- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Сабақтың технологиялық картасы
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Сабақтың технологиялық картасы
- •Тақырыбы: Интернет желісі. Түсіндірме сөздіктер.
- •Интернет желісі
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Сабақтың технологиялық картасы
- •Сабақтың технологиялық картасы
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Сабақтың технологиялық картасы
- •Жаңа сабақ : қауіпсіздік техникасының ережелері
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Сабақтың технологиялық картасы
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Сабақтың технологиялық картасы
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Сабақтың технологиялық картасы
- •Жаңа сабақ : Ақпаратты технология және маман қызметі.
- •Есімдікті сөз таптарының жасалу жолдары
- •4 Тапсырма Қазақ тіліне жазбаша аударыңыз.
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Сабақтың технологиялық картасы
- •Жаңа сабақ : Кәсіпкер және кәсіпкерлік.
- •Етістік. Етістіктің категориялары
- •4 Тапсырма Қазақ тіліне жазбаша аударыңыз.
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Сабақтың технологиялық картасы
- •Жаңа сабақ : Іскерлік қарым-қатынас
- •1.Мира умывается. 2.Причешись! 3.Пользуйся моей тетрадью. 4.Вытрись полотенцем. 5.Задумайся! 6.Вдали виднеется машина. 7.Почистись снегом. 8.Берегись!
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Сабақтың технологиялық картасы
- •Жаңа сабақ Сөйлеу мәдениеті
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Сабақтың технологиялық картасы
- •Жаңа сабақ Келіссөздер мен іскерлік әңгіме
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Сабақтың технологиялық картасы
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Сабақтың технологиялық картасы
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Сабақтың технологиялық картасы
- •Жаңа сабақ : Еңбекті қорғаудың заңнамалары
- •Сөз тіркестері мен сөздердің байланысу түрлері
Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
«Орталықазия техника-экономикалық колледжі» білім мекемесі
Сабақтың технологиялық картасы
Пән : Кәсіби қазақ тілі
Мерзімі Топ
Сабақтың № 22
Тақырыбы: Электронды поштамен жұмыс істеу принциптері. Терминологиялық сөздіктер.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Электронды поштамен жұмыс істеу принциптері жайлы айтып түсіндіру. Терминологиялық сөздіктер туралы жалпы түсінік беру.
Дамытушылық: ауызекі тілде еркін сөйлеуге дағдыландыру. Терең ойлау қабілетін, сөздік қорларын, сөйлемде дұрыс пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Электронды пошта байланысын дұрыс пайдалануға, әр тапсырманы ұқыпты және таза орындауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
а) оқу-көрнекілік құралдар: оқулық, презентация.
б) үлестірмелі материалдар: үлестірмелі қағаздар.
в) ТОҚ : компьютер, кинопроектор.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, информатика
Қолданатын әдебиет:
Негізгі: Кәсіби қазақ тілі. Ұ.С.Байсақалова, қазақ тілі Ш.Бектұров, Ш.Бектұрова, Шәудірова
Қосымша : Қазақ тілі Ф.Оразбаева, Қазақ тілі С.Жиенбаев, Қазақ тілі Ж.Адамбаева, К.Сариева, Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу. Г.Байжанова
Өз бетінше жұмыс: Болашақ мамандығы туралы баяндама немесе шығарма жазу.
Сабақтың өту барысы :
Ұйымдасытру кезеңі : Амандасу.
Гимды орындау.
Оқушыларды түгендеу.
Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру: Өткен тақырып бойынша оқушылардың білік-дағдысын сұрақ-жауап арқылы тексеру.
Жаңа сабақ : Электронды поштамен жұмыс істеу принциптері.
Электрондық пошта жүйесі үш бөліктен тұрады:
-қолданушы агенті –әрбір тұтынушыға мәліметтерді оқуға және жаңасын құрастыруға мүмкіндік береді;
-тасымалдау агенті-мәліметтерді бір компьютерден екінші компьютерге жеткізеді;
- жеткізу агенті-мәліметтерді оны алушының пошта жәшігіне салып кетеді.
Қолданушы агенті –тұтынушыларға мәліметтерді оқуға және жіберілетін пошталық хабарларды құрастыруға мүмкіндік беретін программалар жиыны.
Тасымалдау агенттері- поштаны қолданушы агенттерден қабылдап алып, оны алушылардың адрестерін анықтап, мәліметтерді ары қарай тасымалдау мақсатында басқа компьютерлерге жеткізуді қамтамасыз ететін программалар жиыны.
Жеткізу агенттері- поштаны тасымалдау агенттерінен қабылдап, оны тиісті пайдаланушыларға жеткізетін программалар тобы.
Терминологиялық сөздіктер
Терминологиялық сөздік тілдегі әр түрлі ғылым мен техника саласы бойынша қолданылып жүрген арнайы термин сөздердің мәнін ашып беретін немесе екінші тілге аударып көрсетеін сөздіктің түрі болып табылады. Қазақ тілінде әр түрлі терминологиялық сөздіктер бар.
Белгілі бір тілдің аясында қолданылатын терминдерді жүйеге келтіріп жинақтайтын лексикология саласы терминология деп аталады.
І тапсырма. Көп нүктенің орнына төменде берілген қажетті терминдердің тиістісін қойып жазыңдар.
Сендер ....... оқуға кірістіңдер. Ол ...... география болып үлкен екі бөлікке бөлінеді. Жер шарын ....... зерттейді. Жерді зерттеуде ..... мен .... рөлі зор. Географияны оқуды ...... және ..... танысудан бастаймыз. Қазіргі кезде жердің планын ....... арқылы жасайды.
Керекті сөздер: география, физикалық және экономикалық, ғалым-географтар, Жердің жасанды серіктері, ғарыш кемелері, план, карта, аэрофотосурет.
ІІ тапсырма. Төмендегі сөздердің қандай кәсіпке, қандай мамандыққа байланысты қолданылатынын айтыңдар.
айыр, күрек, орақ, шалғы, кетпен, шот; 2) балға, қайрақ, пышақ, таспа, біз, шеге; 3) ине, жіп, қайшы, мата, мақта, жаға; 4) мектеп, оқушы, оқулық, қоңырау, дәріс, үзіліс.
ІІІ тапсырма. Термин сөздермен сөйлем құраңдар.
Информатика және есептеуіш техникалық терминдер, иілгіш диск, каскад, бод, буфер, бит, курсив, стек, терминатор, текст, файл, флит.
Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру: Өткен тақырып бойынша оқушылардың білік-дағдысын сұрақ-жауап арқылы тексеру.
Сабақтың қорытындысы:
1.Электронды пошта жүйесі неше бөліктен тұрады?
2. Қолданушы агенті қандай қызмет атқарады?
3. Тасымалдау агенттері мен жеткізу агенттері қандай қызмет атқарады?
4. Терминологиялық сөздіктер дегенді қалай түсіндіңдер?
Рефлексия: 1. Бүгінгі сабақтан не білдіңдер?
2.Нені үйрендіңдер?
3.Нені білгілерің келеді?
Бағалау: Сабақта белсенді жауап берген оқушыларды бағалап, мадақтаймын.
Үй тапсырмасы: «Электронды поштамен жұмыс істеу перинциптері» мазмұндау, презентация дайындау.
Оқытушының АЖӘ және қолы: С.Сәрсенбаева
