Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микроэкономика ОҚУЛЫҚ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Соөж және сөж тапсырмалары:

  1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік (глоссарий) жасау.

  2. Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.

  3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:

  • Адам Смит және оның «көрінбейтін қол» қағидасы;

  • Альфред Маршалл және оның еңбектері;

  • Леон Вальрас және оның теориялары;

  • Нарық: нарық жағдайындағы келісім шарттар және трансакциондық шығындар. Р. Коуздың нарық туралы теориялары;

  • Өркениетті экономика жағдайында нарық теориясының жаңа мүмкіндіктері мен белгілері;

  • Қазақстандағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен даму кезеңдері, қайшылықтары мен нәтижелері;

  • Қазақстандағы нарықтық қатынастардың дамуының жаңа сатылары;

  • Нарық механизмінің артықшылықтары мен кемшіліктері.

  1. Өзіндік жазба жұмыстар бойынша конспект жазу:

  • Нарықтық тепе – теңдіктің статикалық моделі: салыстырмалы статика әдісі, жаңа тепе – теңдікке өту ережесі, т.б.;

  • Әртүрлі игіліктерге деген сұраныс пен ұсыныс икемділіктерінің мағынасы мен сипаттамаларының кестесін жасау;

  • Нарықты реттеу және бақылау: бағаға мемлекет тарапынан бақылау, салықтар мен субсидиялар, квоталау, т.б.;

  • Сұраныс пен ұсыныс заңдарының универсалдылығы (жан - жақтылығы).

  • Нүктелік икемділік және доғалық икемділік.

  1. Тақырып бойынша мысалдарды, жаттығуларды, есептерді, ситуацияларды, т.Б. Тапсырмаларды орындау:

1. Сиыр етіне деген сұраныс кестесі берілген:

Баға, теңге/кг

1 айдағы сұраныс көлемі, тоннамен

15000

1000

16000

900

17000

800

18000

700

19000

600

20000

500

а) Сиыр етіне деген сұраныс қисығын сызыңыз. Бұл қисықтың көлбеулігі қандай?

2. Егер кинотаетр билетті 2 теңгеден сатса, онда 100 билет сата алады. 1 теңгеден сатса 150 билет сата алады, ал 3 теңгеден сатса 50 билет сата алады. Табу керек:

1) Қай бағамен сатқанда кинотеатр көп билет сата алады?

2) 75 билет сату үшін қай бағамен сатқан тиімді?

3. Төмендегі кестеде консервіленген фасоль нарығындағы әртүрлі ситуацияларды сипаттайтын мәліметтер көрсетілген.

Баға (теңгемен)

Сұраныс көлемі

(1 ж. млн. банка)

Ұсыныс көлемі

(1 ж. млн. банка)

8

70

10

16

60

30

24

50

50

32

40

70

40

30

90

Табу керек:

1) Кестенің мәліметтері бойынша сұраныс және ұсыныс қисықтарын салыңыз;

2) Егер бір банка фасольдің нарықтық бағасы 8 теңге болса, онда бұл нарық үшін артықшылық па, әлде тапшылық па?

3) Егер бір банка фасольдің тепе-теңдік бағасы 32 теңге болса, онда бұл нарық үшін қандай құбылыс тән – артықшылық па, әлде тапшылық па? Олардың көлемі қандай?

4) Нарықтағы тепе-теңдік баға қаншаға тең?

5) Тұтыну шығындарының өсуі нәтижесінде әрбір баға деңгейінде тұтынылатын консервіленген фасоль 15 млн. банкаға артты. Тепе-теңдік баға және өндірістің тепе-теңдік көлемі қандай болады?

4. Төмендегі кестеде көрсетілген өзгерістер сұраныс пен ұсынысқа қалай әсер етеді? Олардың әсерін сұраныс пен ұсыныс қисықтарының көмегімен сипаттаңыз (бос бағандарға «белгі» қойып шығыңыз, бұл белгілердің атауы осы өзгерістердің тиімділігін сипаттауы керек).

Өзгерістер

Сұраныс қисығының жылжуы

Сұраныстың қисық бойымен жылжуы

Ұсыныс қисығының жылжуы

Ұсыныстың қисық бойымен жылжуы

1. Бәсекелес тауар бағаларының өзгеруі

2. Жаңа технология еңгізу

3. Тауарға деген сәннің өзгеруі

4. Тұтыну табыстарының өсуі

5. Шиказат бағасының өзгеруі

5. Айталық сұраныс пен ұсыныстың теңдеуі былай берілген:

QD=60-0,5P

QS= -10+0,2P

Табу керек:

1) тепе-теңдік көлемді және тепе-теңдік бағаны анықтау;

2) айталық, сатып алушыға 10 теңге көлемінде салық салынады. Тепе-теңдік параметрлерін анықтаңыз;

3) кім және қандай мөлшерде салық төлейді;

4) сатып алушыларға бағаның 10 пайызы мөлшерінде субсидия енгізілді дейік, онда жаңа тепе-теңдіктің жаңа параметрлерін анықтаңыз (субсидия мынаған тең = 01Р);

5) кім және қандай мөлшерде субсидия алады.

6. 5-ші есептің 1-ші және 2-ші пункттерінің мәліметтеріне сәйкес мыналарды анықтаңыз:

1) салық салу кезіндегі сатушы мен сатып алушының артықшылығын (ұтысын);

2) салық салынғаннан кейінгі сатушы мен сатып алушының артықшылығын (ұтысын);

3) салық салу кезіндегі сатушы мен сатып алушының жоғалтуларын (ұтылысын);

4) қоғамның таза жоғалтуларын анықтау;

5) сатушылар мен сатып алушылардың таза жоғалтуларын.

7. Сұраныс функциясы мынадай формуламен берілген: Qd = 20 – 2P, ал ұсыныс функциясының формуласы мынадай: Qs = 14 + 4P, мұндағы Qd және Qs – сұраныс көлемі және ұсыныс көлемі, Р – «Х» және «У» тауарларының бағасы. Тепе-теңдік бағаны және тепе-теңдік көлемді анықтаңыз.

8. Төмендегі кестенің мәліметтері негізінде нарықтық сұраныс көлемін анықтаңыз және А, В, С тұтынушылардың жеке сұраныстарының қисығын және нарықтық сұраныс қисығын анықтаңыз:

Баға (Р)

Тұтынушылардың сұраныс көлемі (кг/айына)

Нарықтық сұраныс көлемі

А

В

С

10

-

-

1

7

1

1

3

4

2

3

5

1

5

7

9

9. Төмендегі кестенің мәліметтері негізінде нарықтық ұсыныс көлемін анықтаңыз және А, В, С өндірушілердің жеке ұсыныстарының қисығын және нарықтық ұсыныс қисығын анықтаңыз:

Баға (Р)

Өндірушілердің ұсыныс көлемі (тонна/айына)

Нарықтық ұсыныс көлемі

А

В

С

12

30

35

27

9

27

30

24

6

20

23

18

3

10

11

5

1

-

1

-

10. Төмендегі кестенің берілгендерін пайдаланып тауарға нарықтық сұраныс қисығын салыңыз:

Баға (Р)

Тұтынушылардың сұраныс (Q) көлемі

А

В

С

8

-

-

1

6

1

-

2

4

2

1

3

2

3

2

4

11. Төмендегі кестенің мәліметтері негізінде нарықтық сұраныс және нарықтық ұсыныс қисықтарын салыңыз. График арқылы тепе-теңдік бағаны және тепе-теңдік көлемді анықтаңыз:

Баға

12

9

6

3

1

Сұраныс көлемі

1

2

4

7

10

Ұсыныс көлемі

20

17

12

7

2

12. Төмендегі кестенің мәліметтері негізінде тепе-теңдік бағаны және тепе-теңдік көлемді анықтаңыз, сәйкес графикті салыңыз:

Баға

10

8

6

4

2

Сұраныс көлемі

2

5

8

12

20

Ұсыныс көлемі

40

32

20

12

1

13. Тауарға деген сұраныс функциясы мынадай: Qd = 200 – 2P, ал ұсыныс функциясы: Qs = 130 + 5P. Тепе-теңдік бағаны және тепе-теңдік көлемді анықтаңыз.

14. Тауарға деген сұраныс функциясы мынадай: Qd = 180 – 4P, ал ұсыныс функциясы: Qs = 100 + 4P:

а) тепе-теңдік бағаны және тепе-теңдік көлемді анықтаңыз;

ә) егер үкімет тауардың әр бірлігіне 3 теңге көлемінде салық еңгізсе, онда тепе-теңдік баға және сұраныс көлемі қалай өзгеретіндігін анықтаңыз.

15. Тауарға деген сұраныс функциясы мынадай: Qd = 60 – 3P, ал ұсыныс функциясы: Qs = 15 + 2P:

а) тепе-теңдік бағаны және тепе-теңдік көлемді анықтаңыз;

ә) егер үкімет тауардың әр бірлігіне 2 теңге көлемінде салық еңгізсе, онда тепе-теңдік баға және сұраныс көлемі қалай өзгеретіндігін анықтаңыз.

16. А тауарына деген сұраныс қисығы мынадай теңдікпен берілген: Qd = 24 - 2P, ал ұсыныс қисығы: Qs = 8 + 2P:

а) тепе-теңдік бағаны және тепе-теңдік көлемді анықтаңыз;

ә) егер үкімет тауардың әр бірлігіне 1 теңге көлемінде субсидия еңгізсе, онда тепе-теңдік баға және сұраныс көлемі қалай өзгеретіндігін анықтаңыз;

б) ә) пунктісін график арқылы сипаттаңыз.

17. Ұнға деген сұраныс қисығы мынадай теңдікпен берілген:

Qd = 14 - 2P, ал ұсыныс қисығы: Qs = 2 + P:

а) тепе-теңдік бағаны және тепе-теңдік көлемді анықтаңыз;

ә) бұл жағдайды график арқылы сипаттаңыз;

б) егер үкімет 3 теңге деңгейінде ұнның ең жоғарғы бағасын белгілесе, онда жағдай қалай өзгереді?

18. 1 кг. бидайдың нарықтық бағасы 3 теңгеге тең. Айталық, мемлекет фермерлерді қолдау мақсатында 1 кг. бидайдың бағасын 4 теңге деп бекітті. Онда:

а) бұл жағдайдың себептері қандай?

ә) бұл жағдайды график арқылы сипаттаңыз;

б) осы мәселелерді қалай шешуге болады?

19. Айталық, мемлекет әлеуметтік мақсаттарға байланысты бірінші қажеттіліктегі тауарлардың (нан, дәрі-дәрмек, т.б.) бағасын нарықтық бағадан төмен қылып бекітеді. Онда:

а) мұндай қадам жасаудың салдарлары қандай?

ә) бұл жағдайды график арқылы сипаттаңыз;

б) мемлекет қандай шаралардың көмегімен бұл мәселелерді шеше алады?

в) осы әлеуметтік мәселелерді шешудің басқа да альтернативтік жолдары бар ма?

20. Фермерлер үшін және жалпы қоғам үшін картоп өсіруде аса жоғары ауыл шаруашылық технологияның еңгізілуін графиктің көмегімен талдаңыз.

21. Қысқа мерзімде мұнайдың әлемдік нарығында ұсыныстың қысқаруы қандай жағдайға әкелетінін түсіндіріңіз.

22. Айталық, үкімет темекі өнімдеріне салықты көтереді және бір уақытта темекі шегудің адам денсаулығына қауіпті екендігі жөнінде іс-шаралар жүргізеді. Бұл екі шараның жеке-жеке жүргізілуі темекі нарығына қалай әсер етеді? Жалпы нәтиже қандай болады?

23. Егер мемлекет бензиннің бағасын тепе-теңдік бағадан жоғары етіп тағайындаса, онда қандай жағдай туындайды? Өз жауабыңызды график арқылы түсіндіріңіз.

24. Айталық, А тауарының бағасы 2-ден 4-ке өскенде сұраныс 100 бірліктен 80 бірлікке дейін төмендейді. Сұраныстың бағалық икемділігінің коэффициентін, икемділктің түрін және тауардың типін анықтаңыз.

25. Егер тауардың бағасы 10%-ға өссе, онда оның сұранысы 5%-ға өседі. Мұндай жағдайда икемділіктің түрін және тауардың типін қалай сипаттауға болады?

26. Төмендегі кестеде В тауарына деген сұраныстың функциясын сипаттайтын мәліметтер берілген:

В тауары бірлігінің бағасы

Р

Сұраныс көлемі

Q

Табыс

Сұраныстың бағалық икемділігінің коэффициенттері

5

1

4

3

3

5

2

7

1

10

а) В тауарына деген сұраныс қисығын сызыңыз;

ә) әрбір баға деңгейінде фирманың табысын анықтап оның нәтижелерін кестеге енгізіңіз;

б) бағаның қай деңгейіне дейін табыс артады?

в) баға мен табыстың өзара байланысы негізінде бағаның қай деңгейінде сұраныс икемсіз болады;

г) сұраныстың бағалық икемділігінің коэффициенттерін анықтап оларды кестеге енгізіңіз.

27. Егер табыс 100 бірліктен 120 бірлікке дейін өссе, онда тауарға деген сұраныс 8 бірліктен 6 бірлікке дейін төмендейді. Табысқа байланысты сұраныс икемділігінің коэффициентін есептеңіз және тауардың типін анықтаңыз.

28. Айталық, Х тауарының бағасы 2-ден 4 бірлікке дейін өсті, ал У тауарына деген сұраныс 4 бірліктен 6 бірлікке дейін өседі. Х және У тауарының типін анықтаңыз, сондай-ақ сұраныстың қиылысқан икемділігінің коэффициентін анықтаңыз.

29. Төмендегі кестеде В тауарының ұсыныс функциясы жөнінде мәліметтер берілген:

Баға

1

2

3

4

5

Ұсыныс көлемі

2

4

6

8

10

Ұсыныстың бағалық икемділігінің коэффициенттері

а) ұсыныс қисығын салыңыз;

ә) ұсыныстың бағалық икемділігінің коэффициенттерін есептеп олардың мәндерін кестеге еңгізіңіз;

б) ұсыныстың бағалық икемділігінің коэффициенттерінің мәндері мен қарқыны туралы қандай нәтиже шығаруға болады?

30. Тауардың бағасы 16-дан 20-ға өскенде оның сұранысы 100 бірліктен 80 бірлікке дейін қысқарады. Сұраныстың доғалық икемділігінің коэффициентін анықтаңыз.

31. Төмендегі кестеге сұраныстың бағалық икемділігі коэффициенттерінің мәндерін еңгізіңіз:

Сұраныстың бағалық икемділігінің коэффициенттері

Икемділіктің түрлері

Икемді сұраныс

Икемсіз сұраныс

Бірлік икемді сұраныс

Абсолютті икемді сұраныс

Абсолютті икемсіз сұраныс

Ед