Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6_Lektsia.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
719 Кб
Скачать
☆

2.2. Өзіндік тиімділіктердің кезеңдері

А.Бандура, соңында адамдар, ашық мінез-құлықтың және қоршаған жағдайлардың өзара әрекеттесу арасындағы өнім және өз ортасының қалыптастырушысы болатындығын айтады. Демек, әлеуметтік-когнитивті теория өзара себептің үлгісін бейнелейді, аффективті және басқа жеке тұлғалық факторлар мен қоршаған орта оқиғалары өзара тәуелділік детерминанты болып жұмыс жасайды. Альберт Бандураның көзқарасы бойынша, тәртіп үлгісінің бақылауымен адамдар нақты тәртіптік реакциясының конгнитивті бейнесін қалыптастырады және бұл кодпен жазылған ақпарат, олардың әрекеттерінің бағдары болып қызмет етеді. Адамдардың өз қабілеттіліктерін білу тиімділігі, Бандура тұжырымдамасы бойынша, мінез-құлық тиісті ерекше есепте немесе ахуалды қалыптастыруды сезінуге жатады. Тиімділіктің өзіндік бағасы эмоциялардың әдептілік жолында, себебі, ол мінез-құлықты қалыптастыруға және пайда болуына ықпал етеді.

Бандураның пікірінше, өз қабілетіне күмәні бар адамдарға қарағанда, өз тиімділігін ұғынатын адамдар үлкен істі орындауға көп күш жұмсайды. Өз кезегінде, биік тиімділік жетістіктерді күтуге қатысты жақсы нәтижеге бағытталды және, сайып келгенде, өзін-өзі сыйлауға деген ықпалдың өсуіне мүмкіндік туғызады. Керісінше, тиімділік төмендігі әдетте құлдырауды күтуге қатысты сәтсіздікке алып келеді және өзін-өзі сыйлауды төмендетеді. Қиын да қауіпті жағдайда өзіне-өзі сенбейтін қызметкер, өз кемшіліктеріне шамадан тыс көңіл бөледі және соның арқасында бұл тапсырманы орындай алмайды. Жоғары тиімділікке ие болған қызметкерлер, потенциалдық мәселелердің табысты шешімдерін үйренуді сезіне білетін мінез-құлықтарды қалыптастыру үшін позитивті бағдар қамтамасыз ететін сәтті сценариді ойша елестетеді. Схемалы, бұны келесі түрде көрсетуге болады:

I кезең

Мінез-құлықты қалыптастыру

I I кезең

Себеп

III кезең

Эмоциялардың пайда болуы

IV кезең

Жоғары өзіндік тиімділіктің кезеңдері

Схемада, мінез-құлықты қалыптастырудағы жоғары тиімділік ықпал ететін факторларды байқауға болады – бұл позитивті бағдарлар және, сәйкесінше төмен тиімділіктің - индивидтың кемшіліктері. Оның қабілетсіздіктегі сенімділігіне қол жеткізу себептерін әлсіретеді және табысты мінез-құлықтарды қалыптастыруға қақпалайды. Керісінше А. Бандура айтқандай: «Жоғары тиімділікке ие болған қызметкерлер, потенциалдық мәселелердің табысты шешімдерін үйренуді сезіне білетін мінез-құлықтарды қалыптастыру үшін, позитивті бағдар қамтамасыз ететін сәтті сценариді ойша елестетеді». Сонымен қатар, тиімділікті жоғарылатудың төрт жолы бар: қабілеттілікпен мінез-құлықты қалыптастырумен, жанама тәжірибемен, ауызша сеніммен, қызу қоздырғыш күй арқылы.

Мінез-құлықтың қалыптасуындағы өзіндік тиімділіктердің тетіктері:

Жоғары өзіндік тиімділік

Төмен өзіндік тиімділік

Сәтті сценаридің ойша ұсынысы

Құлдырауды күту

Позитивті бағдарлар

Дербес кемшіліктер