- •Қызметкерлерге берілетін сыйақылар
- •4. Қызметкерлерге берілетін сыйақыға:
- •8. Қысқа мерзімді сыйақыларға мынадай баптар кіреді:
- •Қызметтердің орнына төленуі тиісті қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылардың дисконтталмаған шамасын тануға тиіс.
- •Ағымдағы міндеттеме компанияның төлемдерді жасамауға нақты мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана болуы мүмкін.
- •(B) мыналарды ашуы тиіс:
- •31. Төменде жұмыс берушілер тобының белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарынан бір мысал келтірілген:
- •Бірлескен бақылаудың шеңберінде ұйымдар арасындағы тәуекелдерді бөлетін белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары
- •Егер компания осы сияқты заң жүзіндегі және жүктелген міндеттемелерді сақтайтын болса, төлемдер белгіленген жоспарға ұқсас жоспардың есебін жүргізуге тиіс.
- •98. Бұрынғы қызметтер құнына мыналар кірмейді:
- •Егер ауыспалы міндеттемелердің мөлшері компанияның бұрынғы саясатына сәйкес осы күні танылған міндеттемелердің мөлшерінен аз болса, ол осы азаюды 8 iаs Халықаралық стандартына сәйкес дереу тануы тиіс.
(B) мыналарды ашуы тиіс:
(і) жоспар белгіленген төлемдері бар жоспар болып табылатын ақпаратты; және
(іі) белгіленген төлемдері бар жоспар әдісі бойынша есеп әдісін жүргізуге ақпараттың жетіспеу себептерін; және
(с) зейнетақы жоспарындағы өсуі немесе тапшылық болашақ төлеу сомасына қаншалықты әсер ету мүмкін болса, соншалықты деңгейде қосымша мыналарды:
(і) көрсетілген өсу немесе тапшылық жөніндегі кез келген қолда бар ақпаратты;
(іі) өсуді немесе тапшылықты анықтау кезінде пайдаланылған базаны; және
(ііі) мұндайлар болған жағдайда компанияға келтірілген зардабын ашу.
31. Төменде жұмыс берушілер тобының белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарынан бір мысал келтірілген:
(а) жоспар бөлу әдісімен қаржыландырылады, ол мынаны білдіреді: жарна осы кезеңде есептелген зейнетақыларды төлеу үшін жеткілікті болып табылатын деңгейде белгіленеді; осы кезеңде істелген жұмысқа есептелетін зейнетақы болашақ жарналардан төленеді; және
(b) қызметкерлердің еңбекақысы олардың жұмыс стажының ұзақтығымен айқындалады, ал жоспарға қатысатын компанияны, компанияның жоспардан шыққан сәтіне дейін қызметкерлердің істеген жұмысына есептелетін зейнетақыларды қамтамасыз ету үшін жарналарды төлемейінше, жоспардан шығаратын нақты тәсіл жоқ. Мұндай жоспар компания үшін актуарлық тәуекел жасайды: есепті кезеңде істеген жұмысына есептелетін зейнетақының жиынтық мөлшері күтілетіннен жоғары мөлшерде болса, компания оның жарнасын көтеруге немесе төменгі зейнетақыға келісу үшін қызметкерді көзін жеткізуге мәжбүр болады. Осылайша, бұл жоспар төлемдер белгіленген зейнетақы жоспарын білдіреді.
32. Компанияда жұмыс берушілер тобының төлемдер белгіленген жоспар болып табылатын жоспарына қатысты жеткілікті ақпарат болған кезде, ол жоспар міндеттемелеріндегі, жоспар активтеріндегі және жоспарға байланысты еңбек қызметін аяқтағанда төлем жасауға арналған шығындарды өзінің теңбе-тең үлесіне төлемдер белгіленген кез келген басқа зейнетақы жоспары бойынша жүргізілетін есеп сияқты есеп жүргізеді. Алайда есеп жүргізу мақсаты үшін кейбір жағдайларда компания қаржылық жағдайдағы және жоспардың қаржылық көрсеткішіндегі өзінің үлесін бағалауға сенімділігі тиісті дәрежеде қабілетсіз болуы мүмкін. Бұл мынадай жағдайларда болуы мүмкін, егер:
(а) Компания осы Келісімнің талаптарын қанағаттандыруы ықтимал жоспар туралы ақпаратқа кіре алмайды; не
(b) жоспарға қатысушы компанияларды жоспарға қатысушы жекелеген компаниялар арасында міндеттемелерді, активтерді және шығындарды бөлуге арналған жүйесі және сенімді базаның болмауы себепті қазіргі уақытта жұмыспен қамтылған және басқа компаниялардың бұрынғы қызметкерлеріне байланысты актуарлық тәуекелдерге ұшырайды.
Компания мұндай жағдайларда жоспар үшін есепті, егер осы жоспар жарналары белгіленген зейнетақы жоспары болып табылған жағдайдағы сияқты есеп жүргізеді және 30-параграфқа сәйкес талап етілетін қосымша ақпаратты ашады.
32А. Жұмыс берушілер тобы мен оның қатысушыларының зейнетақы жоспарының арасында жоспар активтерінің өсімін қатысушылар арасында қандай тәсілмен бөлуді (немесе тапшылықты қаржыландыруды) айқындайтын шарттық келісімдер жасалуы мүмкін. Жұмыс берушілер тобының зейнетақы жоспарына осы жоспарды 30-параграфқа сәйкес белгіленген жарналары бар жоспар ретінде ескеретін осындай келісімі бар қатысушы осы шарттық келісімнен туындайтын активтер мен міндеттемелерді және одан туындайтын кірістер мен шығыстарды пайдаға немесе залалға тануы тиіс.
32А-параграфты көрнекілендіретін мысал
Жұмыс берушілер тобының төлемдері белгіленген жоспарына қатысушы ұйым өзінің оған қатысу үлесін 19-IАS негізінде бағаламайды. Тиісінше, ол осы жоспарды белгіленген жарналары бар жоспар сияқты есепке алады. 19-IАS негізінде құрылмаған жоспардың белгіленгендігін бағалау оның 100 млн. мөлшерінде тапшылығы бар екендігін көрсетеді. Жоспар шеңберінде оған қатысушы жұмыс берушілер тарапынан жарналар графигі туралы шарт жасалған, бұл осы тапшылықты жуық арадағы бес жыл ішінде жоюға мүмкіндік береді. Ұйым жарнасының жалпы сомасы осы шарт бойынша 8 млн. құрайды.
Ұйым ақшаның уақытша құнын, сондай-ақ пайдадағы немесе залалдағы шығыс сомасына тең сомаға өзгерту үшін түзету жасай отырып, осы жарналарға қатысты міндеттемені таниды. |
32В 37 Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер ХҚЕС бойынша ,кейбір шартты міндеттемелер жөнінде ақпаратты ашып көрсетуді талап етіледі.
Жұмыс берушілер тобының зейнетақы жоспарларына байланысты шартты міндеттемелер төмендегілерден туындауы мүмкін, мысалы:
(а) басқа қатысушы ұйымдарға байланысты актуарлық залалдар, өйткені жұмыс берушілер тобы жоспарына қатысушы кез келген ұйым әрбір қатысушы ұйымның актуарлық жоспарын бөледі; немесе
(b) одан басқа ұйымдар шыққан жағдайда оның тапшылығын қаржыландыру бойынша міндеттеме жоспарында көзделген.
33. Жұмыс берушілер тобының жоспарлары бірлесіп басқарылатын зейнетақы жоспарларынан өзгеше болады. Бірлесіп басқарылатын зейнетақы жоспарлары – бұл инвестициялау әкімшілік шығыстар мен инвестицияларды басқаруға арналған шығыстарды азайту мақсаттары үшін активтер пулын құру үшін біріктірілген, бірақ сонымен бірге әр түрлі жұмыс берушілердің талап ету құқықтары өз қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру мақсатында бөлінген әр түрлі жұмыс берушілердің зейнетақы жоспарларының жиынтығы. Бірлесіп басқарылатын зейнетақы жоспарлары есепке алу үшін қиындық келтірмейді, өйткені кез келген жеке жұмыс берушіге қолданылатын есепке алу тәртібі сияқты, оларға да осындай есепке алу тәртібін қолдану үшін әдетте олар туралы ақпарат жеткілікті, сондай-ақ көрсетілген бірлесіп басқарылатын жоспарлар қатысушы компанияларды жұмыс істеп жүрген және басқа компаниялардың бұрынғы қызметкерлеріне байланысты актуарлық тәуекелге ұшыратпайды. Осы Стандарттағы анықтамалар компанияның бірлесіп басқарылатын зейнетақы жоспарларын жоспардың талаптарына сәйкес (формальды талаптардың шегінен асатын кез келген жүктелген міндеттемелерді қоса алғанда) жарналары белгіленген жоспарлар және төлемдер белгіленген жоспарлар ретінде жіктеуін талап етеді.
