Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PsikhShpoR_durys.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
164 Кб
Скачать
☆
  1. Психофизиологиялық параллелизм мағынасы

Дуалистiк тағлиматты арқау етiп ХIХ ғ. Психология саласында психофизиологиялық

параллелизм атанған идеалистiк бағыт кең өрiс алды. Бұл бағыттың мəнi: психика жəне тəн қатар, бiрақ өзара тəуелсiз жасайды. Мұндай идеалистiк көзқарасты дəрiптеушiлерВундт, Эббингауз, Спенсер, Рибо, Джемс, т.б.Шамамен осы дəуiрде психология денi жөнiнде жаңа түсiнiктер қылаң беребастады. Ойлау, сезу, қалау қабiлеттерiне сана атауы берiлiп, психика санамен бала-маластырылды. Осыдан жан психологиясы орнына сана психологиясы жүзеге келдi.

Бiрақ сана көп уақытқа дейiн басқа табиғи процестердiң бəрiнен оқшауланған ерекше

құбылыс ретiнде қаралды. Ендi саналық өмiр Алла жаратқан ақыл көрiнiсi немесе сананы құраған қарапайым элементтерi бар субьективтiк сезiм нəтижесi деп есептелдi. Бiрақидеалистiк бағыттағылардың бəрiн бiрiктiрген жалпы пiкiр: психикалық болмыс – бұлғылыми талдауға келмейтiн, себебiн түсiндiру мүмкiн емес, тек қана өзiндiк бақылаументанылатын субъектив дүние екендiгi. Мұндай түсiнiк кең етек алып, ал бұл бағыттағыидеализм интроспекттiк (өзiн-өзi бақылау) сана тағылымы атын алды. Осыдан санаөзiмен өзi шектелiп, психика объектив болмыс пен субъектiнiң өзiнен де толығымен арабайланысын үздi.

4. Сана психологиясының бағыттары

XIX ғ соңында ойлау, сезу, қалау қабілеттеріне сана атауы беріліп, психика санамен баламастырылды. Жан психологиясының орнына сана психологиясы жүзеге келді. Осы кездегі идеалистік бағыттарды біріктірген пікір: психикалық болмыс – бұл ғылыми талдауға келмейтін, тек қана өзіндік бақылаумен танылатын субъективті дүние екендігі (интроспекттік [өзін-өзі бақылау] сана). ХІХ ғ. соңы, ХХ ғ басында біршама тағылымдар сананың осы интроспектік психология шеңберінде зерттелді.

Интроспекттік психология аймағындағы теориялардың бір-бірінен айырмашылығы сананы құрылымы, мазмұны және белсенділік дәрежесіне қарай әрқилы сипаттаудан болды. Осы тұрғыдан сана психологиясы бес бағытта өз зерттеулерін жүргізеді:

- саналық элементтер психологиясы (В.Вундт; Э.Титченер);

- саналық әрекеттер психологиясы (Ф.Брентано);

- саналық ағым теориясы (У.Джемс);

- дербес құрылым психологиясы (гештальтпсихология);

- суреттеме психологиясы (Дильтей).

Бұл теориялар психикалық құбылыстардың мәнін түсіндірмей, тек қана суреттейді. 1879 ж. Лейпцигте Вундт алғашқы эксперименталды зертхана ұйымдастырды. Зерттеуші белгілі жағдайлар жасап, онда психикалық процестердің өтуін бақылап отырды.

5. Бихевиоризм ұғымы және зерттеу пәні

ХХ ғ. екінші онжылдығында психологияның жаңа бағыт өкілдері психологияның жаңа пәнін жариялады: ол психика да емес, сана да емес, ал сырттан бақыланатын адам қозғалысының жиынтығы – әрекет-қылық. Бұл бағыт – бихевиоризм. Бихевиоризм теориясы негізінде адам мен хайуанаттардың әрекет-қылығы сыртқы орта әсеріне (стимул) организмнің кері (сөз, эмоция арқылы) жауаптарының жиынтығы деген түсінік жатыр. Эксперимент жасау әдісі іске қосылды. Бихевиоризм психологиясы сананы емес, әрекет-қылықты зерттеуі керек деген тезис тұжырымдады. Бихевиористер сана деп адамның тек басынан кешкен субъективті мағлұматтар жиынтығын айтады. Сана сыртқы дүниені бейнелейтін мидың нақты қызметі екенін олар мойындамайды, сөйтеді де психиканың материалдық субстратын құрайтын ми физиологиясына қарсы шығады. Бихевиоризм теориясын қалаушы – Э.Торндайк. Ал оның бағдарламасын жасап, «бихевиоризм» терминін енгізген Дж.Уотсон. Бихевиоризм кризисінің себебі – ол сана, ойлау, ерік сияқты негізгі ұғымдарды психологиядан шығарып тастап, психиканың әлеуметтік жағын ескермеуінде.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]