Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_2008_IAS-34.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
102 Кб
Скачать
☆

Жылдық қаржы есептілігінде ашып көрсету

26. Егер аралық есептілікте ұсынылған соманы бағалау қаржы жылының қорытынды аралық кезеңі ішінде елеулі өзгеретін болса, бірақ осы қорытынды аралық кезеңі ішіндегі қаржы есептілігінің жекелеген нысаны жарияланбайтын болса, онда бағалаудағы осы өзгерістің сипаты және сомасы осы қаржы жылындағы жылдық қаржы есептілігінің ескертулерінде ашылуға тиіс.

27. 8 IAS Халықаралық стандарты не ағымдағы кезеңде елеулі ықпал ететін, не, күткеніміздей, келесі кезеңдерде елеулі ықпал ететін бағалаудағы өзгеріс сомасының сипатын ашуды (егер бұл мүмкін болса) талап етеді. Осы Стандарттың 16(d)-параграфы аралық қаржы есептілігінде осындай ашуды талап етеді. Мысалдарға осы қаржы жылының бұрынырақтағы аралық кезеңінде есептілікте ұсынылған қорларды есептен шығаруға, қайта құрылымдауға немесе құнсызданудан болған залалдарға жататын қорытынды аралық кезеңдегі бағалаудағы өзгерістер кіреді. Алдыңғы параграфта талап етілген ақпаратты ашу 8 IAS Халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келеді және тек бағалаудағы өзгеріске ғана қатысты қолдану саласын ықшамдауға арналған. Компаниядан жылдық қаржы есептілігіне аралық кезеңнің қосымша қаржылық ақпаратын қосу талап етілмейді.

ТАНУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

Есеп саясатының жылдық саясаттың бір бөлігі ретіндегі элементтері

28. Компания аралық қаржы есептілігінде келесі жылдық қаржы есептілігінде көрсетілуге тиіс соңғы жылдық қаржы есептілігі жасалған күннен кейін болған есеп саясатындағы өзгерістерді қоспағанда, жылдық қаржы есептілігіндегі есеп саясатын қолдануға тиіс. Алайда, компания есептілігінің кезеңділігі (жылдық, жартыжылдық немесе тоқсандық) оның жылдық нәтижелерін бағалауға ықпал етпеуі тиіс. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін бағалаулар аралық есептілікті жасау кезінде жыл басынан бастап белгіленген күнге дейін өткен кезең негізінде жасалуы тиіс.

29. Компанияның өзінің аралық қаржы есептілігінде жылдық қаржы есептілігіндегі есеп саясатын қолдануды талап етуі аралық кезеңнің бағалаулары әрбір аралық кезеңнің бөлек тәуелсіз есептік кезеңі тәрізді болып табылатындай болжам туғызуы мүмкін. Қалай болғанда да, компанияның есептілікті ұсыну жиілігі жылдық нәтижелердің бағаларына ықпал етпеуге тиіс, 28-параграф аралық кезеңнің қаржы жылының бір бөлігі болып табылатындығын растайды. Жыл басынан бастап есеп жасалған күнге дейінгі бағалаулар ағымдағы қаржы жылының алдыңғы аралық кезеңдерінде ұсынылған сомаларды бағалаудағы өзгерістерге әкелуі мүмкін, бірақ, аралық кезеңдерге арналған активтерді, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды тануға арналған қағидаттар жылдық қаржы есептілігіндегі қағидаттар сияқты.

30. Көрнекілендіру үшін:

(а) аралық кезеңдегі қорларды ішінара есептен шығарулардан, қайта құрылымдаудан немесе құнсызданудан болған залалдарды тану және бағалау қағидаттары, компания тек жылдық қаржы есептілігін жасаған жағдайда ғана қолданатын қағидаттар секілді болады. Алайда, егер осындай баптар бір аралық кезеңде танылатын және бағаланатын болса, ал бағалау сол қаржы жылының кейінгі аралық кезеңінде өзгеретін болса, онда бастапқы бағасы келесі аралық кезеңде не залалдың қосымша сомасын қосу не бұрын танылған соманы қалпына келтіру арқылы өзгереді;

(b) аралық кезеңнің аяғында активті айқындауға жауап бермейтін шығындар активтің анықтамасын қанағаттандыратын-қанағаттандырмайтыны туралы болашақ ақпаратты алу сәтіне дейін де, қаржы жылының ішіндегі аралық кезеңдер бойында пайданы тең етіп бөлу үшін де бухгалтерлік баланста көшірілмейді; және

(с) пайдаға салық төлеу бойынша шығыстар әрбір аралық кезеңде бүкіл қаржы жылы үшін күтулі пайдаға салынатын салықтың орташа алынған жылдық ставкасының ең жақсы деген бағалауы негізінде танылады. Бір аралық кезеңдегі пайдаға салынатын салық төлеу бойынша есептелген шығыстардың сомалары, егер пайдаға салынатын жылдық салық ставкасының есептік бағасы өзгеретін болса, сол қаржы жылының кейінгі аралық кезеңінде түзетіледі.

31. «Қаржы есептілігін әзірлеу және ұсыну тұжырымдамасына» (тұжырымдама) сәйкес тану дегеніміз – бұл «элементті айқындамасына жауап беретін және тануға арналған критерийлерді қанағатандыратын баптарды бухгалтерлік балансқа немесе пайдалар мен залалдар туралы есепке қосу процесі». Активтер, міндеттемелер, кірістер мен шығыстар айқындамаларының жылдық есептілік секілді, аралық қаржы есептілігінің күнін тану үшін іргелі мәні бар.

32. Активтерге аралық күндерде және қаржы жылының аяғында компанияның болашақ экономикалық пайдаларының бірдей тексерістері қолданылады. Қаржы жылының аяғында өзінің сипаты бойынша активтер ретінде жіктелінбейтін шығындар аралық күндерде де жіктелмейтін болады. Аралық есептілік күніндегі міндеттеме тура осылай, жылдық есептілікті жасау күнгі болатын осы күнгі нақты міндеттемені білдіруі тиіс.

33. Орын алған активтер мен міндеттемелердің тиісті келулері мен шығулары табыстың (түсімнің) және шығыстардың маңызды сипаттамасы болып табылады. Егер осы түсімдер мен шығулар болып өтсе, онда тиісті кірістер мен шығыстар танылады, әйтпесе олар танылмайды. Қаржы есептілігін әзірлеу және ұсыну тұжырымдамасында «сенімді түрде анықтала алатын активтің азаюына немесе міндеттеменің көбеюіне байланысты болашақ экономикалық пайдаларда азаю туындаған кезде шығыстар пайдалар мен залалдар туралы есепте танылады... Қаржы есептілігін әзірлеу және ұсыну тұжырымдамасы активтердің немесе міндеттемелердің айқындамасын қанағаттандырмайтын баптарды бухгалтерлік баланста тануға рұқсат бермейді» делінген.

34. Қаржы есептілігінде көрсетілген активтерді, міндеттемелерді, кірістерді, шығыстарды және ақша қаражатының қозғалысын бағалау кезінде жылдық есептілікті ғана ұсынатын компания бүкіл қаржы жылы бойында алынған ақпаратты есепке ала алады. Оны бағалау іс жүзінде жыл басынан бастап есепті ұсынған күнге дейін болған кезең негізінде жүзеге асырылады.

35. Жартыжылдық есептілікті беретін компания бағалауды жүзеге асыру үшін өзінің қаржы есептілігінде бірінші алты ай үшін жыл ортасында немесе тікелей жартыжылдық аяқталғаннан кейінгі бар ақпаратты, ал он екі айлық кезең үшін - жыл аяғында немесе тікелей жыл аяқталғаннан кейінгі бар ақпаратты пайдаланады. Он екі айлық көрсеткіштер есептілікте бірінші алты ай үшін ұсынылған сомаларды бағалаудағы ықтимал өзгерістерді көрсететін болады. Бірінші алты айлық кезең үшін аралық қаржы есептілігінде ұсынылған сомалар ретроспективті түрде түзетілмейді. Алайда 16 (d) және 26-параграфтар бағалауларға кез келген елеулі өзгерістердің сипаты мен сомасының ашылуын талап етеді.

36. Өзінің есептілігін жарты жылда бір реттен жиі өткізетін компания кірістер мен шығыстарды қаржы есептілігінің әрбір жиынтығы жасалатын кездегі бар ақпаратты пайдалана отырып, жыл басынан бастап әрбір аралық кезең үшін есептік күнге дейін өткен кезең негізінде айқындайды. Ағымдағы аралық кезеңде ұсынылған кірістер мен шығыстардың сомалары осы қаржы жылының алдыңғы аралық кезеңдерінде ұсынылған сомаларды бағалаудағы кез келген өзгерістерді көрсететін болады. Өткен аралық кезеңдерде ұсынылған сомалар ретроспективті түрде түзетілмейді. Алайда 16 (d) және 26-параграфтар есептік бағалауларға кез келген елеулі өзгерістердің сипаты мен сомасының ашылуын талап етеді.

Маусымдық, циклды немесе кездейсоқ алынатын түсім

37. Қаржы жылының ішінде алынатын маусымдық, циклды немесе кездейсоқ түсім, егер болжамдар және кейінге қалдыру компанияның қаржы жылының аяғында бөлінбейтін болса, болжанбауға немесе аралық есептілік күнгі жағдайы бойынша көшірілмеуге тиіс.

38. Мысалдарға дивидендтік кіріс, лицензиялық төлемдер және мемлекеттік субсидиялар кіреді. Бұдан басқа, кейбір компаниялар басқа аралық кезеңдерге қарағанда, қаржы жылының белгілі бір аралық кезеңдерінде ізінше молырақ түсім алады, мысалы, бөлшек сауда жасайтын саудагерлердің маусымдық түсімі. Мұндай түсім ол туындаған жағдайда ғана танылады.

Қаржы жылының ішінде біркелкі шекпеген шығындар

39. Компанияның қаржы жылының ішінде біркелкі туындамаған шығындары, егер және тек қана егер де шығындардың бұл түрін болжау және қаржы жылының аяғына көшіру орынды болса ғана, аралық есептіліктің мақсаты үшін болжануға және көшірілуге тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]