Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Клиникаға кириспе.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Науқасты асқазанға мұрын немесе ауыз жолы арқылы өткізілген зонд көмегімен тамақтандыру

Мейірбике науқасты зонд арқылы тамақтандыру тәсілін жақсы меңгеруі тиіс. Бұл процедура үшін мыналарды дайындаймыз:

  1. Залалсыздандырылған жіңішкелігі 0,5-0,8 см резеңке зонд.

  2. Вазелин не глицерин.

  3. Воронка немесе Жане шприці.

4. 600-800 мл көлеміндегі сұйытылған тағам. Іс-әрекеттер алгоритмі

  1. Зондты вазелинмен (глицеринмен) майлаңыз.

  2. Төменгі мұрын жолы арқылы зондты 15-18 см тереңдікке енгізу керек.

3. Сол қолдың саусағымен зондтың мұрын-көмей жолындағы жатысын саусақпен баса отырып көмейге дұрыс келуін қадағалау керек (әйтпесе бұл зонд кеңірдекке өтіп кетуі мүмкін).

  1. Науқастың басын аздап алға қарай еңкейтіп, оң қолымен зондты асқазан жолына өткізу керек, егер де науқастың тыныс алу кезінде ауа зондтан шықпаса және дауыс жолы зақымданбаса зонд асқазанға дұрыс жеткені.

  2. Зондтың бос бөлігін воронкамен жалғастырамыз.

  3. Ақырындап воронкаға дайын тамақты құямыз.

  1. Содан кейін воронкаға таза су жіберіп (зондты жуу үшін) кейін воронканы алып тастаймыз.

  2. Зондтың ұшын науқастың басына оған кедергі жасамайтындай етіп бекіту керек (кей жағдайда жасанды тамақтандыру кезінде зонд 2-3 апта тұруы мүмкін).

Науқасты зонд көмегі арқылы асқазанға енгізілген гастростоманың (түтіктің) көмегімен тамақтандыру

Гастростоманы (асқазанға қойылатын түтіктің) ас жүру жолдарынан тамақ өтпей қалғанда асқазанға тікелей қояды. Алғашқы күндері, ас жүру жолы қалыптасқанша, түтікті қою ыңғайсыздық тудырады, түтік іш құрылысқа өтіп, оны қабындыруы мүмкін. Асқазан ішіндегі сұйықтық сыртқа ағып кетпес үшін түтікті бүтін резеңкемен не қысқышпен қысып қояды. Кейін түтік орны қалыптасқаннан кейін мейірбике немесе науқастың өзі тамақтану түтігін өзі-ақ қоя алады. Тамақтанар алдында түтіктің аузына воронка орнатылады. Тағам жоғары калориялы, сұйық не жартылай сұйық, жылы болуы керек. Бұл қоспаға шикі жұмыртқа, ет және сүт тағамдары, тартылған ет, жемістер, көкөністер, кілегей, қаймақ, май, шырын, тағамның сіңімді болуы үшін асқазан сөлін қосады. Тағамның бір бөлігін ауыз арқылы (нанды) беру керек. Науқас тамақты мұқият шайнап, оны воронкаға түкіреді, воронка арқылы ол асқазанға түседі. Бұл аштықты басып, тәбет ашылуына әсер етеді.

Әрбір тамақтанудан кейін түтіктің маңайын тазалап жуып отыру керек. Терінің тітіркендіргіштігін туғызбас үшін тесіктің маңайын майлармен сылап отырады (цинк майы, Лассара пастасы, тағы да басқаларымен).

Тамақты алғашқыда аз-аздап (50 мл) тәулігіне 6 рет, кейін ақырындап көбейте береді. 250-500 мл дейін, тәулігіне тамақтандыру 4 ретке дейін қысқартылады. Гастростома арқылы асқазанға енгізілген зондтың көмегі арқылы жасанды тамақтандыру, қай жағдайда: өңештің жарақаттануы, жұтқыншақ пен ас жүру жолы немесе қатты күйік, асқазанға жасалған операциядан кейін, асқазан жолындағы не асқазандағы ісік кезінде.

Қажетті заттар

  1. Жұмсақ резеңке, пластмасса не силикондық залалсыздандырылған диаметрі 0,5 см зонд.

  2. Жане шприці не воронка.

  3. Сұйытылған жылы 50 мл-дан 250 мл-ға дейін тағам.

  4. 200 мл калий перманганатының әлсіз ертіндісі.

  5. Лассар пастасы.

  6. Залалсыздандарылған сүрткіштер (салфеткалар).

7. Корнцанг (қысқыштар). Іс-әрекеттер алгоритмі

  1. Зондтың бос ұшына воронканы жалғау.

  2. Воронкаға жылытылған сұйық тағамдар енгізу.

  3. Воронкаға таза су енгізу арқылы зондты жуу.

  4. Воронканы алу.

  5. Гастростоманың айналасындағы тері жабынын калий перманганаты әлсіз ертіндісімен жуып, Лассара пастасымен майлаңыз.

Тамақтандырумен байланысты қиындықтар туындаған жағдайда науқасқа қажетті көмекті жоспарлау

  1. Тамақтандыру кезіндегі (оның ішінде жасанды да) науқастың алғашқы реакциясын бағалау.

  2. Науқасқа түсіндіру, көндіру арқылы психологиялық көмек көрсету

  3. Науқасқа өз сезімдерін жеңуге көмектесу, тамақтандыру жайлы өзінің сезімдерін, эмоциясын айтуға мүмкіндік беру.

  4. Науқасты тамақтандыруға ақпараттық келісімнің барлығын тексеру.

  5. Тамақтандыруды ұйымдастыру, барлық керектіні дайындау.

  6. Тамақты қабылдау кезінде көмек көрсету.

  7. Тамақтандыру кезінде ыңғайлы және қауіпсіз жағдайларды қалыптастыру.

  8. Қажет жағдайда науқасты және оның туыстарын үйрету, тамақтану ережелері туралы, тамақтандыру жайлы ақпарат беру.

  9. Тамақтандыруға науқастың реакциясын бағалау.

  10. Тамақтандырудан кейін науқасты бақылау.

Тамақты қабылдау кезіндегі көмек

  1. Науқастан тамақты қандай реттілікпен қабылдағысы келетіндігін сұрау.

  2. Қолдың ішкі жағына бірнеше тамшы тамызу арқылы ыстық сусындардың температурасын тексеру.

  3. Сусындарды түтікше арқылы ішкен дұрыс.

  4. Сұйықты ауыз қуысында қатты тамақ жоқ кезде ішу керек.

Науқастарды күту кезінде және оның жанұясының мүшелерімен қарым-қатынас жасау кезінде коммуникативті дағдылары бойынша білімдерін қолдану

Мейірбике науқаспен ғана емес, оның туған-туысқандарымен қарым-қатынасқа кіреді. Мейірбикенің науқастың туыстарымен әңгімесі өз міндеттік бабы шеңберінен шықпауы керек. Орта буын медицина қызметкерлері науқастың туған-туысқандарымен қатынасы кезде айқындалған әдептілікті талап етеді. Емделушінің туыстары бірнеше сағат бойы медицина қызметкерлерімен әңгіме жүргізу үшін күтпеу керек. Туысқандардың пікірлері науқасқа әсер етеді, жағымсыз қатынас пен сенімсіздік тудыртады және психикалық жүйкесі мен соматикалық қалпына жағымсыз әсер етуін медқызметкерлер есепке алу керек. Медқызметкерлер науқастың жазылмас дерт-ауруын немесе нашарлық жағдайын жасырмай, түсінікті түрде оның туысқандарына хабарлауы керек. Бірақ, олардың арасында ауру адамдар болуы мүмкін, сондықтан олармен әңгімелескенде үлкен сақтықтық пен әдептілікті білдіру керек. Науқастың (әйел адамға қатысты болса), жақын туған-туысқандарына, әсіресе қызметтестеріне кейбір операцияларды жүргізу туралы хабарлауы керек. Келушілермен сөйлесер алдында, дәрігермен ақылдасып алу керек, ал кейбір жағдайларда науқастың өзінен нені хабарлауын, не хабарламауын сұрау керек. Әсіресе, телефон арқылы хабарды сақтықпен беру керек. Байсалды, әсіресе қайғылы хабарларды мүлдем айтпай-ақ, ауруханаға келуін және дәрігермен дербес сөйлесуі жөн болады. Телефон арқылы сөйлескенде, медбике өзінің аты-жөнін, мамандығын, бөлімін айту керек. Кейде науқастың туысқандары бөлімде жоқ емдік препараттарын алу үшін өз көмектерін көрсетеді. Мұндай ұсыныстарды сыпайы, бірақ анық түрде қайыру керек.

ЕСТЕРІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Өз кәсіби біліктілігін арттыруға, білімін тереңдетуге, жаңа дағдыларды игеруге ұмтылысы -медбикенің міндетті қасиеті болу керек. Медицина қызметкерінің парызы - өзінің кәсіби міндеттерін білікті және жауапты түрінде атқарылуын Конституцияда, денсаулық сақтау туралы заңнамаларда, ведомстволық нұсқауларда, ережелерде қарастырады. Медқызметкердің жауапкершілігі қызметінің ерекшелігінде негізделген: медицина қызметкері мен науқастың екі жақтық сенімінде. Медицина қызметкерінің адамгершілігі, әлде біліктілігі төмен және ішкі сезімінің күйзелісі, сасқалақтауы ауруға қолайсыз нәтиже туғызады.

Дәрігердің негізгі қызметі – ол отбасымен жұмыс. Отбасыдағы татулық – оның мүшелерінің жанының саулығының және қоғамның тұрақтылығының кепілі. Бірақ дәрігер іс жүзінде көптеген психоәлеуметтік дағдарыстармен кездеседі.

Дәрігер науқастың тәнін ғана емес, оның жанын да емдейді. Оның қолындағы ең қуатты қару – ол отбасының қолдауы.

Жақсы дәрігер отбасыдағы қарама-қайшылықтарды көріп қана қоймай, оның шешілу жолдарын табуға көмектесе де алады.

Сау отбасының сипаттамасы:

  • Қарым-қатынас жасауы және сезімдерін еркін көрсетуі;

  • Отбасы мүшелерінің бас еркіндігі және ерлі-зайыптылар арасында рольдердің бөлінуі;

  • Отбасының мүмкіндігіне қарай жеке бастың тұтынуын сәйкестендіру;

  • Отбасы мүшелерінің өзін-өзі сыйлау сезімінің артуына ықпал ететін өзара мадақтаулар;

  • Іштен және сырттан қолдау көрсету; бұл жердегі басты роль дәрігерге тиесілі.

  • Бірлесіп дем алу және жұмыс істеу – бұл отбасы саулығының негізгі көрсеткіші.

  • Отбасы психотерапиясын жасау үшін некенің маңызы зор;

  • Отбасының әр мүшесінің өсуі және тұлғаға айналуы;

  • Діни құндылықтары: бірігіп құлшылық ететін отбасы,ол берік отбасы.

Дәрігерге күйзеліске ұшыраған отбасылармен (отбасының бір мүшесімен болған бақытсыздық жағдай немесе ауру, жақын адамның өлімі, айрылысу, жұмыссыздық, қаржылық жетіспеушілік, т.с.с) жиі кездесуге тура келеді.

Көп жағдайда отбасының бір мүшесінің қатты ауруы сырт көзге тату болып көрінетін отбасында да қарама-қайшылықты тудырады. Мысалы, баладан айырылу ерлі-зайыптылардың бір-бірінен алшақтауына, содан кейін ажырасуына әкеледі.

Кейде науқастың өзіне қарағанда оның жақындарының қатты зардап шегуі де болады. Бұл көбінесе балалармен болады. Олар нашар оқиды және өздерін жаман ұстайды.

Сондықтан дәрігер тек науқасқа ғана қарамайды, оның көмегі бүкіл отбасы мүшелеріне де керек.

Жалпы ұсыныстар:

  • Отбасының өзіңіздің жағыңызға тартыңыз, керек болса отбасылық кеңесті жинаңыз;

  • Отбасымен үнемі қарым-қатынас жасаңыз. Жақындардың науқасқа қарым-қатынасы өзгеруі мүмкін – отбасында ашушаңдық пен ренжудің пайда болуына жол бермеңіз;

  • Отбасына науқастың стационарда емделуінің ұзақтығы жайлы мәлімет беріңіз;

  • Күшті отбасылық жанжалдар бола қалған жағдайда психологқа жүгініңіз.

Дәрігерді секем алдыруы керек:

  • Үйлесімсіз отбасылық қарым-қатынастар мен жыныстық қатынастың бұзылуы;

  • Отбасының бір немесе бірнеше мүшелерінің дәрігерге жиі қаралуы («қалың ауру тарихы»);

  • Баланың жағдайының өзгеруі;

  • Ауыр науқас;

  • Босану алдындағы және босанғаннан кейінгі қате күтім;

  • Алкоголмен немесе есірткімен әуестену;

  • Әйелге немесе балаға дене немесе жыныстық жәбір көрсету белгілері;

  • Психикалық ауытқулар;

  • Жиі аурулар;

  • Мазасыздық.

Отбасындағы өзгерістерді білу үшін:

  • Отбасындағы өзара ара-қатынастарды бақылаңыз;

  • Мүмкіндігіне қарай бүкіл отбасыны консультацияға шақырыңыз;

  • Тосыннан келу (мысалы, қан анализінің қорытындысын айту) отбасы жайлы көптеген құнды мәліметтер береді.

Отбасылық психотерапияның басты шарты отбасыдағы келеңсіздіктің пайда болуының себебін анықтау болып табылады. Мына ұсынылған қарапайым схема дәрігерге көмектеседі. Ол бес кезеңнен тұрады: фон, көзқарас, мазасыздық, шешілуі, күйзеліске ортақтасу.

Фон

Келеңсіздікке әкелген жағдайларды анықтайды.

  • Сіздің өміріңізде не болды?

  • Сіз ауырғаннан бері не өзгеріді?

  • Отбасының болып жатқанға қатынасы қандай?

Көзқарас

Сұрастырылғаннан оның отбасына, жақындарына және басқаларына деген көзқарасын анықтайды.

  • Сіз өз отбасыңызға қалай қарайсыз?

  • Өз өміріңіздегі өзгерістерге қалай қарайсыз?

  • Әйеліңізге (еріңізге, қызыңызға және т.б.) қалай қарайсыз?

  • Жұмысыңызға (оқуыңызға) қалай қарайсыз?

  • Сіз бақыттысыз ба?

Мазасыздық

Болып жатқанның сұралушыны қаншалықты мазасыздандыратынын анықтайды.

  • Болған жағдайда сізді не көбірек мазалайды?

  • Сізді үйде, жұмыста не мазалайды?

  • Осы келеңсіздіктер сізге қалай әсер етеді?

Шешілуі

  • Сіз қиындықтарды қалайша жеңесіз?

  • Сізге кім көмектеседі?

  • Отбасыңыз сізге көмектеседі ме?

Күйзеліске ортақтасу

Консультация алушыға түсіністік пен күйзелісіне ортақтасып көңіл білдіреді.

Дәрігер консультация барысында науқаспен бірге дағдарыстан шығу жолдарын қарастырады. Бұл жағдайда Fabb және Fleming науқастың өзін-өзі ұстауын өзгертуге арналған психотерапия жүргізуді ұсынды. Олардың моделі негізгі бес кезеңнен тұрады:

  • Қанағаттанбаушылық

  • Консультация алушы өз өміріне қанағаттанбайды;

  • Альтернатива

  • Бұлайша өмір сүруіне альтернатива табады;

  • Эмоционалдық күйлеу

- Өмірін өзгерту үшін эмоционалдық қорек керек;

  • Қайтым

- Науқас жаңа модельдің нәтижелі болатынына көз жеткізуі және оны тәжірибеде орындауы керек;

  • Қолдау

  • Жаңа модель тек дәрігер мен отбасының қолдауымен ғана орнығады.

Өзін ұстау психотерапиясы барлық кезеңдерді ретімен орындағанда ғана жақсы нәтижеге жеткізеді. 4 және 5 кезеңдерге мән бермеу жаңа модельдің дұрыс орындалмауына әкеледі.

Жұбайлар арасындағы қатынастардың үйлесімсіздігінің себебін анықтау отбасыны көптеген келеңсіздіктер мен жанжалдардан сақтайды.

Жұбайлар арасындағы қатынастардың үйлесімсіздігінің себептері:

  • Эгоизм;

  • Себепсіз күту;

  • Кедейшілік, сараңдық;

  • Өзара түсінспеушілік;

  • Эмоционалдық ауытқулар;

  • Есірткі мен алкоголге салыну;

  • Қызғаныш, әсіресе ер адамның;

  • Кемшіліктерді тіміскілеу;

  • Бірін бірі пайдалану;

  • Амбициялық;

  • Ересеймеу;

  • Қарым-қатынас тапшылығы.

Жұбайларға кеңес:

Жұбайлар қарым-қатынасы сәттілігінің кепілі – махаббат пен жауапкершілік.

  • Өз-өзіңізді танып-біліңіз. Өзіңізді қаншалықты жақсы білсеңіз, жұбайыңызды да соншалықты жақсы білесіз.

  • Қызығушылықтарыңыз бен мақсаттарыңыз ортақ болсын. Тым тәуелсіз болмаңыз. Ортақ достар, қызығушылықтар және әуестіктер біріктіреді. Бір біріңізге деген көңілдеріңізді жиі білдіріңіздер.

  • Тойдан кейін де бір-біріңізді күтіңіз. Некеден кейін де жұбайлардың бірін-бірі қалауы өте тамаша. Романтикалық кештер, күтпеген сыйлықтар, билер өмірді әрлендіре түседі.

  • Сүйіңіз, сүйіңіз, сүйіңіз. Жыныстық үйлесімдікке жетуге жылдар қажет. Қолыңыз жететін әдебиеттер мен бейнефильмдерді пайдаланыңыз. Өзіңізді (бет-әлпетіңізді) күтіңіз.

  • Қатынастарыңызды құрметтеңіздер. Бір-біріңізбен жарыспаңыздар. Жұбайыңыз жайлы құрметпен сөйлеңіз, оны төмендетпеңіз.

  • Ата-ана болуға дайындалыңыздар. Отбасыларыңызды жоспарлаңыздар. Баланың тууы және тәрбиесі жайлы көп білуге тырысыңыз. Сақтану жолдарын үйреніңіз. Бақытты ата-аналар – ең жақсы тәрбиешілер.

  • Көмек сұраудан қысылмаңыз. Дәрігерден қолдау іздеңіз. Ауыр, жағдайсыз көңіл-күй неке үшін өлім қаупін тудырады.

  • Жұбайыңызға сізге қалай қарағанын қалайсыз солай қараңыз. Бір-біріңізге сезімтал болыңыз. Осыған негізделген кез-келген отау ұзақ және бақытты болады.

Жұбайлық қағидалар:

  • Алдамау

  • Адал болу

  • Сүю

  • Қалаулы болу

  • Үнемі көңіл бөлу

  • Жақсы қатынаста болу

  • Кешірімді болу

  • Оның жалғызы болу

  • Кең пейіл болу

  • Қамқор болу

Жұбайлардан келесі тапсырманы орындауды сұраңыз. Содан кейін нәтижелерін салыстырыңыз.

  • Ата-аналарыңыздың жақсы және жаман қасиеттерін атаңыздар;

  • Бір-біріңіздің жақсы және жаман қасиеттеріңізді атаңыздар;

  • Жұбайыңызда нені өзгерткіңіз келеді?

  • Жұбайыңыздан нені күтесіз?

Осы сұрақтарды аптасына бір рет талдап отырыңыздар.

Дәрігерге отбасымен тым жақындасуға, «құтқарушысы» және «құдайы» болуға болмайды. Дәрігер өз көзқарастарын насихаттай бермей және отбасының тәуелсіздігін сақтай отыра, оның өз алдына қойған мақсаттарына ғана жетуіне көмектесуі керек.

Дәрігер жұмысының басты қауіптері

  • Оның отбасы өміріндегі өзгерістерге жауапкершілігі;

  • Отбасының көмегін керек етпеу;

  • Қамқоршының ролі.

Басқа да қауіптер:

  • Сырттай кеңестер;

  • Дәрігерлік құпияның отбасында ашылуы;

  • Отбасылық келіспеушілікте қайсыбірінің жағын қабылдау;

  • Отбасыдағы шеңберлік қолданысты тани алмауы;

  • Өз тәжірибесін асыра бағалауы.

Қателіктердің алдын алу үшін:

  • Өзіңізге науқастың жұмысының бір бөлігін салуға жол бермеңіз;

  • Әріптестеріңізбен ақылдасыңыз;

  • Орындалмайтынды уәде етпеңіз;

  • Отбасыны біріктіріңіз;

  • Айыптыны іздеуге жол бермеңіз;

  • Дереу нәтижеге қол жеткізуге ұмтылмаңыз;

  • Дәрігерлік құпияны сақтаңыз;

  • Өз ұстанымдарыңызды алға тартпаңыз.

Жанұялық дәрігермен бірге ауыр науқастардың және мүгедектердің үйіне патронаж жасау

Гиппократ: «Медицинада үш құрауыш бар: ауру, науқас және дәрігер... Науқас оған не болып жатқанын, жағдайының неліктен жақсарып немесе төмендегенін түсінбейді, оны оған дәрігер түсіндіруі керек» - деп жазды.

Консультация беру – бұл басқа адамның өзін дұрыс ұстауына немесе пікірінің қалыптасуына себепші болатын кеңестер беру. Медициналық консультация беру – емдеу процессінің маңызды бір бөлігі. Консультация беру – директивті және директивті емес болады.

Консультация берудің және психотерапияның негізгі принциптері

  • Консультация берудің негізі – сенім және өзара түсіністік.

  • Міндетті шарт – дәрігерлік құпияны сақтау.

  • Ең алдымен науқасты мұқият тыңдаңыз, әңгімелесу кезінде оның көзіне қараңыз.

  • Науқасқа қамқорлығыңызды білдіріңіз.

  • Әрқашан науқастың отбасылық өмірі жайлы хабардар болыңыз.

  • Өз эмоцияңызға мұқият болыңыз.

  • Өзіңізді қалыпты ұстаңыз.

  • Бұйрық емес, кеңес беріңіз.

  • Ыңғайланғыш болыңыз, қажет жағдайда консультацияның түрін өзгертіңіз.

Консультация берудің ережелері

  • Науқасқа белсенді жағдайды ұстауға рұқсат беріңіз

  • Сыпайы түрде түсінікті, мәнді сұрақтар қойыңыз

  • Науқасты жазғырмаңыз

  • Өз интуицияңызға және ақылға жүгініңіз

  • Науқасты алаңдатқанның ешбірін назардан тыс қалдырмаңыз

  • Дайын рецепт бермеңіз

  • Барлық қиыншылықтың жеңіл шешілетініне уәде бермеңіз

  • Науқасты өзін-өзі сынауға әдеппен итермелеңіз

  • Науқасқа болып жатқанның мәнін ұғынуына көмектесіңіз және өз сезімдеріңізді ашық көрсетіңіз: алаңдаушылық, қорқыныш, ашу, көңілсіздік, үміт, кінә, өзін төмендету, жауласу, өкпе.

Әңгіме жүргізудің ережелері:

Не айтатыныңызды ойланыңыз

Үзілістер жасаңыз

Науқасқа сезімдерін білдіруге мүмкіндік беріңіз

Қолдау көрсетіңіз

Қызығушылық танытыңыз

Ескертулер енгізіңіз

Науқасқа өзіңізді түзетуге рұқсат етіңіз

Жалпылап қорытынды жасаңыз

Қарама – қайшылықтарды көрсетіңіз

Науқастың не сезініп отырғанын түсінуге тырысыңыз:

  • Ашу

  • Жауласу

  • Қорқыныш

  • Сізді басқарғысы келетіндігі

  • Сенімсіздік

Науқасты кез келген жолмен тыныштандыруға тырыспаңыз

  • Сенімсіздіктің себебін анықтаңыз

  • Науқастың көзқарасын сыйлаңыз

  • Мына сұрақтар сізге көмектеседі:

  • егер сіздің деніңіз сау болса, онда өміріңізде не өзгерер еді?

  • кім немесе не сізді көп мазалайды?

  • Сіздің ойыңызша қиындықтарыңызыдың басты себебі неде?

  • сізге ауру қалай әсер етті?

  • өміріңізде нені өзгерткіңіз келеді?

  • сіздің ойыңызша барын қалай өзгертуге болады?

Аулақ болыңыз:

  • дайын шешімнен, консультацияны оқулық алумен аяқтамаңыз

  • өз тәжірибеңізге негізделген кеңестерден, өз бағалауыңыз бен принциптеріңізді алға тарта бермеңіз

  • ұзақ әрі маңызсыз әңгімеден

  • жазғырудан

  • артық сұрақтардан

Консультация берудің кезеңдері

  • Науқасты мұқият тыңдап, оның көңіл күйін бағалаңыз. Бұл кезеңде науқаспен әңгімелесе білу дағдыларының маңызы ерекше - әңгімеге тарта білу, үнсіз тыңдау, нақтылау, анализдеу, қорытынды шығару. Көп жағдайда консультация берудің осы кезеңінің өзі де жеткілікті, өйткені көбіне адамға өз қауіптері жайлы айту ғана керек.

  • Қойылған міндеттің мәнін анықтау – яғни оны шешуге алғашқы қадам жасау. Өзіңізге науқастың сезімдерін сипаттаңыз. Есіңізде болсын сезімнің негізінде бағалау жатыр, ал бағалаудың негізінде – оқиға, ал оқиға бұл қиналудың басты себебі.

  • Кездесу уақытын тағайындаңыз

  • Емдеудің тактикасы мен стратегиясын анықтаңыз

  • Таңдалған жоспармен жүріңіз

  • Науқасқа үй тапсырмаларын беріңіз

  • Нәтижелерді бағалаңыз, егер қажет болса жоспарыңызды өзгертіңіз

  • Соңғы нәтижені бағалаңыз

  • Консультацияны тоқтатыңыз немесе маманға жіберіңіз

Ауыр науқастарға және олардың туыстарына көмек

Науқастар көбінесе көңіл-күйінің төмендеуіне және өлім қорқынышына шағымданады. Сондықтан дәрігер:

  • Тыңдай білуі керек;

  • Вербальді емес тілді түсіне білуі керек;

  • Эмоционалдық көмек көрсете білуі керек;

  • Науқаспен ашық, сенімді түрде сөйлесе білуі керек;

  • Оған жанашырлық таныта білуі керек

  • Орындалмас үміт ұялатпай, сұрақтарға шын жауап беруі керек;

  • Сұрақ қоюға мүмкіндік беруі керек;

  • Науқастың қажеттіліктерін түсіне білуі керек;

  • Науқастың психикалық, әлеуметтік және жан дүниесінің қажеттіліктерін назардан тыс қалдырмауға және оны қанағаттандыруға тырысуы керек;

  • Қиындықтарды көре білуге және оны жеңуге дайын болуы керек;

Төмендегіні ерекше атап көрсету керек:

  • Науқас өзінің қорғалуын қалайды. Ол, оны тыныштандырып, оған қиналмайсың деп айтуын қалайды.

  • Басқа дәрігерлерден және әлеуметтік қызметкерден көмек сұрауға даяр болуы керек. Науқасқа және оның отбасына барлық мүмкіншіліктердің қолданылып жатқанын сезіну маңызды.

  • Науқас өзін оқшауланғандай, одан бір нәрсені жасырғанын сезінбеуі керек. Науқас үшін ең ауыры – дәрігердің оған көмек көрсетуден бас тартуы.

Емдеудің маңызды бір құраушысы – бұл ауру сезімін қайтаратынемдік құралдар. Ауру сезімін қайтарудың негізгі принциптері:

  • Негізгі сырқатының емделуі

  • Ауырсыну шегін азайту:

  • психотерапия

  • антидепрессанттар және ұйықтатқыштар

  • Анальгетиктер

  • Анальгетиктердің әсері болмаған жағдайда анальгетик еместерді эмпирикалық түрде тағайындайды

  • Үнемі бақылау

Анальгетиктерді мынадай схема бойынша тағайындайды:

  • 1 кезең - әлсіз аурсыну: есірткілік емес анальгетиктер: аспирин, 600-900 мг ішке әр 4 сағ сайын немесе парацетамол, 1 г ішке әр 6 сағ сайын.

  • 2 кезең – төзімді аурсыну: есірткілік анальгетиктер (әлсіз, аз мөлшерде немесе есірткілік еместермен қосылып): кодеин, 60 мг ішке әрбір 4 сағ сайын немесе морфин, 5-10 мг ішке әр 4 сағ сайын немесе оксикодон, 10 мг-ға дейін ішке әр 4 сағ сайын немесе 30 мг ректальді әр 8 сағ сайын.

  • 3 кезең – қатты аурсыну: есірткілік анальгетиктер: жақсысы морфин, 10 мг ішке әр 4 сағ сайын немесе морфин сульфаты (ұзақ әсер ететін морфин препараты) 15 мг ішке әр 12 сағ сайын.

Ұзақ әсер ететін морфин препараттарын тағайындауға нұсқау:

  • Мөлшерін әр науқасқа жеке тағайындайды; морфин таблетка түрінде 10,30,60 және 100 мг –нан шығарылады.

  • Аурсынуды тоқтатудың әсері шағымға байланысты бағаланады;

  • Емдеудің басында ұзақ және қысқа әсерлі препараттарды бірге тағайындайды, мысалы ұзақ әсерлі препарат пен 10 мг қысқа әсерлі морфин таблеткасын;

  • Ұзақ әсерлі морфиннің мөлшерін анықтау үшін, қысқа әсерлі морфиннің тәуліктік мөлшерін есептеп, оны екі қабылдауға бөледі;

  • Таблеткаларды шайнамайды да және бөліктерге де бөлмейді;

Есірткілік анальгетиктерді тағайындау:

  • Морфиннің бастапқы мөлшері орташа 10 мг (5-20 мг) құрайды ішке әр 4 сағ сайын.

  • Қажет болса морфиннің бір қабылдау мөлшерін 50% арттыру.

  • Морфинді ішке таблетка немесе микстура түрінде тағайындау дұрыс. 1 мл микстурада 1 мг морфин бар.

  • Морфинді әр 4 сағ сайын үзбей қабылдау керек.

  • Егер аурсыну қандай да бір анық әсерден пайда болса, мысалы дефакацияда, онда науқас морфинді уақтылы, аурсынудың пайда болуынан бұрын (қалыпты жағдайда 5 мг шамасында) қабылдауы қажет.

  • Морфиннің жиі кездесетін теріс ықпалының түрі – іш қатулары. Іш айдағыштарды тағайындау алдын алудың ең жақсысы. Дәреттің қалыпты болуын қадағалайды.

  • Емдеудің басында 1-2 аптаға құсқызбайтын препараттар тағайындайды, мысалы галоперидол.

  • Науқасқа және оның туыстарына препарат, оның әсері және теріс көрсетулері жайлы айтып береді.

  • Басқа заттарды (кокаин, этанол) қолдану морфиннің әсерін жоғарылатпайды.

  • Морфиннің орнына басқа есірткілік анальгетиктерді қолдануға болады.

Профилактика – бұл аурудың алдын алудың және денсаулықты сақтауға, шынықтыруға бағытталған шаралардың жиынтығы.

Дәрігер жүргізетін профилактикалық шаралар:

  • Санитарлық ағарту, оқыту

  • Жалпылай тексеру

  • Бақылау

  • Иммунизация және медикаментпен алдын алу

  • Психотерапия

  • Реабилитация

Профилактикалық тексерістер анамнез жинауды, физикалық және негізгі лабораториялық және инстурментальдық зерттеулерді қамтиды.

Профилактикалық қарау:

  • Салмақты өлшеу;

  • АҚ өлшеу;

  • Холестерин деңгейін зерттеу

  • Матка мойнынан алынған жағындыны цитологиялық зерттеу;

  • Сүт бездерін зерттеу;

  • Тоқ ішек рагын анықтау;

  • Терінің қатерлі ісіктерін дер кезінде анықтау;

  • Ауыз қуысының гигиенасы және ауыз шырышты қабатының рагын анықтау;

Иммунизация

Ұлттық кеңестің денсаулық сақтау және медициналық зерттеулер бойынша ұсынысына сәйкес, барлық балаларды дифтерияға, полиемиелитке, қызамыққа эпидемиялогиялық паротитке және т.б. қарсы егеді.

Балаларды егудің схемасы

2 айда АКДС және тірі полиемиелиттік вакцина

4 айда АКДС және тірі полиемиелиттік вакцина

6 айда АКДС және тірі полиемиелиттік вакцина

2 айдан бастап Haemophilus influenzae В типіне қарсы вакцина

12 айда Эпидемиологиялық паротитке және қызылшаға қарсы

вакцина

18 айда АКДС

5 жаста АДС және тірі полиемиелиттік вакцина

12 жаста Қызылшаға, эпидемиологиялық паротитке және қызамыққа

қарсы вакцина

15 жаста АДС ересектерге және тірі полиемиелиттік вакцина

Ересектер әр 10 жыл сайын дифтерия мен столбнякқа қарсы егіледі. Бала таба алатын жастағы барлық әйелдерден қызамыққа қарсы антидене титрларын анықтайды.

Теріс әсерді болдырмау үшін балаға бірден және вакцинаны егуден кейін 4 сағаттан соң парцетамол береді.

Ауруларды сауаттандыру және санитарлық ағарту

  • Санитарлық ағарту адам мен қоғам денінің саулығын сауықтыруға және шынықтыруға арналған.

  • Науқасты сауаттандыру – бұл науқасқа оның сырқатының этиологиясы мен патологиясын, диета мен режимдерді сақтаудың қажеттігін түсіндіру. Сауаттандыру көзбе көз немесе науқастың отбасымен кездескенде жүргізіледі. Соңғысында науқасты сауаттандырумен қатар оның отбасын санитарлық ағарту қатар жүреді. Науқасты сауаттандыру әр консультация барысында жүргізілуі керек. Бұл үшін арнайы кітапшалар мен көрнекілік құралдар пайдаланылады.

Санитарлық ағарту үшін қажет:

  • Дәрігердің біліктілігі мен заманауи білім.

  • Әдебиеттер мен көрнекі құралдар, мысалы, кітапшалар, плакаттар, бейнефильмдер.

  • Науқастарды қабылдаудың қалыптасқан жүйесі.

  • Қауіпті топқа жататындарды консультацияға шақыру.

  • Тамақтану, салмақты түсіру, спортпен шұғылдану, эмоциялық жағдайлармен күрес туралы сұрақтар бойынша консультация.

Науқасты сауаттандыру

Тәжірибелер көрсеткендей дәрігер науқастың өз денсаулығына деген көзқарасын өзгерте алады. Дәрігердің міндеті – науқастың өз денсаулығына жауапкершілігін сезіндіру, оны салауатты өмір сүруге бағыттау, осы қиын жолда оны қолдау және құптау, шылым шегуді, ішімдік қолдануды тастауға көмектесу, тамақтану сипатын өзгерту, спортпен шұғылдануын қолға алу.

Науқастарды сауаттандыру екі жолмен жүргізіледі. Біріншісі баспа материалдары немесе компьютерде терілген ақпараттар түрінде, екіншісі науқаспен әңгімелесу кезінде.

Қорытынды

Санитарлық ағартудың негізгі тақырыптары:

  • Тамақтану

  • Салмақты түсіру

  • Шылым шегу

  • Алкоголизм

  • Наркомания

  • Спортпен шұғылдану

  • Ұйықтау және дем алу

  • Жыныс жолдары арқылы берілетін аурулардың алдын алу

  • Эмоционалдық жағдайды жеңу

Денсаулықты сақтауға байланысты маңызды кеңестер:

  • Шылым шегуді тоқтату

  • Ішімдік ішуді азайту – ер адамдар үшін тәулігіне 30 мл, ал әйелдерге – 20 мл аспайды, ішімдікі аптасына 3 реттен артық қолдануға болмайды.

  • Кофені ішу мөлшерін азайту – тәулігіне 3 шыныдан аспайды

  • Дене жаттығуларын үзбей жасау – аптасына 3 рет 30 минуттан

  • Холестерин деңгейін төмендету – 210 мг % дейін

  • АҚ қалыпты деңгейін ұстау, дене массасының индексін 20-25 кг/м2 шегінде сақтау

  • Майларды, жылдам сіңірілетін көміртектерді және ас тұзын пайдалануды азайту

  • Эмоционалдық қолдау көрсететін достармен араласу

  • Сезімдерін еркін көрсете білу

  • Біреумен болсын өз қиындықтарыңызды талқылау

  • Жақындарыңызбен қарым-қатынасыңызды нығайту

  • Ішімдік ішкенде, ашу немесе алаңдау үстіне көлік жүргізуден бас тарту

  • Гинекологқа қаралу, матка мойнынан алынған жағындыны әр 2 жыл сайын цитологиялық зерттеу

  • Кездейсоқ жыныстық қатынастан бас тарту, презервативті қолдану

Сырқатты емес науқасты емдеу

Қазіргі медицинаның маңызды жағы – науқасты қарау мен емдеудің біртұтастығында. Толық диагноз екі құрауыштан тұрады – сырқатының даму тарихына жазылатын сырқаттың диагнозынан және емдеуді тағайындау кезінде ескерілетін науқастың жеке басының қасиеттерінен.

Сырқаттың диагнозын анамнездің, физикалық, инструментальдық және лабораториялық зерттеулердің нәтижесінде қояды. Сырқат диагнозы патологиялық жағдайларын анықтау арқылы ғана қойылады, ал науқастың жеке басының қасиеттері:

  • Науқастың өз жағдайына деген көзқарасына;

  • Науқастың отбасына;

  • Жолдастарымен ара қатынастарына;

  • Жұмысына және бос уақытын өткізуіне;

  • Өмір сүру салтына, қоршаған ортасына байланысты болады.

Науқасты емдеу

Психологиялық қолдау көрсету

Науқас дәрігерге сенім білдіурге болатынын сезінуі қажет. Ол үшін оны толғандыратын барлық сұрақтарға мән беріп, физикалық зерттеулерді мұқият жүргізіп, науқасқа ауруы бойынша жәрдем ақы алуына және т.б. құжаттармен байланысқан күрделі процедураларды рәсімдеуіне көмектесу керек. Дәрігер науқасты тыныштандырып, оған оның сырқатының емделетінін, оған кемтарлық және рак қаупі төнбейтіндігін түсіндіруі керек.

Мынаны естен шығармау керек: жедел ауру науқасты қауіптендіреді, ал созылмалы ауру – салғырттандырады.

Науқасты сауаттандыру

Емдеудің маңызды кезеңі – науқасқа сырқатының себебі жайлы түсіндіру. Оны толғандыратын сұрақтарды талқылап, сырқаттың жұбайлық қатынасқа әсері жайлы әңгімелеседі.

Емдеу бойынша нұсқаулар

  • Қауіп жағдайын төмендету

  • Психикалық ауытқуларды емдеу

  • Сумен емдеу

  • Емдік гимнастика

  • Мануальді терапия

  • Спортпен шұғылдану

  • Массаж