Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsia_4_1Word.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
238 Кб
Скачать
☆

4. Физикалық-химиялық әдіс.

Бұл әдісті іс-тәжірибе жүзінде қолдану өте тиімді, жұқа қабатты және газдық хроматография әдістерінен тұрады. Жұқа қабатты әдіс-хроматографиялық пластинкада жылжымалы ерітінділердің бір нүктеден (старт) екінші нүктеге (финиш) дейінгі жылжу ара қатынасына негізделген. Сапалық анықтауды сынама әсерінен түзілген дақ мөлшерін үлгілік ерітіндімен салыстыру барысында жүргізеді. Газдық хроматография әдісі – хлорорганикалық және фосфорорганикалық қосылыстарды анықтауда кеңінен қолданылатын токсикологиялық талдаудың қазіргі замандық физикалық-химиялық әдісі.

5. Ботаникалық әдіс

Улы өсімдіктің бар-жоғын анықтауда мал жейтін азықты тексерудің маңызы өте зор. Мұндай жағдайда біріншіден, жайылым, кейбір жағдайларда астаудағы азық қалдығы тексеріледі. Тексерілетін азық құрамынан улы өсімдіктерді табу тексерудің ботаникалық әдісіне негізделген.

Азықты және жайылымды ботаникалық тексеру улы өсімдіктердің токсикологиясын және морфологиясын жақсы білетін мамандардың қатысуымен жүргізілуі қажет.

Ботаникалық және фитотоксикалық тексерудің мақсаты – жайылымнан немесе азық құрамынан уландыруға күдікті улы өсімдіктерді табу. Егер ондай өсімдіктер кездессе, оның азықтағы мөлшерін, өсу орнын және уытты бөлімдерін анықтау.

Улы өсімдіктер жайлы толық деректер алу үшін, төмендегі көрсеткіштерге көңіл бөлген жоғары дәрежелі нәтиже беретіні даусыз:

1). Өсімдіктің түрімен танысу

2). Жайылымдағы малдың улы өсімдікке деген тәбеті, яғни малдың улы өсімдікті жеу – жемеуі

3). Улану сәтін және күнін анықтау. Мұндай деректерді есепке алу, синил қышқылының түзілуінен, өсімдікке күн көзінің әсер етуінен болатын өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.

4). Мал бағушылардан, жергілікті тұрғындардан жайылым жағдайын, мал күйі жайлы анамнездік деректер жинау. Мұндай деректер нәтйжесінде патологиялық процесс басталардағы малдың көңіл-күйін, улану сипатын, улану себебін білуге болады.

Өзінді бақылау сұрақтары

1. Токсикология, оның мазмұны, ролі және маңызы.

2. “У” және “улану” туралы ұғым

3. Пестицидтер. Әсер етуіне байланысты жіктелуі.

4. Улы заттардың негізгі токсиметрлік өлшем бірліктері.

5. Улы заттардың уыттылығына байланысты жіктелуі.

6. Улы заттардың зияндылығына байланысты жіктелуі.

7. Удың ағзаға түсу және бөлініп шығу жолдары.

8. Улы заттардың токсикодинамикасы

9. Улы заттардың организмдегі кумуляциясы және оның түрлері.

10. Уытты заттардың эмбриогенді, тератогенді, мутагенді және концерогенді әсерлері туралы түсінік.

11. Улануды соттық-ветеринариялық сараптау.

12. Уланулардың алдын алу.

13. Уланулар кезіндегі емдеу және диагноз қоюдың жалпы принциптері.

14. Уланулардың химиялық-токсикологиялық талдау әдістері.

15. Улануды дифференциалдық балау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]