Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстанда инновациялық кәсіпкерліктің дамуы.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
120 Кб
Скачать
☆

2.2 Кәсіпорындағы инновациялық кәсіпкерлік дамуын бағалау

«High tech logistic» компаниясының жаңа проектілері.

«Икар» кедендік-қоймалық терминалы.

Көлемдері мен технологиялары:

- көлемі – 25000 паллето орын;

- жүктерді қораптар мен паллетерде өңдеу;

- жүктерді биіктігі 2 метр болатын паллеттерде сақтау;

- теміржол рампасы;

- 150 жүк машиналарын сыйдыратын автотұрақ;

- қоймаларды басқару жүйесі (Warehouse management system);

- жүк сақтаудың негізгі режимдері бір шатырдың астында: СВХ, кеден және

дәріхана қоймалары.

«Первомайский» кедендік-қоймалық терминалы

Көлемдері мен технологиялары: /15/

- көлемі – 35000 паллето орын;

- 7 ярус;

- жүктерді қораптар мен паллетерде өңдеу;

- жүктерді биіктігі 2 метр болатын паллетерде сақтау;

- 13 вагонды бірден қабылдау мүмкіндігі бар теміржол рампасы;

- офистер ауданы 500 шаршы метр;

- қоймаларды басқару жүйесі (WMS);

- бейнебақылау жүйесі;

- климатты бақылау жүйесі;

- тәулігіне 2500 паллетті өңдеу;

- паллеттелген жүктің бір тракын түсіру және жүктеу уақыты – 30 минут.

Ал, енді «Даму» индустриалды-логистикалық орталығын қарастырайық.

«Даму» индустриалды-логистикалық орталығының байланыстары.

«3А» стратегиясы – бұл Қазақстанның үш ең ірі транспорттық түйіндерін (Астана – Алматы – Ақтөбе) бірлескен жүйеге келтіру концепциясы. Әрбір транспорттық түйін өзіне арналған территорияны қызметпен қамтамасыз етеді: Ақтөбе – батысты, Алматы – оңтүстік-шығысты, Астана – солтүстікті. Мемлекеттегі сапа мен тауар айналым динамикасын жақсарту мақсатында осы транспорттық түйіндерде қуатты жаңашыл индустриалды-логистикалық комплекстер құрылды, осы арқылы «High tech logistic» компаниясы бірлескен логистикалық байланысты дамытуды жоспарлауда. Біздің мемлекетіміздің территориясын басып алатын жоғарғы сапалы логистикалық байланыстың пайда болуы Қазақстанның Еуропа мен Азияны байланыстырушы звено статусын одан әрі қуаттауға мүмкіндік береді.

«Даму-Алматы» инновациялық-логистикалық орталығының қоймалары ауданының 500000 куб метрінің барлығы «А» классты еуропалық талаптарға сай келеді:

- биіктігі – 10 метр;

- өндірістік аудандар территориясы – 120 гектар;

- өрт сөндіру жүйелері;

- автоматты есіктер, гидравликалық аппарельдер;

- әрдайым 18-20 с температуралық режимін сақтап отыратын, автоматты басқару жүйесі бар жылу беруші вентиляциялар;

- шлифтелген шаң отырмайтын едендер;

- қойманы басқару жүйесі.

Орталық келесідей инфрақұрылым объектілерінен құралған:

- газ құбыры (4000 куб м/сағ);

- канализация;

- шашыранды оптикалық телекоммуникациялық байланыстар ( сандық телефондық байланыс, сапалы, лимитсіз берілген интернет канал );

- жеке локомотив депосы (3 локомотив), вагонжуғыш құралдар;

- кіріс пен шығысқа арналған 3 теміржол линиясы;

- маневр паркі;

- теміржол рампалары;

- контейнерлік алаң;

- СВХ қызметі;

- кеңсе мекемелері;

- тазалау құралдары;

- автономдық резервтік электрстанциясы;

- насостық станция;

- өрт сөндіру резервуарлары;

- орталықтың периметрі мен қойма ішіндегі бейнетаспалар;

- жеңіл автомобильдер (500 орын) мен ауыр автомобильдерге арналған (500 орын) автотұрақ;

«High tech logistic» компаниясының қоймалары жаңашыл технологияларды, қойма есебінің автоматизирленген жүйесін қолдануда. Бұл жүк өңдеудің жоғарғы динамикасын қалыптастырып, тауарлардың қоймаға қабылданған мерзімі мен өндіріс мерзімін қадағалауға мүмкіндік бер отырып, жүк сақтау процесін қадағалаудың оңай жолдарын ұсынады. Бұл дегеніміз іске асып отырған аудандарды қолданудың әсерлі жолдары, жеке қоймаларды қолдануда арендада туатын ұйымдастырушылық сұрақтардың шешілуі, іске асып тұрған аудандарды кеңейту мүмкіндіктері, компанияларға өте маңызды болып келетін жүк сақтау көлемі мен аудандарын арттыру немесе кеңейту мүмкіндіктері, жаңашылданған есеп жүйелерін пайдаланy(WMS).

Осылай «High tech logistic» компаниясының көрсететін қызметтерін пайдалану арқасында тұтынушылар транспорттауда, жүк сақтауда және қоймаландыруда пайда болатын шығындарын азайтуға, жоғарғы сапалы көрсетілетін қызметтерді пайдалануға, өздерінің қоймалық бюджетін экономдауға, өздерінің бизнестерінің қоймалық құрылымын басқаруға мүмкіндік алады. /15/

Қызмет көрсету:

- кедендік қоймаларда жүк сақтау, СВХ және тауарлық қоймаларда жүк сақтау;

- арнайы температуралық жағдайларды қажет ететін тауарларды сақтау;

-жүктеу, тиеу жұмыстары;

-жалдауларға сортировка жасау және комплекттау;

- жалдаушылардың арнайы талаптары бойынша тәулік бойы тауарларды өңдеу жұмыстары;

- қоймадағы тауарлар қимылының есебін беру;

- штрихкодтау;

- қаптау және маркировка;

- инвентаризация;

- WMS-тің ( қоймалық есептеу жүйесі ) тұтынушылар жүйелерімен интеграциясы;

- жарнамалық пакеттер құру.

Жүк сақтау режимдері.

Фармацевтикалық қоймалар:

- дәрілік препараттармен жұмыс істеу үшін арнайы технологиялары бар СВХ және ТС;

- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен батыс стандарттарына сай құрылған дәріханалық қоймалар;

- сертификаттау.

Тоңазытқыш, мұздатқыш камералар:

- тоңазытқыш камерада жүк сақтаудың температуралық режимі +2 +6 с, мұздатқыш камерада -40 c дейін;

- қатал гигиеналық талаптарға сай келетін, суық қоймаларға үйренген техникалар қолданысы;

- тоңазытқыш қойма мемлекеттік стандарттар талап ететін өнімді сақтау режимдерін іске асырады және керек кезінде оперативті түрде салқындату параметрлерін өзгертеді.

Алкоголь өнімдерін сақтау:

- есептік-бақылаушылық маркалары бар тауарларды, соның ішінде алыс және жақын шетел мемлекеттерінен келетін алкоголь өнімдерін Қазақстанға импорттау кезінде көрсетілетін логистикалық қызметтердің толық спектрі;

- есептік-бақылаушылық маркаларымен жұмыс істеу, қабылдау және штрихкодтау;

- алкоголь өнімдерінің лицензирленген қоймаларының жұмысы.

Жүктерді транспорттау қызметі.

Транспорттық логистика – логистиканың ең маңызды бөлімі. Компанияның сенімді, тез және әсерлі транспорттауының арқасында тауарлар, былай айтқанда, тіріліп, қалалар мен мемлекеттерге тарайды. «High tech logistic» транспорттық логистика қызметтерінің төмендегідей түрлерін ұсынады:

- әсерлі транспорттық-логистикалық шешімдерді қабылдау;

- «есікке дейін» принципі арқылы Алматы және Алматы облысы бойынша іске асатын жүкті қабылдаушыға жеткізуге арналған толық қызмет көрсету комплексі;

- авто және теміржол транспорттары көмегімен тауарларды Қазақстанның барлық қалаларына жеткізу;

- жүктердің қай жерде тұрғанын немесе келе жатқаны туралы толық оперативті ақпарат беру;

- жүктің қауіпсіздігін және жеткізілуін қамтамасыз ету;

- жүк тасымалын кедендік бақылау арқылы ұйымдастыру;

- әрбір тұтынушыға қызмет көрсетуші персоналды менеджерлердің болуы;

- консалтингтік қызметтер;

- кең агентті байланыс;

- экспорт және импорт жүктерін «есіктен есікке дейін» жеткізу жүйесі;

- қызмет көрсету сапасын бақылау жүйесі.

Кедендік құжаттау.