Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курс лекции Менеджмент.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
452 Кб
Скачать
☆

Өкілеттілктер және компетенция

Басқару органына бекітіліп берілген қызмет саласы компетенция деп түсініледі, ол өзінің функциясын сол қызмет шеңберінде іске асырады, мәселелерді өз бетінше шешіп, тиісті құқыққа ие болады. Басқару органдарының компетенциясын белгілеу оның өкілеттілігі мен міндеттерінің жиынтығын, олардың тиімді арақатынасын белгілеуді білдіреді. Басқару қызметкерлерінің өздеріне жүктелген міндеттерд орындауы, олардың бойына жауапкершілік сезімінің дамуы ең алдамен олардың компетенттілігі мен саналылығына байланысты болады.

Өкілеттіліктер мен билік.

Көп жағдайда өкілеттіліктер мен билік ұштастырылады. Дегенмен, өкілеттілік дегеніміз- ұйым ресурстарын пайдалануда лауазымға берілетін шектеулі құқық, ал билік- қалыптасқан жағдайда нақтылы ықпал әсер ету мүмкіндігі болып табылады. Және де өкілеттілікке ие болмай-ақ билікті жүргізуге болады.

Сонымен, өкілеттілік белгілі лауазымның нақтылы жағдайда іс-әркет ету құқығы, ал билік сол іс-әрекеттің нақтылы мүмкіндігін береді.билікті тиімді пайдалану үшін лауазымға берілетін өкілеттілікке сәйкестік қажет және жұмыстың орындалу барысын бақылап отыру туындайды.

Өкілеттіліктердің жіктелуі

Ұйымдық өкілеттілктер. Егер де белгілі бір адам ұйым ішінде лауазымға ие болып өз мойнына жауапкершілік артса, жұмысын орындауына қажетті ресурстарды ұйымы толық беруі қажет. Басшылық мұны өкілеттіліктерді делегирлеу және міндеттерді жүктеу арқылы жүзеге асырады. өкілеттілік жеке тұлғаға емес, сол жеке тұлға алып отырған лауазымға беріледі.

Сызықты (линиялық) өкілеттілктер. Басшыдан тікелей бағыныштыға және одан әрі қарай берілетін өкілеттілктер осылайша аталады. Сызықтық өкілеттілктер басшыға алға қойған мақсаттарына жету жолында өз бағыныштыларына заңды билік жүргізуіне мүмкіндік береді. Аталған өкілеттілігі бар басшының дербес қабылдаған шешімдері ұйымның ережелік шектеулеріне, заңға және дәстүрге қарсы келмеуі қажет. Сызықтық өкілеттілікке сенім көрсету ұйымды басқару деңгеінің иерархиясын құрады. Иерархияның құрылу процесін скалярлық процесс деп атайды.

әдетте адамдарды басқару өкілеттіліг скалярлы процесс арқылы берілетіндіктен, жинақты иерархияны скалярлы тізбек немесе бұрық тізбек деп атайды. Сенім көрсетілген өкілдерден құрылған бұйрық тізбегі ұсақ ұйымдардан басқа барлық ресми ұйымдарға тән болып саналады.

Ақпараттық өкілеттіліктер

Басқару құрылымын айқындаған кезде ұйымдық жүйе мақсатын жеке анықтап, осы мақсатқа жету үшін қажетті процестерді білу қажет. әрбір кәсіпорын үшін мақсат тұтастай алғанда бірдей келеді, ал ол өндірістік, ғылыми техникалық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік болуы мүмкін. Осыған орай басқару органы құрылады.

Ақпараттық өкілеттіліктер: кеңес беруші, қызмет көрсетуші және жеке ақпарат болып жіктеледі.

Кеңес беруші ақпарат. Сызықты басшылық арнаулы білімді қажет ететін ерекше проблема туындағанда тиісті мамандарды өзіне уақытша немесе тұрақты негізде жұмысқа шақыра отырып кеңес беруші аппарат құрады. Олардың міндетіне басшылықты өз мамандығы бойынша қызметкерлерді баулу және жетілдіру, жаңа техника және технология, құқық, т.б. салаларда жоғары дәрежеде кеңес беру, үйрету енеді.

Қызмет көрсетуші аппарат қоғаммен байланыс, қаржыландыру, маркетингтік зерттеулер, жоспарлау, жабдықтау, мәліметтермен қамтамасыз ету, экологияны қорғау міндеттерін орындайды.

Жеке аппарат жоғарғы басшының еңбегін тиімді ұйымдастыруға ықпал ететін жеке хатшы мен көмекші қызметкерден құралады. Жеке апараттың ресми өкілеттілігі болмайды, дегенмен, көптеген мәселелерді шешуде атқаратын мүмкіндігі зор болып келеді.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Нег.: 1, 2, 3, 4, 6.

Қос.: 2, 3, 4.

Бақылау сұрақтары:

  1. Өкілеттілік дегеніміз не?

  2. Делегирлеу дегенді қалай түсінесіз?

  3. Жауапкершілік дегеніміз не?

  4. Өкілеттілік пен жауапкершіліктің байланысы қандай?

  5. Өкілеттілік пен биліктің байланысы?

  6. Қандай параметрлердің көмегімен ұйымды басқару объектісі ретінде сипаттауға болады?

8-Тақырып : Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын құру

Матрицалық құрылымдар алуан түрлі болады: жобаны басқару, уақытша мақсатты топ, тұрақты кешенді топ. Құрылымдардың әр түрінің қолдану саласы, артықшылықтары мен кемшіліктері айтылады.Сызықтық ұйымдық құрылым бюрократиялық құрылымдарының ең қарапайым түріне жатады және онда орталықтандыру мен жеке басқару принциптері іске асырылады. Басшы барлық өкілеттілік иесі және басшылықты тек өзі ғана атқарады.. Басшы өз қоластындағы объектіге толық жауапты болады. Әр бағынушының бір ғана басшысы болады. Ал әр басшы басшылық нормаларына сәйкес, бірнеше бағынушыларға билік ете алады.

Сызықтық құрылым өндіріс концентрациясының дәрежесін, технологиялық ерекшеліктерін және шығарылатын өнім түрлерін есепке ала отырып, өндірістік сипаты бойынша құрылады.(8.1 суретте) СБ- сызықтық басшылар.

Құрылым қарапайымдылығының артықшылықтары мен кемшіліктері болады.

Артықшылықтары:

  • басқарушылық шешімдердің қабылдануы мен өткізілуінің орамдылығы.

  • басқару қызметінің өткізілуінің салыстырмалы қарапайымдылығы.

Кемшіліктері:

  • өндіріс жүйесіндегі деңгейлес байланыстардың бөлінуі.

  • бағыныштылармен көптеген байланыстар, ақпаратпен тым көп тиеу.

  • басқару деңгецінің көптігінде басқару шешімдерін қабылдау мен өткізу процесі ұзарады.

  • ұйымның өсуі кезінде басқару деңгейінің санының көбеюі.

  • құрылымның қаталдығы.

Қолдану саласы:

  • адам саны 300-500 – ге дейінгі жоғары деңгейлі технологиялық және заттық маманданған ( металл өңдеу, біртекті қызмет көрсету, құрамдылық т.с.с) кәсіпорын.

  • сыртқы ортаның тұрақтылығы.

Ұйымдық құрылымдардың сызықтық- функционалдық үлгілері фабрика- зауыттың өндіріс кезінде пайда болады және өндірістің күрделенуі мен сыртқы ортаның “ұйымдық реакциясы” болды. Өндірістің күрделенуі басқару қызметінің мамандануына әкелді. Жалпы басқару қызметіне сәйкес (жоспарлау, бақылау) маманданған және еңбектің деңгейлес мамандануына сәйкес (бас технолог, бас конструктор т.б) басшылар жауапты сызықтық басшыларға қарағанда, функционалды басшылар тек өндіріс саласында немесе стратегиялық бизнес- бөлімшелерінде бақылайды және тек бір ғана берілген функцияға жауапты болады.

Сызықтық бөлімшелер, әдеттегідей, негізгі өндіріс қызметін атқарады және функционалдық бөлімдері ресурстық негізде (кадрлар, қаржы, шикізат, т.б) құрылады және осының нәтижесінде негізгі бөлімшелердің қызметтерін қамтамасыз етеді (8.1 сурет).