Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ответы на АНБ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
843 Кб
Скачать
☆

59. Төлем және ақша құралдардың түрлері

Төлем құралы – бұл ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру тәсілі, негізінде осы операцияны жүзеге асыру технологиясының басқа тәсілдерінен (тәртібінен) және төлем құжатының түрінен ерекшеленеді. Елімізде төлем құралдарының әр түрлері, оның ішінде төлем тапсырмасы, төлемдік талап-тапсырма және басқалары сияқты дәстүрлі төлем құралдары, сондай-ақ инновациялық төлем құралдарын қолдануға негізделген төлемдерді жүзеге асырудың аралық тәсілдері қолданылады. Банктің клиентіне төлемді жүзеге асыру үшін бір немесе бірнеше төлем құралдарын таңдау қажет, олар сол немесе өзге де ахуалда пайдалануға қолайлы және барынша қарапайым және қол жетімді болып табылады.  

Төлем карточкалары. Төлем карточкасы - электронды терминалдар немесе өзге құрылғылар арқылы ақшаға қол жеткiзу құралы, онда мұндай карточканы ұстаушыға төлемдердi жүзеге асыруға, қолма-қол ақша алуға, валюта айырбастауға және төлем карточкасының эмитентi белгiлеген әрi соның шарттары бойынша басқа операцияларды жүргiзуге мүмкiндiк беретiн ақпарат болады. Төлем карточкасын беру кезінде шарт жасалады, онда мынадай міндетті шарттар болуы тиіс:

  • төлем карточкасын беру талаптары;

  • төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыру талаптары;

  • қосымша картокалар берілетін адамдардың тізімі немесе адамдардың тізіміне сілтеме (төлем карточкаларын беру туралы шарт негізінде түрлі ұстаушыларға бірнеше төлем карточкаларын беру кезінде);

  • төлем карточкасын алу тастау және оқшаулау талаптары;

  • төлем карточкасының және/немесе төлем карточкаларын беру туралы шарттың қолданылу мерзімі;

  • тараптардың құқықтары мен міндеттері;

  • тараптардың жауапкершілігі.

Бірінші көпшілік төлем карточкаларын пайда болу тарихы жарты ғасырдан астам болып саналады. Қазақстанның тұрғындары олардың күнделікті өміріне сеніммен кірген  төлем құралының осы түрінің ыңғайлы екендігін өткен он жылдың ортасында ғана бағалай алды. Әлемдік карточка индустриясын дамытудағы маңызды кезең  2000 жылдардың бірінші жартысы - чиппен жабдықталған төлем карточкаларын тарату уақыты болды. Уақыт көшіне ілесе отырып, Қазақстандық банктер 2005 жылы магниттік жолағы бар карталарды біртіндеп ауыстыра отырып, «чиптік» карталар шығаруға кірісті.    Қазіргі уақытта төлем карточкаларының нарығында қызмет көрсетудің үлкен  ассортименті көрсетілді және түрлі карточкалық бағдарламалардың елеулі саны ұсынылады. Мәселен, төлем карточкасының көмегімен дүкендер мен мейрамханаларда тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін төлем жасауға, коммуналдық қызмет көрсетулерді, байланыс қызметін, салық және кеден төлемдерін төлеуге,  кредиттерді өтеуге, карточкадан карточкаға ақша аударуға, Интернет немесе телефонды пайдалану арқылы тауарларға және қызмет көрсетуге тапсырыс беруге болады. Бұл ретте Қазақстанның банктерінде мынадай халықаралық (VISA International, Europay International, American Express International және Diners Club International, China Union Pay), сондай-ақ жергілікті төлем жүйелерінің карточкаларын (Altyn Card, SmartAlemCard, TemirCard, сондай-ақ «Цеснабанк» АҚ және «Ситибанк Казахстан» АҚ карточкалары) карточкаларын алуға болады.

Төлем карточкалары бойынша статистика. 2009 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша 19 банк және «Қазпочта» АҚ нақтылы түрде төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асыруда. Екінші деңгейлі банктер жергілікті жүйе төлем карточкаларын: Altyn Card – «Қазақстанның Халықтық Банкі» АҚ, SmartAlemCard – «БТА Банкі» АҚ, TemirCard – «Темiрбанк» АҚ, «Сити банкі» АҚ және «Цесна банкі» АҚ шығаруда. Бұдан басқа, қазақстандық банктер келесідей халықаралық жүйе карточкаларын шығарумен және таратумен айналысуда: VISA International, Europay International, American Express International, China Union Pay және Diners Club International. 2009 жылдың 1 наурызындағы  жағдай бойынша банктердің шығарған төлем карточкаларының саны 7.0 млн. дана құрап, бұл карточкалардың ұстаушыларының саны – 6.6 млн. адам болған (2008 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіштер сәйкесінше 18.0% және 17.3% артқан[1]). Төлем карточкаларының ішінде неғұрлым көп тарағаны халықаралық жүйе карточкалары болып келеді. Олардың өзіндік үлесі 97.6%, ал жергілікті жүйе карточкаларының өзіндік үлесі – 2.4%. 2008 жылдың 1-ші наурызында бұл арақатынас 96.0% және 4.0% құраған болатын. 2009 жылдың ақпанында қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын қолдану арқылы жасалған транзакцияларының көлемі 185.5 млрд. теңге құрады (өсім 2008 жылдың ақпан айымен салыстырғанда 14.9%). 2009 жылдың ақпан айында транзакциялардың саны 8.5 млн. транзакцияны құрап, 2008 жылдың ақпан айымен  салыстырғанда 9.0%-ға өскен. Сондай-ақ, қолма-қол ақшасыз төлемдер санының (1.4 млн. транзакцияға дейін немесе 15.6%-ға) қолма-қол ақша алуға байланысты операциялар санының өсуімен (7.1 млн транзакцияға дейін немесе 7.8%-ға) салыстырғанда жоғары қарқынмен өсуі байқалады. 

Қазақстандағы төлем карточкалары нарығының дамуы жайындағы толығырақ мәліметтер 1 - 5 Кестелерде келтірілген.

Кесте 1

Көрсеткіштер

01.03.08

01.03.09

Айналымдағы карточкалар саны (мың бірлік), оның ішінде

5 910.4

6 973.3

    - жергілікті жүйе карточкалары

234.9

167.7

    - халықаралық жүйе карточкалары, оның ішінде:

5 675.5

6 805.6

          Visa International

4 420.7

5 410.9

          Europay International

1 252.9

1 388.2

Карточка ұстаушыларының саны (мың адам), оның ішінде

5 588.1

6 552.5

    - жергілікті жүйе карточкалары

224.2

159.6

    - халықаралық жүйе карточкалары, оның ішінде:

5 363.9

6 392.9

          Visa International

4 155.3

5 074.7

          Europay International

1 206.9

1 311.9

Қолданылған карточкалардың саны (мың бірлік), оның ішінде

2 962.5

3 132.2

    - жергілікті жүйе карточкалары

121.2

90.2

    - халықаралық жүйе карточкалары, оның ішінде:

2 841.3

3 042.0

          Visa International

2 182.1

2 357.6

          Europay International

658.6

681.5

POS – терминалдар саны (дана), оның ішінде

17 032

21 077

      сауда кәсіпорындарында

13 522

16 802

      банктерде

3 510

4 275

Импринтерлер саны (дана), оның ішінде

1 053

886

      сауда кәсіпорындарында

575

482

      банктерде

478

404

Банкоматтар саны (дана)

4 972

6 445

Сауда кәсіпорындарының саны (бірлік)

7 630

9 302

Карт-шоттардағы ақшалардың орташа айлық қалдығы

81 962.7

98 473.2

Кесте 2

Көрсеткіштер

2009 ж. 1 наурызындағы жағдай бойынша

Айналымдағы карточкалар саны(мың бірлік)

Карточка ұстаушыларының саны (мың адам)

Қолданылғанкарточкалардың

саны(мың бірлік)

Барлығы, оның ішінде

6 958.4

6 432.2

3 128.7

Ақмола облысы

239.8

225.9

123.9

Ақтөбе облысы

361.6

340.9

181.1

Алматы облысы

217.2

206.2

102.8

Атырау облысы

333.9

302.7

156.7

Шығыс-Қазақстан облысы

591.0

553.6

296.6

Жамбыл облысы

271.6

265.0

148.0

Батыс-Қазақстан облысы

235.3

216.6

108.5

Қараганды облысы

764.1

725.9

348.0

Қостанай облысы

257.5

242.2

134.9

Қызылорда облысы

221.7

211.2

126.7

Маңғыстау облысы

337.4

293.3

155.0

Павлодар облысы

388.1

361.3

194.1

Солтүстік-Қазақстан облысы

168.7

159.6

85.7

Оңтүстік-Қазақстан  облысы

447.2

413.9

195.4

Алматы қаласы

1 586.0

1 432.6

562.8

Астана қаласы

537.5

481.2

208.5

Кесте 3

Көрсеткіштер

2009 ж. 1 наурызындағы жағдай бойынша

POS – терминалдар саны (дана)

Импринтерлер саны (дана)

Банкоматтар саны (дана)

Сауда кәсіпорындарының саны (бірлік)

Барлығы, оның ішінде

21 077

886

6 445

9 302

Ақмола облысы

534

5

219

275

Ақтөбе облысы

1 160

22

361

459

Алматы облысы

426

9

264

138

Атырау облысы

994

52

356

432

Шығыс-Қазақстан облысы

1 507

28

536

712

Жамбыл облысы

533

6

228

235

Батыс-Қазақстан облысы

756

18

241

268

Қараганды облысы

1 659

27

560

689

Қостанай облысы

689

20

260

273

Қызылорда облысы

398

6

181

206

Маңғыстау облысы

771

18

306

402

Павлодар облысы

1 246

14

405

543

Солтүстік-Қазақстан облысы

588

9

186

273

Оңтүстік-Қазақстан  облысы

1 090

18

374

448

Алматы қаласы

6 093

541

1 370

2 578

Астана қаласы

2 633

93

598

1 371

Қазақстандық эмитенттердің шығарған төлем карточкаларының Қазақстан Республикасы аумағында және одан тыс жерлерде қолданылуы (қазақстандық банктер тарататын American Express International, Diners Club International, Visa International және Europay International карточкалары бойынша айналымдар есепке алынбады)

Кесте 4

Көрсеткіштер

Ақпан

Қолма-қол ақшасыз төлемдер

Қолма-қол ақша алуға байланысты операциялар

2008 жыл

Саны (мың транз.), оның ішінде

1 210.4

6 571.3

   - жергілікті жүйе

32.2

213.8

   - халықаралық жүйе, оның ішінде

1 178.2

6 357.4

       Visa International

907.6

4 950.2

       Europay International

270.4

1 405.1

Көлемі (млн. теңге), оның ішінде

17 339.0

144 130.2

   - жергілікті жүйе

468.8

4 580.6

   - халықаралық жүйе, оның ішінде

16 870.2

139 549.6

       Visa International

14 505.8

111 171.5

       Europay International

2 360.2

28 320.7

2009 жыл

Саны (мың транз.), оның ішінде

1 398.7

7 082.6

   - жергілікті жүйе

31.5

193.6

   - халықаралық жүйе, оның ішінде

1 367.2

6 888.9

       Visa International

1 090.5

5 446.7

       Europay International

276.2

1 437.8

Көлемі (млн. теңге), оның ішінде

16 083.7

16 9381.3

   - жергілікті жүйе

341.6

4 534.1

   - халықаралық жүйе, оның ішінде

15 742.1

164 847.2

       Visa International

13 416.6

134 591.4

       Europay International

2 317.8

30 122.7

Өзгерісі (%)

Саны

15.6%

7.8%

   - жергілікті жүйе

-2.2%

-9.4%

   - халықаралық жүйе, оның ішінде

16.0%

8.4%

       Visa International

20.2%

10.0%

       Europay International

2.1%

2.3%

Көлемі

-7.2%

17.5%

   - жергілікті жүйе

-27.1%

-1.0%

   - халықаралық жүйе, оның ішінде

-6.7%

18.1%

       Visa International

-7.5%

21.1%

       Europay International

-1.8%

6.4%

Қазақстан Республикасы аумағында қазақстандық және шетелдік эмитенттердің шығарған төлем карточкаларының 2009 жылдың ақпан айында аймақтар бойынша қолданылуы (қазақстандық банктер тарататын American Express International, Diners Club International, Visa International және Europay International карточкалары бойынша айналымдарды есепке ала отырып)

Кесте 5

Көрсеткіштер

Ақпан

Қолма-қол ақшасыз төлемдер

Қолма-қол ақша алуға байланысты операциялар

Саны (мың транз.)

Сомасы(млн.теңге)

Саны (мың транз.)

Сомасы(млн.теңге)

Барлығы, оның ішінде

1 305.8

13 868.6

7 511.8

171 869.2

Ақмола облысы

13.0

194.4

223.3

4 249.5

Ақтөбе облысы

37.8

673.2

448.5

9 758.2

Алматы облысы

38.8

346.5

227.4

4 996.2

Атырау облысы

32.6

633.1

383.8

10 057.5

Шығыс-Қазақстан облысы

103.4

306.8

656.4

12 869.9

Жамбыл облысы

24.7

178.7

300.8

5 954.5

Батыс-Қазақстан облысы

53.4

1 418.3

281.9

5 763.8

Қараганды облысы

62.3

588.7

741.6

14 570.0

Қостанай облысы

37.0

458.3

352.2

6 452.5

Қызылорда облысы

61.3

304.7

226.3

5 500.1

Маңғыстау облысы

30.4

578.6

384.2

10 587.4

Павлодар облысы

67.7

900.2

643.6

10 287.8

Солтүстік-Қазақстан облысы

37.0

456.6

200.7

3 619.5

Оңтүстік-Қазақстан  облысы

29.0

557.9

399.2

8 905.6

Алматы қаласы

551.1

4 816.9

1 440.5

42 395.2

Астана қаласы

126.2

1 455.7

601.5

15 901.4

[1] Мұнда және Кесте 1-де қазақстандық банктердің тарататын American Express International, Diners Club International, Europay International және Visa International халықаралық төлем карточкалары да есепке алынды

Төлем құжаттары. Төлем құжаты - азаматтық-құқықтық мәмiле шарттарының, Қазақстан Республикасы заңдарының нормалары мен сот шешiмдерiнiң негiзiнде және соларға сәйкес жүргiзiлетін құжат. Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарының мынадай түрлері жүзеге асырылады:

  • төлем тапсырмасы - нұсқауда белгiленген ақша сомасын бенефициардың пайдасына аудару туралы нұсқауды жөнелтушiнiң алушы банкке ұсынуын көздейтiн ақша төлемi мен (немесе) аударымын жүзеге асыру әдiсi;

  • төлемдiк талап-тапсырма - төлемдi жүзеге асыру тәсiлi, бұл ретте ақша жөнелтушiнiң банкiне ақша жөнелтушiге аталған талапты растайтын құжаттар негiзiнде және олар қоса берiле отырып, мұндай талапта көрсетiлген ақша сомасын төлеу туралы жөнелтушiнiң талабы қойылады;

  • банктiк шотты тiкелей дебеттеу - төлемдi жүзеге асыру әдiсi, бұл орайда ақша жөнелтушiден ақша алынып, ақша жөнелтушiнiң ақшаны алу туралы алдын ала рұқсатының негiзiнде ол бенефициардың пайдасына берiледi, рұқсат белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде және (немесе) белгiлi бiр ақша сомасының шегiнде қолданылады. Банк шотын тiкелей дебеттеу арқылы төлем жасау ақша жөнелтушi мен оның банкi арасында жасалған шарт негiзiнде жүзеге асырылады, осыған сәйкес ақша жөнелтушi жеткiзiлген тауар, орындалған жұмыс не көрсетiлген қызмет үшiн бенефициардың жоғарыда көрсетілген шартқа тиiстi құжаттарды қоса тiркеп, талап етуi негiзiнде өзiнiң банк шотынан ақша алуға келiсiм бередi;

  • төлем карточкасы - электронды терминалдар немесе өзге құрылғылар арқылы ақшаға қол жеткiзу құралы, онда мұндай карточканы ұстаушыға төлемдердi жүзеге асыруға, қолма-қол ақша алуға, валюта айырбастауға және төлем карточкасының эмитентi белгiлеген әрi соның шарттары бойынша басқа операцияларды жүргiзуге мүмкiндiк беретiн ақпарат болады;

  • чек - чек берушi мен алушы банк арасындағы шартқа негiзделген, iшiнде чек берушiнiң алушы банкке көрсетiлген ақша сомасын чек ұстаушыға төлеуi туралы жазбаша бұйрығы бар төлем құжаты;

  • вексель - бiржақты сөзсiз ақшалай мiндеттеменi бiлдiретiн қатаң белгiленген нысандағы төлем құжаты.

  • инкассалық өкiм - ақша жөнелтушiнiң банк шотынан оның келiсiмiнсiз ақшаны алып қою үшiн пайдаланылатын төлемдi жүзеге асыру тәсiлi.

Төлем құжаттары бойынша статистика. 2008 жылдың 4–ші тоқсанында екінші деңгейдегі банктержәне«Қазпочта»АҚ№1Кестеде  ұсынылған  төлем  құралдарын  пайдалана  отырып 28 019.8 млрд. теңге сомаға 39 437.6 мың транзакция көлемінде транзакция өткізді. Тұтастай алғанда түрлі төлем құралдарын пайдаланудың артуы байқалады. Мәселен, 2007 жылдың 4-ші тоқсанымен салыстырғанда төлемдердің жалпы саны 8.3%, ал төлемдердің жалпы сомасы 16.3% ұлғайды. Ұсынылған төлем құралдарының жалпы санының ұлғаюы негізінен 3 203.4 мың транзакцияға төлем карточкаларын пайдалану операциясы санының ұлғаюына байланысты болды. Төлемдер көлемінің ұлғаюы негізінен 3 315.6 млрд. теңгеге төлем тапсырмаларын пайдалана отырып төлемдер көлемінің өсуіне байланысты болды.Бұрынғыдай Қазақстанның аумағында төлем тапсырмалары және төлем карточкалары неғұрлым таралған төлем құралдары болып табылады. Бұл ретте, бір төлем тапсырмасының орташа сомасы 2008 жылдың 4–ші тоқсанында 2.7 млн. теңге құрады және 2007 жылдың 4-ші тоқсанымен салыстырғанда 10,1% ұлғайды. Сонымен бірге төлемдер саны бойынша төлем карточкаларының жоғары үлес салмағы және төлемдер көлемі бойынша төмен үлес салмағы осы төлем құралын негізінен шамалы қолма-қол ақша сомасын алу үшін пайдаланылатындығымен сипатталады (2008 жылдың 4–ші тоқсанында бір транзакцияның орташа сомасы 23.7 мың теңге болды).2008 жылдың 4–ші тоқсанында төлем құралдарының ішіндегі төлем талаптары – тапсырмалар және инкассалық өкімдер аз пайдаланылады. Жалпы сан мен көлемдегі осы құралдарды шамалы пайдалану үлесі олардың ерекшелігіне байланысты. Басқа құралдарға  тауарлар мен қызмет көрсетуге есеп беретін чектер, банк шотын тікелей дебеттеу және орындалған аккредетив жатады.