. Сатушылардың бәсекеге түсуі нәтижесінде бұл артықшылық бағаны төмендетуге мүмкіндік жасайды. Ал егер керісінше, нарықтағы қалыптасқан баға тепе-теңдік бағадан төмен болса, онда төменгі P2 баға кезінде тауардың тапшылығы орын алады, ол CF кесіндісінің аралығына тең. Яғни, P2 > PE және QD > QS болған кезде сұраныс ұсыныстан артық болады. Енді сатып алушылардың бәсекеге түсуі нәтижесінде бұл тапшылық бағаны жоғарылатуға мүмкіндік жасайды. Тек соңында Е нүктесінде ғана сатушылар мен сатып алушылардың бәсекелік күштері теңесіп тұрақты тепе-теңдік баға орнайды. Ол тепе-теңдік баға сұраныс пен ұсынысты анықтайтын факторлардың біреуі өзгергенде дейін қысқа мерзімді кезеңде сақталып тұрады.

Р D S

артықшылық

P1 A B

PE Е

P2

C F

0 тапшылық

QE Q=*-

+

Сурет 2.9 Нарықтық тепе – теңдік және одан ауытқу (артықшылық пен тапшылық)

Біз енді білеміз, кез келген тауар нарығында икемді бағалардың көмегімен өзгеріп отыратын сұранысқа ұсыныстың тұрақты түрде бейімделіп отыруы жүріп отырады. Уақыт өткен сайын ұсыныс толығымен өз сұранысын табады да нарық балансталған жағдайда болады. Бірақ, бара-бара жағдайдың өзгеруіне орай сұраныс пен ұсыныс арасында дисбаланс туындайды. Классикалық мектептің өкілдері, жоғарыда атап өткендей, сұраныстың пен ұсыныстың өзара бағалық және көлемдік жағынан бейімделуі арқылы нарықтық тепе-теңдіктің үнемі қалпына келіп отыруын бақылай отырып мынадай тұжырымға келген: нарық – бұл жоғалған тепе-теңдікті автоматты түрде қалпына келтіріп отыруға қабілеті бар өзін өзі реттейтін жүйе. Сондықтанда, микроэкономикада нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу механизмін зерттейтін екі негізгі неоклассикалық бағыт бар: 1) Вальрас бойынша нарықтық тепе-теңдік және 2) Маршалл бойынша нарықтық тепе-теңдік.

Вальрас бойынша тепе – теңдік – ол нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу шарты сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемі теңдігінің (QD = QS) орындалуы арқылы туындайтынын сипаттайтын неоклассикалық тұжырым және ол тепе-теңдіктің анықтаушы рөліне сұраныс пен ұсыныстың сандық сипаттамалары қойылады. Нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуы сұраныс пен ұсыныс көлемдері тарапынан орын алған артықшылықтарды басу немесе жою салдары ретінде түсіндіріледі (сурет 2.10a). Мұндай тепе-теңдік қысқа мерзімде орын алады. Егер P1 бағасы кезінде Q2 – Q1 аралығында сұраныс артықшылығы орын алса, онда сатып алушылардың бәсекелестігі нәтижесінде артықшылық жойылғанша дейін баға РЕ бағасына қарай көтеріле береді. Ал егер P2 бағасы кезінде ұсыныс артықшылығы орын алса, онда сатушылардың арасында бәсеке күшейіп, нәтижесінде артықшылықтың жойылуына алып келеді. Сөйтіп сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемінің теңесуі арқылы Вальрас бойынша тепе-теңдік орнайды және ол былай көрсетіледі:

QD (P) = QS (P)

Маршалл бойынша тепе – теңдік – ол нарықтың тепе-теңдіктің қалыптасу шарты сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасының теңдігі (РD = РS) тарапынан орындалатынын сипаттайтын неоклассикалық тұжырым және ол тепе-теңдіктің анықтаушы рөліне сұраныс пен ұсыныстың бағалық сипаттамалары қойылады. Мұндай нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуы сұраныс бағасының ұсыныс бағасынан артып кетуін жою немесе ұсыныс бағасының сұраныс бағасынан артып кетуін жою арқылы қарастырылады (сурет 2.10ә). Мұндай тепе-теңдік ұзақ мерзімде орын алады. Егер Q1 көлемі кезінде P2 сұраныс бағасы P1 ұсыныс бағасынан артық болса, онда сатушылар артық пайда алуға ие бола отырып ұсыныс көлемін арттыруға ынталы болады. Нәтижесінде Q1 ұсыныс көлемі QE ұсыныс көлеміне дейін ұлғайып баға PE бағасына дейін төмендейді де нарықтық тепе-теңдік орнайды. Және керісінше, егер Q2 көлемі кезінде P3 сұраныс бағасы P2 ұсыныс бағасынан төмен болса, онда сатушылар ұсыныс көлемін қысқартуға мәжбүр болады. Сөйтіп, сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасының теңесуі арқылы Маршалл бойынша тепе-теңдік орнайды және ол былай көрсетіледі:

P D (Q) = PS (Q)

P ұсыныс артықшылығы P D S

P2 S P2

A L E

PE

PE E P3

K B P1

P1 D

сұраныс артықшылығы

0 Q1 QE Q2 Q 0 Q1 QE Q2 Q

а) Вальрас бойынша ә) Маршалл бойынша

Сурет 2.10 Нарықтық тепе – теңдіктің қалыптасу тұжырымдары

Нарықтық экономиканың дамымаған жағдайында ұсыныс бағасы сұраныс бағасынан артық болады (сурет 2.11a), ал сәйкесінше, ұсыныс көлемі де сұраныс көлемінен артық болуы мүмкін (сурет 2.11ә). Бірінші жағдайда, сатып алушылардың белгілі бір тауарды немесе қызметті сатып алу үшін төлей алатын максималды сұраныс бағасы сатушылардың ұсына алатын минималды бағасынан төмен болып тұрғанын байқаймыз, олай болса бұл берілген тауар немесе қызмет үшін әлі нарық қалыптаспаған: сатып алушылар осы тауарға сұраныс білдіруге әлі де болса сондай қабілетті немесе ауқатты емес. Ал екінші жағдайда, сұраныстың максималды көлемі ұсыныстың минималды көлемінен төмен болып тұр. Сұраныс көлемінің сондай төмен болуынан өндірушілерге берілген тауардың көлемін сату тиімсіз болып табылады. Яғни, графикке сәйкес, нарықтық тепе-теңдіктің дәстүрлі моделінен тыс нөлдік бағалар немесе нөлдік көлемдер кезінде туындайтын ең шеткі (сирек кездесетін) тепе-теңдіктің моделі де болатынын айтуға болады. Бұл модель нарықтық емес жағдайларды сипаттайды.

Р P

S D S

PS

PD

D

0 Q 0 QD QS Q

a) РS > PD ә) QS > QD

Сурет 2.11 Нарықтың ең шеткі (сирек) тепе-теңдіктері

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, нарықта қалыптасатын жағдайлардың бәрі сұраныс пен ұсыныс функцияларының сипатына қарай өзгеріп отырады. Кез келген қалыпты тауарлар нарықтарындағы тепе-теңдік сұраныс заңы мен ұсыныс заңы бойынша қалыптасып тепе-теңдіктің бірдейлігі орын алады. Нарықтың тепе-теңдіктің бір болуы (бірдейлігі) немесе дербестілігі деп отырғанымыз ол белгілі бір уақыт мезетінде кез келген қалыпты тауар үшін «баға - көлем» үйлесімінде жалғыз ғана тепе-теңдіктің орнауын қамтамасыз ететін нарықтың қабілеттілігі. Бірақ сұраныс пен ұсыныс функциялары «ереже бойынша жүрмейтін» ерекше тауарлар да болады. Мұндай жағдайда нарықтың талабы әрқашанда орындала бермейді. Себебі, кей жағдайларда нарықтық тепе-теңдікке мүлдем қол жеткізілмеуі мүмкін. Мына бір жағдайда, төмендегі графиктерде көріп отырғанымыздай, сұраныс пен ұсыныс қисықтарының сызықтары бірдей бағытта – оң көлбеулікте (сурет 2.12 a және ә) немесе теріс көлбеулікте (сурет 2.12 б) болуы мүмкін. Мұнда а) суретіндегі графикке сәйкес, нарықтық тепе-теңдікке қол жеткізілмесе де бәрібір кездейсоқ келісімдер орын ала алады, ал ә) және б) суреттеріндегі графиктерде келісім-шарттар мүлдем орын алмайды, өйткені нарыққа қатысушылардың мүдделері әртүрлі мақсаттарға бағытталған деп айтса да болады.

Р Р Р

а) ә) б)

D S

S D

S

D

Q Q Q

Сурет 2.12 Нарықтық тепе-теңдіктің қол жеткізілмеушілігі

Мынадай жағдайларда, егер сұраныс немесе ұсыныс белгілі бір аралықта (учаскеде) көлбеулігін өзгертсе, онда тепе-теңдік нүктелерінің көптігі немесе сұраныс пен ұсыныстың қиылысуында нарықтық тепе-теңдіктің бірнеше нүктелері орын алуы мүмкін. Мұндайда нарықтық тепе-теңдіктің көптілік (бірнешелік) жағдайы орындалады, сонымен қатар, бір нарықта бірнеше тепе-теңдік жағдайлар да орын алады. Оны төмендегі графиктерден көруге болады (сурет 2.13 а, ә және б). Мұндағы а) суретіндегі графикте тепе-теңдіктің жалғыз еместігі (екі жерден) ұсыныс қисығының оң көлбеулігінің теріс көлбеулікке өзгеруімен шартталады, бұл еңбек нарығының мысалы бола алады, еңбектің бағасы (жалақы мөлшерлемесі) белгілі деңгейіне жеткеннен кейін еңбекке деген ынта төмендеп еңбек ұсынысы азаяды, ал нәтижесінде екі тепе-теңдік пайда болады: P1; Q1 және P1; Q2. Келесі ә) және б) суреттеріндегі графикте сұраныс пен ұсыныс сызықтары бағаның немесе көлемнің белгілі бір интервалында бір біріне жанасады, нәтижесінде нарықтық тепе-теңдіктің көптеген нүктелері пайда болады. Бұл жағдай бағалардың Р1 және P2 аралығында өзгергенде көлемнің QE деңгейінде тұрақты болып қалатынын, және керісінше, көлемдердің Q1 және Q2 аралығында өзгергенде бағаның PE деңгейінде тұрақты болып қалатынын көрсетеді.

Р Р Р

a) ә) б)

D S

P2 P2 РЕ

P1 P1

S D S D

Q2 Q1 Q QЕ Q Q1 Q2 Q

Сурет 2.13 Нарықтық тепе-теңдіктің біреместілігі а) және нүктелік көптілігі ә) және б)

Классикалық теория нарықтық тепе – теңдіктің тұрақтылығы туралы болжамға сүйене отырып, нарықтың өздігінен тепе-теңдік қалпына қайтып келе алу қабілеттілігін растайды.

Нарықтық тепе-теңдіктің тұрақтылығы – бұл нарықтың өзінің ішкі күштері арқылы тепе-теңдік жағдайды қалпына келтіріп отыратын сол нарықтың қабілеттілігі. Егер нарық өзінің ішкі механизмдері арқылы осы қызметін атқара алса, онда ол нарық тұрақты, ал атқара алмаса тұрақсыз болғаны. Бұл сұрақтарға нарықтық тепе-теңдіктің динамикалық моделі – «өрмекші торы тәріздес» модельдің көмегімен жауап беруге болады. «Өрмекші торы тәріздес» модель – бұл уақыт факторын есепке ала отырып нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу заңдылықтарын талдауға мүмкіндік беретін қарапайым динамикалық модель, ол бір уақыт мезетінен екінші бір уақыт мезетіне өту кезіндегі сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысын көрсетеді. Ұсыныс бұл жерде сұраныс бағасының өзгеруіне белгілі бір уақыт өткеннен кейін ғана кешігіп барып әсер етеді, соңында тепе-теңдіктің қалыптасуында бағалық немесе циклдік толқулар орын алады (сурет 2. 14 а, ә және б).

Р A) Р нарықтық бағаның динамикасы

S=f(Pt-1)

Р 1 P1

P E PE

D=f(Pt)

P 2 P2

D1=f(Pt)

Q1 QE Q1 Q T

Р Ә) Р

S=f(Pt-1) нарықтық бағаның динамикасы

P 1 P1

D=f(Pt)

PE PE

P 2 P2

D1=f(Pt)

QE Q1 Q Т

Р Б) Р

S=f(t-1) нарықтық бағаның динамикасы

P 0 P0

P E PE

P 1 P1

D=f(Pt)

D1=f(Pt)

QE Q0 Q T

Сурет 2.14 «Өрмекші торы тәріздес» модельдегі а) бірқалыпты, ә) тұрақты (кемімелі) және б) тұрақсыз (өспелі) нарықтық тепе-теңдіктер және нарықтық бағаның динамикасы

Осы көрсетіліп отырған графикке сәйкес, сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының көлбеулігі бірдей болса, онда нарықтық баға тепе-теңдік бағаның айналасында бірқалыпты түрде ауытқып отырады (сурет 2.14 a). Егер ұсыныс қисық сызығының көлбеулігі сұраныс сызығының көлбеулігіне қарағанда аса тіктеу болса, онда нарық тепе-теңдікке келе бастайды (сурет 2.14 ә). Ал егер сұраныс қисық сызығының көлбеулігі ұсыныс сызығының көлбеулігіне қарағанда аса тіктеу болса, онда нарықтың тепе-теңдіктен ауытуы артады, және нарық мүлдем бұзылады да «катастрофа» деген модель пайда болады (сурет 2.14 б).

Сонымен, «өрмекші торы тәріздес» модель арқылы сұраныс пен ұсыныстың (көлбеуліктерінің) бағаның өзгеруіне қарай бейімделу сезімталдығына байланысты нарықтық тепе-теңдіктің және бағалық толқудың бірқалыпты, тұрақты және тұрақсыз деген түрлерін бөліп көрсетуге болады.

Біз енді нарықтық механизмнің әрекет етуі мен даму заңдылықтарын және оның негізгі элементі болып табылатын сұраныс пен ұсынысты одан әрі терең талдау үшін икемділік деген ұғымды қарастырамыз. Экономикалық агенттердің тарапынан бағаның және табыстың өзгеруіне деген мүмкін реакцияларын зерттеуде икемділік ұғымы маңызды рөл ойнайды. «Икемділік» ұғымын да жоғарыда аталған, ағылшын экономисі Альфред Маршалл өз зерттеуінде алғаш рет қолданып микроэкономика ғылымына енгізген болатын. Кейін, бұл ұғым туралы идеяларды ағылшын экономисі Джон Хикс пен американ экономисі Пол Самуэльсон және тағы басқа да ғалымдар әріқарай дамыта түсті.

Икемділік дегеніміз – бір айнымалы өлшемнің өзгеруіне байланысты екінші бір айнымалы өлшемнің өзгеріске ұшырау реакциясының дәрежесі. Икемділіктің сандық мәнін есептеу үшін икемділіктің коэффициенті қолданылады. Ал, икемділік коэффициенті дегеніміз - бір айнымалының 1 пайызға өзгеруі нәтижесінде екінші бір айнымалының соған байланысты қанша пайызға өзгеретінін көрсететін сандық көрсеткіш. Икемділіктің мәні нөлден шексіздікке дейін өзгеріп отырады. Икемділік сұранысқа да, ұсынысқа да әсер етеді. Ең алдымен, икемділіктің сұранысқа қалай әсер ететіндігін қарастыру қажет. Осы жерде сұраныс икемділігінің үш түрі болады:

1. Cұраныстың баға бойынша икемділігі – бұл тауар бағасының бір пайызға өзгергендегі сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеру реакциясының сезімталдылығын сипаттайтын көрсеткіштік коэффициент. Тәжірибелік мәні жағынан, икемділіктің абсолюттік шамалары емес салыстырмалы шамалары ғана маңызды болып табылады. Бұл айтпаса да түсінікті. Мысалы, біз «сникерстің» бағасы 10 теңгеге өсті десек, онда оның өзгеруін байқамау мүмкін емес, өйткені ол тауар үшін бағаның осылай өсуі өте маңызды болып табылады, сондықтан ол сұраныс көлемін айтарлықтай өзгертеді. Ал «Вольво» автокөлігіне баға 10 теңгеге өсті десек, онда оның өзгеруі тұтынушының сұраныс көлеміне мүлдем әсер етпейді. Сондықтанда, бағаның және сұраныс көлемінің өзгеруі салыстырмалы шамада мынадай формуламен беріледі:

EDP = Q% / Р%,

мұндағы, EDP – сұраныстың бағалық икемділігінің мәнін көрсететін коэффициент; Q% - сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі; Р% - бағаның салыстырмалы өзгеруі. Сұраныстың баға бойынша икемділігіне байланысты бес түрі бар: 1) Икемді сұраныс – бағаның өзгеруіне қарағанда сұраныс көлемінің көбірек өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің мәні 1-ден жоғары болады, ЕPD>1 (бұл сұраныс көлемінің бағаға қарағанда тез өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді). 2) Икемсіз сұраныс - бағаның өзгеруіне қарағанда сұраныс көлемінің азырақ өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің мәні 1-ден төмен болады, ЕPD<1 (бұл сұраныс көлемінің бағаға қарағанда баяу өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді). 3) Бірлік икемді сұраныс – бағаның және сұраныс көлемінің бір пропорцияда өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің мәні 1-ге тең болады, ЕPD =1 (бұл бағаның қанша пайызға өзгерсе, сұраныс көлемінің де сонша пайызға өзгеретіндігін білдіреді). 4) Абсолютті (өте) икемді сұраныс – бағаның өте аз өзгеруіне немесе мүлдем өзгермеуіне орай сұраныс көлемінің шексіз өзгеруін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні шексіздікке ұмтылады, EPD = .

5) Абсолютті (өте) икемсіз сұраныс – бағаның өзгеруі сұраныс көлемін мүлдем өзгерпейтінін немесе салыстырмалы өте аз өзгертетінін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні нөлге тең болады, EPD = 0. Өте икемді және өте икемсіз сұраныстың түрлерін икемділіктің ең шеткі немесе сирек кездесетін жағдайлары деп атайды. Сұраныстың баға бойынша икемділігінің осы 5 түрін төмендегі графиктер арқылы сипаттауға болады (сурет 2.15 а, ә, б, в, г).

Р Р Р

P1 P1

Р 1

P 2 D P2 P2

D D

Q1 Q2 Q Q1 Q2 Q Q1 Q2 Q

а) икемді сұраныс ә) икемсіз сұраныс б) бірлік икемді сұраныс

Р P D

D P2

Р1 P1

Q Q

в) өте икемді сұраныс г) өте икемсіз сұраныс

Сурет 2.15 Сұраныстың баға бойынша икемділігінің түрлері

Жалпы басқаша түрде, сұраныстың бағалық икемділігі бойынша түрлерін немесе қасиеттерін мына төмендегі график арқылы да түсіндіруге болады (сурет 2.16). Бұл жерде сұраныстың бағалық икемділігінің мәндері сұраныс қисық сызығының бойындағы кез келген нүктелерде әртүрлі бола алады. Икемділік нөл (D1 нүктесінен) мәнінен шексіздік (D2 нүктесіне) мәніне дейін өзгереді.

P

D2 E=

E>1

E=1

E<1

E=0

D1 Q

Сурет 2.16 Сұраныстың бағалық икемділігінің қасиеттері

Бағалық икемділік пен жалпы түсім арасында өзара байланыс болады (сурет 2.17). Жалпы түсім сатылған өнім көлемі мен оның бағасының көбейтіндісіне тең: TR = PQ, мұнда TR-жалпы түсім (табыс); Р-баға; Q-көлем.

Р

Бағалық икемділік

Q

PQ max

Q

Сурет 2.16 Бағалық икемділік және жалпы түсім

Егер сұраныс баға бойынша икемді болса (ЕPD>1), онда бағаның төмендеуі жалпы түсімді арттырады, және керісінше, егер сұраныс баға бойынша икемді болса, онда бағаның жоғарылауы жалпы түсімді қысқартады. Ал егер сұраныс баға бойынша икемсіз болса (ЕPD<1), онда бағаның төмендеуі жалпы түсімді қысқартады, және керісінше, егер сұраныс баға бойынша икемсіз болса, онда бағаның жоғарылауы жалпы түсімді арттырады. Икемді және икемсіз сұраныс жағдайында тауар бағасының жалпы түсімге әсер етуін мына кесте арқылы көруге болады.

Кесте 2.1

Баға бойынша сұраныс икемділігі және жалпы түсім

Баға бойынша сұраныс икемділігінің мәндері

Бағаның өзгеруінің жалпы түсімге (TR) әсері

Б ағаның өсуі (Р )

Б ағаның төмендеуі (Р )

ЕPD>1

ЕPD=1

ЕPD<1

TR TR

TR – const

TR TR

Сұраныстың бағалық икемділігіне бірнеше маңызды факторлар әсер етеді: 1) нарықта алмастырушы тауарлардың болуы, субститут - тауарлар көп болған сайын ол тауарға сұраныс икемдірек болады; 2) тұтынушы бюджетіндегі тауардың үлес салмағы (ол үлес салмақ үлкен болған сайын сұраныстың бағалық икемділігі де жоғары болады); 3) табыс деңгейі;

4) тауардың сапасы: бұл жерде берілген тауардың қымбат бағалы тауар (әдетте, мұндай тауарларға деген сұраныс икемді болады) немесе бірінші қажеттіліктегі тауар (ал мұндай тауарлардың көпшілігіне сұраныс икемсіз болады) болып табылуы, мысалы, нан, тұз, киім, аяқ киім, электроэнергия, т.б. сияқты бірінші қажеттіліктегі тауарларға деген сұраныс икемсіз болып табылады, ал автомобиль, жиһаз, тұрмыстық техника, асыл тастар, т.б. сияқты қымбат бағалы тауарларға деген сұраныс икемді болып табылады; 5) тауар қорының мөлшері: тауардың сақталған қоры көп болса, онда сол тауарға деген сұраныс икемді болып табылады; 6) тұтынушының күтімі, егер қысқа мерзімде элекроэнергияны тұтыну икемсіз болса, онда ол ұзақ мерзімде айтарлықтай икемді болуы мүмкін, яғни қысқа мерзімде біз электроэнергияны қажет ететін қолымыздағы электроприборлардан (тоңазытқыштан, басқа да энергияны қажет ететін техникалардан) бас тарта алмаймыз, бірақ уақыт өте келе энергияға баға өсе беретін болса, онда энергияны аз қажет ететін приборларды немесе тұрмыстық техникаларды тұтынуға көше бастаймыз.

2. Сұраныстың қиылысқан (тоғыспалы) икемділігі – бір тауардың бағасының (Х) пайыздық өзгеруіне байланысты сол тауарды алмастыратын немесе толықтыратын екінші бір тауарға (Y) деген сұраныс көлемінің пайыздық өзгеру дәрежесін көрсететін коэффициент. Бұл икемділіктің коэффициенті мына формуламен беріледі:

EDx,y = Qy% / Рx%,

мұндағы, EDx,y – сұраныстың қиылысқан икемділігінің мәнін көрсететін коэффициент; Qy% - Y тауарына деген сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі; Рx% - X тауары бағасының салыстырмалы өзгеруі.

Егер қиылысқан икемділіктің мәні (EDx,y >0) 0-ден үлкен немесе оң сан болса, онда бұл қарастырылып отырған X және Y тауарлары – бірін-бірі алмыстырушы (субститут) тауарлар болып саналады (егерде, кофенің бағасы өсетін болса, онда оны алмастыратын шәйға деген сұраныс артады). Егер қиылысқан икемділіктің мәні (EDx,y <0) 0-ден кіші немесе теріс сан болса, онда бұл қарастырылып отырған X және Y тауарлары – бірін-бірі толықтырушы (комплемент) тауарлар болып саналады (егерде, фотопленкаға баға өссе, онда оны толықтыратын фотоаппаратқа сұраныс көлемі төмендейді). Ал егер қиылысқан икемділіктің мәні (EDx,y=0) 0-ге тең болса, онда бұл қарастырылып отырған X және Y тауарлары - өзара тәуелсіз тауарлар деп саналады, яғни бұл екі тауардың арасында ешқандай байланыс жоқ деген сөз (мысалы, қаламға деген бағаның өсуі сүтке деген сұранысты өзгертпейді).

Осы сұраныстың қиылысқан икемділігінің үш түрлі мәнін төмендегі график арқылы да сипаттауға болады (сурет 2.17):

Рх Рх Рх

EDx,y >0 EDx,y <0 EDx,y=0

Qy Qy Qy

а) ә) б)

Сурет 2.17 Сұраныстың қиылысқан икемділігінің мәндері

3. Сұраныстың табыс бойынша икемділігі – тұтынушы табысының пайыздық өзгеруіне байланысты тауарға деген сұраныс көлемінің пайыздық өзгеруін сипатайтын сұраныстың сезімталдық дәрежесінің көрсеткіштік коэффициенті. Бұл икемділіктің коэффициенті мына формуламен беріледі:

EDI = Q% / I%,

мұндағы, EDI – сұраныстың қиылысқан икемділігінің мәнін көрсететін коэффициент; Q% - тауарға деген сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі; I% - тұтынушы табысының салыстырмалы өзгеруі. Әрине, бұл жерде табыс деңгейі сұранысқа әсер ететін маңызды факторлардың бірі болғандықтан, оның өзгеруінен тауарлардың әр типіне деген сұраныс әртүрлі жағдайда өзгеріп отырады. Егер табыстың пайыздық өзгеруі сұраныс көлемінің пайыздық өзгеруіне қарағанда кем болса, онда сұраныс табыс бойынша икемді (EDI >1). Егер табыстың пайыздық өзгеруі сұраныс көлемінің өзгеруіне қарағанда артық болса, онда сұраныс табыс бойынша икемсіз (EDI <1) болып табылады. Мысалы, біріншіден, табыс өскенде кәдімгі (қалыпты) тауарларға да сұраныс артады және ол кемімелі оң тәуелділікпен сипатталады. Яғни, уақыт өткен сайын табыстың өсуіне қарағанда бұл тауарларға сұраныс баяу қарқынмен өсіп отырады. Сондықтан, кәдімгі тауарлар үшін сұраныстың табыс бойынша икемділігінің мәні нөлден үлкен және 1-ден кіші (оң) болады: 0< EDI <1 (сурет 2.18 a). Кәдімгі тауарлардың мысалына тамақ, киім-кешек, тұрмыстық тұтыну заттары жатады. Екіншіден, табыс өзгергенде бірінші қажеттіліктегі тауарлар үшін сұраныс өзгермейді және табыс бойынша сұраныс өте икемсіз (нөлдік мәнді) болып табылады: EDI =0 (сурет 2.18 ә). Бірінші қажеттіліктегі тауарлардың мысалына тұз жатады. Үшіншіден, табыс өскен сайын қымбат бағалы заттарға (сапалы) немесе ұзақ пайдаланылатын тауарларға сұраныс тез қарқынмен өседі (сурет 2.18 б). Мұндай тауарларға деген табыс бойынша сұраныс икемділігінің мәні әрқашанда 1-ден үлкен (оң) болып келеді: EDI >1. Қымбат бағалы заттарға асыл тастар, қымбат автокөліктер, антиквариат бұйымдары, яхталар, тұрғын үйлер, т.б. жатады. Төртіншіден, табыс өскенде қалыпты емес немесе сапасыз тауарға (арзан) сұраныс төмендей береді (сурет 2.18 в). Мұндай тауарларға деген табыс бойынша сұраныс икемділігінің мәні әрқашанда 0-ден кіші (теріс) болып келеді: EDI <0. Бұл тауарлар бағасы және сапасы төмен жақын алмастырушылар болып табылады, яғни табыс өскенде тұтынушылар оның сапалы алмастырушыларын тұтына бастайды деген сөз. Сонымен, табыстың өзгеруіне байланысты осы аталған тауарларға деген сұраныс икемділіктерінің мәндерін график арқылы көрсете аламыз (сурет 2.18).

I I I I

а) ә) б) в)

0< EDI <1 EDI =0 EDI >1 EDI <0

Q Q Q Q

Сурет 2.18 Сұраныстың табыс бойынша икемділігінің мәндері:

а) бірден кіші; ә) нөлге тең; б) бірден үлкен; в) теріс

Икемділік теориясын, әсіресе, сұраныс икемділігі ерекшеліктерінің мәнін түсінудің зор практикалық маңызы бар. Осыны зерттей отырып, өндірушілер баға белгілеуде, тұтынушыларға баға саясатын жүргізуде, сондай-ақ, мемлекеттің экономикалық реттеу үрдісінде жанама салықтар мөлшерлемесін тағайындауда және нарықтың қатысушылары арасында салық ауыртпашылықтарын бөлу мақсатында қолдана алады.

Сонымен, біз сұраныс икемділігінің негізгі түрлерін қарастырғаннан кейін ұсыныс икемділігін талдауға кірісеміз. Ұсынысқа әсер ететін басты фактор баға болғандықтан, бұл жерде ұсыныстың бағалық икемділігі деген түрі қарастырылады. Ұсыныстың баға бойынша икемділігі дегеніміз – тауар бағасының бір пайызға өзгеруіне байланысты ұсыныс көлемінің салыстырмалы түрде қанша пайызға өзгеретінін және соған орай сезімталдық реакциясын көрсететін сандық коэффициент. Ұсыныстың бағаға икемділігінің көрсеткіштік мәні мына формуламен беріледі:

ESP = Q% / P%,

мұндағы, ESP – ұсыныстың бағалық икемділігінің мәнін көрсететін коэффициент; Q% - ұсыныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі; Р% - тауар бағасының салыстырмалы өзгеруі. Ұсыныстың бағаға байланысты икемділігінің коэффициенті әдетте оң сан болып келеді, өйткені өндірушілер ұсыныс заңына сүйене отырып аса жоғары бағамен сату көлемін арттыруға ынталы болады. Ұсыныс икемділігінің бұл түріне әсер ететін негізгі фактор – ол уақыт. Уақыт туралы мәселе жоғарыда айтылған болатын. Осыған байланысты уақыттың үш түрі бөліп көрсетіледі: 1) ағымдық кезең (өте қысқа мерзім) – өндірушінің бағаның өзгеруіне әлі бейімделе алмайтынын көрсететін уақыт аралығы, мұндай кезеңде ұсыныс өте икемсіз болып табылады, сондықтан сұраныстың өсуі (кемуі) бағаны жоғарылатады (кемітеді), бірақ ұсыныс көлемі әлі өзгермейді (жоғарыда көрсетілген 2.6 a суретін қараңыз); 2) қысқа мерзімді кезең – өндірушінің бағаның өзгеруіне белгілі бір дәрежеде, бірақ толық емес дәрежеде бейімделе алатынын көрсететін уақыт аралығы, мұндай кезеңде ұсыныс бағаға икемді бола бастайды, сұраныстың өзгеруіне байланысты баға өзгереді, сол секілді ұсыныс көлемі де өзгере бастайды, өйткені фирмалар сұранысқа байланысты өндірістің бірқатар факторларын өзгертіп үлгереді (жоғарыда көрсетілген 2.6 ә суретін қараңыз); 3) ұзақ мерзімді кезең – өндірушінің бағаның өзгеруіне толығымен және жеткілікті түрде бейімделе алатынын көрсететін уақыт аралығы, мұндай кезеңде ұсыныс бағаға өте икемді болып табылады, сұраныстың өсуіне байланысты ұсыныс көлемі маңызды түрде артады, бірақ енді бағалар өзгермей тұрақты күйінде қалады (жоғарыда көрсетілген 2.6 б суретін қараңыз).

Ұсыныстың баға бойынша икемділігінің де сұраныстікіндей негізгі 5 түрі бар: 1) икемді ұсыныс – бағаның өзгеруіне қарағанда ұсыныс көлемінің көбірек өзгеруін көрсететін жағдай (бұл ұсыныс көлемінің бағаға қарағанда тез өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді), бұл икемділіктің коэффициенті бірден жоғары (ESP>1), ал ұсыныс қисығы аса жатыңқы болып келеді (сурет 2.19 а); 2) икемсіз ұсыныс – бағаның өзгеруіне қарағанда ұсыныс көлемінің азырақ өзгеруін көрсететін жағдай (бұл ұсыныс көлемінің бағаға қарағанда баяу өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді), бұл икемділіктің коэффициенті бірден төмен (ESP<1), ал ұсыныс қисығы аса тіктеу болып келеді (сурет 2.19 ә); 3) бірлік икемді ұсыныс – бағаның да, ұсыныс көлемінің де бір пропорцияда немесе бірдей пайызға өзгеретінін көрсететін жағдай (бұл бағаның қанша пайызға өзгерсе, ұсыныс көлемінің де сонша пайызға өзгеретіндігін білдіреді), бұл икемділіктің коэффициенті 1- ге тең (ESP=1), ал ұсыныс қисығы кәдімгі оң көлбеулі болып келеді (сурет 2.19 б); 4) абсолютті (өте) икемді ұсыныс – бағаның өте аз немесе мүлдем өзгермеуіне байланысты ұсыныс көлемінің шексіз өзгеруін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні шексіздікке ұмтылады, EPS = , ал ұсыныс қисығы көлденең сызық болып келеді (сурет 2.19 в); 5) абсолютті (өте) икемсіз ұсыныс – бағаның өзгеруі ұсыныс көлемін мүлдем өзгерпейтінін немесе салыстырмалы өте аз өзгертетінін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні нөлге тең болады, EPS = 0, ал ұсыныс қисығы тік сызық болып келеді (сурет 2.19 г).

Р a) P ә) P б) P в) P г)

ESP>1 S ESP<1 S ESP=1 S EPS = 0 S

P2 P2 P2 EPS = P2

P1 P1 PE S

P1 P1

Q1 Q2 Q Q1 Q2 Q Q1 Q2 Q Q1 Q2 Q QE Q а) икемді ұсыныс ә) икемсіз ұсыныс б) бірлік икемді в) өте икемді г) өте икемсіз

ұсыныс ұсыныс ұсыныс

Сурет 2.19 Ұсыныстың баға бойынша икемділігінің түрлері

Жоғарыда атап өткендей, икемділіктің теориясын практикада қолданудың маңызы өте зор, осы арқылы мемлекет пен фирмалардың экономикалық саясаттарын анықтау болады. Бұл мемлекеттің салық саясатын жүргізуі арқылы салық ауыртпашылығын тұтынушылар мен фирмаларға бөлу мысалында анық көрінеді. Сосын біз осы салынған салықты тұтынушылар мен фирмалардың қайсысының нақты төлейтіндігін анықтай аламыз. Мысалы, айталық нарықтағы тауардың тепе-теңдік бағасы 1 теңгеге тең және мемлекет өндірушіге, яғни әр өнім бірлігіне 50 тиын мөлшерінде салықтың белгілі бір (тіркелген) сомасын енгізеді, осының салдарынан салынған салық мөлшерінде ұсыныс қисығы солға жоғарыға жылжиды және бұл жерде өндірушілер бағаны арттыруы тиіс. Егер бағаның өсуі салықтың мөлшерімен сәйкес келсе, онда өндірушілер салық төлеуді толығымен тұтынушыларға жүктейді деген сөз (бұл тек сұраныстың нөлдік икемділігі жағдайында ғана болуы мүмкін). Төмендегі суреттерде көрсетілгендей, сатушылар мен сатып алушылардың арасында салық ауыртпашылығының нақты өзара бөлінуі сұраныс пен ұсыныс икемділігіне байланысты болады (сурет 2.20 a және 2.20 ә).

Р a) P ә)

S2

S2 S1

1,35 E2

cалық S1 1,15 E2

1,00 E1

1,00 E1

0,85 0,65 салық D

D

0 Q 0 Q

Сурет 2.20 Икемділік және салық ауыртпашылығын бөлу

Икемсіз сұраныс пен икемді ұсыныс кезінде (сурет 2.20a) баға едәуір өседі және салықтың басым бөлігін тұтынушы төлейді (біздің мысалымызда салықтың жалпы сомасының 35 тиынын сатып алушы нақты төлейді, ал тек 15 тиынын ғана өндіруші төлейді). Ал икемді сұраныс және икемсіз ұсыныс кезінде (сурет 2.20ә) бағаның өсуінен тұтынушылар сол тауарды сатып алуды едәуір қысқартып өз сұраныстарын сол тауарды алмастыратын субституттарға ауыстыра бастайды, және өндірушілер енді салық төлеудің ауыртпалышығын тұтынушыларға аудара алмайды (біздің мысалымызда баға тек 15 тиынға өседі, салықтың қалған сомасын сатушы өзі төлейді).

ҚОРЫТЫНДЫ

  1. Сұраныс және ұсыныс теориясы нарықтық бағалардың қалыптасу заңдылықтарын айқындауға мүмкіндік береді. Сұраныс пен ұсыныс қисықтарын зерттеуге жүгіне отырып нарықтың әрекет ету механизмін талдаудағы бағаның аса маңызды құрал болып табылатыныдығын біле аламыз.

  2. Сұраныс сатып алушылардың өз табыстарының деңгейі мен игіліктің бағалары сияқты нақты қалыптасқан экономикалық жағдайларға байланысты берілген уақыттың бірлігінде сатып алуға дайын игіліктерінің максималды көлемін сипаттайды.

  3. Сұраныс көлемі тұтынушылардың сол тауарды сатып алуға жұмсайтын ақша сомасымен өлшенеді, және ол сұранысқа әсер ететін бағалық (игіліктің бағасы) және бағалық емес (табыс және тұтынушылардың қалауы, алмастырушылардың және толықтырушылардың бағалары, күтім) факторлардан (детерминанттардан) функционалдық байланыста болады.

  4. Сұраныс заңы игіліктің бағасына байланысты сұраныс көлемінің өзгеру тәуелділігін сипаттайды, және бағалық емес факторлардың өзгермеуі кезінде сұраныс көлемінің бағаға кері тәуелділікте болатынын дәлелдейді, яғни игіліктің бағасы өскенде соған деген сұраныс көлемі төмендейді, ал баға төмендегенде сұраныс көлемі артады.

  5. Сұраныс көлемінің өзгерісін график түрінде сұраныс қисығы арқылы түсіндіруге болады, ол «баға - көлем» сияқты мүмкін болатын барлық жұптар үшін нүктелер жиынтығы болып табылады және сол нүктелерді қосады, ал сұраныс заңымен бейнеленетін тәуелділіктің көрінісі сұраныс қисығының теріс көлбеулігі бойынша қозғалыста табылады.

  6. Сұраныстың бағалық емес факторларының өзгеруі сұраныстағы өзгерістерді тудырады, және осылардың салдарынан сұраныс қисығы толығымен өз орнын ауыстырып оңға немесе солға жылжиды.

  7. Ұсыныс сатушылардың өздерінің өндіріс шығындарының деңгейі сияқты қалыптасқан экономикалық нақты жағдайларға байланысты берілген уақыт бірлігіне сәйкес нарыққа шығарып сатқысы келетін және сатуға дайын игіліктерінің максималды көлемін сипаттайды.

  8. Ұсыныс функциясы сол ұсынысқа әсер ететін бағалық (игіліктің бағасы) және бағалық емес (өндірістік ресурстардың бағалары, салықтар деңгейі, технологиялар, уақыт және күтім) факторлардың (детерминанттардың) есебінен өндіршілердің нарыққа шығарғысы келетін игіліктерінің көлемін сипаттайды.

  9. Ұсыныс заңы игіліктің бағасына байланысты ұсыныс көлемінің өзгеру тәуелділігін сипаттайды, және бағалық емес факторлардың өзгермеуіне байланысты ұсыныс көлемінің бағаға тура тәуелділікте болатынын дәлелдейді, яғни бағаның өсуінен ұсыныс көлемі артады, ал баға төмендегенде ұсыныс көлемі де төмендейді.

  10. Ұсыныс көлемінің өзгеруін график түрінде ұсыныс қисығы арқылы көрсетуге болады, ол «баға - көлем» сияқты мүмкін болатын барлық жұптар үшін нүктелер жиынтығы болып табылады және сол нүктелерді қосады, ал ұсыныс заңымен көрсетілетін тәуелділік ұсыныс қисығының оң көлбеулігі бойынша қозғалыстан көрініс табады.

  11. Ұсыныстың бағалық емес факторларының өзгеруі ұсыныстағы өзгерістерді тудырады, және осылардың салдарынан ұсыныс қисығы толығымен өз орнын ауыстырып оңға немесе солға жылжиды.

  12. Нарықтық тепе – теңдік – бұл бағаның берілген деңгейінде сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемінің бір бірімен теңесуін көрсететін нарықтың қалыптасқан жағдайы, график түрінде ол сұраныс қисығы мен ұсыныс қисығының қиылысу нүктесіне сәйкес орындалады. Бұл нүктеге сәйкес тепе-теңдік баға мен тепе-теңдік көлем пайда болады. Осы жерде бағалық емес факторлардың өзгеруінен сұраныс пен ұсыныс қисықтарының жылжуы тепе-теңдік баға мен тепе-теңдік көлемнің өзгеруіне алып келеді.

  13. Нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуына әрқашанда қол жеткізіле бермейді, тепе-теңдік нарықтың әрекет етуінің заңдылығын сипаттауына қарамастан, ол тепе-теңдік дербестілік (бір ғана тепе-теңдіктің орын алуы) жағдайда бола алмайды және осыған байланысты кей жағдайларда, тепе-теңдіктің бірнешеуі немесе көптілік жағдайлары да орын алып отырады.

  14. Нарықтық механизмнің нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуын қамтамасыз ете алу қабілеттілігінің артықшылығы сондай, ол нарықтық айырбасқа қатысушылардың әл-ауқаттылығын арттыруға мүмкіндік береді, ал олардың әл-ауқаты алынған пайдалылық пен пайданың арасындағы айырмадан қалыптасады.

  15. Тұтынушылардың алатын қосымша пайдалылығы олардың ұтымымен сипатталады, және ол ұтым сатып алушылардың тауардың тепе-теңдік көлемін тұтынудан алатын жалпы пайдалылығының және осы тауар көлемін тепе-теңдік баға бойынша сатып алуға жұмсаған шығындарының арасындағы айырмашылықты көрсетеді.

  16. Өндірушілердің алатын қосымша пайдасы олардың ұтымымен сипатталады, және олардың ұтымы тауардың тепе-теңдік көлемін тепе-теңдік бағамен сатудан түскен жалпы түсім мен осы тауарды өндіруге кеткен жалпы шығындарды салыстырудан байқалады.

  17. Сұранысқа немесе ұсынысқа әсер ететін кез келген фактордың (тәуелсіз айнымалының) өзгеруі сұраныс пен ұсыныстың осы өзгеріске әртүрлі тұрғыда әсер ету реакциясының дәрежесін көрсетеді. Сұраныс пен ұсыныстың осындай өзгерістерге деген салыстырмалы сезімталдылығын сипаттайтын экономикалық көрсеткішті икемділік деп атайды, ол тәуелсіз айнымалының (аргументтің) өзгеруіне байланысты тәуелді айнымалының (функцияның) өзгеруінің салыстырмалы тәуелділігін сипаттайды.

  18. Сұраныс икемділігі сұранысқа әсер ететін кез келген фактордың бір пайызға өзгеруі кезіндегі сұраныс көлемінің қанша пайызға өзгеретіндігін көрсетеді. Сұраныс икемділігінің мәні нөлден шексіздікке дейін өзгеріп отырады. Сұраныс көлемі бір пайыздан көбірек өзгерсе (икемділік мәні бірден үлкен болғанда), онда сұраныс икемді деген сөз, ал егер сұраныс көлемі бір пайыздан азырақ өзгерсе (икемділік мәні бірден кіші болғанда), онда сұраныс икемсіз болып табылады. Осыған байланысты, игілік бағасының сұраныс көлеміне әсерін сипаттайтын сұраныстың бағалық икемділігін, алмастырушы тауарлар мен толықтырушы тауарлар бағасының өзара әсерін сипаттайтын сұраныстың қиылысқан икемділігін, және де сұраныс көлеміне тұтынушының нақты табысының өзгеру әсерін сипаттайтын сұраныстың табыс бойынша икемділігін бөліп көрсетуге болады.

  19. Ұсыныс икемділігі ұсыныс факторларының, ең алдымен тауар бағасының өзгеруіне орай сатушылардың жауап реакцияларының дәрежесін сипаттайтын тәуелділікті байқатады, бұл жерде ұсыныс икемділігінің мәні әрқашанда оң шамада болып табылады, яғни ұсыныс үшін тауар бағасы мен ұсыныс көлемі арасындағы тура тәуелділік тән.

  20. Нарыққа қатысушылардың өзгеретін жағдайларға бейімделе алу мүмкіндіктері уақыт факторына негізделеді, сондықтанда сұраныс пен ұсыныс икемділігі әрқашанда берілген уақыт аралығы үшін анықталады, сұраныс пен ұсыныс икемділігінің сипаттамасы (аса икемді, аса икемді емес) қысқа және ұзақ мерзімдер үшін әртүрлі болып табылады.