Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Поф Каз ф.01.17 тех.карта общеобр.каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
115 Кб
Скачать
☆

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

«Орталықазия техника-экономикалық колледжі» білім мекемесі

Сабақтың технологиялық картасы

Пән : Кәсіби қазақ тілі

Мерзімі Топ

Сабақтың № 23

Тақырыбы: Жаңа әлемдегі –жаңа Қазақстан. Қазақстанның қазіргі экономикалық дамуы. Сөздердің тұлғалық ерекшелігі.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Жаңа әлемдегі –жаңа Қазақстан. Қазақстанның қазіргі экономикалық дамуы туралы жалпы түсінік беру.

Дамытушылық: ауызекі сөйлеуді дамыту, кәсіби сөздік қорды молайту, кәсіби қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: мәтінді оқи білуге, сөздерді анық, дұрыс айтуға, әр тапсырманы ұқыпты және таза орындауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

а) оқу-көрнекілік құралдар: оқулық, презентация.

б) үлестірмелі материалдар: үлестірмелі қағаздар.

в) ТОҚ : компьютер, кинопроектор.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, информатика

Қолданатын әдебиет:

Негізгі: Кәсіби қазақ тілі. Ұ.С.Байсақалова, қазақ тілі Ш.Бектұров, Ш.Бектұрова, Шәудірова

Қосымша : Қазақ тілі Ф.Оразбаева, Қазақ тілі С.Жиенбаев, Қазақ тілі Ж.Адамбаева, К.Сариева, Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу. Г.Байжанова

Өз бетінше жұмыс: Болашақ мамандығы туралы баяндама немесе шығарма жазу.

Сабақтың өту барысы :

Ұйымдасытру кезеңі : Амандасу.

Гимды орындау.

Оқушыларды түгендеу.

Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру: Өткен тақырып бойынша оқушылардың білік-дағдысын сұрақ-жауап арқылы тексеру.

Жаңа сабақ : Жаңа әлемдегі –жаңа Қазақстан. Қазақстанның қазіргі экономикалық дамуы.

«Қазақстан – 2030» Стратегиясын дәйектілікпен іске асыру өзіміздің алдағы ілгерілеуіміз үшін берік негіз қалады.

Біз бүгінгі дүниеде Қазақстан мен қазақстандықтардың лайықты орын алуын, еліміздің бүкіл халқының әл-ауқатын арттырып, тұрмыс деңгейін едәуір көтеруді қамтамасыз ету үшін сыртқы нарықтарға шығып, онда мықтап орнығуға міндеттіміз. Бұл жолда Қазақстан мен осы өңірдің нақты жағдайын ескеріп, әрі әлемнің озық мемлекеттерінің жетістіктерін өзімізде іске асыра отырып, біздің:

біріншіден, қандай да бір табыстарға қолымыз жеткен секторларды жаңарту қарқынын жеделдете түсуіміз қажет.

екіншіден, жаңартуды ешқандай алалаусыз Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік өмірінің барлық салаларына тарату керек.

Біз өңірлік экономикада алдыңғы шептерге шықтық, халықаралық әріптестерімізбен сындарлы қатынастар орнаттық, саяси және әлеуметтік–экономикалық тұрақтылыққа қол жеткіздік.

  1. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.

  2. Жаңа сөздерді дәптерлеріңізге жазыңыздар.

Сөздердің тұлғалық ерекшелігі

Сөз түрлі бөлшектерден тұрады. Сөз бөлшектерінің өзіне тән белгілі бір мағынасы және қызметі болады.

Сөздің тұлғасы деген ұғымға түбір және қосымша деп аталатын бөлшектер кіреді.

Сөз құрамы-заттық ұғым, сындық ұғым, сандық ұғым, қимылдық ұғым.

І тапсырма. Сөздерді оқып, олардың құрамын ажыратыңдар да, ауызша талдаңдар.

Күзетшілік, адамшылық, аспаз, бақташы, білімпаз, беделді, ақылды, білгіш, ақтау, балықшы, жазушы, белдік, сенімді.

ІІ тапсырма Мақал-мәтелдердегі қосымшалардың түрлерін ажыратыңдар.

1.Ел ағасыз болмас,

Тон жағасыз болмас.

2.Ақылды адам елге қарайды,

Ақылсыз адам өрге қарайды.

3.Берекелі елдің бетін ешкім қақпайды.

4.Жолдасын таппаған ер азады.

І Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру: Өткен тақырып бойынша оқушылардың білік-дағдысын сұрақ-жауап арқылы тексеру.

Сабақтың қорытындысы:

1.Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Қазақстанның қазіргі экономикалық дамуы қандай деңгейде?

3. Сөздердің тұлғалық ерекшелігі дегеніміз не?

Рефлексия: 1. Бүгінгі сабақтан не білдіңдер?

2.Нені үйрендіңдер?

3.Нені білгілерің келеді?

Бағалау: Сабақта белсенді жауап берген оқушыларды бағалап, мадақтаймын.

Үй тапсырмасы: «Жаңа әлемдегі –жаңа Қазақстан. Қазақстанның қазіргі экономикалық дамуы.» мазмұндау, презентация дайындау.

Оқытушының АЖӘ және қолы: С.Сәрсенбаева

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]