Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_2008_IAS-19.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
392 Кб
Скачать
☆

8. Қысқа мерзімді сыйақыларға мынадай баптар кіреді:

(а) жұмысшыларға және қызметкерлерге төленетін жалақы және әлеуметтік қамтамасыз етуге салынатын жарналар;

(b) демалыс үшін өтемақы қызметкерлердің тиісті қызмет көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде төленуі тиіс (жыл сайынғы төленетін демалыс және ауруына байланысты демалыс сияқты) қысқа мерзімді төленетін демалыс;

(с) қызметкерлердің тиісті қызмет көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде төленуі тиіс табыс және сыйлықақыларға қатысу;

(d) осы уақытта жұмыспен қамтылған қызметкерлер үшін төленетін ақшалай емес нысандағы сыйақы (медициналық қызмет көрсету, үймен, автокөлікпен және ақысыз немесе күні белгіленген тауарлармен немесе қызметтермен қамтамасыз ету сияқты).

9. Қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақыларды есепке алу әдетте оңай, себебі міндеттемелерді немесе шығыстарды бағалау үшін актуарлық жорамалдарға жол берілмейді, және компанияда актуарлық пайданың немесе залалдың пайда болуы мүмкін емес.

Тану және бағалау

Қызметкерлерге төленетін барлық қысқа мерзімді сыйақылар

10. Есеп беру кезең ішінде қызметкер компанияға қызмет көрсеткен кезде компания осы:

(а) кез келген төленіп қойған соманы ұстап қалғаннан кейін міндеттемелер ретінде (есептелген шығыстың). Егер төленіп қойған сома төлеулердің дисконтталмаған шамасынан асып кетсе, компания осындай асып кету аванстық шығыстардың әкеліп соқтыратын шамасына қарай актив ретінде (аванс шығыстарының) тану керек; және

(b) активтің өзіндік құнына қосуға талап ететін немесе рұқсат беретін басқа Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты сол сыйақылар сомаларын есептемегенде шығыс ретінде (қараңыз: мысалы, 2-«Босалқылар» IAS және 16-«Негізгі құралдар» IAS)

Қызметтердің орнына төленуі тиісті қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылардың дисконтталмаған шамасын тануға тиіс.

11, 14 және 17-параграфтарда компанияның бұл талаптардың төленетін демалыс нысанындағы қысқа мерзімді сыйақыларға қалай қолданылуы тиіс екені түсіндіріледі.

Қысқа мерзімді төленетін демалыстар

11. Компания 10-параграфқа сәйкес қызметкерлерге төленетін демалыс нысанындағы қысқа мерзімді сыйақыларды төленуі күтілетін шығындарды мынадай:

(а) жинақталатын ақы төленетін демалыс кезінде – болашақ ақы төленетін демалысты пайдалануға қатысты олардың құқықтарын күшейтетін қызметкерлердің қызмет көрсету кезінде;

(b) жинақталмайтын ақы төленетін демалыс кезінде – тікелей демалыс басталған кезде тануы тиіс.

12. Қомпания қызметкерлердің әр түрлі себептермен, соның ішінде жыл сайынғы демалыс жағдайын, ауруы және қысқа мерзімді жұмыс жасауға жарамсыздығын, бала бағу кезінде, ант берген заседатель ретінде қызметке немесе әскер қызметін өтеу кезінде болмауын төлей алады. Ақы төленетін демалыс екі санатқа бөлінеді:

(а) жинақталатын; және

(b) жинақталмайтын.

13. Жинақталатын ақысы төленетін демалыстар, егер ағымдағы кезең ішінде толықтай пайдаланбаған болса, олардың мерзімі кейінгіге жылжытылып және келесі кезеңдерде пайдалануға болады. Жинақталмайтын ақысы төленетін демалыстар не өтем жасалатын (басқаша айтқанда, қызметкерлердің пайдаланбаған демалыстардың орнына ақшалай төлем құқығына ие), не өтем жасалмайтын (қызметкердің пайдаланбаған демалыстардың орнына ақшалай төлеулерді алуға құқығына ие болмаса) болуы мүмкін. Міндеттеме қызметкерлердің қызметті қалай көрсеткені, болашақта олардың пайдалана алатын ақы төленетін демалыстардың ұзақтығы ненің нәтижесінен көбейетініне байланысты шығады. Қызметкерлер өтем жасалмайтын жинақталған демалыс алу құқығын пайдаланғанға дейін жұмыстан шығу мүмкіндігі осы міндеттемені бағалауға ықпал еткен жағдайда да міндеттеме ақы төленетін демалыс өтелетін болып табылатын жағдайдың өзінде де күшін жоймайды және танылады.

14. Компания жинақталатын ақысы төленетін демалыстарды төлеуге күтілетін шығындарды қызметкерге төлеу болжанатын қосымша сома және есеп беру күнгі жағдайға байланысты жинақталған пайдаланбаған демалыстар ретінде бағалауы тиіс.

15. Алдыңғы параграфта анықталған әдіске сәйкес міндеттеме тек қана ерекшелік ретінде төлемдердің жинақталуына байланысты пайда болатын қосымша төлем шамасы бойынша бағаланады. Көпшілік жағдайда компанияда пайдаланбаған ақысы төленетін демалыстарға қатысты елеулі міндеттемелердің жоқ екендігі туралы қорытындыға келу үшін толық есептеу қажеттілігі жоқ. Мысалы, ауруына байланысты демалысқа қатысты міндеттеме ауруына байланысты пайдаланбаған демалыс ақысы төленетін демалыс ретінде алынуы мүмкін формальды немесе формальды емес болжауға негіз болған жағдайда ғана маңызды болады.

14 және 15-параграфтарды көрнекілендіретін мысал

Компанияда 100 қызметкер жұмыс істейді. Әрқайсысы ұзақтығы бес жұмыс күні болатын ауруына байланысты ақысы төленетін жыл сайынғы демалысқа құқығы бар. Ауруына байланысты пайдаланбаған демалыс бір жылға кейінгіге жылжытылуы мүмкін. Ауруына байланысты демалыс, ең алдымен ағымдағы жылға қатысты күн есебінен алынып, одан кейін алдыңғы жылдан жылжытылған пайдаланбай қалған демалыс есебінен алынады (ЛИФО негізінде). 20Х1 жылдың 31 желтоқсандағы жағдайы бойынша орташа есеппен ауруына байланысты ақысы төленетін пайдаланбаған демалыс бір қызметкерге екі күннен келді. Негізгі тенденциялары болашақта сақталуы болжанатын өткен тәжірибе негізінде компания 20Х2 жылы ауруына байланысты ақысы төленетін демалысты 92 қызметкердің бес күннен көп алмайтынын, ал қалған сегізі орта есеппен әрқайсысы алты жарым күннен алатынын күтеді.

20Х1 жылдың 31 желтоқсандағы жағдайы бойынша жиналған демалысты пайдаланбау нәтижесінде компания қосымша ауруына байланысты 12 күн демалысты төлейтінін болжайды (әрбір сегіз адамға шаққанда бір жарым күннен). Осылайша компания ауруға байланысты демалысты 12 күн көлемінде төлеу міндеттемесін таниды.

16. Жинақталмайтын ақысы төленетін демалыстар болашақ кезеңге ауыстырылмайды: ағымдағы жылы пайдаланылмаған немесе толық пайдаланылмаған жағдайда олар жойылады, және қызметкерлерге пайдаланбаған демалыс үшін ақшалай төлемдерді алуға құқық бермейді. Әдетте бұл ауруына байланысты демалысқа (өткен кезеңдердегі демалысты қаншалықты пайдаланбаса, болашақ кезеңдерде демалыстардың ұлғаймауы сондай дәрежеде болады), бала күтімі бойынша демалыс және ант берген отырыс төрағасы ретінде қызметке немесе әскери қызметін өтеу кезінде берілетін демалысқа қатысты. Компания қызметкер көрсеткен қызметіне сыйақы сомасының көбеюіне әкеліп соқтырмайтындықтан, демалыс кезеңі басталғанға дейін міндеттемелерді немесе шығыстарды танымайды.

Пайдаға және сыйлықаға қатысу жоспары

17. Компания 10-параграфқа сәйкес пайдаға қатысуға және сыйлықақыларды төлеуге жұмсалуы күтілетін шығындарды:

(а) компанияның ағымдағы немесе шартқа немесе заңнамаға сай туындайтын немесе өткен оқиғаларға байланысты осындай төлемдерді жүзеге асыруға міндеттемесі бар; және

(b) міндеттеме сенімді бағалануы мүмкін болған жағдайда ғана тануы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]