Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
prof_b_mpd_kz.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2. Бағдарлама

1) Кіріспе

Кәсіптік аурулар - өндіріс орындарында қолайсыз факторлардың әсерінен болатын аурулар.

Техникалық жарықтандырудың жеткіліксіздігі немесе өндіріс орындарында және ауыл шаруашылық жағдайында қажетті санитариялық-гигиеналық шараларды сақтамау кәсіптік аурулардың туындауының себептері болып табылады.

Кәсіптік ауруларды оқып, үйрену қоғамдық денсаулық сақтау бакалаврын дайындау кезінде маңызы зор, кәсіптік аурулар патологиясының дамуында өндірістік факторлардын ролін түсіну үшін де қажет.

Кәсіптік ауруларды білу өндіріс факторларының адам организміне әсерін және өндіріс ортасының зиянды факторларының әсерін төмендету немесе алдын алуға көмектеседі.

2) Пәннің мақсаты: студенттерде өндіріс ортасының зиянды факторларының әсерлеріне негізделген аурулар туралы білім қалыптастыру.

3) Оқыту мақсаттары:

• кәсіптік аурулардың туындау жағдайлары мен себептері туралы білім беру;

• қазіргі жағдайдағы кәсіптік аурулардың клиникалық көріністерімен таныстыру;

• кәсіптік патологияның диагностика әдістерін үйрету;

• кәсіптік ауруға шалдыққан науқастарды емдеу, алдын алу, медициналық-әлеуметтік экспертиза принциптерін оқыту.

4) Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі:

Студент білуі қажет:

• кәсіптік аурулардың негізгі түрлерін;

• адам организміне зиянды өндірістік факторлардың қолайсыз әсерін;

• адам организміне өндіріс ортасының зиянды факторларының әсеріне негізделген аурудың клиникалық көріністерін;

• диагностика және емдеу тәсілдерін;

• медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелерін;

• кәсіптік аурулардың алдын алу шараларын.

Студент игеруі қажет:

• өндіріс ортасынын зиянды факторларын анықтауды;

• аурудың кәсіптік анамнезін жинауды;

• кәсіптік ауруға шалдыққан науқастардың клиникалық жағдайын бағалауды;

• қажетті лабораториялық және аспапты диагностика әдістерін анықтауды;

• кәсіптік аурулар диагнозын негіздеуді;

• кәсіптік ауруға шалдыққан науқастардың емдеуге, алдын алу шараларына және еңбекке қабілеттілігіне ұсынымдар беруді;

• кәсіптік ауруларды талдауды;

• өндіріс орындарында алдын ала және кезеңмен медициналық бақылау жүргізуді;

•адам организімінде өндіріс ортасының зиянды факторларының әсерінен сақтануға қажетті қорғау заттарын таңдауды;

Студент машықтануы қажет:

• өндірістегі зиянды факторлардың болуын негізіне ала отырып, кәсіптік аурулардың туындау мүмкіншілігін болжамдауға.

5) Реквизитке дейінгі: жалпы гигиена, қоршаған орта және денсаулық.

6) Реквизиттен кейінгі: еңбек гигиенасы, қоғамдық денсаулық сақтау.

7) Пәннің қысқаша мазмұны:

Кәсіптік аурулардың анықтамасы. Кәсіптік патологияның даму кезеңдері. Кәсіптік аурулардың этиологиялық факторлары. Кәсіптік ауруларды жіктеу. Кәсіптік аурулар клиникасының міндеттері. Кәсіптік патология басқа клиникалық және гигиеналық пәндермен байланысы.

8) Тақырыптық жоспары (дәрістердің, тәжірибелік, семинарлық, лабораториялық сабақтардың): тақырыптар, өткізу түрі мен ұзақтығы.

Дәрістердің тақырыптық жоспары

№

Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы

(сағат түрінде)

№ 1 кредит

1

Кәсіби аурулардың клиникасына кіріспе. Қазақстанда кәсіптік-патологиялық қызметті ұйымдастыру.

Шолу

1

2

Шаң әсерінен туындайтын кәсіби аурулар. Пневмокониоздар.

Проблемалық

1

3

Кәсіптік бронх демікпесі.

Проблемалық

1

4

Физикалық факторлар әсерінен туындайтын кәсіптік аурулар. Вибрациялық ауру.

Проблемалық

1

5

Шу, электрмагнит сәулесі, лазер әсерінен туындайтын кәсіптік патология.

Проблемалық

1

№ 2 кредит

6

Химиялық заттектер әсерінен туындайтын кәсіби аурулары. Ароматты көмірсутектермен: бензолдың амино- және нитроқоспаларымен және олардың гомологтарымен уыттану.

Проблемалық

1

7

Химиялық заттектер әсерінен туындайтын кәсіби аурулары. Қорғасын және оның қоспаларымен уыттану.

Проблемалық

1

8

Химиялық заттектер әсерінен туындайтын кәсіби аурулары. Фосфор және оның қоспаларымен уыттану.

Проблемалық

1

9

Химиялық заттектер әсерінен туындайтын кәсіби аурулары. Сынап және марганецпен уыттану.

Проблемалық

1

10

Химиялық заттектер әсерінен туындайтын кәсіби аурулары. Пестицидтермен уыттану.

Проблемалық

1

№ 3 кредит

11

Сәулелік ауру.

Проблемалық

1

12

Биіктіктен туындаған ауру.

Проблемалық

1

13

Кессон ауруы.

Проблемалық

1

14

Адам организміне өндіріс ортаның жоғарғы және төменгі температура әсері.

Проблемалық

1

15

Тірек-қимыл аппаратының кәсіби аурулары.

Проблемалық

1

Барлығы:

15

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]