Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kkolontitul_kaz_OSPE_son5y_1kurs.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
952 Кб
Скачать
☆

2 Қадам – Көздің өткірлігін анықтау.

Көздің өткірлігін анықтау үшін Сивцевтің 12 түрлі жолдан тұратын кестесі пайдаланылады. I жолдағы әріптер 50 м, 10-шы жолдағы әріптер 5 метр жерден көрінеді. Зерттелуші адам 5 метр қашықтықта отырып, екінші көзін жабады. Оған үлкен әріптерден кішісіне дейінгі әріптерді көрсетеді.Егер зерттелуші адам 10-шы жолдағы әріптерді анық көріп таныса, көз өткірлігі 1-ге тең . Ал ол I-ші жолдағы әріпті ғана көрсе, көздің өткірлігі 0,1-ге тең болады.

Қалыпты жағдайда көру өткірлігі 1,0 тең.

№ 12

1 қадам – Көз алмасының бұлшықеттері, көзұясының шел май мен көз алмасының қынабы, қабақтар, көз жас аппараты.

2 қадам – Форстер периметрімен көздің көру аймағын анықтау.

Зерттелуші адам периметрдің қақ алдына отырып, дәл ортасында орналасқан дөңгелек таңбаға көзін тоқтатады да, екінші көзін алақанымен жабады. Периметрдің доғасын көлденең қойып, ақ түсті бақылау маркасын зерттелуші адам көргенше доғаның ішкі бойымен шетінен ортасына қарай жылжытады. Содан соң периметрдің доғасын тік қойып, көру аймағының үстіңгі және астыңғы шеттерін анықтайды. Дәл осылай түрлі түсті маркалармен анықтау керек.

Көру аймағының түссіз (ахроматикалық) шекарасы: сыртқысы - 100, ішкісі және жоғарғысы – 60 және төменгісі – 65 градус. Көру аймағының түсті (хроматикалық) шекарасы түссіз шекарадан төмен.

Форстер периметрі.

1 — градусқа бөлінген металлдық жарты шеңбер;

2 — визирді пластинка және иекті тірейтін тірегіші бар вертикальды стержень.

№ 13

1 қадам – Латералды-жарғақты, медиалды-лабиринттік, артқы-емізікті, алдыңғы-ұйқы, жоғарғы-шатыр, төменгі-мойындырық.

2 Қадам – Дыбыстың сүйек пен ауа арқылы өту дәрежесін анықтау.

Құрал жабдықтар: камертон жиынтығы, мақта.

Дарылдап тұрған камертонның табанын бастың төбе бөлігіне тақап қояды. Бастапқы кезде қатты естіліп тұрған дыбыс біраздан кейін бәсеңдейді, бара-бара мүлдем жоғалып кетеді. Осы кезде камертонды сыртқы есту тесігіне жақындатса, дыбыс қайтадан естіле бастайды. Егер 1 құлақтың тесігін тампонмен жауып, үндетіп тұрған камертонды қайтадан орнына қойса, жабылған құлаққа дыбыс қаттырақ естіледі.

Сүйектік өткізгіш ауалыққа қарағанда күштірек.

№ 14

1 қадам – Балғашық, төс, үзеңгі. Дабыл қуысы, есту түтігі

2 Қадам – Тактильдік (терілік) сезімталдықтың аражігі табалдырығын анықтау (эстезиометрия).

Зерттелуші адамды столға көзін жауып отырғызады. Эстезиометрдің екі ұшын теріге тигізеді де, бұдан пайда болған екі түрлі сезімнің ең аз арақашықтығын анықтайды. Терінің белгілі бір аймағына эстезиометрдің екі ұшын бір нүктеге тигізеді. Егер бір ұшын жылжытсақ, белгілі бір жерге жеткенде екі ұшын тигізген сияқты әсер береді. Сол арақашықтықты өлшеп жазып аламыз.

Қорытындысы кестеге толтырылады және нәтижесі шығарылады.

Зерттелетін аймақ

Сезімталдықтың кеңістік табалдырығы, мм

Қолдың сыртқы беті

Иық

Білек

Саусақтың ішкі беті

Алақан ортасы

31

67,6

40,5

2,2

8,9

Қолдағы алақан терісінің жоғарғы аймағының көп емес бөлігінің сезімталдығы бақыланады.

№ 15

1 қадам – Құлақ қалқаны, сыртқы есту өтісі, дабыл жарғағы.

1 қадам – Жоғарғы және төменгі температура әсеріне тері рецепторларының бейімделуі.

Үш ыдысқа температурасы -100С+250С және +400С болатын су құямыз. Оң қолды -100С, сол қолды +400С суға саламыз. Терморецепторлардың бейімделу уақытын анықтаймыз және осы уақыттағы суықты немесе жылыны сезуі баяулайды. Одан кейін бір мезгілде екі қолында +250С суға салады. Сонда суық суға салынған қолда жылу сезімі, ыстық суға салынған қолда керсінше салқындау сезімі пайда болады, Суыққа және жылыға қолдың температуралық рецепторларының бейімделу уақытын көрсету қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]