- •Емдеу–профилактикалық мекемелердің түрлері және ондағы медицина қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру
- •Модульдік оқу кезіндегі қажетті кәсіби мейірбикелік сапалардың дамуы
- •4. Жұмыс орнында рұқсат етілмейді:
- •Санитарлы–эпидемияға қарсы тәртіппен қамтамасыз ету. Дезинфекция туралы түсінік, дезинфекциялық ерітінділерді дайындау.
- •Процедураның аяқталуы
- •Гигиеналық ванна
- •Гигиеналық душ
- •Науқасты ауыстырғандағы носилкалар мен төсектердің орналасуы
- •Ауыр жарақат алған адамды қалай тасымалдауға болады
- •Шараның аяқталуы
- •Шараны орындау
- •Көйлектi ауыстыру
- •Шараға дайындық
- •Бiр медбикеге
- •Науқас адамды қалай күтуге болады
- •Науқас адамды күту оны емдеудің аса маңызды бөлігі болып табылады.
- •Науқас адамға тыныштық қажет
- •3. Жеке гигиена
- •Қанжылым су
- •Өте ауыр науқасқа айрықша күтім қажет
- •3. Тазалық
- •4. Науқастың төсектегі қалпын өзгерту
- •5. Өзгерістерді қадағалау
- •Науқасты асқазанға мұрын немесе ауыз жолы арқылы өткізілген зонд көмегімен тамақтандыру
- •Науқасты зонд көмегі арқылы асқазанға енгізілген гастростоманың (түтіктің) көмегімен тамақтандыру
- •Мазмұны:
Н 1
– параллель, 2 – бұрышпен,
3
– тізбектей, 4 – тигізіп.
Науқасты ауыстырғандағы носилкалар мен төсектердің орналасуы
Науқасты кушеткадан каталкаға және кері жатқызу кезінде үшеулеген қолайлы болады.
Каталканы кушеткаға көлденең қойыңыз - каталканың бас жағын кушетканың аяқ жағына.
Үшеуі де науқастың бір жағында тұрады:
а) біреуі - науқастың басы мен жауырыны астына қолдарын салады;
ә) екіншісі - жамбас пен санның жоғарғы жағынан;
б) үшіншісі - санның орта жағынан және балтырынан.
Науқасты көтеріп, каталкаға 90° жағына айналыңыз.
Науқасты каталкаға жатқызып, үстін жабыңыз.
Бөлімшеге халі нашар науқас жіберілгені туралы хабарлаңыз.
Науқасты, оның медициналық картасын бөлімшесіне медициналық қызметкерімен шығарып салғанда жіберіңіз.
Бөлімшеде каталканың бас жағын төсектің аяқ жағына келтіріңіз, науқасты үшеулеп көтеріп 90° айналып, төсекке жатқызыңыз. Егер каталка болмаса 2-4 кісі зембілді қолымен апарады. Басқышпен төмен қарай науқасты аяғымен алдына апарады, әрі алдыңғы жағын сәл көтереді. Басқышпен жоғары қарай, науқасты баспен алдына апарады.
Ауыр жарақат алған адамды қалай тасымалдауға болады
Зардап шеккен адамды бүктетілмейтіндей, әсіресе мойны мен бас жағы бүгілмейтіндей етіп өте сақтықпен көтеріңіз.
Екінші
біреу зардап шеккен адамның астына
зембілді жылжытып салсын.
тығыздап
қабатталған
киімдер
Егер
де мойыны зақымданса, онда басты
қозғалмайтындай етіп екі жағынан орама
шүберекпен немесе құм қалталармен
таңып тастаңыз.
Зардап
шеккен адамды тасымалдап алып жүрген
кезде аяқ жағы бас жағынан жоғарырақ
жатқаны дұрыс, тіпті таулы, қия жерлердің
өзінде де оны сол қалыпта ұстау керек.
Басқалардың
көмегімен зардап шеккен адамды зембілдің
үстіне ептеп көтеріп салыңыз.
Бұл емдеу және сақтандыру шаралары емделушілердің күші мен саналарына тыныштық беруге арналады, келесі тәртіптен тұрады:
Бұл тәртіп келесі элементтерді құрайды:
емделушінің психикасын сақтандыру тәртібін қамтамасыздандыру;
ішкі күн тәртібі ережесін қатаң сақтау;
қозғалыс белсенділігінің тиімді тәртібін қамтамасыздандыру.
Бөлімде тыныштықты сақтау керек, ақырын сөйлесу керек, емделушілерге радио және теледидарды қатты қоюға рұқсат берілмейді, кіші медперсоналдар бөлмелерді жинау барысында, күндізгі және кешкі демалыс уақытындағы тыныштықты бұзбауы керек. Емделушілерден бөлімдегі күн тәртібінің сақталуын талап ету керек.
Медперсоналдың негізгі қағидасы медициналық этика мен деонтологияны сақтау болып табылады. Емделушіге айтқан сөздің оның денсаулығының жақсаруының үмітін тудыратынын әрқашанда естен шығармау керек. Емделу мекемелерінде қозғалыс белсенділігінің 4 тәртібі қолданылады:
Қатаң төсек тәртібі - бастапқыда қатты ауырып түскен емделушілерге тағайындалады. Бұл емделушілерге күтудің толық іс-шаралары жүргізілуі керек.
Төсек тәртібі - біршама қозғалыс белсенділігімен сипатталады, бұзылуға, белгілі бір уақытта аяқты түсіріп, төсектің шетіне отыруға рұқсат беріледі.
Палаталық тәртіп - төсек жанындағы орындыққа отыруға, тұруға және белгілі бір уақытта палатаның ішінде жүруге рұқсат етіледі. Емделушіні палатаның ішінде тамақтандыру, дәрет алу, жуыну шаралары жүргізіледі.
Жалпы тәртіп - дәліздің ішінде еркін жүруге, баспалдақпен көтерілуге, аурухананның ауласында демалуға рұқсат беріледі. Емделушілер өздеріне жеке қызмет жасайды.
Емделушілердің қозғалыс белсенділігінің тәртібін бұзуы емделушінің өзіне қатты зияны тиюі мүмкін, тіпті өлімге дейін апарады.
Науқастың функциональды жағдайын бағалау: ақыл есін, төсектегі жағдайын, тері жабындыларын, тыныс алуын бағалау
Дәрігер науқас адамның шағымдарымен, сырқат анамнезімен және өмір тарихымен танысқан соң, оны қарап зерттеуге кіріседі. Көбінесе сұрастыру кезінде-ақ көптеген маңызды мәліметтер жиналып, алынған мағлұматтар дұрыс диагноз қоюға, кейін ем тағайындауға мүмкіндік береді. Басқа жағдайларда сұрастыру арқылы тек алғашқы болжам ғана жасалынып, кейін объективті зерттеу кезінде көбірек көңіл аударуды қажет ететін мәселелер анықталады. Ауру адам ессіз күйде болса, анамнез жинау мүмкіндігі мүлдем болмайды, сол кезде объективті тексерумен қатар қосымша зерттеу әдістері (лабораториялық, инструменталдық) қолданылады.
Жалпы көруді аурудың ес-түсін, қалпын, дене құрылысын бағдарлаудан бастайды, содан соң қызуын өлшеп, антропометриялық мәліметтер жиналады. Науқастың жалпы жағдайын төрт түрлі деп анықтауға болады: қанағаттанарлықтай (қалыпты жағдайда), орташа (қалыпты жағдайдан төмен), ауыр және агониялық (өліммен жанталас). Сонан соң барып аурудың сана-сезімін тексереді.
Сана-сезім жағдайы мына түрлермен анықталады: 1) ашық сана; 2) бұлыңғыр сана - науқас сұраққа дұрыс жауап бергенмен, қоршаған айналасын анықтай алмайды. 3) ступор (stupor) — науқас қоршаған ортасын түсіне бермейді, сұраққа жай, сылбыр жауап береді. 4) сопор (sopor) — науқас үнемі ұйықтап жатады да, тек қатты дыбыстан не айқайлағанда ғана жауап береді, бірақ айтқан сөздің мәнін түсіне бермейді. 5) кома (coma) — науқастың ес-түссіз, санасыз күйі, кейде рефлекстер де мүлдем жоғалады.
Сана-сезімнің бұзылуы жоғарғы нерв жүйесіндегі әр түрлі патологиялық өзгерістердің нәтижесінде, соның ішінде ми қан айналымының нашарлауынан, ішкі ағзалардың қатаң ауруларынан пайда болады. Комалардың ішінде: уремиялық, бауырлық, диабеттік, гипогликемиялық, алкогольдық комалар жиірек кездеседі.
Уремиялық кома — кей жағдайда жедел бүйрек жетіспеушілігі кезінде, бірақ көбіне бүйрек жұмысы нашарлауының ақырғы кезеңдерінде кездеседі; ол организмнен азоттық қалдықтардың шығарылуы нашарлағанынан пайда болады.
Бауырлық кома — бауыр қызметі әлсіреген шақта тез дамиды; алдымен психикалық ауытқулар (невроз, ұйқының бұзылуы, эйфория, депрессия) ретінде байқалуы мүмкін.
Диабеттік команың (ацидоздық) алғашқы белгілерін (көп мөлшерде зәр шығару, шөлдеу, терінің кебуі) науқастардың өздері де байқамай қалады.
Гипогликемияльқ кома - қант диабеті сырқаты бар адамдар инсулиннің мөлшерін қажетінен жоғары қабылдаған уақытта пайда болады.
Маскүнемдік кома кезінде аурудың ауызынан арақтың иісі шығып тұрады.
Апоплексиялық кома миға қан құйылғанда болады, аурудың беті күрең қызыл тартып, дем алысы тереңдеп, шуыл пайда болады.
Қояншық комасы — қояншық ауруы кезінде болады.
Науқастың төсектегі қалпы былайша сипатталады: 1) активті, не белсенді, яғни науқас төсекте еркін қозғалып, отырып, жүре алады; 2) пассивті, не қозғалыссыз — науқас айналасындағы өзгерістерге аса көңіл бөлмей, қозғалыссыз жатады; 3) мәжбүрлік қалпы — бұл жағдайын жеңілдетуге, мысалы, ауыру сезімін, я ентікпені азайтуға бағытталған қалпы. Мысалы, жүрек ауруымен сырқаттанған адамдар көбінесе оң жақ қырымен жатқанды ұнатады, себебі сол жағында жатқанда жүрек соғысы жиілеп, ентігуі күшейеді. Қан айналысы нашарлаған науқастар жартылай отырады, (ортопноэ), сол кезде жүректің оң жақ бөлімдеріне келетін қан азайып, өкпедегі іркілу де азайып, ентікпе бәсеңсиді.
Тыныс демікпесінің ұстамасы кезінде науқас қолдарын тізесіне қойып, немесе орындықтың арқасын құшақтап отырады. Осындай қалыпта тыныс бұлшық еттері көмектесіп, тьныс алуы аздап та болса, жеңілдейді. Ылғалды плевритпен, өкпенің крупозды қабынуымен, пневмоторакспен сырқаттанған жағдайда адам ауыратын қырына қарай жатады, себебі ол сау өкпеге терең дем алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, басқа да көптеген өкпе ауруларымен (бронхоэктаздар, өкпе абсцесі, гангренасы) ауыратын науқастар бір қырымен жатады, өйткені сау өкпе жағына бұрылғанда көп мөлшерде қақырық түсіп, жөтел қатты қысады.
Іші қатты ауырған (аппендицит, жедел перитонит) жағдайында науқас адам аяқтарын тізеден бүгіп, шалқасынан қозғалыссыз жатуға мәжбүр болады. Ойық жара сырқаты кезінде науқас ішінің ауыратын жерін алақанымен басып, тізесі мен шынтағына сүйеніп, немесе төмен еңкейіп тұрады. Менингитпен сырқаттанған адамның қалпы осы ауруға тән: науқас тізеден бүгілген аяқтарын ішіне тартып, бір жақ қырымен жатады, желке еттерінің қатаюы нәтижесінде басын кейін қайырып ұстайды. Кейбір аурулар жағдайында науқастың мәжбүрлік қалпының өзіне тәндігі соншалық, дәрігер бір көргеннен-ақ тұжырым жасай алады.
Тері қабатын зерттеу. Тері қабатының жағдайына назар аударатын шағым - терінің қышуы. Терінің қышуы кейде тері қабатының өзгеруімен (псориаз) байланысты, я ішкі ағзалар ауруларының сыртқы көрінісі ретінде де пайда болуы мүмкін (бауыр және өт жолдары аурулары, лимфогранулематоз), сондай-ақ аллергиялық аурулардың алғашқы белгісі ретінде де байқалады.
Теріге келесі бір көңіл аударатын жағдай: оның түсінің өзгеруі. Вегетативтік нерв жүйесі аурулары бар адамдардың терісінің бозаруы мен қызаруы кезектесіп тұрады. Ал терінің үнемі бозарып тұруы және күннен-күнге бозарғанының ұлғая түсуі мына жағдайларда байқалады: кенеттен не біртіндеп қан кету (ойық жара ауруы, геморрой, гинекологиялық аурулар), қан жүйесі аурулары (гемолиздік анемия, Верльгоф ауруы, т. б.), жедел және созылмалы жұқпалы аурулар, сепсис, қатерлі өспелер, улану және т. б. Бірақ кейде дені сау адамның тері асты тамырларының нашар дамуынан бет-әлпетінің бозғылт тартуы байқалады.
Сондай-ақ терінің бозаруы басқа себептерден де болады: бүйрек аурулары кезінде тері тамырларының қысылуы; тамырлардың тарылуына әкеліп соғатын жағдайлар (қорқу, естен тану, құсу, гипертониялық криз, тону); тамырлар жүйесіндегі қанның жеткіліксіздігі (қолқа сағасының тарылуы, қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі). Әсіресе терінің кенеттен бозаруына көңіл бөлген жөн, себебі бұл жағдайларда (ойық жара ауруы, перитонит, т. б.) науқасқа шұғыл көмек көрсету қажет болуы мүмкін. Әдетте бұл аурулардың бет-әлпеті кенеттен бозарып, басы айналып, есінен танып қалады, тамыр соғуы жиілеп, қан қысымы төмендейді.
Бозару әр түрлі болады. Терінің аздап сарғыштанып бозарып гемолиз себебінен туындаған қан аздылықтан (Аддисон-Бирмер анемиясы, гемолиздік анемия) болса, хлороз кезінде жасыл реңді, ал қатерлі өспелерде жердің түсі тәрізді болып келеді. Кейбір сырқаттар жағдайында терінің түсі көкшіл тартады, оны көгеру (цианоз) деп атайды. Терінің мұндай реңі қанның құрамындағы бұрынғы қалпына келтірілген гемоглобиннің көбеюіне байланысты болады. Оның екі түрлі себебі бар: шеткі қан айналымының нашарлауы, немесе өкпедегі газ алмасудың жетіспеушілігі. Кейде осы екі себеп те қатар келеді, яғни бір адамның басынан табылады.
Адамның терісі мен кілегей қабаттары сары түске боялуы кездеседі (icterus — сарғаю), және оны тудыратын себеп қанның құрамындағы билирубиннің көбеюі болып табылады. Гипербилирубинемия деңгейіне және пайда болу мерзіміне сәйкес сарғаю реңдері әр түрлі: лимон тәрізді ашық сарыдан күңгірт не жасыл сарыға дейін. Сарғаю алдымен кілегейлі қабаттарға (таңдай, тіл асты), содан соң барып бетке, алақанға, табанға, кейін бүкіл дене терісіне таралады (1-сурет). (Түрлі-түсті суретті қараңыз).
Теріні қараған кезде кей жерлерінде пигментациясы жоғалған ошақтарды (vitiligo) көруге болады. Пигменттің мүлдем көрінбеуі (альбинизм) сирек кездеседі (2-сурет). (Түрлі-түсті суретті қараңыз). Терінің түсін анықтап болған соң оның ылғалдылығы зерттеледі. Дені сау адам ыстық күндері, күш жұмсап жұмыс істеген шақта, ыстық сусыңдар ішкенде, т. б. жағдайларда терлейді, яғни оның ылғалдылығы артады. Қатты терлеу (гипертиреоз, гипогликемия, дене қызғанда, туберкулез, экссудативті плеврит, іріңді сырқаттар, жұқпалы аурулар) ауруларына да тән. Іштің қатты түйіліп ауруы (колика), кенеттен пайда болған тамырлар жетіспеушілігі (коллапс, шок, естен тану) сияқты себептер де науқастың қалыпты дене қызуы жағдайында терлеуін тудырады, оны салқын тер деп атайды.
Бұған қарама-қарсы тері ылғалдығының азаюы, яғни терінің құрғақшылығы кездесуі де мүмкін. Мысалы, организмнің суды көп жоғалтуы (диарея, құсу), қантты және қантсыз диабет, қалқанша безінің қызметінің нашарлауы (микседема) қатты жүдеген шақтарда кездеседі. Тері бетіндегі бөртпелердің диагностикалық маңызы зор (3-сурет). (Түрлі-түсті суретті қараңыз). Ол жұқпалы аурулар кезінде кейде бірден диагноз қоюға, немесе оны басқа аурулардан ажыратуға мүмкіншілік туғызады. Бөртпелер сипаттамасы әр түрлі: нүктелік петехиялар, розеола, эритема, есекжем, ұшық, т. б.
Тырнақтар әр түрлі аурулар кезінде өзгереді. Әсіресе саусақтардың буындары барабан таяқшалары тәрізді өзгеріп, тырнақтар сағат әйнегіне ұқсап дөңестенеді (созылмалы іріңді сырқаттар, эндокардит, бауырдың созылмалы аурулары, жүректің туа біткен ақаулары) (4-сурет). Организмдегі ұзақ уақыт темірдің жетіспеуі салдарынан тырнақтар тегістеледі, кейін қасық тәрізді ойыла дөңестенеді (койлонихия).
4-сурет.
Барабан
таяқшалары тәрізді саусақтар
Пальпация әдісімен терінің белгілі жеріндегі оның ыстығының жоғарылауын не төмендеуін де анықтауға болады. Тері қызуының көтерілуі сол тұстағы қан айналымының күшеюіне байланысты десек, оның төмендеуі, керісінше, қанның жеткіліксіздігінен болады.
Шырыш қабықшалардың және терісінің көгеруі көп ауруларда кездеседі (өкпе эмфиземасы, өкпе қабынуы, пневмосклероз, өкпе туберкулезі, өкпенің іріңді аурулары т. б.). Сол сияқты бұндай жағдай өкпе-жүрек қызметінің жетіспеушілігі бар науқастарда да байқалады. Өкпе артериясының эмболиясында, пневмоторакс кезінде көгеру жіті және тез дамыған түрде кездеседі. Аталған аурулар кезіндегі көгерудің себебі —өкпедегі газ алмасуының бұзылуы нәтижесіндегі қанның оттегімен қанығуының жетіспеушілігінен болады. Экссудативтік плеврит кезінде науқастар көбінесе бозарады. Науқастың терісінің өте айқын бозаруы өкпеден көп мөлшерде қан кеткенінде байқалады.
Өкпенің крупозды қабынуы кезінде беттің көгеруімен қатар көздің шырышты қабығының қызаруы мен сарғыштануы, еріннің кілегей қабатында, мұрында ұшық шығуы (herpes labialis) жиі кездеседі.
"Дабыл таяқшалары" симптомы — аяқ пен қолдың саусақтарының буынының үлкеюімен қатар тырнақтардың дөңгеленіп сағат әйнектеріне ұқсас өзгеруі, өкпенің созылмалы іріңді үдерістеріне (бронхоэктаздар, өкпенің созылмалы абсцесі) тән.
Тынысалуды бақылау
Тынысалуды бақылауға, терi түсiнiң өзгеруiне, тынысалудың жиiлiгiне, ырғағына, тереңдiгiне, тынысалу түрiне көңiл аудару керек.
Демалу тыныс iшке алу мен шығарудан тұрады. 1 минут iшiндегi тыныс саны тынысалу жиiлiгi (ТАЖ) деп аталады.
Денi сау үлкен адамның ТАЖ-гi қалыптыда 16-20 рет болады, әйелдерде ерлерге қарағанда 2-4 ретке көп. ТАЖ науқастың жынысына, ден жағдайына, нерв жүйке жағдайына, жасқа, дене температурасына байланысты болады. ТАЖ науқасқа бiлдiртпей анықтау керек.
ТАЖ-ң ЖСЖ-не қатынасы-1:4. Дене температурасы 10С жоғарлағанды тынысалу 4 ретке жиiлейдi.
Тынысалудың патологиялық түрлерi:
-Куссмаулдың үлкен тынысы-сирек, терең, шулы тынысалу. Терең комада байқалады;
-Биот тынысы- периодты тыныс, бұнда беткей тынысалу қозғалыстары мен үзiлiстер дұрыс кезектеседi және олардың ұзақтығы бiрдей болады.
-Чейн-Стокс тынысы-тынысалудың жиiлеуiмен және тереңдеуiмен сипатталады, бiртiндеп тынысалу жиiлiгi мен терендiгi төмендеп ұзақ паузаға жалғасады. Пауза мен демалудың ұзақтығы бiрдей болады. Пауза кезінде науқастар қоршаған ортада жаман ориентацияланады немесе есiн жоғалтады. Тынысалу қалыптасқанда науқас есiне келедi.
Асфиксия-бұл оттегi түспегенде тынысалудың тоқтауы.
Астма-бұл өкпелiк немес жүректiк шығу тегi бар тұншығу ұстамасы.
Тынысалу жиiлiгiн есептеу.
Мақсаты: тынысалудың негiзгi сипаттамасын анықтау.
Жабдықтану: секундты тiлi бар сағат температуралық бет, көк қаламсап.
Поцедураға дайындық:
1.Науқасқа пульс жиiлiгiн анықтайтыны туралы хабарлау.
Поцедураның орындалуы:
1.Науқасты ыңғайлы жатқызу немесе отырғызу.
2.Науқастың қолын пульстi есептегендегідей алу.
3.Өзi қолымен бірге науқастың қолын кеудесiне немесе эпигастрий аймағына қою.
4.Секундомер көмегiмен бiр минуттағы демалу санын есептеу.
5.Тынысалу жиiлiгiн бағалау.
Науқасқа оның ТАЖ анықталғанын хабарлау.
Процедураның аяқталуы:
Температуралық бетке ТАЖ көрсеткiшiн тiркеу.
Науқастың функционалды жағдайың бағалау: пульсын санау және артериалды қысымын өлшеу
Артериалды пульс-бұл жүректiң бiр жиырылуында қанның артериалды жүйеге лақтырылысымен шақырылған артерия қабырғасының ырғақты тербелуi. Орталық (аортада, Ұйқы артерияларында) және перифериялық (өкше артериясында, шыбық артериясында) пульстарды ажыратады.
Диагностикалық мақсатпен пульс самай, сан, иық, тiзеасты, артқы үлкен жiлiктi артерияларда анықтайды. Соңғы шыбық сүйегiнiң бiз тәрiздi өсiндiсiмен шыбық бұлшықетiнiң iшкi сiңiрi арасында беткей орналасқан.
Артериялды пульсты анықтағанда оның жиiлiгiн, ырғағын, толуын, кернеуiн және басқа сипаттамаларын анықтайды. Пульс сипаты артерия қабырғасының эластикалық қасиетiне де байланысты.
Жиiлiгi-бұл 1мин -ғы пульс толқындар саны. Денi сау үлкен адамның қалыпты пульсі 1мин-та 60-80 соққыны құрайды. Пульстың минутына 85-90 соққыдан көп болуы тахикардия деп аталады. Пульстың болмауы асистолия деп аталады. Дене температурасы 10С-ға жоғарлағанда, үлкен адамдар пульсі 8-10 соққыға көбейедi.
Пульс ырғағы пульс толқындары арасындағы интервалдар бойынша анықталады. Егер олар бiрдей болса пульс ырғақты деп аталады. Денi сау адамның жүрек жиырылуы мен пульс толқындары бiрдей уақыт аралықтарынан кейiн бiр-бiрiмен кезектесiп жүредi. Жүрек жиырылу саны мен пульс саны сәйкес болмаса пульс деффицитi деп аталады (жыпылықтағыш аретмия). Санауды екi адам жүргiзедi: бiреу пульстi есептейдi, екiншiсi жүрек тондарын тындайды.
Пульстың толуы пульстың толқынына және жүректiң систолалық көлемiне байланысты болады. Қалыпты биiктiкте қалыпты пульс сезiледi, биiктiгi төмен болса, пульс бос болады. Пульстың кернеуi артериалды қысымға байланысты және пульстың жойылуына байланысты қажеттi күшпен сипатталады. Қалыпты АҚ-да артерияны қысуға көп күш кетпейдi, сондықтан пульстың толуы қанағаттанарлық болады. АҚ жоғары болғанда, артерияны қысуға көп күш кетедi, бұндай пульс қатты деп аталады. АҚ төмен болғанда, пульс жұмсақ болады.
Бос, жұмсақ пульс жiптәрiздi деп аталады. Пульс көрсеткiштер екi әдiспен тiркеледi: сандық медициналық документацияда, журналдарда және графикалық темпратуралық беттегi ‘’П’’ графасында қызыл қарандашпен.
Шыбық артериясында артериялды пульстi есептеу және оның қасиеттерiн анықтау.
Мақсаты: пульстің негiзгi қасиеттерiн анықтау.
Жабдықтану: сағат немесе секундомер, температуралық бет, қызыл қаламсап.
Пульс анықталатын артерия: шыбық аретмиясы.
Процедураға дайындық
Науқасты ыңғайлы жайғастыру. Науқас қолын бос ұстау керек.
Процедураны орындау
1 Науқастың қолдарын өз қолдарыңызбен шыбық бiлезiк буынынан жоғары жерде қыс, 2,3,4 саусақтар шыбық аритмиясының үстiнде болу керек. Пульс сезу қажет.
2 Оң және сол қолдардың артерия қабырғаларының периодты тербелiстерін салыстырып, ырғақты анықтау.
Пульс толқындары арасындағы интервалдарды бағалау.
Секундомерi бар сағатты алып, пульс толқындар санын анықтау.
Пульстың толуын бағалау.
Пульс жоғалғанша шыбық артериясын қысып, кернеуiн анықтау.
Процедураның аяқталуы:
1Пульс қасиеттерiн температуралық бетке график түрiнде, ал бақылау бетiне сандық түрде тiркеу.
Науқасқа зерттеу нәтижесiн хабарлау.
Артериялдық қысымды өлшеу
Жүректiң жиырылуы кезінде артериалды жүйеде пайда болатын қысым артериялды деп аталады. Ол күрделi нервтi-гуморалды реттеу механизмдерiне, жүрек лақтырысының көлемiне және жылдамдығына, жүрек жиырылу жиiлiгiне, ырғағына және тамырлық тонусына байланысты болады.
Систолалық және диастолалық қысымдарды ажыратады. Систолалық қысым қарыншалар систоласынан кейiн пайда болады. Қарыншалар диастоласында артерия тамырларындағы сақталатын қысым диастолалық деп аталады.
Систолалық және диастолалық қысымдар айырмашылығы пульстiк қысым деп аталады. АҚ адамның жасына, сыртқы орта жағдайларына, нервтi және физикалық жүктемеге байланысты болады.
АҚ жоғарлауы артериялды гипертензия (немес гипертония), ал төмендеуi гипотензия (гипотония) деп аталады.
Мақсаты: АҚ көрсеткiштерiн анықтау және зерттеу нәтижелерiн бағалау.
Көрсеткiштер: дәрiгердiң тағайындауы бойынша.
Жабдықтар: тонометр, фонендоскоп, көк қаламсап, температуралық бет, 700 спирт, мақта домалақтары.
Процедураға дайындық:
1.Науқасқа болатын процедура жайлы 15 минут бұрын хабарлау.
2.Науқасты ыңғайлы отырғызу немесе жатқызу
Процедураны орындау:
1.Науқастың қолын алақанымен үстiге қаратып қою.
2.Манжетаны қажеттi көлемге келтiру.
3.Манжетаны иыққа шынтақ бүгiндiсiнен 2-3 см-ге жоғары орнату, бiлек пен манжета арасында бiр саусақ өтетiндей кеңiстiк болу керек.
4.Монометрдi манжетаға орнату.
5.Монометрдегi шкала ‘’0’’ белгiсінде тұру керек.
6.Шынтақ ойығында пульсацияны фонендоскопты қойып анықтау.
7.’’грушаның’’ вентилiн жауып, ауаны монжетаға шыбық аретмиясында пульсация жоғалғанша (+20-30мм.сын.бағ) жiберу.
8.Вентилдi ашып, ауаны бiртiндеп шығару. Монометрдi бақылау.
9.Пульс толқынының бiрiншi соққысын систолалық АҚ-ға сәйкес келедi.
10.Олардың жоғалуы диастолалық АҚ-ға сәйкес болады.
11.Манжетадағы ауаны толық шығару.
Процедураның аяқталуы:
1.Монжетаны шешу.
2.Монометрдi чехолға салу.
3.Фонендосоп басын 70% спиртпен екi рет сүрту.
4.АҚ мен пульс қысымдар нәтижелерiн бағалау.
5.Көрсеткiштердi науқасқа хабарлау.
6.Нәтиженi температуралық параққа тiркеу (алымында-систолалық қысым, бөлiмiнде-диастолалық)
Тәулiктiк диурезiн өлшеу және су балансын анықтау
Диурез деп зәрдiң түзiлуi мен шығарылын айтады. Тәулiк бойы шығарылған зәр көлемi тәулiктiк диурез деп аталады.
Ересек адамдардың тәулiктiк диурезi 800мл-ден 2000мл-дi құрайды. Ол науқастың жасына, қоршаған орта температурасы мен ылғалдылығына, тамақтануға, физикалық жүктемелерге, т.б факторлаға байланысты болады. Тәулiктiк диурез iшiлген сұйықтықтың 75-80 құрайды, ал қалған 20-25 терiмен, деммен және нәжiспен шығарылады. Тәулiктiк су балансы-бұл тәулiк бойы iшiлген сұйықтық пен шығарылған сұйықтық арасындағы қатынас.
Су балансын есептеу және анықтау
Мақсаты: жасырын iсiнудi анықтау.
Жабдықтану: медициналық таразы, зәр жинауға арналған шкаласы бар шыны ыдыс, су балансын есептеу бетi.
Процедураға дайындық:
1.Науқас сұйықтық есебiн жүргiзе алатынына көз жеткiзу.
2.Науқасқа күнделiктi су-тамақ режимін сақтау керектiгiн түсiндiру.
3.Науқас зерттеуге дейiн 3 күн бұрын диуретиктер қабылдауын тоқтатуы керек.
4.Науқасқа су балансын есептеу бетiнде жазу тәртiбiн түсiндiру.
5.Тамақ өнiмдерiндегi су көлемiн жуық айту, (енгiзiлген парентералды ерiтiндiлердiң құрамындағы су көлемi де есептеледi)
Процедураны орындау:
1.Сағат 6.00 зәрдi унитазға шығару.
2.Әрбiр зәр шығаруда зәрдi ыдысқа жинап, диурез көлемiн анықтау
3.Шығарылған сұйықтық мөлшерiн есеп бетiне тiркеу.
4.Организмге түскен сұйықтық мөлшерін есеп бетiне жазу
5.Келесi күннiң сағат 6.00-де есеп бетiн медбикеге тапсыру.
Процедураның аяқталуы.
1.Медбике шығарылатын сұйықтықтың көлемiн анықтап, науқасқа айтады.
2.Шығарылған сұйықтықтың көлемiн шығарылу керек сұйықтық көлемiмен салыстырады.
3.Егер шығарылған сұйықтық мөлшерi аз болса (5-10%), су балансы терiс болады.
4.Шығарылған сұйықтық көлемi көп болса, су балансы оң болады.
5.Су балансының көрсеткiштерін есеп бетiне жазу.
Ескерту: су балансын есептеу формуласы: қалыптыда шығарылған зәр көлемi-шығарылған зәр көлемi 0,8(80%).
Бағалау: Оң су балансы емнiң нәтижелiгiн және iсiнулердiң кеткенiн көрсетедi. Терiс баланс iсiнулердiң көбеюi немесе диуретиктер дозасының аз болғанын көрсетедi.
Науқастарды күту: іш киімін, төсек орнын ауыстыру. тері, шаш, көз, тырнақ гигиенасы
Ақпарат – дидактикалық блок.
Төсек орынды және iшкi-киiмдi ауыстыру. Төсек орынды екi әдiспен ауыстыруға болады. Бiрiншi әдiс қатаң емес төсектi режимде қолданылады. Тiкелей әдiспен төсек орынды ауыстыру (бiр медбикемен орындалады)
Мақсаты: төсек режимiндегі науқастардың төсек орнын ауыстыру.
Жабдықтану: таза төсек орын комплектi (жастық тысы, жайалық, көрпе тысы, клеенка, кiшi жайалық); перчаткалар, қолданылған төсек орнына арналған клеенкалы қап.
Қажеттi шарт: инфекциялық қауіпсіздікті сақтау науқас төсектегі жағдайын ауыстырғанда науқас денесi мен медбикенiң дұрыс биомеханикасы
Шараға дайындық:
Науқасқа жасалатын шараның орындалу барысын түсiндiрiп, рұқсат алу.
Таза төсек орын комплектiсін дайындау: жайалықты ұзындығы бойынша рулонға орау (қажет болса клеенка мен кiшi жайалықты орау)
Перчаткаларды кию, жанына кiр төсек орын үшiн қап қою.
Төсектiң басын горизонтальды деңгейге дейiн түсiру (егер науқастың жағдайы келсе)
Науқастың төсегінде ұсақ заттардың жоқтығына көз жеткiзу (олар анықталса, алып тастау, бұл туралы науқасқа хабарлау)
Ескерту: функционалды төсек қолданылған жағдайда ауруды көтеру кезiнде медбикенiң қауіпсіздiгiн қамтамасыз ету үшiн, төсектi керек деңгейге көтеру.
Шараны орындау.
Бiрiншi әдiс: науқас төсектiк режимдi сақтайды.
Төсек бүйiрiнен тұрып, шектегіштердi түсiру.
Көрпеден тысын алу, уақытша науқасты таза көрпе тысымен жабу, көрпенi бүктеп орындық басына iлу.
Төсектi айналып, қарсы жақтан тұру, жайалық шеттерiн матрац астынан шығару.
Науқасты өзiңiзге қарай бағытта бүйiрiмен жатқызу.
Төсектің бүйiр шектегішін көтеру (науқас оны ұстап, өзiн бүйiрде жатуын қамтамасыз етуi мүмкiн).
Төсектiң қарсы жағына қайтадан оралып, осы жақтың жайалық шеттерiн матрацтан шығару.
Науқастың басын көтерiп, жастықты жөндеу.
Ескерту: Егер дренажды түтiктер болса, олардың иiлмеуiн қадағалау.
Науқастың арқасына қарай кiр жайалықты рулонға орап, осы рулонды арқасы астына кiргiзу. (Егер клеенка мен кiшi жайалық болса, онда оларды жайалықпен бiрге рулонға орау).
Ескерту: Егер науқастың терiсi кiрлесе (бөлiнiстермен, қанмен), онда терiнi ылғалдап сүрту керек.
Таза жайалықты төсектiң шетiне жаю, рулонға орау, науқастың арқасына қарай рулонды ұзындығымен жайып, оны арқасы астына кiргiзу.
Науқастың осы жайалықтардан сiзге қарай аударылуына көмектесу. Науқас жайлы жатқанын тексерiп, дренажды түтiктердiң иiлмеуiн қадағалау.
Төсектің екінші жағындағы шектегішті көтеру.
Төсектiң қарсы жағына барып шектегішті түсiру.
Кiр жайалықты рулонға орап алу. Бiр мезетте таза жайалықты жайып отыру.
Бұрышты бұзу әдiсiн қолданып таза жайалықты матрац астына төсек басына кiргiзу, содан кейiн қолды алақанмен жоғары қаратып жайалықтың жоғарғы үштен бiрiн, төменгi үштен бiрiн кiргiзу.
Кiр төсек орынды клеенкалы қапқа салу.
Таза жайалықты жаю (керек болса клеенканы кiшi жайалықпен бiрге; клеенка шеттерiн жайалық жабу керек).
Науқастың арқамен төсек ортасына жатуына көмектесу.
Науқас жабылған көрпе тысына көрпенi кiргiзу.
Ескерту: Көрпенiң тысын сыртына жаю. Науқастан тыстың жоғарғы шетiн ұстауды өтiну, көрпенi төсектiң екi шетiнен бiрдей салақтайтындай етiп тысқа кiргiзу, көрпенi жаю.
Көрпе шеттерiн матрац астына кiргiзу.
Жастықты науқастың басынан алып, тысын ауыстыру.
Науқастың басын және иықтарын жоғары көтерiп жастықты салу.
Төсектiң шектегіштерін көтеру.
