Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эл_Маг_Каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

6.2.2. Триодтың параметрлері

Триодтың параметрлері деп, анодтық токтың өзгерісінің анодтағы және тордағы кернеудің өзгерісімен байланыстыратын, шамаларды және де анодта бөлініп шығатын қуатты сипаттайтын мәндерді айтады. Триодттың негізгі параметрлері: ішкі кедергісі, тіктік сипаттамасы және күшейту коэфиценті.

Ішкі кедергі R,

(6.1)

R-лампаның ішкі дифференциалды кедергісі деп аталады. Ішкі кедергі, лампаның анодындағы кернеуін қанша вольтқа өзгерткенде, оның анодтық тоғы 1 mА-ге өзгеретінін көрсетеді (тордағы кернеу тұрақты болғанда).

Торлық сипаттамаманың тіктігі S,

(6.2)

тордың потенциалын 1 В-қа өзгерткен кезде анодтық ток қанша mА-ге өзгеретінін көрсетеді.

Күшейткіш коэфиценті анодтық кернеудің өзгерісінің торлық кернеудің өзгерісіне қатынасын көрсетеді, егер анодтық ток тұрақты болса,онда

(6.3)

6.2.3. Триодтың параметрлерін анықтау

Анодты торлық сипаттаманың көмегімен триодтың параметрлерін қалай анықтауға болатынын қарастырайық. Өлшеу нәтижесінде екі анодты- торлық сипаттама алынсын, олардың графиктері 6.4-суретте көрсетілген.

6.4-сурет Анодты-торлық сипаттамалардың көмегімен триодтың параметрлерін анықтау.

Сипаттаманың сызықты бөліктерінде АВС үшбұрышын тұрғызамыз, мұндағы АС–ны абцисса осіне параллель жүргіземіз, ал ВС- ордината осіне параллель болатындығына күмән жоқ. Онда

6.3. Қондырғының суреттемесі

Лампаның сипаттамаларын алу үшін қолданылатын схема, 6.5-суретте берілген.

Лампаға анодтық кернеу жоғары омдық реостаттан,(5 кОм) беріледі, ол түзеткіштің шығу клеммаларына кернеуді бөлгіш ретінде жалғанады. Өлшеу шегі 300 В болатын вольтметр V1 лампаға параллель жалғанады. Лампадағы анодтық токты өлшеу үшін схемаға миллиамперметр (mА) енгізілген. Лампа катодының қыздырғышы ˜6,3 В кернеумен қоректенеді. Бұл кернеу түзеткіштің ішінде орналасқан кеміткіш трансформатордан алынып, түзеткіштің бет жағында орналасқан клеммаларға берілген. Лампаның қыздырғышына берілетін кернеу жұмыс процесінде өзгермейді

6.5- сурет. Қондырғының принципиальды электр схемасы.

.

Лампаның торына кернеу, өлшегіш кернеуді бөлгіш R2 (30 Ом) арқылы беріледі, ол түзеткіштің шығу клеммаларына жалғанған. Торға берілетін кернеу, өлшеу шегі 7.5 В арналған V2 вольтметрмен өлшенеді. Ауыстырып-қосқыш П торға берілетін потенциалдың белгісін өзгерту үшін қолданылады.

6.4. Жұмыс тәсілі

6.4.1. 6.5-суреттегі схеманы түзеткіштерді ток жүйесіне қоспай тұрып құрастырыңыз, схема тексерілгеннен кейін тізбекті тұйықтаңыз.

6.4.2. Лампаны 3-5 минут аралығында қыздырғаннан кейін, анодтық сипаттамаларды өлшеуге кірісіңіз. Ол үшін кернеуді бөлгіш көмегімен әрбір 20 В сайын анодқа берілетін кернеуді 200 В-тан 0-ге дейін өзгертіп, миллиамперметрмен (mА) анодтық токты өлшеңіз. Тордағы кернеудің берілген үш мәндері үшін анодтық сипатамаларды алу қажет. Тордағы тұрақты кернеу, кернеуді R2 бөлгіш көмегімен іске асырылады. Алынған мәндерді 6.1- кестеге енгізіңіз.

КА-арқылы миллиамперметр (mА) бөлігінің құны белгіленен.

Жұмыстағы көп шекті миллиамперметр (mА) қолданылуы,UA және Uc кернулерінің әртүрлі мәндері үшін анодтық ток үшін жоғары дәлдікпен өлшеуге мүмкіншілік береді.

6.1.кесте

Триодтың анодтық сипаттамаларын өлшеу нәтижелері.

Р.с.

UА,B

UC= + 4, B

UC = 0,B

UC = -4,B

KA,

І,Бөл

KA,

І,Бөл

KA,

І,Бөл

6.4.3. Триодтың анодты-торлық сипаттамаларын өлшеңіз. Ол үшін кернеуді бөлгіш R2 және аударғыштың көмегімен тордағы кернеуді -6 В-тан +6 В-қа дейін 1 В сайын өзгерте отырып, анодтағы ток күшін миллиамперметрдің (mА) көмегімен өлшеңіз. Анодтық кернеудің 120В, 100В, 80В мәндері үшін үш анодты - торлық сипаттамаларды алу қажет. Анодтағы тұрақты кернеуді өзгерту, кернеуді бөлгіш көмегімен іске асырылады. Алынған нәтижелерді 6.2. кестеге енгізіңіз.

Триодтың анодты-торлық сипаттамаларының өлшеу нәтижелері.

6.2.- кесте

Р.с.

UC,B

UA=120,B

UA=100,B

UA=80,B

KA,

І,Бөл

KA,

І,Бөл

KA,

І,Бөл

КА- арқылы (mА) миллиамперметрдің бір бөлігінің құны белгіленген.

6.4.4. 6.1 және 6.2 кестелердегі мәндерді пайдаланып триодтың анодтық және анодты-торлық сипаттамаларының графигін сызыңыз. 6.4.5. анодты-торлық сипаттамаларды пайдаланып, 6.2.3.-те көрсетілгендей, триодтың параметрлерін анықтаңыз. Сипаттамалардан, триодтың әрбір параметрін үш рет анықтау керек. Әрбір параметр мәндерінің орта мәнін тауып, қателерін анықтаңыз.

6.5. Жұмысқа жіберу сұрақтары

6.6.1. Триодтың құрылысы және жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.

6.6.2. Триодтың сипаттамаларын өлшейтін қондырғының принципиалді электр схемасын сызып және оның барлық элементтернің қолданылуын түсіндіріңіз.

6.6.3. 6.1. және 6.2. кестелерге енгізілетін өлшеу нәтижелеріне түсінік беріңіз.

6.6. Бақылау сұрақтары

6.6.1. Триодтың өтімділігі Ом заңына бағына ма?

6.6.2. Триодтың қандай сипаттамаларын білесіз? Олар не көрсетеді?

6.6.3. Анодты-торлық сипаттамалрдан триодтың параметрлерін қалай анықтауға болады?

6.7. Әдебиет: 1,4,10,14,17