Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гормоны каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84 Кб
Скачать
☆

Есеп № 7

40 жастағы ауру адамда симметриялық бұлшық ет топтарына әсер ететін тамырлар тартылып қалу мүмкіндігі байқалады. Ауру адамда «сардоникалық»,жымию(бет бұлшық еттерінің тартылуы) және опистотонус(арқа бұлшық еттерінің спазмасынан артқа шалқаюы).

Қан анализі(қан сары суында)

Кальцийдің мөлшері-1,8 ммоль/л

Неорганикалық фосфордың мөлшері – 3 ммоль/л

Қандай патологияда қан анализінде осындай құбылыстар байқалады? Осы құбылыстардың және аурудың пайда болу механизмін түсіндіріп беріңіз.

Есеп № 8

Ауру жасы 30-да, жалпы әлсіздікке,бас ауруына,сыртқы келбетімен бет түсінің өзгерүіне,шашының еркек типтес өсуіне,ұйқышылдығына,көңіл-күй нашарлауына,инфекциялық ауруларға бейімділігінің артқанына арыз айтады.

Ауруды қарау кезінде майлардың бетте,кеудеде, іште,мойында орналасуы байқалады.Ал аяқ-қолы салыстырмалы түрде қарағанда арық. Терісін фурункулалар басқан және күрең тамыр түсті. Иықта,санының ішкі бетінде жәнебасқа дене бөліктерінде қызыл-күлгін түсті кең дистрофиялық көлденен жолақтары(стриялар) бар. Еркек типтес шаштану(гирсутизм) байқалады және бас шаштары түсіп қалған. Остеопороз,сүйек деформациясы байқалады. Артериялық қысымы жоғарылаған.

Қандай патологияда,осындай құбылыстар байқалуы мүмкін? Пайда болу механизмін түсіндіріңіз.

Есеп № 9

30жастағы аурудың арызы бойынша қатты әлсіздік байқалады,тез шаршайды,аппетиті жоқ,жүрегі айниды,арықтады,терісі қарайды,әр түрлі ауруларға бейімділігі артады. Ауруда тері және ауыз қуысы мен жақ аймақтарының сілекейлі қабықшасының пигментациясы,гипотония(негізінен систоликалық қысымы төмендеуі кезінде),жиі,кішкентай,жұмсық пульс,асқазан-ішек жолдары жағынан диспепсикалық құбылыстар байқалады.

Қан анализі:

Гематокриттік мөлшер-(эритроциттердің жалпы көлемі) – 55%

Гемоглобин мөлшері -174 г/л

Қан сары суындағы жалпы белок мөлшері – 95 г/л

Қан сары суындағы мочевинаның мөлшері – 9 ммоль/л

Қан сары суындағы натрийдің мөлшері – 130 ммоль/л

Қан сары суындағы калийдің мөлшері – 6 ммоль/л

Қан сары суындағы бикарбонаттың мөлшері – 19 ммоль/л

Қан анализінің өзгерісі мен осы көрсетілген құбылыстар қандай патологиялық жағдайда байқалуы мүмкін? Пайда болу механизмін түсіндіріңіз.

Есеп № 10

35 жастағы ауру әйел басының қатты ауырғанына,бұлшық еттерінің ұстамалы түрде әлсіреүіне,дірілдеп қалшылдауына,бұлшық еттерінің кенеттен ауруына,журек тұсының сыздап ауруына,жүрек қағуына арыз айтады. Аурудың артериялық қан қысымы жоғары, көрү қабілеті төмендеген.

Қан анализі: (қан плазмасының анализі).

Калийдің мөлшері – 2,4 ммоль/л

Рениннің активтілігі – 0

Бикарбонаттардың мөлшері – 35 ммоль/л

Осындай құбылыстар және қан анализінің өзгерістері қандай патологияда байқалуы мүмкін. Осы өзгерістерді атаңыз және олардың болу механизмін көрсетіңіз.