- •Мазмұны
- •1.Проблемалық кәсіпорындарды қаржылық басқарудың теориялық аспектілері
- •1.1 Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқару теориялық негіздері
- •1 Сурет - Дағдарысқа қарсы басқару механизмінің элементтері
- •1.2 Дағдарысқа қарсы басқару - кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін камтамасыз етудің негізі ретінде
- •1.3 Проблемалық кәсіпорындарды мемлекеттік реттеу: шетел және отандық тәжірибелері
- •2. Проблемалық кәсіпорындарды қаржылық басқаруын талдау (жшс «» кәсіпорын мысалында)
- •2.1 Проблемалық кәсіпорындырдың банкроттық жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында қолданыстағы заңнаманы жүйелендіру
- •2 Сурет – Дағдарысқа қарсы басқару стратегиясы
- •Қорытынды
2. Проблемалық кәсіпорындарды қаржылық басқаруын талдау (жшс «» кәсіпорын мысалында)
2.1 Проблемалық кәсіпорындырдың банкроттық жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында қолданыстағы заңнаманы жүйелендіру
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары бағыттарын іске асыру нәтижесінде Қазақстан: «....әлемдік дағдарыстан біршама қуатты және бәсекеге қабілетті, экономикасы әртараптандырылған және халқы белсенді түрде жаңа экономикаға тартыла отырып шыныққан елге айналуы» тиіс[1].
Қазақстан Республикасының банкроттық туралы қолданыстағы заңнамасы, елдің экономикалық дамуы және бизнес сұранысы үшін қажет жағдайларға сәйкес емес, халықаралық стандарттар мен озық тәжірибенің дамуымен қатар жүрмейді.
Ең алдымен, уақытша дағдарыстық жағдайға түскен кәсіпорындарды сақтау үшін қаржылық сауықтыру мүмкіндіктері тиісті көлемде көзделмей банкроттық мәселелерді реттейтін нормативтік-құқықтық база шамадан артық тарату жағына қарай бейімделген. Қаржылық сауықтыру рәсімі тәжірибеде сирек қолданылады, мысалы, 2009 жылы 14 борышкер ғана бұл рәсімді қолданды, 2010 жылы 43 борышкер, ал тиісінше дәл осы кезеңдерде 2536 және 2186 ұйым банкрот деп танылған. Төлемге қабілетсіз кезде қаржылық сауықтыру рәсімдеріне және оны кәсіпорынды сақтау үшін қолдану мүмкіндігіне борышкерлер мен кредиторлар сенімінің деңгейі бұрынғыдай өте төмен. Бұл қаржылық қиындықтарды бастан кешіріп отырған ұзақ мерзімді жоспарда оларды қаржылық сауықтыру жағдайында экономиканың дамуына белгілі үлес қоса алатын шаруашылық субъектілеріне жүйенің жеткілікті қорғау көрсетпейтініне байланысты.
«Банкроттық туралы» 1997 жылғы қолданыстағы заң (бұдан әрі - Заң) Қазақстан Республикасындағы банкроттық рәсімдерді реттеу саласындағы үшінші заңнамалық акт болып табылады (бірінші Заң 1992 жылы, содан соң 1995 жылы қабылданды)[2]. Өткен кезеңде Заңға дәрменсіздікті реттеу тетіктерін жетілдіруге бағытталған көптеген (30-дан аса) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, яғни ұлттық құқықтық база тұрақты болмады, ол отандық жағдайлар ерекшеліктерін ескере отырып, өз тәжірибесін алуға мүмкіндік берді. Заңнаманы жетілдіру тұжырымдамасы банкроттық саласында алынған тәжірибені, сондай-ақ Дүниежүзілік банкпен бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы шеңберінде алынған әлемдік тәжірибені ескере отырып әзірленді.
Осылайша банкроттық жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында қолданыстағы заңнаманы жүйелендіру, заңнаманы салалары бойынша әрі қарай топтастыру, оны ескірген және қайталанатын нормалардан арылту, құқықтық реттеудегі кемшіліктерді толықтыру және қолданыстағы құқықтағы ішкі қарама - қайшылықтарды жою бойынша жұмысты жалғастыру қажет.
Осыған байланысты заңнамаға мыналарды көздейтін өзгерістер мен толықтыруларды енгізу ұсынылады.
Дүниежүзілік Банк заңнама көп шамада сауықтыру рәсімдерін ынталандыруы тиіс болғанмен, заңнама борышкерлерді таратуға артығырақ бағытталғаны көрсетілген.
Сонымен қатар, «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы заңының атауы бизнес субъектілерін бастапқыдан оны тарату тетігі ретінде қолдануға бағыштайды, осоған байланысты атауды «Оңалту және банкроттық туралы» деп өзгерткен лайықты. Бұл ретте банкроттық туралы істен бөлек оңалту туралы істі қозғау тәртібі сақталады.
Заң атауын өзгерту: Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне (жалпы бөлім), Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексіне, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексіне (Салық кодексі)», Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Кодексіне, сондай-ақ «Шаруашылық серіктестіктер туралы», «Астық туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігіне әкеп соқтырады[3].
Бүгінгі таңда «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен үш ықтимал рәсім көзделген: сырттай байқау рәсімі, оңалту рәсімі, конкурстық іс жүргізу (тарату) рәсімі.
Дүниежүзілік Банк сарапшылары өткізген талдау сырттай байқау рәсімі тек дайындық сипатта, ол ақпараттық-сақтау рәсім екенін, және де ол кәсіпорынның ауыр жағдайдан шығуын қамтамасыз етпей, тек қана оңалту рәсімі немесе тарату түрінде борышкерді бір шешімге дайындаудың нұсқасы болып табылатындығын, бұл ретте ұсыныстық сипатта болатынын куәландырады. Оңалту рәсімін басымды қолдану және дәрменсіздік рәсімдерін пайдалануда бөгет болатын немесе қиындық туғызатын кедергілерді алып тастау бойынша қойылған мәселелерге сәйкес, халықаралық сарапшылар пікірін ескере отырып, сырттай байқау рәсімін алып тастау және Заңда мынадай үш рәсімді іске асыру жоспарланып отыр: жеделдетілген оңалту рәсімі, толық ауқымды оңалту рәсімі және борышкерді банкроттау (тарату) рәсімі. Бұл Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге әкеп соқтырады.
Сондай-ақ, борышкер туралы ақпарат жинау проблемасы да реттеуді талап ететін мәселелердің бірі болып табылады. Қолданыстағы заңнама дәрменсіздік келген кезде өзінің қаржылық жағдайы туралы ақпаратты ашуға борышкерді міндеттемейді, ал сол кезде борышкер туралы ақпараттың ашықтығы, берешекті реттеу перспективасының болжамдылығын және кредиторлардың уақтылы шешім қабылдауын қамтамасыз етуі мүмкін еді. Мәселен, бүгінгі күні кредиторлар мен уәкілетті орган тағайындайтын басқарушылардың іс жүзінде борышкер туралы ақпаратты алуға мүмкіндіктері жоқ, борышкерлердің өзі есепке алу құжаттамаларын беруден қашады және нәтижесінде кредиторлар алдында ешқандай жауапкершілікте болмайды, бұл берешекті төлеуден жазасыз кетуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа заңнама борышкердің қаржылық сауықтыру немесе банкроттық (тарату) рәсімдерін өзіне қатысты қолдануға бастама жасау міндетін көздемейді, бұл кредиторлардың талап арыздарға бастамашылық жасағанға дейін борышкерлерге активтерін шығаруға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты басқарушыларға және тиісінше кредиторларға мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан дәрменсіз борышкер туралы мәліметтерді алуға мүмкіндік беретін барабар құқықтық база құру мақсатында, бизнес субъектілері туралы ақпаратты ұсыну тәртібін реттейтін заңнамалық актілерге нормалар енгізу ұсынылады. Көрсетілген мәліметтерге атап айтқанда борышкердің есепке алу құжаттамасы, сондай-ақ борышкердің қаржылық қиындықтары туралы мәліметтер, дәрменсіздік туралы заң талаптарына сәйкес олардан бас тартуға болатын өткен кезеңдердегі мәмілелер туралы ақпарат, ұзақ уақыт кезеңіндегі қаржылық жағдайы туралы ақпарат және басқалар жататын болады. Ақпаратқа қол жетімділік сондай-ақ әдейі банкроттық саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға оң ықпал етеді, өйткені банкроттық басталғанға дейін борышкермен жасалған мәмілелерді даулау бойынша басқарушы жұмысының тиімділігі едәуір жоғарылайды. Тиісінше банкротқа дейінгі кезеңдегі әдейі және жалған банкроттық саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыс жүргізуге уәкілетті органның тиісті бақылауы қамтамасыз етілетін болады. Мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардағы ақпаратқа қол жетімділік бөлігінде жүйені жетілдіру мынадай заңнамалық актілерге: Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексіне (Салық кодексі)», сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Шаруашылық серіктестіктер туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызмет туралы», «Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы», «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен қамтамасыз етілетін болады[4].
Қажетті ақпаратты бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізуге, сондай-ақ борышкер туралы ақпаратты рұқсатсыз таратқаны үшін жауапкершілікке «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне толықтырулар енгізу жолымен қол жеткізуге болады.
Қолданыстағы заңнамада көзделген банкроттық арқылы тарату рәсімін кредиторлардың барлық санаттары пайдаланбайды және істердің көпшілігі (90%-ға жуығы) салық органдары беретін банкроттық туралы өтініштері негізінде сот қозғайды. 2010 жылы 2132 борышкер таратылған, олардың 80%-ының мүлігі (активтері) болмаған. Конкурстық кредиторлардың көпшілігі тарату рәсімін берешекті өндіріп алудың дұрыс немесе тиімді әдісі деп санамайды, өйткені бұл әдісті қолданған кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үлесі өте төмен. Кепілдік кредиторлар кепілдік мүлікті өндіріп алуда сот немесе соттан тыс тәжірибесін қолдануды артық көреді, өйткені, қолданыстағы банкроттық туралы заңнамамен кредиторлар құқығын қорғау толығымен қамтамасыз етілмейтіндіктен банкроттық рәсімдерінің тиімділігі негізді сын тудырады. Бұл бірінші кезекте банкроттық рәсімдерінде кредиторлар жиналысының жоқтығына қатысты, осыған байланысты олардың көбі борышкердің берешекті өтеуі жөнінде шешім қабылдауға қатыспайды, бөлек кредиторлар құқығына қатысты мәселелерді шешу кредиторлар комитетіне берілген, онда дауыс беру борышкерге талаптар сомасы ескерілмей жүзеге асырылады, кредиторлар комитетін басқарушы қалыптастырады және кредиторлар емес уәкілетті орган бекітеді. Бұдан басқа кредиторлар тарапынан банкроттық жүйесіне сенім деңгейіне кәсіби басқарушылардың төмен біліктілігі, сондай-ақ борышкермен байланысты тараптармен қарым-қатынастарды реттейтін нормалардың жоқтығы елеулі әсер етеді[4].
Дүниежүзілік тәжирибеге сүйенсек, дұрыс модель тиісті санкцияларды және басқарушы қабылдайтын шешімдер рәсімнің мақсатына сәйкес болуы үшін оның жауапкершілігін көздеуі тиіс. Осыған байланысты басқарушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту негіздерін кеңейту бөлігінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне де толықтырулар енгізу талап етіледі.
Банкроттық немесе қаржылық сауықтыру туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруда Азаматтық кодекске (жалпы бөлім) жаңа нормалар енгізілетін болады, олар екі тарап та өз міндеттерін соңына дейін орындамаған шарттарға («болашақта орындауға жататын» шарттар) байланысты әрекет ететін болады. Заң компания-борышкердің басқарушысына кредиторлардың мүддесінде пайда мен шығындарды сараптау қорытындысы нәтижесі бойынша, шарттың орындалуының жалғасуы туралы немесе оны орындаудан бас тарту туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Кез келген шарт – кәсіпорын үшін пайда мен шығындар кешені болып табылады. Шығындар күтілетін пайдадан асып бара жатқан жағдайда, шартты орындаудан бас тарту конкурстық басқарушыға компанияның шығындарын қысқарту есебінен кірістерін көбейту мақсатында өз міндеттерін орындауға, мөлшерін анықтауға болатын және банкроттық немесе қаржылық сауықтыру туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау сәтінде әділетті негізде қанағаттандыра алатын талаптарды белгілеуге мүмкіндік береді.
Жалған кәсіпкерлік және әдейі банкроттықтың алдын алу,сондай-ақ банкроттыққа жеткізгені үшін жеке кәсіпкерлердің жауапкершілігін күшейту мақсатында Азаматтық кодексте (жалпы бөлім), «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңында, жеке кәсіпкер өзін банкрот деп таныған кезден бастап бір жыл ішінде қайта тіркелу құқығынан айырылатындығы көзделетін болады[5].
Ұлттық заңнамаға ұсынылған нормаларды енгізу қоғамның ары қарай дамуына, атап айтқанда, азаматтық қоғамның дамуына оң әсер етуі тиіс, өйткені халықтың құқықтық сауаттылығын жоғарылатуға ынталандыратын нормаларды қамтиды. Бұдан басқа қолданыстағы кешен ретінде конкурстық массаны көзделген басымды іске асыруға байланысты жұмыс орындарын сақтауға, тұтастай алғанда дәрменсіздікті реттеу институтына кредиторлар мен қоғамның сенімін арттыруға мүмкіндік береді, өйткені енгізіліп отырған нормалар кредиторлардың құқықтарын кеңейтуге, рәсімдерді жүргізу ашықтығын және борышкер туралы ақпараттың қол жетімділігін қамтамасыз етуге, жосықсыз борышкерлерге жауапкершілік шараларын күшейтуге, әкімшілік кедергілерді жоюға, тарату рәсімінен қаржылық сауықтыру рәсіміне ауысу мүмкіндігін қоса, рәсімді қолдануды жеңілдетуге бағытталған.
Сондай-ақ, заң жобасының қаржылық-экономикалық тұрғыда оң әсері болжамдалады. Заң жобасын іске асыру бюджет шығыстарын талап етпейтіндігін ескере отырып, кредиторлар талаптарын өтеу дәрежесі бойынша көрсеткіштердің жақсаруы күтіледі, өйткені борышкерге тиісті рәсімдердің уақытылы қолданылуы мен борышкердің лауазымды тұлғаларының субсидиярлық жауапкершілігі қамтамасыз етілетін болады. Заңнамалық базаны жетілдіру бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сақтау және шығынды және рентабельді емес өндірістерді тиімді тарату мүмкіндіктерін беру жолымен бизнес субъектілер қызметін реттеудегі банкроттық жүйесінің рөлін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, заң жобасын қабылдау кепілді кредиторлар тәуекелдерінің болжамдылығын қамтамасыз ететіндіктен және соның салдарынан бизнес субъектілері үшін кредиттер құнын төмендететіндіктен, кредит беру секторына оң ықпал етеді.
Экономиканың дамуы бәсекелестік пен үздіксіз құрылымдық өзгерістерге негізделген елдердегі банкроттық (дәрменсіздік) туралы заңнама тәртіпті тәрбиелеуге және іскерлік қаржылық айналым қағидаларын сақтауға бағытталған, сондай-ақ тиімсіз кәсіпорындарды қаржылық сауықтыруға көмектесуге немесе оларды нарықтан өркениетті шығаруға арналған. Нарықтық экономикалы елдерде банкроттық (дәрменсіздік) туралы заңдар көмегімен шешілетін мәселелер толығымен-ақ нақты.
Олардың негізгілеріне:
- кредиторлар мүдделерінде кәсіпорын – борышкер активтерін қорғауды және кредиторлар талаптарын барынша қанағаттандыру мақсатында оларды заңға сәйкес бөлуді;
- активтерді сатудан түсетін түсімді бөлу арқылы және/немесе кәсіпорынның төлем қабілеттігін қалпына келтіру мүмкіндігі болған жағдайда қайта құрылған жұмыс істейтін кәсіпорынның акциялары (үлесі) түрінде кредиторларға борыштарын қайтаруды;
- кәсіпорынды немесе оның құрылымдық бірліктерін «құтқару» бойынша бар мүмкіндіктерді барынша пайдалануды, олар банкроттық (дәрменсіздік) рәсімдері арқылы қалпына келтіріледі және елдің экономикасына өз үлесін қоса алады;
- банкротталған кәсіпорындардың басқарудағы бұзушылықтары мен теріс пайдаланушылықтары туралы істерді қарау және заңсыз мәмілелердің күшін жою тетігін қамтамасыз етуді жатқызу керек.
Әлемдік тәжірибеде банкроттық (дәрменсіздік) туралы заңнаманың екі түрлі тұжырымдамасы бар: прокредиторлық, кредиторлар мүддесін қорғауға бейімделген (мысалы, Англия мен Германияда), және кәсіпкерлік қызметі субъектісінің мүддесін қорғауға бағытталған, сондай-ақ кәсіпорын жұмыскерлерін әлеуметті қорғауды ұсынатын продебиторлық (АҚШ пен Франция мысал болып табылады). Мысалы, кепілдік кредитор құқығын шектейтін заңнамалық тенденцияны продебиторлық деп санауға болады, ал банкроттау (дәрменсіздік) туралы іс бойынша іс жүргізу негізсіз қозғалған жағдайда қаулыны шағымдауға борышкер құқығын қарастырмай, кредиторға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қаулыны шағымдау құқығын беру прокредиторлық тұрғының мысалы болады.
Біріншіде де және басқа жағдайда да заңнама борышкердің төлем қабілетсіздігі және дәрменсіздігі мәселелерін реттеуге бағытталған, және де бұл бағытталу құқықтық актілердің өздерінің атауынан анықталады. Мысалы, «Дәрменсіздік (банкроттық) туралы» РФ Заңы, «Банкроттық және дәрменсіздік туралы» Канада Заңы, «Дәрменсіздік туралы» Латвия Заңы, «Экономикалық дәрменсіздік (банкроттық) туралы» Белоруссия Заңы және т.б. Франция мен Ұлыбритания заңдары атауынан тіпті «банкроттық» сөзі жоғалып кетті. Ол сол жақта тек қылмыстық құқықта қолданылады. Францияда 1985 ж. Дәрменсіздік мәселелерін реттейтін екі Заң қабылданған - кәсіпорындарды қалпына келтіру және олардың мүлкін сот тәртібінде тарату туралы № 85-98 Заң және конкурстық басқарушылар, таратушылар және кәсіпорындар жағдайын анықтау бойынша сарапшылар туралы №85-99 Заң[6].
БҰҰ-ның Халықаралық сауда-саттық құқығы бойынша Комиссиясы 2005 жылы қабылдаған «Дәрменсіздік туралы заңнама мәселелері бойынша заңнамалық органдар үшін басшылықтан» (ЮНСИТРАЛ) әлемдік тәжірибеге сәйкес дәрменсіздік туралы заңнаманың тиімді жүйесі ақпаратты тез берудің сенімді тетігін көздейтіні туындайды.
Борышкердің коммерциялық операцияларына, оның ішінде оның өтімді қаражаттарға шұғыл сұраныстарына және іс жүргізу ашылғаннан кейін қаржыландыруды тарту лайықтылығына, кәсіпорынның тіршілікке қабілеттілігінің ұзақ мерзімді перспективасына және кәсіпорынды басқаруды жалғастыру үшін әкімшілік қажетті критерийлерге жауап бере ма деген сұраққа мұқият тәуелсіз бағалаудың жүргізілуіне көмектесу үшін, әдетте, борышкерге, оның активтері мен міндеттемелеріне, қаржылық жағдайына және толығымен істерінің жағдайына қатысты ақпарат талап етіледі. Мұндай бағалаудың жүргізілу мүмкіндігін тарату барасында да, қайта құру барысында да, бірақ бірінші кезекте қайта құру іс жүргізуінде және тарату іс жүргізу шеңберінде кәсіпорынды жұмыс істейтін шаруашылық бірлік ретінде сату жоспарланғанда қамтамасыз ету үшін, борышкерге оның коммерциялық операцияларына және жеткілікті ұзақ мерзімдегі, іс жүргізу ашылғанға дейінгі тура алдыңғы кезеңдегі ғана емес, қаржылық істеріне қатысты толық ақпарат беру жүктеледі.
Мұндай толық ақпарат активтер мен міндеттемелерге, кірістер мен төлемдерге қатысты ақпаратты, клиенттер тізбесін, табыстар мен шығыстарға қатысты болжамдарды, қолда бар ақша қозғалысы туралы толық деректерді, нарық конъюнктурасы туралы ақпаратты, сала дамуының үрдісі туралы деректерді, жорамалмен борышкердің қазіргі қаржылық жағдайына қатысты ақпаратты, дәрменсіздік туралы заң негізінде бұзылуы мүмкін мәмілелерді қоса, борышкер немесе борышкердің активтері қатысқан алдыңғы мәмілелері туралы ақпаратты ашуды, сондай-ақ орындалмаған келісімшарттарға, борышкерге байланысты тұлғалардың қатысуымен мәмілелерге және борышкерге қарсы немесе борышкер қатысушы болған ағымдағы соттық, төрелік немесе әкімшілік рәсімдерге қатысты ақпаратты қамтиды. Бөлек юрисдикцияларда дәрменсіздік туралы заңдар борышкердің өзінің кредиторларына қатысты және жоғарыда көрсетілгендей, дәрменсіздік туралы істе жиірек басқарушымен ынтымақтастықта, кредиторлар тізімін дайындау туралы, оның негізінде олардың талаптарын тексеруді жүргізу мүмкін ақпаратты, сондай-ақ өзінің борышкерлері тізімін беруі туралы талапты қамтиды. Сонымен қатар, талаптарды тексеру және оларды тану немесе қабыл алмау шарасы бойынша борышкердің мұндай тізімді кезеңімен жаңартып тұруы туралы талап та көзделеді.
Осыған байланысты, кейбір заңдарда қажетті ақпарат тізбеленген стандартты ақпараттық бланктер (нысаншылдық есептілік) көзделген. Оларды борышкер (бұл ретте, жалған немесе жаңылуға әкелетін ақпаратты бергені үшін тиісті санкциялар көзделеді), немесе тәуелсіз тұлға, немесе басқарушы толтыруы тиіс.
Ақпаратты ұсынуға қатысты борышкердің міндеттеріне қосымша ретінде дәрменсіздік туралы заңнама сұрау салынған ақпаратты алмаған жағдайға, тиісті санкцияларды көздей отырып, уәкілетті органға, дәрменсіздік туралы істі басқарушыларға және кредиторларға немесе кредиторлар комитетіне борышкерден ақпаратты талап ету және алу тиісті құқығын береді.
Дәрменсіздік туралы заңнамаға сол сияқты ақпараттың осы түрлерін кредиторлар тарпының және борышкер дәрменсіз болған жағдайда оны қолдана алатын басқа да тараптардың теріс пайдалануынан қорғауды көздейтін нормалар қосылады.
Бұдан басқа, адал халықаралық тәжірибеге сәйкес бухгалтерлік есепке алу, аудиторлық фирма өкілеттерімен бухгалтерлік есепке алу, аудиторлық фирма өкілдерінің құжаттарды бақылауы және тексеруі бөлігінде (орта және ірі компаниялар үшін) компанияның қызметі туралы мәліметтерді қамтитын ақпарат нарықтың ақпараттануын және «ашықтығын» және пайдаланушыларға олардың өкілеттіктеріне сәйкес ұсынылу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тізілімге (депозитарийға) беріледі.
Жоғарыда аталған ақпаратты ұсынумен қатар, халықаралық тәжірибеде белгілі жағдайлар туындаған кезде өзінің дәрменсіздігі туралы борышкердің мәлімдеу міндеті көзделген. Мысалы, Ресей Федерациясы, Англия және басқа мемлекеттер заңнамасы бойынша борышкерлер дәрменсіздік қатері туындаған жағдайда, оларға дәрменсіздік рәсімдерін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге міндетті. Дер кезінде шараларды қабылдамаған жағдайда, басшылар, мүлік иелері азаматтық-құқықтық, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Заңнамадағы мұндай ережелер ауыр қаржылық жағдайдағы кәсіпорындардан мүлікті шығарудың алдын алуға және дер кезінде сауықтыру шараларын қолдануға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, бұл елдердің уәкілетті органдары қаржылық жағдайы сәтсіз кәсіпорындар туралы қандай болмасын ақпаратты, оның ішінде мұндай кәсіпорындарға еркін кіру құқығымен алуға құқылы.
Банкрот рәсімін теріс пайдалануды алып тастау немесе кейбір кредит берушілер немесе борышкер жағынан қаржылық оңалту мақсатында банкрот туралы іс бойынша қатысушыларға қажетті ақпаратты беру бойынша борышкердің міндетті, сондай-ақ аталған ақпаратты бермегені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделетін болады.
Дәрменсіздік туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру кезінде шарттар режимдері туралы, бұзуға жататын мәмілелер тәртібі.
ЮНСИТРАЛ ережелеріне сәйкес мүліктік масса құнын барынша арттыру және міндеттемелерді азайту немесе қайта ұйымдастыру кезінде борышкердің жұмыс істеу қабілетін қалдыру және оның операцияларын барынша мүмкіндіктер шегінде үздіксіз жалғастыру үшін мүмкіндіктерді жасау мақсатына жету пайдалы және мүліктік масса құнын жоғарылатуға мүмкіндік туғызатын келісімшарттарды (маңызды мүліктің пайдалануын жалғастыруды қамтамасыз ететін келісімшарттарды қоса, соның ішінде үшінші тұлғаларға тиесілілер де) қолдануды және ауыртпалық түсіретіндерін немесе орындауы бойынша ағымдағы шығындар оларды сатудан түсетін пайдадан асатындарды бұзуды болжауы мүмкін.
Әлемдік тәжірибеге сәйкес келісімшарттарды орындауды жалғастыру және оларды орындаудан бас тарту туралы мәселеге әртүрлі тұрғы қабылданған.
Кейбір заңдарға сәйкес, дәрменсіздік туралы іс бойынша іс жүргізуді ашу келісімшарттардың қолданылуына қатыспайды, және сонымен, шарттық міндеттемелер өз күшінде қалады және шарттық құқықтың жалпы нормаларының қолданылуы жалғасады.
Басқа заңдар келісімшартты орындауды жалғастыру мен оны орындаудан бас тартуды бір жалпы рәсімге байлайды, оған сәйкес дәрменсіздік туралы істегі басқарушыдан келісімшартқа қатысты белгілі іс-әрекеттерді орындау талап етіледі, мысалы, келісімшартты орындау жалғастырылуы керектігі (ал кейбір жағдайларда – контрагент дәрменсіздік туралы істегі мүліктік массаға қосылатындығы туралы) немесе келісімшартты орындаудан бас тартылатындығы туралы контрагентті хабарландыру.
Бөлек юрисдикциялармен, дәрменсіздік туралы істегі басқарушының тек нақты іс-әрекеттерді орындауы ғана емес, оларды, әдетте тарату барысынан гөрі қайта ұйымдастыру кезінде ұзағырақ болатын белгіленген мерзімдерде орындауы қарастырылған (бұл ретте белгілі жағдайларда бұл мерзімдердің ұзартылу мүмкіндігіне жол беріледі). Заңнамалық тәжірибеде бар мысалдарда бұл мерзімдер 28-ден 60 күнге дейін құбылады. Басқа елдер заңнамасы мұндай мерзімнің сот тәртібінде белгіленетінін қарастырады. Мұндай тұрғы мақсаты – екі жақ үшін де анықтылықты қамтамасыз ету. Дәрменсіздік туралы істегі басқарушыдан іс жүргізу ашылған кезге орындалмаған келісімшарттарға қатысты уақытылы іс-шаралар қабылдау талап етіледі, ал контрагентке іс бойынша іс жүргізу ашылғаннан кейін есті мерзім ішінде келісімшарттың орындалуын жалғастыруға қатысты белгілі анықтылық қамтамасыз етіледі[7].
Келісімшартты орындаудан бас тартылған жағдайда, әдетте, контрагент келісімшарттың қалған бөлігін де орындау бойынша міндеттемелерден босатылады және шешуді талап ететін принципшіл мәселел контрагентке қолжетімді құқықтық қорғау құралдары туралы мәселе болып табылады.
Дәрменсіздік туралы іс бойынша іс жүргізу шегінен тыс құқықтық қорғау құралдары барлығына қарамастан, контрагент тек шығындар өтеміне ғана үміттенуге құқылы екені көптеген елдер заңнамасында белгіленген. Мұндай тұрғыны қабылдау себептерінің бірі – құқықтық қорғаудың өзге құралдарын беру - мысалы, тауарларды жеткізу жүзеге асырылған, бірақ дәрменсіздік туралы іс бойынша іс жүргізу ашылғанға дейін олардың жеткізілмеуі контрагент талабын толық көлемде қанағаттандыруға тең, яғни басқа қамтамасыз етілмеген кредиторлар үміттенуі мүмкін емес нәтижеге жету[8].
Сонымен қатар, кейбір заңдар тауарларды жеткізу нысанында мұндай құқық қорғауға, ал басқа елдер заңнамасы – егер жерді сатып алу-сату туралы болса шарттарды орындауға жол береді.
Толығымен орындалмаған келісімшарттардан басқа, дәрменсіздік барысындағы келісімшарттардың тағы бір санатын іс жүргізу ашылғаннан кейін жасалған келісімшарттар құрайды. Қайта ұйымдастыру жағдайында және тарату барысында кәсіпорынды жұмыс істейтін шаруашылық бірлік ретінде сату болжанатын болса, кәсіпорынды жұмыс істейтін шаруашылық бірлік ретінде қолдау және оған кіріс әкелуді жалғастыруға мүмкіндік беру үшін келісімшарттар жасау қажеттілігі туындайды (әдеттегі коммерциялық операциялар шеңберінде де, және басқа жағдайларда да), бұл соңында кредиторлар мүдделеріне жауап беретін болады. Бұл келісімшарттар, әдетте, дәрменсіздік туралы іс бойынша іс жүргізу ашылғаннан кейін қабылданған мүліктік масса жағынан міндеттемелер сияқты қарастырылады және оларды орындау бойынша шығындар мүліктік масса бойынша шығындар ретінде толық көлемде төленеді.
Дәрменсіздік тәртібінің айқындығын жоғарылату үшін, әдетте, бөлек келісімшарттар санатымен байланысты мәселелерді шешу бойынша дәрменсіздік туралы істегі басқарушы өкілеттігін шектету қарастырылады. Халықаралық тәжірибемен олардың қатарына, мысалға, қысқа мерзімді қаржылық келісімшарттар, сақтандыру, заем шарттары, еңбек келісімшарттары, үкіметтік, лицензиялық шарттар және басқалары жатқызылған. Көптеген юрисдикцияларда міндеттемелердің орындалуын жалғастыру шарттары, мұндай шарттарды өзгерту, сондай-ақ орындаудан бас тарту дәрменсіздік туралы заңнамада бөлек аталып өтеді.
Дәрменсіздік туралы әр заңнамада, нақты критерийлерге де олардың әр құқықтық жүйедегі үйлесіне де көзқарас жағынан, мәмілелерді бұзу бойынша іс-әрекеттерге қатысты критерийлерге елеулі айырмашылықтары бар тұрғылар пайдаланылады. Нақты критерийлерді жағдайға байланысты объективті және субъективтіге бөледі.
Объективті критерийлерді анықтау барысында, әдетте, борышкермен жасалған мәмілелердің бұзылуы мүмкін мерзім белгіленеді. Субъективті критерийлерді анықтау барысында, борышкердің кредиторлардан активтерін тығу ниетін растайтын дәлелді материалдардың бар болуы талап етіледі.
Таңдалған ұстанымға қарамастан, дәрменсіздік жүйесінің негізгі міндеті мәмілелерді бұзу үшін нақты критерийлерді, оның ішінде басқарушыға дәрменсіздік туралы істе бар екенін дәлелдеу талап етілетін элементтерді, кредиторлар қарамағындағы құқықтық қорғау құралдарын анықтау есебінен барлық тараптарға айқындылықты қамтамасыз ету болып табылады,
Жоғарыда аталған әлемдік тәжірибені ескере отырып, азаматтық заңнамаға жаңа нормалар енгізу орынды, олар екі жақ соңына дейін міндеттерін орындамаған («болашақта орындалатын» шарттар) шарттарға қатысты қолданылатын болады. Жоғарыды айтылғандай, бұл басқарушы кәсіпорынға – борышкерге шартты орындау мерзімін созуға немесе кредит берушілер мүдделері бойынша пайда мен шығын нәтижесінде оны орындаудан бас тартуға мүмкіндік береді.
2.2 Проблемалық кәсіпорындағы қаржылық басқаруын талдау
2.3 Кәсіпорынның төлем қабілетсіздігінің қауіпін бағалау
3. Қазақстанда проблемалық кәсіпорындарды қаржылық басқару шараларын анықтау
3.1 Кәсіпорынды дағдарысты қаржылық жағдайдан шығару шараларын әзірлеу
3.2 Проблемалық кәсіпорының дағдарысқа қарсы басқаруды жетілдіру жолдары
Басқару тиімділігі көптеген факторлаға: мекеменің сыртқы және ішкі қоршаған ортасына; мекеме қызметінің көлемі мен мінезіне; мекеменің мақсаты, тапсырмасы мен стратегиясына; менеджменттің кәсібилігі мен талантына; қайта қарастыру қызметін қоюына және т.б. тәуелді.
«Экономикалық тиімділік» пен « әлеуметтік тиімділік» басқару ұғымы бөлінеді.
Экономикалық тиімділік астарында, экономикалық қызметтің нәтижелілігі беріледі, экономикалық бағдарлама мен шаралар, алынған экономикалық тиімділікпен, түрлі қор көздерін(қаржылық, физикалық, еңбек) жұмсау нәтижесімен, осы нәтижені алуда шарттасумен сипатталады.
Профессор В.С. Ефремов, мекеменің тиімділігін анықтауда, оның пайдалылығын, қызметтік жарамдылығын бағалау қажет деп ойлайды. Ал, мекеме, пайдалы әрі тиімді болу үшін, ол үнемі қоршаған орта өзгерістеріне ыңғайласып немесе өзінің қызметтік пайдалылығы мен тиімділігі қызығушылығының арқасында қоршаған ортаға белсенді түрде әсер ету керек.
Кейін, В.С.Ефремов, экономисттер арасында келесі ой қалыптасқанын ескереді: шаруашылық қызметтің мақсаты, оның тиімділігі кірістің ұлғаюы болып табылады. Мұндай көзқарас, мекеменің туындау, пайда болуы мен жойылу себептерін түсіндіруі екіталай. Анығындай, оңтайлы деп, әрқайсысының жалғыз талпынысы тиімсіз не мүмкін болмаған жағдайда, мекемелер туындауы мен пайда болуы, адамдарға бірігіп жасалған қызметтен пайда беруін айтуға болады.
Сәйкесінше, мұндай әрекетпен, өзінің көздеген мақсатына жетудегі қолданатын құрал ретіде мекемені қолдану мүмкіншілігінде өздерін еркін сезінетін қатысушылардың көптеген пайызының көрсеткіші мекеменің тиімді болатынын көрсетеді. Бұл, қатысушы кең көлемде мекеме делдалдылығын сезінген сайын, мекеме мен оны басқаруда тиімдірек болатынымен расталады. Мекемені тиімді басқаруының анықтамасы, әлеуметтік экономикалық аспект артықшылығын алып жүреді.
Осындай шешімге сәйкес, кіріс, өндірістік секілді факторлар, мақсаттық емес ұйымдық өмір сүруінің міндетті шарты болып табылады.
Басқару сұрақтарына арналған әдебиетте, басқару тиімділігін ұғыну мен оның санаттарын, тұрақты жағдайда болып тұрған мекемені басқаруда қолдануға болатын пайымдауын көруге болады. Дағдарыс жағдайында тұрған, басқару мен оның мекемеге қатысты тиімділігін, жұмсақ сөзбен айтқанда, бұл жағдайда, орынсыз және өнімсіз деуге болады.
Авторлар осы тектес пікірге келісе алмайды. Дағдарысқа қарсы басқару, басқалары секілді, өте тиімсіз болмаса тиімдірек болуы мүмкін. Дағдарысқа қарсы басқару тиімділігі жеңілдету,тараптаушылық немесе осыған құртылған қорды салыстыруда дағыдарысты оң қолдану мақсатына жетуімен сипатталады. Әрине, мұндай тиімділікті мөлшерлі есептеуіш көрсеткіште бағалау, оң, бірқалыпты дамудағы мекемені басқаруға қарағанда күрдерірек. Әйтседе, оны сараптама мен басқару сапасының жалпы бағалауында, оның сәттілігі мен есептемесінде анықтауға болады. Бұл басқару тиімділігінің әлеуметтік экономикалық аспектісіне де тиесілі.
Ірі кәсіпорындарда қызметкерлер өзгерістерге қарсылық көрсетеді, дағдарысқа қарсы стратегияны енгізу оперативтік қызметтен ажыратылғандығы, қосарланған құрылым деп аталатын нұсқаларды пайдалану керек. Бұл менеджерлерге оларды іске асырумен айналысатын бөлімдерде өзгерістерге қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Дағдарысқа қарсы стратегияны жүргізуде сырттан мамандарды – сыртқы кеңесшілерді, бұрын басқа кәсіпорындарда жұмыс істеген жаңа басқарушыларды тарту айтарлықтай көмек көрсете алады. Сондай-ақ қызметкерлердің біліктілігін арттыру маңызды болып табылады. Мұндай арнайы дайындық тек олар алынған жердегі сол кәсіпорын үшін ғана қызығушылық туғызатын білім және дағдыларды жұмысшыға береді.
Дағдарысқа қарсы стратегияны әзірлеу кезінде ең бастысы сыртқы факторлардың талдауын жүргізу және талдаудың бірінші кезеңін біртұтасқа жеткізу болып табылады:
- Макроорта талдауы (саяси, эконмикалық, әлеуметтік және технологиялық қоршаған орта);
- Бәсекелестік ортаны талдау (сатып алушылар, жеткізушілер, сала ішіндегі бәсекелестер жаңа бәсекелестер);
Жоғарыда айтылғандардан шыға отырып, дағдарысқа қарсы басқару стратегиясын жасау үдерісінің өзін 2 - суреттегі түрінде келтіруге болады.
Ескерту – Құрастырған автор
