Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Проблемалық кәсіпорындар.doc.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
147 Кб
Скачать
☆

2 Сурет – Дағдарысқа қарсы басқару стратегиясы

Дағдарысқа қарсы басқаруын орындайтын менеджменттің алдында тұрған өзекті мәселелердің біріне, басқару сапасы мен тиімділігін жоғарлатуы жатады.

Дағдарысқа қарсы басқару әдебиетінде, белсенді әрі тиімді қолданыс осы ортақ мәселені шешуге негіз бола алатын келесі факторлар анықталынып, негізделген.

1. Мекеменің даму барысындағы қалыптасушы дағдарыс жағдай бағасына ғылыми шешім келесіні болжайды: болашақ мекеменің елесі, оның даму үдерісі; мекеме өндірісінің жүйелік сараптамасының жағдайы, біркелкілігі, еңбек шартын ынталандыру, жұмыс орындарына қызмет көрсету, жұмыс әдістері мен амалдарын енгізу; қаржылық жағдайын бағалау, қызметкерлерді басқару және т.б. жатады. Бұл, жақындап келе жатқан немесе өтіп кеткен дағдарысты бақылауда ұстауына мүмкіндік береді.

2. Менеджердің өнері, творчестволық қабілеттілігі, еркін мақсатқа ұмтылысы. Көптеген дағдарыс жағдайларында, табиғи апаттарда, техногенді апаттарда, айтулы даралық сапа, дағдарыстан шығу немесе оны жеңілдетуін анықтаушы факторы болып табылады. Сондықтан, дағдарысқа қарсы басқарушысы орнына үміткерлерін таңдау барысында, осындай сапаға ие мен дағдарысқа қарсы менеджерлер қабілеттілігін анықтауда арнайы тест жүргізеді. Дағдарысқа қарсы басқару жүйесіне үміткерлерді таңдау жасалып отырған осы тектес үдерістерге бейқамдық таныту, оның тиімділігіне кері әсерін тигізуі мүмкін.

3. Дағдарысқа қарсы басқарушылардың кәсібилігі мен әлеуметтік дайындық. Басқару саласындағы аса қажетті кәсібилік туралы ғана айтылып жатырған жоқ, сондай ақ оған қоса – дағдарысқа қарсы басқару ерекшелігін бейнелейтін кәсіби білім мен икемділігі туралы сөз болуда. Кәсібилік, жоғарғы оқу орны мен одан кейінгі арнайы оқуда жүйесімен, түрлі дағдарыстың алдын алу мен жоюда жүргізілген тәжірибесі бірігуімен қалыптасады.

Созылмалы дағдарыс шартында, жоғары оқу орындарында бағдарламалар, оқулықтар мен дағдарысқа қарсы басқару саласындағы студенттерді арнайы дайындау тренингтерін құруына бағытталған кешенді шаралар қолға алынған болатын. Одан бөлек, арнайы кәсіби білімдерін жоғарлату мен дағдарысқа қарсы басқару саласы, жоғары білім мен дағдарысқа қарсы басқару жүйесіндегі тәжірибелік қызмет негізі құрылған.

Авторлардың пікірлері бойынша, және кең ауқымды менеджерлерді дайындауда, тұтастай назардың аударылуы білімнің дамуы мен күрделі жағдайларда басқару қабілеттеріне ауған.

4. Тәуекел шешімін өндіру әдістемесі. Басқару шешімінің сапасына, басқарудың барлық жүйесінің тиімділігі тәуелді. Мұндай тәуелділік, әсіресе дағдарысқа қарсы басқаруда үлкен. Сондықтан да, тәуекел шешімдерді қабылдау әдістемесін өндіру маңызды.

Рационалды тәуекел шешімдердің маңызды себептеріне, уақытылылық, мәселенің толықтай көрінуі, нақтылық, амалдылық, қайшылықсыз пен кешенділік жатады. Осыларды қамтамасыздандыру, дағдарысқа қарсы басқару тиімділігін арттыруда үлкен мәнге ие.

5. Дағдарысқа қарсы басқару тиімділігіне айтарлықтай әсер етуші бірлестік болып табылады. Бірлестік – фирма қызметкерлерінің, мақсаттарының, тапсырмалары мен мекеменің басты құндылықтарын ұғыну мен қабылдауда бірігуі. Бұл фирмалық патриотизм, мекеменің жоғары имиджіне жету мен ортақ қызығушылықтар үшін бас алмай жұмыс жасауға дайындық.

Бірлестік сезімі дағдарысқа қарсы тіреушісі болып табылады. Бірлесушілік, сұрапыл туындамайды, менеджменттің қызметкерлерді фирма ісіне және түрлі басқару формаларына бірлестіре отырып қалыптастыруы.

6. Дағдарысқа қарсы басқарудағы жоғары тиімділіктің басты факторы көсбасшылық болып табылады. Басшылық – жеке тұлғаның, әлеуметтік, кәсіби топтың, мекеменің, басқарушы жағдайы ие, экономикалық, басқару және ғылыми қызметтің ең тиімді нәтижелеріне шарттасқан; басымдылық пен бағыну қатынасы, тұлға аралық қатынас жүйесіне еру мен ықпал ету.

Басшылық сапасына ие менеджер, дағдарыстың алдын алу мен төтеп беру немесе оны жеңілдетуінде шешуші рөл атқаруы мүмкін.

7. Басқару тиімділігіне мен дағдарысқа қарсы басқару әсер етуін мүлдем асыра бағаламау керек және кей жерде араласушылық пен басқару иілгіштік факторын да. Дағдарыс жағдайларында, кейде уақытша фактор маңызды: бәсеңдетілген әсер, қабылданған шешімді «кейінге» немесе «мүмкінге» қалдыру, фирма қызметіне айнықпас коммерциялық шығын келтіреді. Және керісінше, араласушылық, шешімді әрекеттер, уақытылы, оң әрекет дағдарыстың алдын алу мәселесін шешуіне оң әсерін тигізуі мүмкін немесе оның аз шығынмен дағдарыстан шығуы мүмкін.

8. Дағдарыстан шығу немесе алдын алудың оңтайлы стратегиясын өндіру. Коммерциялық мекеменің стратегиялық ортасында, оның мықты және әлсіз жақтары бар клиент отыруы қажет. Стратегия, мақсатты нақтылау керек, осы мақсатқа жетуге маңызды қаражатты реттеп, анықтауы керек, фирма мен бәсекелестерінің жұмыстары туралы мәліметті бақылап отыруы қажет, күрделі мәселені шешуде бірнеше амалдарды ұсынуы міндет. Дағдарысқа қарсы басқарудағы стратегия, қызметтік міндеттердің барлық шешімдерін жойып, оларды мекеменің бағытталған стратегиясын іске асыруға бағындыруға негізделген. Тек осы шарттарда ғана, стратегия дағдарысқа қарсы басқару тиімділігін арттырудағы алдыңғы қатарлы фактор рөлін орындайды.

9. Дағдарысқа қарсы басқару тиімділігінің басты факторы, дағдарыс жағдайында бақылау жүйесін құру болып табылады. Жалпы жағдайда, бақылау астарынада, басқарушы объекттің немесе сыртқы ортаның шынай уақыт тәртібінде күйі, өз уақытында шешім қабылдауды қамтамасыз ететін және осының арқасында айтарлықтай, шаруашылық, қаржылай және инновациялық қызметінің қаупі төмендейді.