Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курс лекции Менеджмент.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
452 Кб
Скачать
☆

2Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебі.

Ғылыми басқару мектебінің өкілдері көп жағдайда төменгі буындағы қызметтерді атқаруы себепті, олар еңбек өнімділігін арттырумен ғана шұғылданды. әкімшілік мектептері пайда болғаннан кейін мамандар басқаруды ұдайы жетілдірумен, әкімшілік қызметті ұйымдастыру қағидасымен айналысты. Бұл мектеп өкілдерінің ұйғарымы бойынша, басқару- белгілі бір мақсатқа жетуге орын алатын қатаң әкімшілік қағида әдістерінің жиынтығы. Мәселен, осы бағыттың көрнекті өкілі А. Файольдің пікірінше, әкімшілік ету- жан-жақты ауқымын белгілейтін басқарудың бір бөлігі және де техникалық, қорғаныстық, бухгалтерлік, әкімшілік салаларын қамтиды. Осы қызметтер арасында әкімшілік әрекет ең маңызды есептелініп, оның элементтері: жоспарлау, басшылық ету, үйлестіру және бақылау анықталған. Сонымен қатар, А. Файоль тәжірбиесінде кең қолдану тапқан басқарудың 14 қағидасын жасап шығарды. Оларға енетіндер:

жауапкершілік,

жеке дара басшылық,

иерархиялық басқару,

жеке және жалпы мүдделер үйлесімділігі,

мамандандыру,

тәртіп,,

әділеттілік,,

ынта-ықылас,

лауазымға сәйкестілік,

қызметкерлер тұрақтылығы,

орталықтандыру және т.б.

Классикалық мектептің өкілі Л. Урвик Файольдің негізгі қағидаларын одан әрі дамыта отырып, әкімшілік қызметтің негізі элементтері ретінде: жоспарлау мен ұйымдастыруды, басшылық пен үйлестіруді, есеп беруді және бюджет жасауды атап көрсетті. Аталған элементтер күні бүгінге дейін бірқатар ғылыми зерттеулердің түп қазығы ретінде пайдаланып келеді. Сонымен қатар, Л. Урвик өз еңбектерінде ресми ұйым құрудың қағидаларын жасауға ерекше көңіл бөліп оларды тереңірек тұжырымдады. Оның пайымдауынша, ұйым қызметінің тиімділігіне қол жеткізуде бақылау өрісі мен құрылымының сәйкестілігі, мамандандыру мен қызмет айқындылығы, құрылымды мұқият ойластыру мен жауапкершілік шегін белгілеулің маңыздылығы өте зор.

Ұйымдағы басшылық, билік және құрылым құру проблеммаларына көңіл бөліп зеттеуде әкімшілік мектептің келесі өкілі М. Вебер ерекше орын алады. Ол әр түрлі ұйымдарды талдай отырып, басшы ие болатын билік сипатына қарай ұйымдастырудың негізгі үш кезеңін, яғни харизматикалық, дәстүрлі, идеялды кезеңдерді ажыратып берді. М. Вебер ұйымдастырудың аталған түрлерін зертей келе, үшінші кезеңге үлкен көңіл бөле отырып, «бюрократтық жүйе қағидаларын» жасап шығарды. Оларға:

  1. нақтылы кңбек бөлінісі;

  2. басқару деңгейлерінің жіктелуі (иерархиясы);

  3. міндеттер бірыңғайлылығымен үйлестіріле қажетті ресми ережелер және стандарттар жүйесін жасау;

  4. «әлеуметтік аралық» пен әділеттілік;

  5. жұмысқа қабылдауда қатаң талаптардың орын алуы жатқызылады.

3Адамдық қатынастар мектебі және тәртіптілік тәсілі

20-ғасырдың орта шеніне қарай ғылыми басқару және әкімшілік мектептердің адам факторына жеткіліксіз көңіл бөлуіне жауап ретінде жаңа бағыт- адамдық қатынастар мектебі пайда болды. Оның өзі классикалық көзқарастағы кемшілікті шешу мақсатында пайда болғандықтан адамдық қатынастар мектебін кейде неоклассикалық мектеп деп те атайды.

Адамдық қатынастар мектебінің көрнекті өкілдеріне: М. Фоллет, Э.Мэйо, Д. Макгрегор, Р. Блейк және т.б. жатқызылады. Бұл бағыттың негізгі қағидасы ұйымдағы бейресми таптардың рөлін анықтау, басқару тәжірбиесіндегі психологиялық және әлеуметтік тәсілдерді қолданудың жолдарын қарастыру болып табылады. М. Фоллет басқаруды «өзгелерді пайдаланып нәтишеге жету» деп анықтаған болса, ал Э.Мэйо еңбек тиімділіндегі психологиялық жағдай маңызын атай келе «бақытты жұмысшылар дегеніміз- тиімді жұмысшылар» деп тұжырымдады. Яғни осы мектеп өкілдерінің ұйғарымы бойынша басшылық қызметкерлерге көбірек көңіл бөліп қамқорлық жасаса, онда олардың қанағаттану сезімі де, еңбек өнімділігі де жоғары болады.

Тәртіптілк тәсіл, жалпы алғанда, ұйымдастыру тиімділігін арттыруда жеке адамдардың мүмкінділіктеріне ықпал ету, тиісті қатынастарды қалыптастыру мақсатын көздеді. Бастапқы өкілдері ретінде В. Герцберг, К. Арджерис, Л. Лайкерт. Олар өз зерттеулерінде мінез-құлық туралы ғылымды қолдануға әлеуметтік әрекеттестікті, басшылық пен билік, ынталандыру жүйелерін сипаттау бағыттарына баса назар аударды.

4Басқарудын ғылыми мектебі Басқару теориясы мен тәжірбиесінің дамып жетілуінде қолданбалы және техникалық ғылым салаларының нәтижелері маңызды орын алады. Математика, статистика, кибернетика пәндері, сондай-ақ, операцияны зерттеу ғылымы басқару саласындағы міндеттер белгілеу және шешім қабылдауда тиімді әдіс-тәсілдер мен формаларды іздестіріп табуға және оларды кеңінен қолдануға жағдай тудырда. Қорыта айтқанда, басқару ғылымының қалыптасып дамуында маңызды орын алатын басқару ғылыми мектебінің қосқан үлесін мына сипатта атап өтуге болады:

  1. жобаларды ойластыру мен қолдану арқылы күрделі басқару проблемаларын түсінуді тереңдету.

  2. күрделі жағдайда шешім қабылдайтын басшыларға жәрдем ретінде сандық тәсілдерді дамыту.

Сандық, жүйелік, жағдайлық тәсілдер:

1 процестік тәсіл, яғни басқаруда өзара байланысты 4 түрлі функциялардың (жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, бақылау) үздіксіз жиынтығы ретінде ұғыну.

2 жүйелік тәсіл- өзгермелі қоршаған орта жағдайында мақсатқа жетуде ұйым қызметінің адамдар, құрылым, міндеттер және технология секілді элементтер жиынтығы беретін іс-әрекет түрінде қарастырылуы.

3 жағдайлық тәсіл- ұқйымдастыру мен басқару шараларының жағдайға байланысты өзгешелік пен дербес сипатта орындалуы. Басқаша айтқанда, мақсатқа жету мен міндетті орындауда қолданылатын басқару әдіс-нысандары ұйымда орын алған мүмкіндіктер мен қиындықтар турасында айқындалып қолданылады.

Қолданылған әдебиеттер:

Нег.:1, 2, 3, 4, 6.

Қос.: 1, 2, 4.