Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kkolontitul_kaz_OSPE_son5y_1kurs.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
952 Кб
Скачать
☆

2 Қадам – Артериалдық пульсті анықтау. Қалыпты жағдайдағы көрсеткіші.

Артериалдық пульс деп артериалық қысымның өзгеруіне байланысты, артерия қабырғасының ритмді тербелісін айтады. Артериалдық пульс жүрек қызметін, қан-тамырлардың жағдайын және артериалық қысымның деңгейін көрсетеді. Пульстың негізгі 4 қасиетін ажыратады: оған жиілігі, күші, жылдамдығы және серпімділігі жатады. Зерттелушінің білек артериясына төрт саусақты қойып лүпілдік нүктесін анықтайды. Ал пульсті жазатын аппаратты сфигмограф дейді.

Қалыпты – 60-80 соққы. мин.

№ 2

1 қадам – Жоғарғы қалқанша артериясы, тіл артериясы, бет артериясы, шүйде артериясы, артқы құлақ артериясы, төс-бұғана-емізік артериясы, жоғарылаған жұтқыншақ артериясы, беткей самай артериясы, жоғары жақ сүйек артериясы.

2 қадам – Қан топтарын анықтау. Қан тобын анықтауға арналған арнайы тостағаншаны аламыз, әртүрлі пипетка көмегімен I, II, III топ сарысуынан 1-2 тамшыны сәйкес ұяшықтарына тамызамыз. Белгілі әдіс бойынша саусақтан қан алып, таза таяқша арқылы стандартты сарысу тамшысының қасына тамызамыз. Сарысу мөлшерінен зерттелетін қанның мөлшері едәуір аз болуы тиіс. Қан тамшысын сарысумен ақшыл-қызыл түске боялғанша араластырамыз. Шыныны таяқшамен қозғай отырып, 1-5 минут бақылаймыз. Егер тамшы гомогенді, біркелкі боялса, онда гемагглютинация реакциясы жоқ(ГАР). Егер қызыл ұсақ түйін және мөлдір плазмасы ажыраса, онда ГАР бар. Қан тобын анықтау үшін қандай стандартты сарысу тамшысында ГАР жүрмегендігін белгілеу керек.

Қан топтарын анықтау барысында 4 нұсқаның біреуі алынуы тиіс.

ГАР сарысудың ешқайсысында жоқ. О(I) қан тобы.

I, III сарысуында ГАР А (II) қан тобы

I, II сарысуында ГАР В (III) қан тобы

I, II, III сарысуында ГАР АВ(IV) қан тобы

№ 3

1 қадам - Көз нерві, жоғарғы жақсүйек нерві, төменгі жақсүйек нерві.

2 қадам – Көз-жүректік рефлекс (Ашнер рефлексі).

Зерттелуші адамның білегінен пульс жиілігін санайды. Содан кейін адамның жұмылған көздерін бармақтарымен 10-30 с бойы ауыртпай басып тұрып, жібергеннен кейін тамыр соғысын тағы да санайды. Жұмысты 3-4 рет қайталайды.

Рефлекстік әсерден кейін пульс сирейді ( минутына 8-10 ретке).

Вегетативтік рефлекстің көрсеткіштері ВЖЖ –нің ЖТЖ-не нақты әсерін көрсетеді.

№ 4

1 қадам - Сопақша ми, көпір, мишық, ІҮ-қарынша.

2 Қадам – Тыныс ырғағының бұзылу белгілері (Геринг рефлексі).

Зерттелуші адамның білегінен пульс жиілігін есептейді де, бірнеше рет терең дем алуын өтінеді. Оны бастапқы алынған нәтижемен салыстырады. Тамыр соғысы 10-12 ретке баяулауы тиіс.

Вегетативтік жүйке жүйесінің рефлекстері бұзылған жағдайда, тамыр соғуы жиілеп кетеді.

№ 5

1 қадам - Жауырын, бұғана.

Жамбас сүйек: мықын сүйек; қасаға сүйек; шонданай (отырықшы) сүйек.

2 Қадам - Саусақтан қан алу әдісі.

Жұмыс жасалмас бұрын студент асептиканың барлық қағидаларын ұстану қажет. Қанды әдетте сол қолдың IV саусағынан алады. Саусақтың терісін спирттің эфирлік қоспасымен сүртеді. Сонан соң саусақты артқы және алақан жағын бірнеше рет қысып, саусақтан скарификатордың көмегімен теседі. Алғашқы қанды құрғақ мақтамен сүртіп тастайды. Қанның жаңа тамшысы пайда болған кезде, тамшының негізіне капиллярды жақындатып «К» белгісіне дейін тартып алады. Жұмыс аяқталған соң жараға йод жағады да, спиртке малынған мақта тампонымен жауып тастайды.

Саусақтан қан алу әдісін білу түрлі қан талдауларында маңызды.

№ 6

1 қадам - Жоғарғы жақ сүйек, төменгі мұрын қалқаны, таңдай сүйегі, әлпет (бет) сүйегі, мұрын сүйегі, көз жасы сүйегі, өре сүйегі, төменгі жақ сүйек, тіл асты сүйек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]