Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстанда инновациялық кәсіпкерліктің дамуы.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
120 Кб
Скачать
☆

1.2 Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерлікті дамытудың қажеттілігі

Біздің еліміздің болашағы оның интеллектуалды қоры, ғылым және инновация жетістіктерінде. Бұл сөздер Президент Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арналған Жолдауында айтылған болатын. Өмір өзі көрсеткендей, шикізат сатуға бейімделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең соңғы ғылыми жетістіктеріне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы көркейтіп, халық өмірін жақсартуға қабілетті. Сондықтанда, ғылымға және ғылыми-техникалық және инновациялық саясатқа ерекше көңіл бөлінуі тиіс.

Ғылыми-техникалық әлеует кез-келген мемлекеттің ұлттық байлығының негізгі саласы. Барлық дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей, экономикалық даму, көркеюдің негізгі жолы негізгі жолы – ғылыми-техникалық және инновациялық салада көшбасы болу. Инновациялар мен жаңалықтар экономиканың құрылуына төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады. Сондықтан бүкіл дүние жүзіндегі кәсіпкерлер инновацияларды тиімді басқару мен ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі. Ал мемлекет өз тарапынан ғылыми-техникалық және инновациялық даму саласына қолдау жасап, тиімді саясат жүргізіп отырады. Өйткені мемлекет ғылыми-техникалық және инновациялық саясат – ғылыми-техникалық жетістіктерді адам игілігі үшін пайдаланып, адамзат өмір сүру жағдайларын сапалы түрде жақсартуға бағытталған. Ал бұл бүкіл адамзат тіршілігі мен шаруашылығының негізгі басты мақсаты. Қазір Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық зерттеулері мен инновациялық саласы дағдарыстық жағдайда. Бірақ сол қиындықтарға қарамастан Қазақстан кәсіпкерлері шет ел жаңалықтары мен ғылыми-техникалық жетістіктерін табысты түрде игеріп, оларды жоғарғы қарқынмен қызметтеріне енгізіп келеді. Әрине бұл инновациялар халықаралық технологиялық деңгейге көтерілуге мүмкіндік береді, бірақ сол ғылыми-техникалық жетістіктердің көбісі тек біз үшін ғана инновация, ал шетелдіктер үшін олар кешегі күн жаңалықтары. Сондықтанда шетел технологиясы мен техникасын игерумен қатар өз ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетіміздің дамуына жағдай жасап, отандық ғалымдардың ғылыми жетістіктерін өндіріске енгізіп, оларды бағалай білуіміз керек. /1, 58 б/

Инновациялық прогрестің инновациялық саясатпен тікелей байланысты екендігі ақиқат. Осы тұрғыдан алғанда, инновациялық прогресті жаңа жағдайда мемлекеттік реттеу былай түсіндіріледі:

- ірі инновациялық жобаларды іске асыруда белгілі бір уақытта кәсіпорын өзін-өзі қаржыландыра алмаса, оған мемлекет тарапынан құрылған орталықтың көмегі керек болады. Бұл өз кезегінде ғылыми ізденістің тәуекелшілік элементтерімен байланысын көрсетеді;

- Мемлекеттік үйлестірушілік қызметін керек ететін және технологиялық жүйелердің мызғымастығын анықтайтын кешенді өндірісті білдіретін, өнеркәсіптің тиімділігін арттыратын және технологиялық жылжушылыққа әкелетін ғылым мен техниканың жетістігін жариялайтын жеке басылымдар шығарылуы керек;

- Ірі зерттеулерді ұйымдастыру және оларды қоғамның денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру, қоршаған ортаны қорғау, инфрақұрылым салаларын қолдану, сонымен қатар мемлекеттік деңгейде тәжірибеден өткізу мүмкіндігін қарастыру.

Инновациялық саясаттың басты ерекшелігі – оның әрдайым мемлекет назарында болуы. Қызықтысы ғылым мен техника нарық жағдайында басқа салалар сияқты өз алдына дербес дами беруге кейде қабілетсіз болып келеді. Алайда ғылым жеке меншік өндіріске жұмыс істеген жағдайда, оның нарықтық сұраныс пен ұсыныс заңдылығы арқылы даму мүмкіндігі жоғары екендігі сөзсіз. Мұны қазіргі күні АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты елдердің тәжірибелері толықтай дәлелдеп отыр. Ғылыми-техникалық саясаттың жетістіктері индустриалды қоғамды әрі қарай дамытуға жол көрсетеді.

Инновациялық саясатты жүзеге асыру барысында өндіріс өнімінің көлемін ұлғайту тұрғысында сападан алшақтамау бірінші кезектегі мәселе болары сөзсіз. Тек шикізат орталығымен ғана шектеліп қоймай, "өндірістен - өндіріске" қағидасын ұстаған абзал дейді зерттеушілер. Мұның мәні – шикізат өндіре отырып одан дайын өнім шығаруға ұмтылу. "Өндірістен - өндіріске" қағидасы бүгінгі күні Қазақстан үшін ең қажетті қағидалардың бірі болып отыр. Бұл қағида өндірісте шығынды жағы өте жоғары әрі сапасыз артық өнім шығарудан сақтандырады. Осындай адамзат үшін өте тиімді және оңтайлы болып отырған инновациялық саясаттың негізгі бағыттары төмендегідей болып келеді: /6, 95 б/

- жоғары бәсекелестікке ұмтылған, шығыны аз, керісінше, пайдаланатын ресурстарды қолданудың сапалы, жаңа деңгейін қалыптастыру. Ресурстарды үнемдеу арқылы өндіріс өзінің өсімін көбейтеді. Еліміздегі энергетикалық, материалдық және қазба байлықтары баршылық. Ресурстарды үнемдеудің нәтижесі ретінде халық шаруашылығының құрылымдарындағы ішкі саудада қазба байлықтарының үлес салмағы кеміп, керісінше, оларды өңдейтін өндіріс орындарының мөлшері артуы қажет;

- елдердің техникалық артта қалуын тоқтатып, жаңа технологияларға қол жеткізу. Арнайы техникалардың сапасының әлсіздігінен инженерлік басқару технологияларының заман талабына сәйкес болмауы дамуды біршама тежейді. Енді осы саланы инновациялау керек. Бәсекелестікке ұмтылған әрбір мемлекет саясаты технологияларды игеруді басты міндет деп санайды.;

- өнім өндірмейтін салалардағы құрылымдық алға жылжу, яғни технологиялық негізде қамтамасыз ету;

- мемлекеттің қатысуымен маманданған венчурлік қорлар құру және венчурлік капиталды ғылыми-техникалық және инновациялық салаға тарту;

- инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау нысандары мен әдістерін әзірлеу;

- инновациялық қызметтің мемлекеттік, салааралық, салалық және өңірлік сипаттағы маманданған субъектілерін құруға енетін инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру;

-инновациялық сала үшін кадрлар даярлау және қайта даярлау;

-өнеркәсіптің базалық салаларында жаңа технологиялық құрылым қалыптастыру.

Инновациялық жүйе әрқайсысы тиiсiнше осындай элементтердi қосып алатын төмендегідей негiзгi кiшi жүйелерге бөлiнедi:

1. Ғылыми әлеует коммерциялық пайдалану деңгейiне дейiн iргелiк әзiрлемелердi "жетілдiрудi" жүзеге асыратын қолданбалы зерттеулердiң дамыған саласын құру жолымен инновациялық даму үшiн сөзсiз қажеттi фактор қалыптасады;

2. Мемлекеттiк ғылыми ұйым – ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғарғы оқу орындары, жобалық институттар;

3. Ұлттық компаниялар жанындағы ғылыми ұйымдар, iрi кәсiпорындар жанындағы зертханалар;

4. Жеке ғылыми-зерттеу және жобалық институттар;

5. Ғылыми зерттеулермен айналысатын шағын және орта кәсiпкерлiктер;

6. Ғылыми кадрлар және дербес өнер тапқыштар;

7. Материалдық-техникалық база.

Инновациялық кәсiпкерлiк төмендегілерді қамтиды:

1. Бизнес-серілер;

2. Кәсiпорындар;

3. Инновациялық менеджерлер;

4. Инновациялық қызметтi iске асыру үшiн қызмет көрсететiн және жағдайларды қамтамасыз ететiн өзара байланысты өндiрiстiк, консалтингтік, білiм және ақпараттық құрылымдардың кешенi айқындалатын көп деңгейлi инновациялық инфрақұрылым;

Инновациялық инфрақұрылым төмендегідей элементтерден тұрады:

1.Ұлттық технологиялық парктер;

2.Өңiрлiк технологиялық парктер;

3.Технологиялық бизнес-инкубаторлар;

4.Ғылым қалашықтары.

Қаржылық инфрақұрылым төмендегідей элементтерден тұрады:

- мемлекеттiк даму институттары;

- венчурлiк қорлар;

- кәсiпорындар;

- жеке кәсiпкерлер;

- екiншi деңгейдегі банктер.

Қазiргi уақытта, өзiнiң коммерциялық қолданысын табуға инновациялық әзiрлемелердi және шығармашылық идеялардың аз үлесi ғана ие болады. Проблема, бүгiнгi күнi елде iс жүзiнде тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк база мен жобалық-конструкторлық институттар бұзылуында және ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн экономиканың нақты секторына енгiзудiң тиiмдi тетiгінiң болмауында болып тұр. Ғылымның институционалдық құрылымында соңғы жылдары болып жатқан қайта құрулар ғылыми-зерттеу институттарының меншiк нысандарындағы өзгерiстерге қарамастан жалпы алғанда инновациялық дамудың талаптарына жауап бермейдi. Ғылымда түпкілiктi нәтижелі өндiрiске жаңа өнiмдердi енгiзуге, жаңа коммерциялық тиiмдi технологияларды енгізуге әлсiз бағдар сақталып отыр. Бiрқатар салалық ұйымдар өзiндiк мәртебесi бойынша ғылыми болып қағаз жүзiнде қала отырып, iс жүзiнде зерттеушілiк қызметтi жиып қойды және тек шаруашылық құрылымға айналды.

Инновациялық дамудың көзқарасы тұрғысынан қаражатты тиiмдi пайдалану, нақты айтсақ ғылыми әзiрлеменiң жылдамдығын нарықтық өнiмге дейiн жеткiзу оны коммерциялау ең бiрiншi маңызға ие. Сондықтан осы бағдарлама негізiнен қолданбалы ғылыми-технологиялық зерттеулерді дамытуға, қолдауға және ынталандыруға бағдарланған болады. /5, 61 б/

Ғылыми зерттеулердiң жоғарыда аталған бағдарламаларын орындауға ғылыми-зерттеу институттарымен қатар көптеген жоғары оқу орындары да қатысуда. Бұл ретте iргелiк және қолданбалы бағдарламаларды iске асырудағы жоғары оқу орындардың үлесi орта есеппен тиiсiнше 12 - 20%-ды құрайды. Одақтас мемлекеттiң орталықтандырылған жоспарлық жүйесi жағдайында республиканың ғылыми-техникалық кешенi жекелеген және едәуiр тар ғылыми проблемаларды шешуге бағдарланды. Iрi ғылыми зерттеулер, әзiрлемелер және ғылыми мектептер Ресей Федерациясында, Украинада және Беларуссияда басымдықпен шоғырланды. Дегенмен, республикада катализ, органикалық синтез, микробиология, металлургия саласында әлемдiк деңгейдегі күшті ғылыми мектептер қалыптасты.

Қазақстанның тәуелсіздiк алғаннан кейiнгі алғашқы жылдары қабылданған ғылыми-зерттеулер мен ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландырудың бағдарламалық-мақсаттық әдiсi елдiң ғылыми әлеуетiн сақтауға және оны ғылымның мүлде жаңа бағыттарына сәйкес келетiн ғылыми зерттеулердi орындауға бағыттауға мүмкiндiк бердi. Соған қарамастан, мемлекеттiк тапсырыс нысанындағы қолданбалы ҒЗТКЖ-ны қаржыландыру ел дамуының қазіргі заманғы кезеңiнде Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыру шеңберiнде алға қойылған мiндеттердi толық түрде жүзеге асыруға және ашық ұлттық инновациялық жүйенi құруға мүмкiндiк бермейдi. Қаржыландыруды гранттар нысанында емес мемлекеттiк тапсырыс нысанында бөлу зерттеушiлер үшiн iшкi ынталар жасамайды және жартылай заңды енгiзу компанияларын туындатады. Бұдан өзге, iргелiк ғылымға негізiнен Білiм және ғылым министрлігі, ал қолданбалы ғылымға министрлiктердiң тиiстi салалары жетекшілiк ететiнiне байланысты республикада елдегi барлық ғылыми зерттеулердi үйлестiретiн бiрыңғай органның жоқ екенiн атап кету керек. Осыған байланысты инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту жөнiндегi уәкілеттi орган ретiнде Индустрия және сауда министрлігі салалық органдармен бiрлесiп өткiзiлген және өткiзілетiн, оның iшiнде ғылыми-техникалық бағдарламалар шеңберiнде орындалғандардың инновациялылығының және экономиканың нақты секторында сұранысқа иелілiгiнiң, сондай-ақ бiрнеше бағдарламалар шеңберiнде зерттеулердi қаржыландырудың қолда бар тәжiрибелерiн алып тастау мақсатында қолданбалы зерттеулердiң талдауын жүргізедi және тиiмділігiн айқындайды.

Инновациялық кәсiпкерлiк экономикалық қызметтiң ерекше түрi ретiнде инновациялық процестің негiзгi қозғаушы күшi болып табылады. Инновациялық кәсiпкерлiктiң субъектілерiне инновациялық қызметтi жүзеге асыратын кәсiпорындар мен ұйымдар жатады. Инновациялық кәсiпорынның қызметi технологиялық немесе өнiмдiк инновацияларды пайдаланудың нәтижесiнде пайда табудан көрiнедi. Дамыған елдерде кәсiпорындардың 70%-на жуығы рыноктың жаңа сегменттерiн игеру мақсатында өнiмнiң ассортиментiн кеңейтумен байланысты инновацияларды жүзеге асырады. Осы ретте ҒЗТКЖ-ға арналған шығыстар инвестициялардың 30%-на жуығын құрайды.

Инновациялық кәсiпорынның кәсiпкерлiк қызметi төмендегілерге:

- жаңа ғылыми идеяларды әзiрлеуге немесе iздеуге және оларды бағалауға;

- қажеттi инвестициялық ресурстарды iздеуге;

- жобаны немесе кәсiпорынды басқарудың тиiмдi модельдерiн құруға;

- ақшалай табыс алуға негізделген.

Инновациялық кәсiпкерлiктiң басты функцияларының бiрi ғылыми-техникалық және өндiрiстiк сала арасындағы байланыстырушылық (делдалдық) рөлдi жүзеге асыру болып табылады. Инновациялық кәсiпкерлiктiң жұмыс iстеуi ғылыми-техникалық ұйымдар және шаруашылық субъектiлер көтеруге мәжбүр инновациялық өнiмдi құрумен немесе жаңа ғылыми-техникалық шешiмдердi олардың коммерциялық пайдаланылу мүмкiндiктерiне дейiн жеткiзумен байланысты шығындарды азайтуға мүмкiндiк бередi. /6, 87 б/

Қазiргi уақытта Қазақстанда негізiнен шетелдiк капиталдың қатысуымен iрi корпорацияларда, ұлттық компанияларда, екiншi деңгейлi банктерде, қаржылық-өнеркәсiптiк топтарда менеджменттiң жоғарғы деңгейi бар. Сонымен қатар, технологияларды, теорияларды және құқықтық қорғаудың тәжiрибесiн және зияткерлiк меншiктi пайдалануды коммерциялизациялаудың iскери қағидаттарын кәсiби меңгерген, инновациялық және жоғарғы технологиялық жобаларды басқара алатын кәсiби инновациялық менеджерлер - мамандардың институты мүлдем жоқ. Кез келген елде және бизнестiң кез келген түрiндегi инвестордың негiзгi тәуекелi барабар емес менеджментпен байланысты болғандықтан бұл тәуекелдi барынша азайту басқару және кәсiпкерлiк мәдениеттi көтерумен, барлық деңгейдегi менеджерлердi сапалы оқытумен және қайта даярлаумен, оларды қажетті қолдаумен (консалтинг және ақпараттық) қамтамасыз етумен қол жеткізіледі. Ұлттық экономиканың дамудың инновациялық қорына көшуi барлық қоғамның инновацияларды қабылдауынсыз және инновациялық процестердi басқару мен инновацияларды iске асыруды жүзеге асыруға қабiлеттi кадрлар жеткілікті санының болуынсыз мүмкiн емес. Қолда бар ғылыми-технологиялық әлеуетке қарамастан Қазақстанда инновациялық қызметтің мынадай инновациялық өнімді құру және инновациялық өнімді рынокқа жылжытумен байланысты делдалдық қызметтерді орындау сияқты негізгі түрлерін жүзеге асыратын кәсіпкерліктің болмауы елдегі төменгі инновациялық белсенділік себептерінің бірі болып табылады.

Инновациялық инфрақұрылым субъектілерi орындайтын негiзгі функциялардың тiзбесi:

- инновациялық даму субъектісiн ұйымдық-құқықтық қалыптастыру процесiне жәрдемдесу жөнiндегi қызметтер;

- бизнес-қызметтердiң кешенi (кешендiк консалтинг);

- ақпараттық-коммуникациялық қамтамасыз ету;

- жалпы пайдалану - зертханалық, өндiрiстік жабдығына қол жеткiзудi қамтамасыз ету;

- бiлiм беру қызметтер кешенi;

- технологиялар трансфертi;

- өкілдiк қызметтер (серiктестік байланыстар орнату).

Қазiргi сәтте Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымын мемлекеттiк бюджет (республикалық, жергiлiктi бюджеттер, мемлекет қатысатын ұйым қаражаты) қаражатының қатысуымен құрылған, сондай-ақ мемлекет құрған сервистік даму институттарының қатысуымен құрылған жұмыс iстеп тұрған субъектілер құрайды. Қолданыстағы инфрақұрылым оның субъектілерiнiң арасындағы өзара әрекет етудiң қажетті деңгейiн қамтамасыз етпейдi және Ұлттық инновациялық жүйеге (бұдан әрі – ҰИЖ) қатысушылардың қызметiнiң процесiне және өзара iс-әрекетiне қажеттi сервистердiң барлық тiзбесiн ұсынатын кешендiк ұйымдардың жүйесi болып табылмайды. Қазақстанда ұсынылған инновациялық инфрақұрылымның сапасы мен саны Қазақстанның инновациялық даму ерекшелiгiн, нақты алғанда төмендегілерді: /8, 72 б/

- инновациялық әлеуетке ие өңiрлердi аумақтық шоғырландыру және өңiрлердiң инновациялық инфрақұрылымды жеткiлiксiз қамтуы;

- қолдау инфрақұрылымын салалық та, өңiрлiк инновациялық даму процестер ретінде де құру қажеттілігін;

- Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының бiрiншi кезеңiндегі, бiр өңiрде инновациялық инфрақұрылым объектілерiнiң көп санын қажет етпейтiн инновациялық бастамалардың салыстырмалы төменгi санын;

- шығындардың орындылық қағидатының қажеттілiгiн және олардың мемлекеттiк бюджеттiң мүмкiндiгiне сәйкестігін;

- инновациялық инфрақұрылым ұйымдарының олар жекелеген функцияларды қайталаумен болдырмау үшiн мейлiнше оңтайлы нысандарын таңдауды;

- ҰИЖ-дың барлық элементтерi мен қатысушыларының өзара iс-қимыл процестерiн ақпараттық қамтамасыз ету жүйесiнiң нақты болмауын және оны құрудың аса қажеттілiгiн қанағаттандырмайды.

Дамыған инновациялық жүйелерi бар барлық елдердегі инновациялық қызметтi қаржыландыру ағыны төмендегідей компоненттерден қалыптасады:

- ҒЗТКЖ-ға мемлекеттік гранттар жүйесi, олардың нәтижелерiн патенттеу және басқа да мақсаттар;

- венчурлiк капитал;

- ҒЗТКЖ-ға арналған корпоративтiк шығындар мен олардың нәтижелерiн енгізу;

- жекелеген инвесторлардың шығыстары.

Қазiргi уақытта Қазақстанның ҒЗТКЖ-ның қаржылық инфрақұрылымы келесідей көздерден жүргiзiледi:

- Ғылым қорын қоса алғанда, ғылыми зерттеулер бағдарламаларына арналған республикалық бюджет қаражаты;

- ұлттық компаниялар мен кәсiпорындардың қаражаты;

- жеке инвесторлардың қаражаты;

- "Ұлттық инновациялық қор" АҚ-тың қаражаты;

- венчурлiк қорлардың қаражаты.

Мемлекеттің белсендi рөлi бiрiншi кезекте ҰИЖ-ды қалыптастыру үшiн қажет. Шетелдiк тәжiрибенi талдау көрсетiп отырғандай әлемнiң бiр де бiр елiнде рынок, жеке сектор ҰИЖ-ды дербес қалыптастырған жоқ. Барлық елдерде ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлетiн арттыру үшiн мемлекет жүйеге белсендi қатысушының рөлiн өзiне алуға тура келдi. Мемлекеттiң белсендi рөлi ҰИЖ-дың барлық элементтерiнiң өзара iс-қимылдарын мемлекеттiк деңгейде үйлестiрудi жүзеге асыруға; дамудың ұлттық, салалық және өңiрлiк басымдықтарының келiсушiлігін қамтамасыз етуге; ресурстарды басым бағыттарға шоғырландыруды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Мемлекеттiң жеке капиталмен серiктестiгi инновациялық даму процесiнде жеке сектордың ресурстарын тарту үшiн қажет. Мемлекет жеке секторды алмастыруы тиiс емес, ол ҰИЖ-ды қалыптастыру мен дамыту процесiнде ұйымдастырушы, катализатор және үйлестiрушi ретiнде ғана көрiнедi, бiрақ оның басты мақсаты - жеке капиталды инновациялық процестерге белсендi қатысуға тарту болып табылады. ҰИЖ-дың қалыптасуына қарай оның жұмыс iстеуiндегi және одан әрi дамуындағы мемлекеттiң рөлi қысқаратын болады. Ұлттық инновациялық жүйенiң ашық сипаты оның тиiмдiлiгін қамтамасыз ету үшiн шешушi маңызы бар. Ашықтық дәстүрлiк ғылыми ортада да, дара өнер тапқышта туындаған iшкi және сыртқы инновацияларды қабылдау жүйесiнiң қабілетiн білдiредi. ҰИЖ кез келген қызықты өнертабысты, кез келген коммерциялық перспективалық әзiрлеменi iске асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi тиiс. Бұл өндiрiс пен ғылыми зерттеулердiң жаһандану процестерiнен барынша нәтиже алуға, инновациялық қызметке елдiң барлық талантты адамдарын тартуға мүмкiндiк бередi.

Инновациялық дамытудың бiрыңғай ақпараттық жүйесi ҰИЖ-i элементтерi арасындағы сияқты, сондай-ақ сыртқы ортадағы сияқты Қазақстанның iшкi инновациялық даму процесiне тұрақты ықпал ететiн ақпараттық алмасу процестерiн шешуге арналған.

Сонымен қатар ақпараттық алмасу жүйелерiн қалыптастыра отырып, оның тұрақты сапалы және сандық жұмыс iстеуiн, ақпарат алмасуды және осы жүйедегi пайдаланушылардың санын көптеп тарту есебiнен қамтамасыз ету қажет.

Елдiң инновациялық дамуын тиiмдi басқаруды қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi уәкілеттi мемлекеттiк органдар инновациялық қызметті дамыту саласында - Индустрия және сауда министрлiгi және ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында - Білiм және ғылыми министрлiгi өз құзыретi шегiнде төмендегідей функцияларды жүзеге асыратын болады: /8, 53 б/

1) ғылымның ел экономикасының инновациялық дамуының ғылыми-техникалық қамтамасыз етуiнiң басым бағыттары, iргелiк және қолданбалы ҰИТКЖ-н қаржыландыру жөнiнде бюджет бағдарламасын әкiмшiлiк ету, ғылыми-техникалық өнiмдердiң рыногын қалыптастыру;

2) орта және жоғарғы оқу орындарын қоса алғанда кәсiптiк, инженерлiк, ғылыми, басқару кадрларын дайындау және қайта дайындауды жүзеге асыратын инновациялық қызмет үшiн кадрларды дайындау және қайта дайындау жүйесiн қалыптастыру;

3) инновациялық өнiмдердi шығаратын кәсiпорындарды қоса алғанда, инновациялық инфрақұрылымды кейiннен қалыптастыру, инновациялық кәсiпорындарды және өндiрiстердi құрайтын және ықпал ететiн ұйымдар, технологиялық парктер, бизнес инкубаторлар, арнайы конструкторлық және технологиялық бюро және т.б.;

4) отандық өндiрiстiң ішкi және сыртқы рыногына жоғары технологиялық өнiмдердiң кіру жүйесiн қалыптастыру. Отандық өндiрушiлердiң экспорттық және жоғарытехнологиялық өнімдері үшін жеңiлдiк жүйелерді, жағдайларды жасау;

5) инновациялық даму үшiн тікелей әсер ету, оның iшiнде, жобалар мен бағдарламаларды әзiрлеушiлер, өнертапқыштар және бастамашылардың мүдделерi мен зияткерлiк меншігін қорғайтын заңнама базасын қалыптастыру.

Инновациялық қызметтi дамытуға арналған қаражаттан басқа ғылыми-техникалық бағдарламалардың және маңызды жобалардың шеңберiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен қолданбалы ғылыми зерттеулердi қаржыландыру сақталады.

Сонымен қатар экономикалық қызмет түрi бойынша инновациялық қызметтiң ерекшелiгiн ескере отырып, сондай-ақ ҰИЖ салалық және өңiрлiк құрылымды дамытуды сипаттайтын салалық және өңiрлiк мақсатты индикаторлар әзiрленетiн болады. Бұл көрсеткiштер жоғары технологиялық және ғылымды қажетсiнетiн салаларды, өнеркәсiптiк орталықтарды, ұлттық технопарктердi, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту үрдiстерiн талдау үшін, сондай-ақ ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялық өндiрiстердi құру саласындағы әлеуеттi басымдықтарды айқындау мақсатында пайдаланылатын болады.