- •Лекция 4. Экотоксикология. Қосылыстардың уыттылығын бағалау принциптері Жалпы токсикология. Улар туралы жалпы түсінік. Улардың жіктелуі
- •Улы заттардың жіктелуі
- •1. Эндогендік улар - әртүрлі патологиялық құбылыстар кезінде ағзаның өзінде пайда болатын улар (нитрат, нитрит, индол, скатол т.Б.).
- •Пестицидтердің негізгі зиянды параметрлеріне қарай гигиеналық жіктелуі.
- •Уланулар туралы жалпы түсінік. Улардың ағзаға енуі және сыртқа бөлініп шығу жолдары.
- •Улы заттар токсиметриясының негізгі критерилеріне (өлшем бірліктеріне) сипаттама :
- •Удың жануарлар ағзасына әсері
- •Малдың улы заттарға сезімталдығы
- •Ағзаның жағдайы
- •Удың ағзаға ену жолдары
- •Удың ағзаға таралуы және оның талғамалы әсері
- •Улы заттардың ағзадағы күйі және оларды залалсыздандыру жолдары
- •Ағзадан удың бөлінуі
- •Жіті және созылмалы уланулар туралы түсінік
- •2. Созылмалы улану - көбінесе клиникалық белгілердің жасырын өтуімен және жануарлардың жалпы жағдайының аз ғана өзгеруімен сипатталады.
- •Уланудың пайда болуы ( шығу тегі) және себебі
- •Улануды клиникалық бағалау
- •1. Ас қорыту жүйесіндегі өзгерістер - пальпация кезінде ауырсыну, құсу, іш өту (газ жиналу – тимпания).
- •2. Жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы - талма,қозу және қысылу, жоғары сезімталдық (гиперестезия) , т.Б.
- •Уланудағы болжау
- •Уланған мал өлексесіндегі патологиялық-анатомиялық өзгерістер
- •Улануды емдеудің жалпы принциптері Улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек
- •Уланудың алдын алу
- •Ауыл шаруашылығы малдарының азықтары
- •Ауыл шаруашылық малдарының азығындағы нитрат және нитриттердің қолдануға болатын шектеулі мөлшері
- •Соттық -ветеринарлық сараптау
- •Соттық-ветеринарлық сою
- •Токсикологиялық талдау
- •Орап-қаптау және зертханаға жіберу
- •Токсикологиялық талдаудың негізгі тексеру әдістері
- •1. Биологиялық әдіс
- •2.Биохимиялық әдіс
- •3. Химиялық әдіс
- •4. Физикалық-химиялық әдіс.
- •5. Ботаникалық әдіс
Уланудың алдын алу
Ауыл шаруашылығын жаппай химияландыру жағдайында малдардың, сонымен қатар, құстардың, балықтардың және бал араларының улануының алдын-алу – мал дәрігерлерінің және т.б. ауыл шаруашылығы мамандарының біліктілігін көрсететін негізгі міндет. Бұл мамандар минералды тыңайтқыштардың қолданылу уақытын, ағзаға әсерін және қауіптілік деңгейін білгені жөн. Мысалы, аммиак селитрасы мақта талшығы, күнжаралармен әсерлескенде жарылғыш келеді; сусыз аммиак тез жанғыш зат, ауамен әрекеттесіп, жарылыс тудыруы мүмкін; мочевинаны дайындау ережелерін дұрыс сақтамау өте уытты биуреттер түзілуіне әкеліп соқтырады; аммоний сульфатын роданды натриймен немесе аммониймен араластырса, уыттылығы арта түседі; бутифос, антио, кельтан, сайфос,севин жарылыс немесе өрт тудыратын қасиеттерімен ерекшелінетін пестицидтер. Сонымен қатар, бромды метил, глифтор, гранозан, зоокумарин, меркургексан, мырыш фосфиді уыттылығы өте күшті заттар болса, реглон, фталофос, гексахлоран жоғары уытты заттар қатарына жатады.
Пестицидтермен өңделген жайылымдарда малдарды жаю 25 күннен кейін жүргізілуі керек. Пестицидтер сақталынатын қоймаларды, тыңайтқыштарды себетін құрал-жабдықтарды, машиналарды балық шаруашылығы орналасқан жерлердегі су көздерінен 2000 м қашықтықта, елді мекендер мен мал қораларды, суаттардан 200 м қашықтықта орналастырған дұрыс. Ұшақтармен дәрі себу немесе бүрку жұмыстарын елді мекендерден және мал шаруашылығы орналасқан жерлерден 1000 м, балық шаруашылығы орналасқан жағалаулардан 2000 метрден кем қашықтықта жүргізуге тиым салынады. Улы химикаттарды пайдаланушыға жеткізу және оларды пайдалану ережелерімен таныстыру (инструкция) уланудың алдын алуда маңызды орын алады. Бұл инструкцияларда шаруашылықта қолданылатын препараттардың қасиеті, олардың өсімдіктердің қандай зиянкестеріне қарсы тағайындалғандығы туралы, олардың қолданылу формасы және уақыты көрсетілуі керек. Инструкцияда тағайындалған көрсеткіштердің бақылауда болуына шаруашылықтың басқарушысы жауапты болады.
Улы химикаттарды далада, егіс алқабында және басқа орындарда қараусыз қалдыруға тиым салынады. Қолданылмаған улы химикаттардың қалдығын тез арада қоймаға қайтару керек немесе оларды инструкциясына сай жою керек. Ондай улы заттарды жоятын жер, ағын су, мал жайылатын жерлерден және қоралардан алыс болуы шарт.
Ауыл шаруашылығы малдарының азықтары
құрамындағы пестицидтердің қолдануға болатын
шектеулі мөлшері және оларды анықтау әдістері
Пестицидтер |
Қолдануға болатын қалдық мөлшер
|
Пестицидтерді Анықтау әдістері |
Әдістің Сезім-ғы Мг/кг
|
|
Сүтті малдарға және жұмыртқалайтын тауықтар үшін |
Бордақы малдар мен құстарға |
|||
Альдрин |
қолданылмайды |
қолданылмайды |
Жұқа қабатты хроматография |
0,05 |
Антио |
2,0 |
2,0 |
Жұқа қабатты хроматография |
0,1 |
Атразин |
1,0 |
1,0 |
Жұқа қабатты хроматография |
0,1 |
Бутифос |
3,0 |
3,0 |
Жұқа қабатты хроматография |
0,5 |
Валексон |
- |
0,6 |
Газды хроматография |
0,05 |
Гептахлор |
қолданылмайды |
қолданылмайды |
Жұқа қабатты хроматография |
0,05 |
ДДҮ |
0,05 |
0,05 |
Жұқа қабатты хроматография |
0,05 |
Дурсбан |
0,2 |
0,2 |
Газды хроматография |
0,04 |
Дилор |
қолданылмайды |
0,1 |
Газды хроматография |
|
Дифос |
қолданылмайды |
0,25 |
Газды хроматография |
|
Карбофос |
2,0 |
5,0 |
Жұқа қабатты хроматография |
0,1 |
Кельтан |
қолданылмайды |
0,05 |
Жұқа қабатты хроматография |
|
Метафос |
қолданылмайды |
0,5 |
Жұқа қабатты хроматография |
|
Полихлорпинен |
қолданылмайды |
0,25 |
Жұқа қабатты хроматография |
0,04 |
Құрамында сынап бар препарат |
қолданылмайды көк шөп, дәнді-дақыл құрамында 0,02 мг/кг, құрама жем,балық ұны құрамында 0,05 мг/кг -нан аспауы керектігі ескеріледі
|
|
Жұқа қабатты хроматография |
0,05- 0,005 |
Фосфамид |
2,0 |
2,0 |
Жұқа қабатты хроматография |
0,1 |
Фталофос |
1,0 |
2,0 |
Жүқа қабатты хроматография |
0,1 |
Хлорофос |
1,0 |
3,0 |
Жүқа қабатты хроматография |
0,05 |
