Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пат ан_1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441 Кб
Скачать
☆

1. Тақырып: «Минералдар алмасуының бұзылуы. Кальций алмасуының бұзылуы-кальциноздар. Тас түзілу. Себептері мен тастың түзілуі механизмі. Тастың түрлері. Тас түзілуінің зардабы.»

2.Пәннің оқыту мақсаты:

  • Минералды алмасуының бұзылуының морфологиясын зерттеу.

  • Асқыну зардаптары, ақыры мен дифферциолдық диагностикасы..

  • Олардың жас шамасына байланысты ерекшеліктері ескерілген мағлұматты игеру.

Студент білуі тиіс:

  • Минералдар алмасуының патология мен стереотипті жалпы патологиялық үрдістердің құрылымдық бейнесі;

  • Жалпы патологиялық үрдістердің құрылымдық өзгерістерін, этиологиясы мен патогенезі, олардың даму барысын;

  • эндогенді пигменттер патологиясын және осы пигменттердің организмге әсері.

Студент істей алуы тиіс:

  • мүшелер мен тіндердегі макроскопиялық өзгерістер негізінде патологиялық үдерісті, оның даму кезеңдері мен нысандарын анықтау.

  • жалпы патологиялық үрдістер, тіндер мен мүшелердің микроскопиялық бейнесін дұрыс анықтап сипаттау;

  • патоморфологиялық өзгерістер жиынтығы негізінде мүшелер мен тіндерде дамыған асқынуы мен даму барысын анықтау.

  1. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Кальций алмасуының бұзылуы- кальциноздар.

  2. Кальциназдардың түрлері, морфологиялық сипаттамасы, себептері.

  3. Фосфор алмасуының бұзылуы: мешел, нефрогендік остеопатия, ренальдық нанизм, гипервитаминоз Д.

  4. Мыс алмасуының бұзылуы: бауыр-милық дистрофия (Вельсон-Коновалов ауруы)

  5. Тас түзілу, оның себептері

  6. Тастың түзілу механизмі

  7. Тастың түрлері

  8. Тас түзілуінің зардаптары

4. Оқү және оқыту әдістері:

  • дискуссия – тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау.

  • кіші таптарда жұмыс істеу;

  • гистологиялық препараттарды микроскоппен қарап, суретін салу, компьютерлік үлгілермен және бағдарламалармен жұмыс істеу ситуациялық жаттығуларды шешу, микропрепараттарды сипаттау.

5.Білімдерін бағалау:

  • тестілеу, сұхбаттасу, ситуациялық жаттығуларды шешу, студенттер гистологиялық препараттарды микроскоппен қарап, микропрепараттарды сипаттауға тиісті тапсырмалардың орындалуын тексеру.

6. Құралдар мен жабдықтар:

  • Құралдар: микроскоптар, компьютерлер, мультимедиялық құрылымдар

  • Жабдықтар: слайдтар, компьютерлік бағдарламалар пакеті, электрондық оқу құралдары, кестелер, дәстүрлі оқу кестелері, тестілік тапсырмалар мен ситуациялық жаттығулар комплектілері.

7.Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Қазақ тілінде.

Негізгі:

  1. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. Орысшадан аударған доцент М.Т. Айтқұлов/ Алматы: «Орталық Қазақстан» БПК, «Қазақстан». – 1993. – 170б

  2. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. Орысшадан аударған доцент М.Т. Айтқұлов/ Алматы, Қарағанды: «Ғылым», «Қазақстан». – 1996.-2-бөлім,1-кітап. 175-274б.

  3. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. Орысшадан аударған доцент М.Т. Айтқұлов/ Алматы, Қарағанды: «Ғылым», «Қазақстан». – 1996.-2-бөлім, 2-кітап, 275-535б.

  4. Ахметов Ж.Б. патологиялық анатомия/ Алматы 2003.-393б

Қосымша:

  1. Ахметқалиев С.Е., Қамбаров Ж.А. Клиникалық патоморфологияға кіріспе: Оқу құралы/ / Ақтөбе: Ақтөбе Медициналық академиясы. – 1999.-С.34