- •12 Ias Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
- •Мақсаты
- •Салық базасы
- •Ағымдағы салық міндеттемелері мен ағымдағы салық активтерін мойындау
- •Кейінге қалдырылған салық міндеттемелерін және кейінге қалдырылған салық активтерін мойындау Салық салынатын уақытша айырмашылықтар
- •Активті немесе міндеттемені алғашқы мойындау
- •32. [Жойылған]
- •Активті немесе міндеттемені алғашқы мойындау
- •Мойындалмаған кейінге қалдырылған салық активтерін қайта бағалау
- •Әдеттегі қызметтен келер пайдаға немесе залалға байланысты салық төлеу жөніндегі шығыстар (салық өтемінен түсетін табыс) пайда мен залал туралы есептің өзінде көрсетілуге тиіс.
Салық базасы
7. Активтің салық базасы – компания активтің баланстық құнын өтегеннен кейін алатын кез келген салық салынатын экономикалық пайдадан салық салу мақсатында есептелетін сома. Егер де осы экономикалық пайдаға салық салынбайтын болса, активтің салық базасы оның баланстық құнына тең болады.
М ы с а л д а р 1. Станок 100 тұрады. Салық салу мақсатында амортизацияның 30 сомасы ағымдағы және алдағы кезеңге есептелді, қалған құны алдағы кезеңдерде не амортизация түрінде, не істен шыққан кезде шегеру жолымен шығарылатын болады. Станокты қолдану нәтижесінде алынған түсімге кіріске салық салынуы тиіс, станокты іске асырудан алынған кез келген табысқа салық салынатын болады, ал іске асырудан болған кез келген шығын салық салу мақсатында есептелетін болады. Станоктың салық базасы 70-ке тең болады. 2. Баланс бойынша алуға есептелген пайыз сомасы 100 тең болады. Тиісті пайыздық түсімге касса негізіндегі салық салынады. Алуға есептелген пайыздардың салық базасы нөлге тең болады. 3. Сауда дебиторларының баланс бойынша сомасы 100 болады. Тиісті түсім салық салынатын пайдаға (салық залалына) кіргізілген. Сауда дебиторларының салық базасы 100-ге тең болады. 4. Еншілес компаниялардан алуға есептелген дивидендтердің баланстық құны 100-ге тең. Дивидендтерге салық салынбайды. Шын мәнінде активтің барлық баланстық құны экономикалық пайдадан шегерілуі тиіс. Тиісінше дивидендтердің салық базасы 100-ге тең(1). 5. Алуға есептелген несиенің баланстық құны 100-ге тең. Несиені өтеу ешқандай салық салдарын туғызбайды. Несиенің базасы -100-ге теңестіріледі . a Осы талдаудың шеңберінде салық салынатын уақытша айырмашылықтар жоқ. Баламалы талдауда кезінде алынуға жататын жинықталған дивидендтердің салықтық базасы нөлге тең және нәтиже беруші нөлге тең салықтық база 100-гі нәтиже беруші салықтық уақытша айырмашылыққа қолданылады. Екі талдаудың шеңберінде кейінге қалдырылған салық міндеттемесі жоқ. |
8. Міндеттеменің салық базасы оның баланстық құнына тең болады, бұған алдағы уақытта осы міндеттемеге қатысты салық салу мақсатында шегерілетін кез келген сома қосылмайды. Аванспен алынған түсімге келетін болсақ, пайда болатын міндеттеменің салық базасы оның баланстық құнына тең болады, бұған алдағы уақытта салық салынбайтын түсімнің кез келген сомасы қосылмайды.
М ы с а л д а р 1. Қысқа мерзімді міндеттемелерге баланстық құны 100 болатын есептелген шығыстар кіреді. Тиісті шығыс кассалық негізде салық салу мақсатында есептеледі. Есептелген шығындардың салықтық базасы нөлге тең болады. 2. Қысқа мерзімді міндеттемелерге баланстық құны 100-ге тең болатын аванспен алынған пайыздық табыс кіреді. Тиісті пайыздық табысқа кассалық негізде салық салынды. Аванспен алынған пайыздар бойынша соманың салықтық базасы нөлге тең болады. 3. Қысқа мерзімді міндеттемелерге баланстық құны 100-ге тең болатын есептелген шығыстар кіреді. Тиісті шығыс салық салу мақсатында шегеріліп қойылған. Есептелген шығындардың салықтық базасы 100-ге тең болады. 4. Қысқа мерзімді міндеттемелерге баланстық құны 100 болатын есептелген айыппұлдар мен тұрақсыздық айыбы кіреді. Айыппұлдар мен тұрақсыздық айыбы салық салу мақсатында шегерілмейді. Есептелген айыппұлдар мен тұрақсыздық айыбының салықтық базасы 100-ге тең болады(2). 5. Төлеуге есептелген несиенің баланстық құны 100-ге тең болады. Несиені өтеудің ешқандай салықтық салдары болмайды. Несиенің салықтық базасы 100-ге тең болады.
a Осы талдаудың шеңберінде шегерілетін уақытша айырмашылықтар жоқ. Баламалы талдау кезінде есептелетін өсімпұл мен төленуге тиіс айыппұлдардың салықтық базалары нөлге тең болады және нөлге тең салықтық база 100-гі нәтиже беруші салықтық уақытша айырмашылыққа қолданылады. Екі талдаудың шеңберінде кейінге қалдырылған салық активі жоқ. |
9. Кейбір баптардың салықтық базасы бар, бірақ баланста актив пен міндеттеме ретінде танылмайды. Мәселен, зерттеуге кететін нақты шығын пайда болу кезеңінде бухгалтерлік пайданы анықтаған кезде шығын ретінде көрсетіледі, бірақ оны салық салынатын пайданы (салық залалын) белгілеген кезде шегеруге көпке дейін рұқсат берілмеуі мүмкін. Салық органдары болашақта шегеруге рұқсат беретін сома болып табылатын зерттеуге кететін шығынның салықтық базасы мен нөлге тең болатын баланстық құны арасындағы айырмашылық кейінге қалдырылған салық активінің пайда болуына жол ашатын шегерілетін уақытша айырмашылық болып табылады.
10. Активтің немесе міндеттеменің салықтық базасы онша айқын болмаған жағдайларда осы Стандартқа негіз болатын іргелі принципті қарастырған пайдалы: компания белгілі бір шектеулерді есептемегенде активтің немесе міндеттеменің баланстық құнының орнын толтыру немесе өтеу болашақ салық төлемдерін, егер де осы орнын толтырудың немесе өтеудің салықтық салдарлары болмайтын болса, олардың қандай боларымен салыстырғанда көбейтетін (азайтатын) болса, кейінге қалдырылған салық міндеттемесін (активін) мойындауға міндетті. 52-параграфтан кейінгі С мысалы осынау іргелі принципті қарастырған пайдалы болатындай, мысалы, активтің немесе міндеттеменің салықтық базасы орнын толтырудың немесе өтеудің қажетті тәсіліне тәуелді болатындай жағдайды көрсетеді.
11. Шоғырландырылған қаржы есептілігінде уақытша айырмашылықтар шоғырландырылған қаржы есептілігіндегі активтердің және міндеттемелердің баланстық сомаларын тиісті салық базасымен салыстыру арқылы анықталады. Салық базасы шоғырландырылған салық декларациясына, ол есептелетін заңдылықтарға қатысты айқындалады. Басқа заңдылықта салық базасы топтағы компаниялардың әрқайсысының салық декларациясына қатысты анықталады.
