Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гормоны каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84 Кб
Скачать
☆

Эталон жауап № 4

Мұндай құбылыстар гипотиреозда байқалуы, мүмкін. Тиреоидты гормондардың әсерінің жетіспеушілігі алмасудың барлық түрлерінің бұзылуына әкеліп соғады: көмірсулардың (комірсуларға толерантылықтың артуы, гипогликемияға бейімділік), су-тұзды алмасуы (тканьде су мен натрий хлоридінің жинақталуы), липидтік ) қанда бета- липопротеидтердің, холестриеннің көбеюі), белоктық белок синтезі мен ыдырауының төмендеуі), энергетикалық өттегін пайдаланудың, тканьдік тыныс алу жылдамдығының азаюы, негізгі алмасудың төмендеуі). Көрсетілген құбылыстар тез шаршауға, үйқылқылдыққа, көңіл-күйі нашарлауына, қимылдың шабандауына, тоңғыққа, есте сақтаудың әлсіреуіне, брадикардияға әкеліп соғады. Тканьдердің ісінуі лимфостазбен байланысты. Лимфатикалық тамырлардың жиырылғыштық қасиетінің төмендеуінен сары судың альбумині қан тамырларынан тыс жинақталып қалады.

Эталон жауап № 5

Бұл құбылыстар балаларда гипотиреоз кезінде байқалады және тканьдердің өсуі және дифференцировкасы, олардың энергетикалық қамтамасыз етілуі, скелетің қалыптасуы, нерв және психикалық іс- өрекеттің жағдайына әсер етуші тиреоидты гормондардың әсерінің жетіспеушілігімен байланысты

Эталон жауап № 6

Бұл құбылыстар гиперпаратиреозда байқалады. Паратгормонның шектен тыс көп әсеріне байланысты сүйектерден фосфаттар мен кальций қанға өтеді,ол сүйектердің кистозды қайта құрылуына және жұмсаруына,қисайып сынуына әкеліп соқтырады. Паратгормонның әсерінен бүйрек каналшаларындағы фосфордың реабсорбциясы төмендейді.Ол гиперфосфатурия мен гипофосфатемияны тудырады да фосфордың неорганикалық қосылыстарының сүйектен қанға компенсаторлы түрде шығуына ынталандырады. Паратгормонның шектен тыс көп әсерінен сүйектен қанға кальцийдің өтуі көбейеді,бүйректің кальцийді шығаруы төмендейді.Нәтижесінде нервті – бұлшық еттік қозу қасиеті төмендеп,бұлшық еттердің гипотониясы пайда болады.

Гиперкальциемия мен гиперкальциурия антидиуретикалық гормонның бүйрек каналшаларында әсерін төмендетеді,кейіннен полидипсияға әкеліп соғады. Қан мен зәрде кальцийдің концентрациясының жоғары болуы нефрокалькулез бен нефрокальциноздың дамуына жағдай туғызады,ал ол бүйректің ауыр патологиясын тудырады.

Эталон жауап № 7

Бұл құбылыстар гипопаратиреоз кезінде байқалуы мүмкін.Паратгормонның әсерінің төмендеуі кальцийдің сүйек тканінен қанға түсүінің азаюына және бүйректің проксимальды каналшаларының фосфор реабсорбциясының көбеюіне әкеледі,нәтижесінде гипокальцемия және гиперфосфатемия туады.

Гипокальцемия нәтижесінде натрий және калий иондарының арасындағы тепе-теңдік бұзылады,сонымен қатар кальций мен магний арасында да,бұл қажетті бұлшық ет қозғыштығының бірден кетуіне әкеледі.