Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бакт.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
364 Кб
Скачать
☆

Биологиялық факторлардың микроорганизмдерге әсері

Табиғат жағдайында микроорганизмдер тек ортаға әсер етіп қоймайды, ортамен өзара белгілі бір қарым-қатыста болады. Кейде бір микроб екінші бір микробтың дамуына қолайлы жағ-дай жасайды. Мұндай құбылысты симбиоз деп атайды. Кейде

осы кұбылыс микроорганизмдер үшін қажет те. Мәселен, май қышқылы процесін қоздыратын анаэробты микроб — клостри-диум пастеурианум аэробты бактериялармен өте жақсы сим-биозда болады. Аэробты микроорганизмдер мұнда ортадағы оттегін қабылдайды және анаэробты микроорганизмдердің тір-шілігі нәтижесінде пайда болған зиянды заттарды ыдыратуға көмектеседі. Сөйтіп, олардың дамуына қолайлы жағдай туғызады.

Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің түйнек бактерияларын кө-міртектес және минералдық заттармен қоректендірсе, олар азотты ауадан сіңіріп, есімдіктерді азотпен қамтамасыз етеді. Осындай жағдайды біз өсімдіктер мен саңырауқұлақтар арасы-нан кездестіреміз. Мұны микориза деп атайды.

Табиғатта кейде микроорганизмнің бір түрі өздерініқ тірші-лігі барысында микроорганизмнің екінші бір түрінің дамуына аса қолайлы жағдай жасайды. Мәселен, кептеген сапрофит микроорганизмдер белокты пептонға, амин қышқылдарына жә-не басқа жай қосылыстарға ажыратады. Бұл заттарды нитри-фикациялаушы бактериялар пайдалана отырып, азот қышқыл аммиак тұздарына айналдырады. Ал бұның өзі өсімдіктер үшін өте қажет қоректік зат болып табылады. Дәл осындай құбылыс азотобактер мен клетчатка ыдыратушы микроорганизмдер ара-сында да болады. Азотобактер ауадағы атмосфера азотын бай-ланыстыру үшін азотсыз органикалық заттарды қажет етеді. Ал олар клетчатканы ыдырата алмайды. Қлетчатка ыдыратушы бактериялар клетчаткадан түрлі органикалық қышқылдар түзе-ді. Азотобактер бұл қышқылдарды одан әрі тотықтыра отырып, өз денесіне азот жинайды. Осымен бірге клетчатка ыдыратушы микроорганизмдердің одан әрі тіршілік ете беруіне қолайлы жағдай жасайды. Міне бұны метабиоздық қарым-қатыс деп атайды. Кейбір жағдайда микробтардың бір тобының тіршілік әрекеті барысында пайда болған заттар екінші бір тобына қо-лайсыз әсер етеді, кейде оларды қырып та жібереді. Мұндай құ-былысты антогонизм деп атайды. Антогонизм құбылысын 1887 жылы Л. Пастер ашқан болатын. Ол мұндай құбылысты топалаң таяқшасы мен шіріту бактериялары арасынан байқады. XIX ға-сырдың аяғында атақты орыс ғалымы И. И. Мечников сүт қыш-қылы бактериялары мен шіріту бактерияларының арасында осындай құбылыстың болатындығын тапты. Сондықтан ол сүт қышқылы бактериялары қатысуымен жасалатын сүт тағамда-рын тұрмыста кеңінен қолдануды насихаттады.

Антогонизм басқа бактериялардың арасында да кездеседі. Мұны биология тұрғысынан қарағанда, табиғаттағы сұрыптау процесін реттеуші факторлардың біреуі деп қарауға болады. Антагонизм құбылысын зерттеу барысында көптеген бактерия-ларды жойып жіберетін заттар алынады. Оларды антибиотик-тер (гректің «анти» — қарсы, «биос» — тіршілік деген сөзіненшыққан, яғни тіршілікке, өмірге қарсы зат) деп атайды. Анти-оиотиктерді көптеген актиномицеттер, бактериялар және саңы-рауқұлақтар бөледі. Антибиотиктердің микробтардың тіршілігін тежейтін әрекеті бар. Бұл жағдайда олар бактериостатикалық әсер етеді. Ал кейде антибиотиктер микробтарды қырып жібере-ді. Оны бактерицидтік әсер деп атайды.

1871 жылы орыс оқымыстысы В. А. Манассеин зең саңырауқұлақтарының бактерияларды жойып жіберетін қабіле-тін ашты. Бұдан бір жылдан соң А. Г. Полотебнев оны іріңдеген жараға салып, жақсы нәтижеге ие болды. Осыдан бастап микробиология ғылымында антибиотиктерді іздестіру жөнінде көптеген зерттеулер жүргізілді. Соның нәтижесінде қазір қолданылып жүрген көптеген антибиотиктер белгілі бол-ды. Олардың ішінде маңыздылары:

Пенициллин — пенициллум зең саңыраукұлағынан алынған. Ол көптеген стрептококкаларға, стафилаккоккаларға күшті әсер етеді. Таяқша тәрізді микробтар мұның әсеріне төзімді ке-леді. Оны қазір медицинада, ветеринарияда кеңінен қолданады.

Стрептомицин — актиномицеттен алынады. Ол туберкулез таяқшасының тіршілігін тежейді. Бруцеллез және ішек аурула-рын емдеуге қолданылады.

Грамицидин — топырақта кездесетін бациллус бревис деп аталатын таяқша бактериядан бөлінген. Жаиуарлардың бірқа-тар ауруларына қарсы қолданылады.

Биомицин — актиномицеттің бір түрінен алынған. Бұл да жануарлар мен адамдар ауруын емдеуде қолданылады. Соңғы жылдары мал мен адам ауруларына қарсы қолданылатын бас-іа да біраз антибиотиктер табылды және олар жан-жақты зерт-телуде.

Антибиотиктерді тек микроорганизмдер ғана емес өсімдік-тер де бәліп шығара алады. Әсімдіктер антибиотиктерін бірінші болып совет оқымыстысы Б. П. Т о к и н 1928 жылы ашқан болатын. Бұл.заттарды ол фитонцидтер деп атады. Фитонцидтер көптеген өсімдіктерде бар екені анықталды. Олар микроорга-низмдердің, әсіресе вегетативтік клеткаларына күшті әсер етеді. Жалпы антибиотиктерді адам мен жануарлар организмі де бө-летіні белгілі.