- •Менеджменттің теориялық және методологиялық негіздері
- •Өндірісті басқарудағы жүйелілік тәсіл
- •Ұйым түсінігі,түрлері және оның сипаттамасы
- •Басқару ғылымының дамуына маңызды үлес қосқан негізгі тәсілдер
- •Информациялық жүйелер
- •Менеджмент туралы түсінік
- •Ұйымдастыру функциясының мазмұны
- •3.Мотивация ұғымы мен эволюциясы
- •Басқарушы және басқарылушы кіші жүйелер,олардың бірлігі мен әрекеттестігі
- •Формальді және формальді емес ұйымдар
- •Ұйым бірлестіктері
- •Менеджер және оның функциялары
- •Стратегиялық және тактикалық жоспарлау
- •Қазіргі замандағы мотивация теориялары
- •1. Басқару қызметіндегі нормалау мен регламентеу
- •2 .Басқару мен кәсіпкерліктің өзара байланысы
- •3.Мотивацияны активациялау мен сыйақыны қалыптастыру
- •Жүйенің жұмыс істеу шарттары
- •2. Басқарудағы әр түрлі мектептерді бөлу позициясының тәсілі
- •3.Ұйымдастыру құрылымының тиімділігінің параметрлері
- •Жағдайлық тәсіл,оның өкілдері және басқару теориясына қосқан үлесі
- •1. Автократиялық басқарушы, мұнда екі теория бар:
- •Процестік тәсіл,оның сипаттамасы және өкілдері
- •3.Менеджменттің Қазақстанда саяси және әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуы мен дамуы
- •Еңбекті көлденең және тік бағытта бөлу
- •Ішкі айнымалылар: мақсаттар,құрылым,міндеттер,технология және адамдар
- •Басқарудың ұйымдастыру құрылымының түрлері
- •Фирмалардағы басқарудағы ерекшеліктер
- •2. Менеджмент жүйесінде өкілеттіліктерді делегирлеу және жауапкершілікті ұйымдастыру
- •3. Орталықтандырылған және орталықтандырмаған өкілеттілік
- •Өкілеттілікті делегирлеуді тиімді ұйымдастырудағы кедергілер
- •Информация туралы түсінік,қасиеттер,қойылатын талаптар
- •Инвестициялық жобалаудағы имитациялық модельдеу
Формальді және формальді емес ұйымдар
Ресми ұйымдар- ұйымның мақсатына жету үшін басшылықтың еркімен құрылған адамдар тобы. Жалпы ұйым туралы айтылса, ол ресми ұйымдар тобы. Ресми ұйымдар белгілі бір заңды талаптарға негізделген. Бейресми ұйымдар — әр түрлі әлеуметтік ішкі себептерге байланысты ресми ұйымның ішінен құралған ұйымдар. Бейресми ұйымдар шағын ғана ұйымдардан басқа барлық ресми ұйымдарда болады. Оларда жетекшісі болмасада, олар өте қажет. Олар белгілі бір мақсаттарға жету үшін жүйелі түрде өзара қатынаста болатын адамдар тобы. Бейресми ұйымдарға адамдардың топтасуының себептері: 1. қатысушылық немесе достық сезім 2. өзара көмек 3. өзара қорғау, адамдар күшінің бірігуі. 4. өзара ортақ қызығушылықтар мен мүдделер. Бейресми ұйымдар сипаттамасы: әлеуметтік бақылау;өзгерістерге қарсы тұру. Ұйымдар ұйымдастырушылық құқықтық формаларына байланысты екіге бөлінеді: А) комерциялық ұйымдар Б) комерциялық емес ұйымдар Комерциялық ұйымдар- пайда табу мақсатында құрылған ұйымдар.Оларға: Шаруашылық серіктестіктер (Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, Қосымша жауапкершілікті серіктестіктер, Командитті, Толық серіктестіктер). Акционерлік қоғамдар Мемлекеттік кәсіп орындар Өндірістік коперативтер.
Ұйым бірлестіктері
Оларға: Тұтыну коперациясы Мекемелер Қорлар Діни ұйымдар Қоғамдық бірлестіктер. Ұйымның негізгі мінездемесі оның сыртқы ортамен өзара қатынасы. Бірде бір ұйым «жеке арал» бола алмайды.Ұйым ресурстық қатынастарда да, тұтынушылық қатынастарда да қоршаған әлем сыртқы ортаға толықтай бағынышты. Сыртқы орталар: экономикалық шарттар, тұтынушылар, кәсіподақтар, басқарма актілері, заңды нормалар, бәсекелес ұйымдар, қоғамдық көзқарастар, техника және технологиялар Бұлар ұйымда болып жатқан барлық факторларға әсер етеді. Мысалы, жаңа автоматтандырылған технология бәсекелестікке жетелейді. Бұл техниканы тиімді пайдалану үшін жаңашыл көзқарасты, жаңа білікті мамандарды жалдауы керек. Мұндай білікті мамандарды бәсекелес нарығы заманында жалдау үшін оның айлық жалақысын жоғарлату керек. Оларды жалдау барысында заңды нормаларды толықтай сақтауы тиіс.
5-билет
Менеджер және оның функциялары
Шетел ғалымдары кәсіпорынды басқару мәселелерін арнайы пәнге шығарып, Менеджмент деп атады. Менеджер – басқарушы, менеждмент – басқару. Бұрын біздің елде инженерлік негізгі білімін жақсы үйретіп, экономиканы басқару білімдеріне көп көңіл бөлмейтін. Осы пәндерден инженер жұмыс уақытында қателесіп, сүрініп білім алатын. Қазіргі инженер жаңа техниканы, технологияны үйренумен қатар кәсіпорынды басқару әдістерін, әсіресе нарықты жағдайында, білу керек. Басқару деңгейіне орай менеджерлерді үш топқа бөлуге болады: төменгі, орташа және жоғары сатыдағы менеджерлер.Төменгі менеджерлер – бұл бір топ адамдардың немесе бөлімдердің бастықтары. Жоғары сатыдағы менеджерлерге компаниялардың бастықтары жатады. Орта сатыдағы менеджерлер – бұл цехтардың бастықтары. Жалпы айтқанда, менеджмент процесін төрт функцияларыға бөлуге болады: а) ұйымдастыру б) жоспарлау в) ынталандыру г) бақылау.
Ұйымдастыру функциясы
Ұйымдастыру функциясы – бұл еңбек пен түрлі ресурстарды қосып, жоспарланған бұйымды шығару немесе қызмет ету.
Жоспарлау функциясы
Жоспарлау және болжау – бұл алдын-ала кәсіпорынның негізгі көрсеткіштерін және қортындысын бекіту.
Ынталандыру функциясы
Ынталандыру функциясы – бұл өзінің қарамағындағы адамдарды түрлі жолдармен жұмысты жылдам әрі дұрыс істеуге ынталандыра алу. Бақылау функциясы
Бақылау – бұл бекітілген тапсырманы қалай орындағанын тексеру. Бақылау жоспарлау мәселелерімен тіке байланысты. Бақылау қатал болса, өндірістің бағдарламасынан айырмашылығы ерте көрінеді.
