Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PsikhShpoR_durys.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
164 Кб
Скачать
☆

93.Ойын-сауық түрлері

Ойынның бір түрі – викториналар. Оларды ұйымдастыру мен өткізу қиын емес. Сұрақтар адамдардың тапқырлығы мен эрудициясын көрсетеді. Сұрақ өте қиын болмауы керек.

Ойын-сауықтың тағы бір түрі – аукцион. Аукцион қиын емес және көңілді болуы қажет.

Анимацияның бір түрі – ұтылыссыз лотерея. Онда бірнеше «құнды» жүлде болады (мысалы, кәмпит, иіссу, гүл т.с.с.).

Қонақ үйлер мен мейманханалардағы ойын-сауықтар

Дискотека. Музыканы тақырып принципі бойынша таңдауға болады. Дыбыс безендірілуінде, музыкамен бірге, әртүрлі табиғи дыбыстар, диск-жокей дауысы, арнайы дыбыс-жарық-көркем эффектілер т.б. қолданылады.

Варьете – жеңіл жанрға жататын театр түрі. Комедиялық сипаттағы музыка мен би – варьете негізі.

Мюзик-холл ағылшын таверналарында алғашқы пайда болған. Оларда қысқа, буффонадаға толы интермедиялар, би, ән, акробатикалық номерлер орындалған. Ең үлкен осындай таверналар үлкен балет труппалары бар мюзик-холлдарға айналған.

Концерт әртүрлі жанрдағы дербес номерлерінен құрылады және номерлер кезегі контраст ережесіне бағынғаны дұрыс.

Көрініс (обозрение): бөлек номерлерді бір сюжетке бағындырады, сонда эстрадалық көрініс біртұтас спектакльге айналады. Барлық номерлер бір жалпы идеяны көрсетуге арналған.

Тақырыптық кеш нақты бір тақырыпты қолданып, көркем құралдарын пайдаланады. Мысалы, вокалға балет тобы қосылады, ән ансамбльдері пластика, би қимылдарын, техникалық құралдарын еркін қолданады.

Музыкалық бағдарламаларда ең бастысы музыка (оркестр, ансамбль, солист), кейде оған қосымша көркем өнер түрлері де қосылады.

94.Релаксациялық шаралар

Әртүрлі жарыстар, жорықтар, серуен, спорттық шаралар (теннис, аэробика, желкен спорты, дайвинг т.б.) рахаттанып демалуға мүмкіндік береді.

Туристік-қонақ үй кешендеріндегі релаксациялық сервиске массаж, йога, аромотерапия, басқа да денсаулық сақтау-сауықтыру-емдеу шаралары жатады.

Құмарлық ойындар демалушыларды өзінің тәуекелімен тартады. Кейде ойын орталықтары қонақжайлық индустрия кешендері инфрақұрылымының бір бөлігі болады. Ойын автоматтары, блэкджек, рулетка, баккара – ең жиі кездесетін осындай ойын түрлері. Мұндай ойындардың түрлі психологиялық проблемалары бар, олардың ішінде патологиялық ойын құмарлығы.

95.Коммуникациялық мәдениет

Коммуникация, қатынас дегеніміз екі және одан көп адамның арасында болатын қарым-қатынас, оның мағынасы – танымдық немесе аффективтік-бағалаулық (эмоциялық-бағалаулық) ақпарат алмасу. Қатынастың коммуникативтік, интерактивтік және перцептивтік сипаттары болады.

Коммуникативтік сипаты – қатынастағы адамдардың нақты қылық-әрекетімен сәйкестелген ақпарат алмасу. Ақпарат алмасу кедергілері: түсініспеу-сөздер мен сөйлемдердің мағынасын білмеуінен болады; фонетикалық кедергі – күмілжіп сөйлеуден; стилистикалық кедергі – сөз стилі мен нақты жағдай арасындағы қайшылық; логикалық – ойлаудың түсініксіз немесе қате логикасынан туындайды. Сонымен қатар, әлеуметтік-мәдениеттік өзгешеліктер (әлеуметтік, саяси, діни, мамандық) және коммуникаторды жақтырмау немесе сенбеуден туындайтын кедергілер болады.

Интерактивтік сипаты - әрекет алмасу.

Перцептивтік сипаты – адамдардың бірін-бірі қабылдау үрдісі және осының негізінде өзара түсінісуді орнату.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]