Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_2008_IAS-12.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
242 Кб
Скачать
☆

32. [Жойылған]

Іскерлік бедел

32А Кәсіпорындарды біріктіргенсоң пайда болған гудвиллдің баланстық құны оның салықтық негізінен аз болса, бұл айырмашылық кейінге қалдырылған салық активін туындатады. Гудвиллді бастапқы тану нәтижесінде пайда болатын кейінге қалдырылған салық активі кәсіпорын біріктірілуін есепке алудың бөлігі ретінде салық салынатын пайда мүмкіншілікті болуы ықтимал болатын және оған қарсы шегерілетін уақытша айырмашылық қолданылатын шамасында танылуы тиіс.

Активті немесе міндеттемені алғашқы мойындау

33. Активті бастапқы мойындау кезінде кейінге қалдырылған салық активі пайда болатын жағдайдың бірі – салық салынбайтын мемлекеттік субсидия алу болып табылады. Ол баланстық құны есептелген кезде шегерілетін активке жатады, бірақ салық салу мақсатында активтің амортизацияланған құнынан (басқаша айтқанда салық базасынан) шегерілмейді; активтің баланстық құны оның салықтық базасынан аз, яғни бұл шегерілетін уақытша айырмашылықты тудырады. Мемлекеттік субсидия кейінге қалдырылған пайда түрінде де көрінуі мүмкін, бұл жағдайда кейінге қалдырылған пайда мен оның нөлге тең салықтық базасының арасындағы айырмашылық шегерілетін уақытша айырмашылық болып табылады. Компания қандай әдісті таңдаса да, ол кейінге қалдырылған салық активін 22-параграфта көрсетілгендей себеппен мойындамайды.

Пайдаланылмаған салық залалдары және пайдаланылмаған салық кредиттері

34. Кейінге қалдырылған салық активі пайдаланылмаған салық залалдары мен пайдаланылмаған салық кредиттері болашақта пайдаланылмаған салық залалдары мен пайдаланылмаған салық кредиттері пайдаланылуы мүмкін салық салынатын пайда болу ықтималдығының қаншалықты екендігіне қарай мойындалуы керек.

35. Пайдаланылмаған салық залалдары мен пайдаланылмаған салық кредиттерін алдағы кезеңдерге көшіру нәтижесінде пайда болатын кейінге қалдырылған салық активін мойындаудың өлшемдері шегерілетін уақытша айырмашылықтар нәтижесінде пайда болатын кейінге қалдырылған салық активін мойындаудың өлшемдері сияқты. Алайда пайдаланылмаған салық залалының бар екені алдағы уақытта салық салынатын пайданың болмауы мүмкіндігіне нақты негіз болады. Сонымен компания біраз уақыт бойы зиян шегіп келген болса, ол пайдаланылмаған салық залалдары мен пайдаланылмаған салық кредиттерінен пайда болатын кейінге қалдырылған салық активін қаншалықты дәрежеде жеткілікті салық салынатын уақытша айырмашылығы болатынына немесе ол пайдаланылмаған салық залалдары мен пайдаланылмаған салық кредиттерін іске асыра алатын жеткілікті салық салынатын пайда алуына негіз боларлық басқа дәлелдер барына қарай мойындайды. Мұндай жағдайда 82-параграф кейінге қалдырылған салық активінің сомасын және оны мойындауды растайтын негіз сипатын ашуды талап етеді.

36. Салық салынатын пайданың болу ықтималдығын бағалағанда компания пайдаланылмаған салық залалдарына немесе пайдаланылмаған салық кредиттеріне қатысты мынадай өлшемдерді ескереді:

(а) компанияның белгілі бір салық органына және де белгілі бір салық салынатын заңды тұлғаға жататын, нәтижесі пайдаланылмаған салық залалдары мен пайдаланылмаған салық кредиттері қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін іске асырылуы мүмкін салық салынатын пайда болып табылатын жеткілікті салық салынатын уақытша айырмашылықтары бар не жоқ екенін;

(b) компанияда салық залалдары мен пайдаланылмаған салық қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін іске асырылуы мүмкін салық салынатын пайда болу ықтималдығы бар не жоқ екенін;

(с) белгілі бір себептермен қайталануы неғайбіл пайдаланылмаған салық залалдары туындай ма; және

(d) компанияның пайдаланылмаған салық залалдары немесе салық кредиттері пайдаланылуы мүмкін кезеңде салық салынатын пайда жасайтын салықты жоспарлау мүмкіндігі бола ма (30-параграфты қараңыз).

Компанияда пайдаланылмаған салық залалдары немесе салық кредиттері пайдаланылуы мүмкін жеткілікті салық салынатын пайда болу ықтималдығының жоқтығына қарай кейінге қалдырылған салық активі мойындалмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]