Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина» BH...docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
814 Кб
Скачать
☆

Тотығудан фосфорлану (тф ).

Энергия алмасуының 4 сатысы – ТФ.

Бұл АДФ пен бейорганикалық фосфаттан БТ энергиясы есебінен АТФ түзілу үрдісі, АТФ-синтетазамен катализденеді: АДФ + Н3РО4 + WБТ à АТФ + Н2О

Р/ О коэффициенті туралы түсінік, тыныс алуды бақылау.

Р/О қатынасы - тотығудан фосфорлану коэффицентi, ол АТФ түзуге қанша моль бейорганикалық фосфаттың жұмсалатынын көрсетедi (оттегiнің бір атомына есептегенде). Яғни, сіңірілген оттектің әрбір атомына сәйкес келетін бейорганикалық фосфаттың моль санын (АТФ–тің түзілуіне кеткен) тотығудан фосфорлану коэффицинеті немесе Р/О коэффициенті деп атайды.

Р/О қалыпты жағдайда 3 немесе 2-ге тең. Егер субстрат ПФ пен тотықса оттектің бір молекуласына бейорганикалық фосфаттың 3молекуласы тура келеді. Бұл кезде

Р/О=3 тең болады; ал егер субстрат ФАД тәуелді ФП–пен тотықса оттектің бір молекуласына бейорганикалық фосфаттың 2 молекуласы тура келеді. Бұл кезде

Р/О=2 болады

БТ жылдамдығын ТФ бақылайды, мұны тыныс алуды бақылау деп атайды. Егер АДФ аз, ал АТФ көп болса, БТ жылдамдығы төмендейді. АДФ мөлшері көп, АТФ мөлшері аз болса БТ жылдамдығы артады.

Иллюстрациялы материалдар:

  1. Презентация (слайдтар)

Әдебиеттер:

Негізгі:

Сайпіл У., Плешкова С.М., Абитаева С.А. «Ферменттер. Энергия алмасуы. Витаминдер.», Алматы, 2001 ж.

2. Плешкова С.М., Өмірзақова К.К., Абитаева С.А. «Заттар алмасуы және оның реттелуі», Алматы, 2006.

3.Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж.

4. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.

  1. Е.С.Северин «Биохимия», 2008

  2. Т.Т.Березов, Б.Ф.Коровкин «Биологическая химия», 2004 г.

7. НиколаевА.Я. «Биологическая химия» - М., 2007

Қосымша әдебиеттер:

1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

2.Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.

3. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана, 2003 ж.

4. Плешкова С.М., т.б. Биохимия пәнінен студенттердің жеке дайындығына арналған тесттік сұрақтар. – Алматы, 2007 ж.

  1. Т.Ш.Шарманов, С.М.Плешкова «Метаболические основы питания с курсом общей

биохимии», Алматы, 1998 г.

  1. С.Тапбергенов «Медицинская биохимия», Астана, 2001 г.

  2. В.Дж.Маршал «Клиническая биохимия», 2000 г.

  3. Б.Гринстейн, А.Гринстейн «Наглядная биохимия», 2000 г.

  4. Д.Г.Кнорре, С.Д.Мызина «Биологическая химия», Москва, 1998 г.

  5. Р.Марри, Д.Греннер «Биохимия человека», I-II том, 1993 г.

  6. А.Ш.Зайчик, Л.Г.Чурилов «Основы патохимии», Москва, 2001 г.

  7. Н.Р. Аблаев Биохимия в схемах и рисунках, Алматы 2005 г.

  8. Биохимия. Краткий курс с упражнениями и задачами. Под ред. проф. Е.С.

Северина, А.Я. Николаева, М., 2002 г.

  1. З.С.Сеитов «Биохимия», Алматы, 2001 г

ҚОРЫТЫНДЫ СҰРАҚТАР:

1.Энергия алмасуының сатылары.

2. Көмірсулар, липидтердің және белоктардың арнайы жолдармен ыдырауына сипаттама.

3. Үш карбон қышқылдарының цикліне сипаттама.

4. БТ мен ТФ-қа сипаттама.

№ 4 дәріс.

Тақырыбы: Тотығу түрлері. Организмнің антиоксидантты жүйесі.

МАҚСАТЫ: Тотығу түрлері мен организмнің антиоксиданттық жүйесі туралы түсінік қалыптастыру.

ДӘРІС ЖОСПАРЫ:

  1. Тотығудың оксидазды типі.

  2. Оксигеназды тотығу типі.

  3. Пероксидті тотығу типі және организмнің антиоксиданттық жүйесі.

  4. Пероксидазды тотығу типі.

ДӘРІСТЕЗИСТЕРІ:

Оксидаздық тотығу бұл – биологиялық тотығу.

Оксигеназдық тотығу 2 түрдегі реакцияны катализдейді: гидроксилдену және микросомальді тотығу. Оксигеназдық тотығудың маңызы – табиғи стероидтардың өзгерістерін, холестерин мен адреналиннің түзілуін, циклді қосылыстардың синтезін және т.б. және табиғи емес субстраттардың ксенобиотиктердің өзгерістерін жүргізу.

Пероксидтік тотығу- молекулалық оттектің бір электрондық тотықсыздануының нәтижесінде оттектің активті формаларыныңОАФ- супероксид анионы, гидроксил радикалы, пероксид ионы, синглетті оттек, гипохлорит ионы түзілуінен

липидтерде бос- радикалдық реакцияның жүруі, яғни липидтердің пероксидтік тотығуыЛПТ. ЛПТ-ның физиологиялық деңгейін антиоксиданттық жүйе бақылайды.

Ол екі түрлі болады: 1ферменттіксупероксиддисмутаза (СОД), каталаза, глютатионпероксидаза, глютатионредуктаза, церулоплазмин және т.б. 2 ферменттік емесЕ,А,С витаминдері; убихинон, зәр қышқылы,стероидты гормондар; тиол қосылыстары және т.б..Антиоксиданттар ЛПТ-ны тоқтатады немесе түзілген өнімді бейтараптайды.

Пероксидаздық тотығу макроэргиялық байланыс түзе жүрмейді. Олар пероксисомадағы активті оксидаздардың көмегімен жүреді. Пероксисома- гепатоциттердегі кішкентай денелер; оларды арнайылықты тотықтырғыш денешіктер деп қарастыруға болады. Бұл кішкене денешіктерде зәр қышқылдарының оксидазалары, лактооксидаза, Д-амин қышқылдарының оксидазалары және каталаза болады. Каталаза осы оксидаздар түзетін сутек пероксидін ыдыратады.

Мысалы, ксантиноксидазаның әсерінен несеп қышқылы және сутек пероксиді түзіледі, ал түзілген Н2О2-ні каталаза су мен молекулалық оттекке дейін ыдыратады.