Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚР-ның ДЕПОЗИТ САЯСАТЫ.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
450 Кб
Скачать
☆

1.3 Коммерциялық банктердің депозиттік нарықтағы операцияларын талдау

Коммерциялық банктердің депозит нарығын талдамас бұрын қазіргі кездегі Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жалпы жағдайына сандық мәліметтер негізінде тоқтала кетейік. Қазіргі кезде өткен жылдармен салыстырғанда банктердің саны 39-ға азайды. Банктердің санының азаюы мына келесі себептерге байланысты:

- банк заңдылықтарының бекітілген талаптарын бұзғаны үшін банктің банктік операция жүргізуге арналған лицензиясы қайтарып алынды;

- несиелік серіктестерге айналуына байланысты банктің лицензиясы қайтарып алынды.

Банк секторының құрылымы бойынша қарайтын болсақ, онда мына келесі мәліметтерді келтіруге болады: мемлекетаралық банктер-1, жарғылық капиталда Қазақстан Республикасы үкіметінің 100%-қ қатысуы бар банктер саны-2, шетелдің қатысуымен құрылған банктер саны-10-нан астам, коммерциялық банктердің филиалдарының-400-дей, банктердің шетелдегі өкілеттіліктерінің саны-8, Қазақстан Республикасындағы резидент емес банктердің өкілеттіліктерінің саны-14, кастодиандық қызмет көрсету лицензиясы бар банктер саны-10. 2005 жылдың 1 қаңтарына байланысты екінші деңгейлі банктердің жиынтық меншікті капиталы 39,1 млрд. теңгеге өсіп (32%), 162,2 млрд. теңгені құрады [12, 41б.].

Банк жүйесіне барлық тартылған депозиттерге талдау жасайтын болсақ, 2005жылдың қаңтар айында 173514 мың теңге депозиттер тартылды.

1 кесте – Банк жүйесіндегі депозиттердің құрылымы *

Барлығы:

Ұлттық валютада:

Шетел валютасында:

Депозиттер

Депозиттер

Депозиттер

Қаңтар 2005

173514

95215

78299

Тамыз 2005

183457

98965

84492

Қаңтар 2006

193464

99658

93806

Тамыз 2006

202068

103424

98644

Қаңтар 2007

206216

115674

41542

Тамыз 2007

212750

110947

101803

Қаңтар 2008

214033

104714

109319

Тамыз 2008

191463

97581

93882

Қаңтар 2009

130725

97284

33441

Тамыз 2009

159790

99371

60419

Қаңтар 2010

191933

110466

81467

Тамыз 2010

232540

124237

108303

* Ұлттық банктің статистикалық бюллетеньінен алынды1

2005 жылдың қаңтар айында барлық тартылған депозиттер 173514 млн. теңгені құраған.

2007 жылдың қарастырылып отырған кезеңінде барлық тартылған депозиттер 206216 млн. теңгені құрап, 2005 жылдың осы кезеңмен салыстырғанда үлкен ауытқу, яғни тартылған депозиттер 12243 млн. теңгеге, өскені байқалды.

2008 жылдың қаңтарында 214033 млн. теңге депозиттер тартылды.

2009 жылдың қаңтарында барлық тартылған депозиттер 130725 мың теңгені құрап, ең үлкен ауытқу осы жылда болған, яғни 2005 жылдың қаңтар айындағы осы көрсеткіштермен салыстырсақ, 2009 жылдың осы кезеңіндегі барлық депозиттер 784228 млн. теңгеге артқанын көрсетеді. 2010 жылдың тамыз айында бұл көрсеткіштер сәйкесінше 232540 млн. теңгені құрады.

Банк жүйесіне ұлттық валютада тартылған депозиттер 2005 жылдың қаңтарында 173514 млн. теңге депозиттер тартылды.

2006 жылдың осы кезеңінде ұлттық валютада тартылған депозиттер

202068 млн. теңгені құрады, ал 2007 жылдың қаңтарында ұлттық валютада тартылған депозиттер көлемі 212750 млн. теңгені, 2008 жылдың қарастырылып отырған кезеңінде ұлттық валютадағы осы көрсеткіштердің күрт ауытқығанын кете мәліметтері куәландырады. 2005 жылдың қаңтарында тартылған депозиттер 183457 млн. теңге, ал 2008 жылдың қаңтарында бірінші көрсеткіш 191463 млн. теңгені, 2005 жылдың қаңтар айындағы осы көрсеткішердің көлемімен салыстырғанда 2008 жылдың қаңтарында ұлттық валютада тартылған депозиттер 371966 млн. теңгеге артқанын көреміз.

2010 жылдың тамыз айындағы ұлттық валютада тартылған депозиттер көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда сәйкесінше 1,5 есе жуық өсім орын алған.

Банк жүйесіне шетел валютасында тартылған депозиттердің өсу тенденциясына келсек, 2005 жылдың қаңтарында 78299 млн. теңге депозиттер тартылды. 2007 жылдың қаңтар айында шетел валютасында тартылған депозиттердің көлемінің үлкен ауытқуға ұшыраған, яғни 2005 жылдың қаңтарында тартылған депозиттер 78299 млн. теңге болса, ал 2008 жылдың осындай кезеңінде тартылған депозиттер 109319 млн. теңгеге артқан, яғни ауытқудың болғанын көреміз.

2009 жылдың қаңтар айындағы осы көрсеткіштер көлемі мен 2005 жылдың қарастырылып отырған кезеңіндегі шетел валютасында тартылған депозиттерде үлкен ауытқу болған, яғни 2005 жылдың қаңтарында тартылған депозиттер 78299 млн. теңге, ал 2009 жылдың қаңтарында көрсеткіштің көлемі 33441 млн. теңгені құрап, 2009 жылдың қаңтарында шетел валютасында тартылған депозиттер 33441млн. теңгеге төмендеген. Сонымен, шетел валютасында банк жүйесіне тартылған депозиттер көлемінің жылдан-жылға өсіп отырғаны көрінеді. 2010 жылдың ерекшелігі қаңтар айындағы мәліметтерге қарағанда тамыз айында шетел валютасындағы депозиттердің артқан қарқыны байқалады [13, 45б.].

Жалпы халықтың көзқарасы бойынша банк жүйесіне депозит ретінде тартылған қаражаттардың барлығы бантік операцияларға пайдаланылады. Өйткені, әрбір банк өзінің депозиттік саясатын қаржылық операциялардың тұрақтылығын негізге ала отырып құрады. Сонда ғана банктер тұрақты жоспарланған табыс алу мүмкіндігіне ие болады. Коммерциялық банктердегі тартылған мерзімді депозиттердің 60-70%-і, талап еткенге дейінгі депозиттердің 10-20%-і шетел тәжірибесінде банктік ресурс ретінде, ал қалған бөлігі басқа да активтік операцияларды орындауға пайдалынады.

Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері жеке және заңды тұлғалардан депозиттік салымдарды белгілі-бір мерзімге тарта отырып, мерзім уақытының аяқталуымен қайтарып беруге міндеттеме қабылдайды. Ал өз кезегінде осы тартылған ресурстарды банктер қарыз алушыларға негізгі сома мен оның пайызын әр ай сайын қайтарып отыру шартыменен береді. Мұнан көретініміз қарыз алушы үшін бәсекелестің орын алып тұрған жағдайында әрбір ай сайын тапқан табысын немесе табысы болмай тұрған жағдайда несиенің негізгі сомасын бір бөлігін несиенің өтеуі ретінде банкке қайтарып беріп отыруға мәжбүр болады.