- •34 Ias халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
- •Анықтамалар
- •Аралық қаржы есептілігінің ең аз құрамдастары
- •Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкестікті ашу
- •Аралық қаржы есептілігін ұсыну талап етілетін кезеңдер
- •Жылдық қаржы есептілігінде ашып көрсету
- •Тану және бағалау қағидаттарын қолдану
- •Бағалауларды пайдалану
- •Аралық кезеңдердің есептілігінде бұрын көрсетілгендерді қайта есептеу
Аралық қаржы есептілігінің ең аз құрамдастары
8. Аралық қаржы есептілігіне ең аз дегенде мынадай құрамдас бөліктер кіруге тиіс:
(а) ықшамдалған бухгалтерлік баланс;
(b) толық табыс туралы ықшамдалған есеп, төмендегілердің біреуі ретінде ұсынылған:
(і) ықшамдалған жалғыз есеп; немесе
(іі) ықшамдалған бөлек табыс туралы есеп және толық табыс туралы ықшамдалған есеп;
(с) үлестегі өзгерістер туралы ықшамдалған есеп;
(d) ақша қаражатының қозғалысы туралы ықшамдалған есеп; және
(е) ішінара түсіндірме жазбалар.
8А Егер кәсіпорын пайда немесе шығынның компонентін 1 IAS Қаржылық есептіліктерді ұсыну (2007 жылы қайта қаралғандай) ХҚЕС-ының 81 тармағынада сипатталғандай бөлек табыс туралы есепте ұсынса, ол сол бөлек есептен ықшамдалған аралық ақпаратты ұсынады.
Аралық қаржы есептілігінің нысаны және мазмұны
9. Егер компания өзінің аралық қаржы есептілігі ретінде қаржы есептерінің толық жиынтығын жариялайтын болса, онда осы құжаттардың нысаны мен мазмұны қаржылық есептердің толық жиынтығына қойылатын 1 IAS Халықаралық стандартының талаптарына сәйкес болуға тиіс.
10. Егер компания өзінің аралық қаржы есептілігі ретінде ықшамдалған қаржы есептерінің жиынтығын жариялайтын болса, онда бұл ықшамдалған есептілікке, ең аз дегенде, осы Стандартта талап етілетін соңғы жылдық қаржы есептілігіне енгізілген тақырыптар мен аралық сомалардың әрқайсысы және ішінара түсіндірме ескертулер кіруге тиіс, егер қосымша баптардың немесе ескертулердің болмауы ықшамдалған аралық есептіліктің жаңылыс басуына әкелген жағдайда, олар кіргізілуге тиіс.
11. Аралық кезең ішіндегі пайдалар мен шығындар компоненттерін ұсынатын есепте, кәсіпорын 33 «Акцияға келетін табыс» (IAS) ХҚЕС -тың шегінде болғанда, кәсіпорын сол кезең ішіндегі акцияға келетін негізгі және таратылған табысты ұсынуы тиіс*.
11А Егер кәсіпорын пайда немесе шығынның компонентін 1 IAS Қаржылық есептіліктерді ұсыну (2007 жылы қайта қаралғандай) ХҚЕС-ының 81 тармағынада сипатталғандай бөлек табыс туралы есепте ұсынса, ол бір акцияның базалық және таратылған табысын сол бөлек есепте ұсынады.
12. 1 IAS (2007 жылы қайта қаралғандай) Халықаралық стандартында қаржы есептілігінің құрылымы бойынша нұсқаулар бар. 1 IAS Халықаралық стандартын қолдану жөніндегі нұсқаулықта балансты, толық табыс туралы есепті және үлестегі өзгерістер туралы есепті ұсыну нысандарын көрнекілендіретін мысалдар келтіріледі.
13. [жойылған]
14. Егер компанияның ең соңғы жылдық есептілігі шоғырландырылған есептілік болса, аралық қаржы есептілігі шоғырландырылған негізде жасалады. Бас компанияның қаржы есептілігінің жекелеген нысандары ең соңғы жылдық қаржы есептілігіндегі шоғырландырылған есептілікпен келісілмейді немесе салыстырыла алмайды. Егер компанияның жылдық қаржы есептілігі шоғырландырылған қаржы есептілігіне толықтыру ретінде бас компанияның қаржы есептілігінің жекелеген нысандарын қамтыған болса, онда осы стандарт бас компанияның қаржы есептілігінің жекелеген нысандарын компанияның аралық қаржы есептілігіне қосуды талап етпейді және қосуға тыйым салмайды.
Ішінара түсіндірме ескертулер
15. Компанияның аралық қаржы есептілігін пайдаланушы осы компанияның соңғы жылдық қаржы есептілігін де пайдалана алатын болады. Осылайша, аралық қаржы есептілігіне ескертулерге соңғы жылдық есептіліктің ескертулерінде ұсынылған ақпараттың салыстырмалы түрде маңызды емес жаңартылуын кіргізудің қажеттілігі жоқ. Аралық есептілік күніне қаржылық жағдайдағы және компанияның соңғы жылдық есептілік күнінен басталған қызмет нәтижелеріндегі өзгерістерді пайымдау үшін маңызды болып табылатын оқиғалар мен операцияларды түсіндіру барынша пайдалы.
16. Мына төмендегі ақпарат маңызды және аралық қаржы есептілігінде еш жерде әлі ашылмаған болса, компания, ең аз дегенде, оны аралық қаржы есептілігінің ескертулеріне енгізуге тиіс. Ақпарат, әдетте, қаржы жылының негізінде ұсынылуға тиіс. Алайда, компания сондай-ақ ағымдағы аралық кезеңді пайымдау үшін маңызы бар кез келген оқиғалар мен операциялардың мәнін ашуға тиіс:
(а) аралық қаржы есептілігінде соңғы жылдық қаржы есептілігінде пайдаланылған есеп саясаты және есептеу әдістері пайдаланылғаны туралы хабарлама немесе, егер бұл саясат және әдістер өзгерген болса, бұл өзгерістің сипаты мен әсеріне сипаттама;
(b) аралық операциялардың маусымдылығы немесе циклдығы туралы түсіндірме түсініктемелер;
(с) активтерге, міндеттемелерге, капиталға, таза пайдаға ықпал ететін баптардың сипаты және сомасы немесе қызметінің сипатына, мөлшеріне немесе саласына орай компания үшін ерекше болып табылатын ақша қаражатының ағыны;
(d) ағымдағы қаржы жылының өткен аралық кезеңдерінде ұсынылған сомаларды бағалаудағы өзгерістердің немесе, егер ағымдағы аралық кезеңге елеулі ықпал ететін болса, өткен қаржы жылдарында ұсынылған сомаларды бағалаудағы өзгерістердің сипаты және сомасы;
(е) борыштық және үлестік бағалы қағаздардың эмиссиясы, сатып алу және өтеу;
(f) жай акциялар және басқа акциялар бойынша төленген дивиденд (жалпы көлемі немесе акцияға шаққанда);
(g) сегмент есептілігінің бастапқы негізі, қайсысы екендігіне қарай, шаруашылық немесе географиялық сегменттер үшін сегмент кірісі және сегмент нәтижесі, осыған орай болып табылады (14-«Сараланымдық есептілік» IAS компаниядан өзінің жылдық қаржы есептілігінде сегменттік деректерді ашуын талап еткен жағдайда ғана компанияның аралық қаржы есептілігінде сегменттік ақпаратты ашу талап етіледі);
(h) аралық кезеңнің қаржы есептілігінде көрсетілмеген, аралық кезең аяқталғаннан кейін болған елеулі оқиғалар;
(і) Кәсіпорындарды біріктіруді, еншілес компанияларды басқаруға ие болу және басқарудан айрылу мен ұзақ мерзімді инвестицияларды сатып алуды немесе сатуды, қайта құрылымданған және тоқтатылған қызметті қоса, аралық кезең ішінде ұйымның құрамындағы өзгерістердің әсері. Кәсіпорындарды біріктіру мәселесі бойынша, кәсіпорын 3-«Бизнес бірлестіктері» IFRS Халықаралық стандартында қамтылған ақпаратты ашуға міндетті; және
(j) соңғы есептік күннен кейін болған шартты міндеттемелердегі немесе шартты активтердегі өзгерістер.
17. 16-параграф талап ететін ақпараттарды ашудың мысалдары төменде көрсетілген. Жекелеген Стандарттар мен Түсіндірмелер төмендегі көптеген баптар бойынша ақпарат ашуға қатысты мынадай нұсқаулар береді:
(а) қорларды ықтимал таза сату құнының шамасына дейін есептен шығару және мұндай есептен шығаруларды тиісінше қайтару;
(b) негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің немесе басқа активтердің құнсыздануынан болған залалды тану және құнсызданудан болған осындай залалды қайтару;
(с) қайта құрылымдауға жұмсалған шығындар бойынша кез келген бағалау міндеттемелерін қайтару;
(d) негізгі құралдар объектілерін сатып алу және шығару;
(е) негізгі құралдарды сатып алу бойынша міндеттемелер;
(f) cот дауларын реттеу;
(g) бұрынғы кезеңдегі қателерді түзету;
(h) [жойылған];
(і) тікелей есептік күні немесе есептік күнге дейін жойылмаған барлық дефолттар немесе заемдар туралы келісімдердің талаптарын бұзу;
және
(j) байланысты тараптармен операциялар.
18. Басқа Стандарттар қаржы есептілігінде жасалынуы тиіс ақпаратты ашуды айқындайды. Бұл мәтінде қаржы есептілігі, әдетте, жылдық қаржы есептілігіне қосылатын және кейде басқа есептерге қосылатын қаржылық есептердің толық жиынтығын білдіреді. Егер ұйымның аралық қаржы есептілігі қаржылық есептердің толық жиынтығынан емес, тек қана ықшамдалған қаржы есептілігінен және іріктелген түсіндірме ескертулерден тұратын болса, 16(і)-параграфқа сәйкес талап етілетін жағдайлардан басқа кезде, басқа Стандарттарда көзделген ақпаратты ашу талап етілмейді.
