- •Бактериялар
- •Әр түрлі бактерия спорасының жоғары температураға төзімділігі
- •Бактериялардың жіктелуі
- •Микроорганизмдер систематикасы
- •Бактериялар систематикасы
- •Вирустар
- •Бактериофагтар
- •Микроорганизмдер физиологиясы
- •Микроорганизмдердщ қореқтенуі
- •Микроорганизмдердщ тыныс алуы
- •Микроорганизмдер ферменттері
- •Биологиялық факторлардың микроорганизмдерге әсері
- •Түрлі тағамдарды сақтау мен консервілеуде микроорганизмдер қасиетін пайдалану
- •1) Салқын күйінде сақтау; 2) қатырып, яғни тоңазытып сақ-тау.
Микроорганизмдердщ қореқтенуі
Микроорганизмдерде қоректік заттарды қабылдайтын ар-наулы орган болмайды. Сондықтан олар қоректік заттарды барлық денесі арқылы қабылдайды. Осы кезде олар клеткадағы керексіз заттарды сыртқа бөліп те үлгереді. Бұл екі процестің екеуі де өте тез жүреді. Қоректік заттарды қабылдау осмос құбылысына байланысты. Өйткені бактериялар клеткасының қабығы жартылай еткізгіш келеді де белгілі қоректік заттарды қажетті мөлшерде ғана өткізіп тұрады.*Микробтар клеткасында болатын заттар ерітіндісі оған белгілі мөлшерде қысым туғыза-ды. Оны осмос ңысымы деп атайды. Оның шамасы клеткадағы еріген заттың концентрациясына тығыз байланысты. Егер еріген заттың концентрациясы неғұрлым артық болса, қысым да со-ғұрлым арта түседі.
Клеткада жүретін биохимиялық процестердің нәтижесінде жиналған заттар осмос қысымының әсерінен клеткадан сыртқа бөлініп шығып отырады. Ортада су көп болғанда цитоплазма ісініп, клетка қабығын кереді. Мұны тургор ңүбылысы деп атай-ды. Қлетка шамадан тыс ісінсе, жарылып кетуі де ықтимал.
Қоректік ортаның концентрациясы артқан сайын, мәселен, ас тұзы немесе қант қосылғанда бактерия клеткалары сусызда-■ нады. Цитоплазма бастапқы қалпындағыдан анағұрлым кіші-.рейеді де жиырылып клетканың ішіне қарай тартылады. Мұны плазмолиз деп атайды. Мұнда бактерия клеткасының тіршілігі жойылады. Қептеген тағамдық заттарды сақтау үшін тұрмыста қант пен ас тұзының концентрлі ерітінділерін пайдалану осын-дай ерекшелігіне негізделген.
Әдетте микробтар клеткасы үшін оттегі, сутегі, кеміртегі, азот, минерал заттары т. б. қажет. Оттегі мен сутегініц негізгі кезі — су. Ал көміртегінің сіңірілу тәсілдеріне қарай микроор-ганизмдер үлкен екі топқа белінеді.
1) Автотрофты организмдер көміртегін ауадағы көмір қыш- қыл газынан сіңіреді. Сол ортадағы түрлі минерал заттардың тотығуынан бөлінетін энергия автотрофты организмдердің ке- міртегін сіңіруіне кемектеседі. Сондықтан бұл құбылысты фото- синтезге керісінше, хемосинтез деп атайды. Автотрофты мик- роорганизмдерге С. Н. Виноградский ашқан нитрификация- лаушы бактериялар, темір бактериялары, күкірт бактериялары жатады.
Бұлардың кейбір тобына — мәселен, күкірт бактериялары-на — жасыл өсімдіктердегідей фотосинтез құбылысы тән.
2) Гетеретрофты организмдерге — көміртегін дайын органи- калық қосылыстардан алатын микроорганизмдер жатады. Бұларға шіріту бактериялары, әр түрлі ашу процесін коздыру- шылар және ауру туғызушы микробтар жатады. Сонымен қатар олар зат алмасу процесінде түзілетін көмір қышқылын да пайдалана алады. Сөйтіп, бұл микроорганизмдердің табиғаттағы өлі қалдықтарды ыдыратудағы ролі үлкен.
Гетеретрофты микроорганизмдер метатрофты және пара-трофты болып екіге белінеді.
Метатрофтар немесе сапрофиттер өсімдіктер мен жануар-лардың өлекселерімен қоректенеді. Бұларға топырактағы және судағы әр түрлі органикалық заттарды ыдырататын және тағамдық заттарды бүлдіретін микрооргнизмдер жатады. Соны-мен бірге көптеген бактериялар мен ашытқы саңырауқұлақтар, зең саңырауқұлақтары да сапрофиттер болып есептеледі. Ал паратрофтылар тек тірі организмдер белогында ғана кебейе алады. Бұған адам мен жануарлардың ауру қоздырушы микро-организмдері жатады.
Қөміртегінің көзі ретінде микроорганизмдер көбінесе угле-водтарды, спирттерді және түрлі органикалық қышқылдарды (сүт, пропион т. б. қышқылдарды) пайдалана алады.
Микроорганизмдердің барлығы дерлік минералдык заттар мен витаминдерді қажет етеді. Олар минералдық заттарды кеп мелшерде пайдаланбайды. Бұған 10 миллиард бактериялар клеткасында 1 миллиграмм минералдық заттың болатыны анық мысал бола алады. Бірақ минералдық заттар болмаса олар қа-лыпты тіршілік ете алмайды. Минералдық заттардың біразын (фосфор, күкірт, калий, магний және темір) микроорганизмдер минералдық тұздардан алады да, қалған қажетті мөлшерін ор-ганикалық заттар ыдырағанда алады.
Әр түрлі микроорганизмдердің витаминді талап етуі де тур- ліше. Ол қоректік ортаның құрамына және витаминдерді микро- организмдердің сіңіру қабілетіне тікелей байланысты. Микро- организмдердің кейбір түрі өздерінің тіршілік еткен ортасында тіршілік әрекетінің нәтижесінде едәуір мөлшерде Вг, Ві2 және Д витаминдерін өздері түзе алады/Мұндай микробтарды қазір- гі кезде қажетті мелшерде ендірістік жолмен витамин алуға пайдаланады. .
Қөптеген микроорганизмдер азотты күрделі қосылыстардан орқилы дәрежеде сіңіреді. Азот — микроорганизмдер тіршілігі үшін аса маңызды қоректік зат. Ол негізінен тірі протоплазма-пың тірегі. Азотсыз белок та, ал белоксыз тіршілік те болуы мүмкін емес. Азотты сіңіру қабілетіне қарай микроорганизмдер үлкеп екі топқа бөлінеді:
Аминоавтотрофты микроорганизмдер. Олар белокты азоттың минералдық және органикалық қосылыстарынан түзеді.
Лминогетеротрофты микроорганизмдер. Бұлардың кепші-лігі жай қосылыстарда (минерал тұздарда) кездесетін көміртегі мс*л азоттап кейбір амин қышқылдарын түзеді. Бірақ олардың қалыпті.і тіршілігі үшін таза күйіндегі амин қышқылдары да қажет.
Бірінші топқа азот қышқыл аммиак тұздарындағы азотты және молекула күйіндегі атмосфера азотын сіңіретін микробтар жатады. Ал екінші топқа тірі организмнің белогынан азотты сіңіретін немесе амин қышқылдарының қосылыстарынан азот алатын түрлер жатады.
Белок заттарын ыдырататын микробтарға көбінесе спора тү-зуші — пішен таяқшасы, бациллус микойдес және тағы басқала-ры жатады. Мүнда белок алдымен микробтар ферменттері әсе-рінен пептонға, одан кейін түрлі амин қышқылдарына ажырай-ды. Соңында басқа микроорганизмдердің қатысуымен амин қышқылдары аммиакқа, органикалық қышқылдарға, спирттер-ге және түрлі көмірсутектеріне дейін бөлінеді. Егер амин қыш-қылдарының құрамында күкірт болса, онда ыдырау барысында ұнамсыз иісті күкіртті сутектері пайда болады. Микроорганизм-дерді зерттеу және практикада қолдану үшін оларды жасанды қоректік ортада өсіре білу қажет. Бұл мақсатта өндірісте не-месе лабораторияда қоректік орталар даярланады. Осындай арнайы даярланған орталар көмегімен микроорганизмдердіқ жеке түрлерін өсіріп алып зерттеуге мүмкіндік туады. Әдетте қоректік орталардың құрамы өсірілетін микроорганизмнің табиғатына сай болуы тиіс. Микробиологияда өте кеқ тараған қоректік орталардың бірі — ет сорпасынан жасалған орта. Бі-рақ кейбір микроорганизмдер (сүт қышқылы бактериялары) бұл ортада нашар кебейеді. Сондықтан оларға арнап сүттен, овощ және жемістен жасалған бірнеше қоректік орталар даяр-лайды. Микроорганизмдерді есіру үшін қолайлы қолдан құрас-тырылған жасанды қоректік орталарды да пайдаланады. Мұн-дай орта сұйық және тығыз болуы да мүмкін. Сұйық ортаға ет-пептонды сорпа жатады. Ал тығыз орталарды алу үшін сұйық ортаға тез арада қататын теңіз балдырларынан алынған агар-агар деген затты қосады.
