Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эл_Маг_Каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

8.5. Жұмысқа жіберу сұрақтары

8.5.1. Магнит гистерезисінің осциллограммасын қалай бақылауға болатындығын түсіндіріңіз.

8.5.2. Осциллографтың координаталық торының бөлік құнын анықтау принципін түсіндіріңіз.

8.6. Бақылау сұрақтары

8.6.1. Магнит индукциясы векторының бағыты және модулі қалай анықталады?

8.6.2.Магнетиктер қалай классификацияланады? Ферромагнитизмнің табиғаты қандай? Ферромагнетиктердің ерекшеліктері қандай?

8.6.3. Ферромагнетиктің қалдық индукциясы және коэрцитивті күші дегені не? Ферромагнетикттер қайда қолданылады?

8.6.4. Магниттелетін өріс индукциясы, ферромагнетиктің магниттік қанығу мәнінен әлдеқайда үлкен болған жағдай үшін гистерезис тұзағын сызыңыз.

8.6.5. Осциллографтың көмегімен магниттік гистерезисті зерттеу тәсілінің мәні неде?

8.7. Әдебиет: 2; 5; 6; 9; 10.

9. Электролиз заңдарын зерттеу

9.1. Жұмыстың мақсаты

Сұйықтардағы электр тогының табиғатын зерттеу. Фарадей заңдарының физикалық мағынасын түсіну. Тәжірибе жүзінде Фарадей санын және электронның зарядын анықтау.

9.2. Қысқаша теория

9.2.1. Электролит ерітіндісі арқылы токтың өтуі

Электр тогының кез келген ортадан өтуінің негізгі шарты бойынша осы ортада зарядталған бос бөлшектердің болуы керек екені белгілі. Сұйықтарда бос зарядталған бөлшектер болады және оның ролін иондар атқарады. Затының молекулалары иондарға ыдырайтын ерітінділерді электролиттердің ерітінділері деп атайды, ал молекулалардың иондарға ыдырау процесінің өзін электролиттік диссоциация деп атайды. Мысалы, мыс қышқылының (купоросының) молекулалары, оның химиялық формуласы CUSO4, еріткенде оң таңбалы CU++және теріс SO4—иондарға диссоциацияланады. Тіптен таза судың молекулалары сутегінің иондарына H+ және гидроксильді OH- диссоцияланады. Сондықтан бұл иондар ерітіндінің құрамында болады.

Егер электролитке екі көмір немесе тұрақты ток көзіне қосылған металл электродтарды енгізсе, онда электродтардың аралығындағы кеңістікте, мыс купоросының ертіндісімен толтырылған тұрақты сыртқы электр өрісі пайда болады да ол бос электрондарды бағытталған қозғалысқа келтіреді. Анодқа қарай теріс зарядталған иондар SO4-- және OH--, ал катодқа оң таңбалы иондар CU++ мен H++ бағытталған қозғалысқа келеді. Электродтарға жеткен соң иондар разрядталады, сондықтан ток өткен кезде катодта мыс пайда болады.

Cu ++ +2e = Cu,

ал анодта-оттегі

2 OH -2e = H2 O + O, 2 OO2.

Мұндай процестің жүруі, иондардың SO4-- және H+ разрядталуы, CU++ және OH- салыстырғанда, нашар өтеді. Бірақ ,бір-бірімен өзара қосылып, олар анодта күкірт қышқылының ертіндісін құрады.

SO4  +2 H+ H2 SO4 .

Егер анод мыстан жасалып, ал катод бұрынғыдай көмір болса электролиз процесі өтеді. Бұл жағдайда иондардың разряды тек катодта өтеді, анодтан, керісінше металлдың иондары ертіндіге кетеді бұл мыстың Сu атомдары электрондарын ОН иондармен салыстырғанда, оңай жоғалтуымен түсіндіріледі. Бұл жағдайда оттегіні шығарудың орнына анодтан ертіндіге Сu++иондарының өтуі байқалады.

Cu - 2e = Cu ++,

яғни, мыс купоросының ертіндісі арқылы токтың өтуі, анод мыс болған жағдайда, анодтан мыстың катодқа қарай өтуімен жүргізіледі. Онда ертіндідегі мыс купоросының шамасы өзгермейді.

Процестердің жиынтығы, электр тогының ерітінді арқылы немесе электролиттің ыдырауы электродтарда электролиттің, яғни мыс купоросының ерітіндісі арқылы токтың өтуі, анод мыс болған жағдайда, анодтан мыстың катодқа қарай өтуімен жүргізіледі.