- •Менеджменттің теориялық және методологиялық негіздері
- •Өндірісті басқарудағы жүйелілік тәсіл
- •Ұйым түсінігі,түрлері және оның сипаттамасы
- •Басқару ғылымының дамуына маңызды үлес қосқан негізгі тәсілдер
- •Информациялық жүйелер
- •Менеджмент туралы түсінік
- •Ұйымдастыру функциясының мазмұны
- •3.Мотивация ұғымы мен эволюциясы
- •Басқарушы және басқарылушы кіші жүйелер,олардың бірлігі мен әрекеттестігі
- •Формальді және формальді емес ұйымдар
- •Ұйым бірлестіктері
- •Менеджер және оның функциялары
- •Стратегиялық және тактикалық жоспарлау
- •Қазіргі замандағы мотивация теориялары
- •1. Басқару қызметіндегі нормалау мен регламентеу
- •2 .Басқару мен кәсіпкерліктің өзара байланысы
- •3.Мотивацияны активациялау мен сыйақыны қалыптастыру
- •Жүйенің жұмыс істеу шарттары
- •2. Басқарудағы әр түрлі мектептерді бөлу позициясының тәсілі
- •3.Ұйымдастыру құрылымының тиімділігінің параметрлері
- •Жағдайлық тәсіл,оның өкілдері және басқару теориясына қосқан үлесі
- •1. Автократиялық басқарушы, мұнда екі теория бар:
- •Процестік тәсіл,оның сипаттамасы және өкілдері
- •3.Менеджменттің Қазақстанда саяси және әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуы мен дамуы
- •Еңбекті көлденең және тік бағытта бөлу
- •Ішкі айнымалылар: мақсаттар,құрылым,міндеттер,технология және адамдар
- •Басқарудың ұйымдастыру құрылымының түрлері
- •Фирмалардағы басқарудағы ерекшеліктер
- •2. Менеджмент жүйесінде өкілеттіліктерді делегирлеу және жауапкершілікті ұйымдастыру
- •3. Орталықтандырылған және орталықтандырмаған өкілеттілік
- •Өкілеттілікті делегирлеуді тиімді ұйымдастырудағы кедергілер
- •Информация туралы түсінік,қасиеттер,қойылатын талаптар
- •Инвестициялық жобалаудағы имитациялық модельдеу
Стратегиялық және тактикалық жоспарлау
Жоспарлау барлық басқару қызметінің ішіндегі ең негізгісі болып саналады. Жоспарлау дегеніміз алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен амалдары. Жоспар туындаған жағдайларға байланысты өзгертуге ыңғайлы болу керек.
Жоспарлау қызметінің мерзіміне байланысты жіктелуі:
1. Стратегиялық жоспарлау – «стратегия» дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады.
2. Тактикалық жоспарлау – барлық басқару функциясының ішінде жоспарлау ең елеулісі болып саналады. өйткені мұың өзі кез-келген балама әрекеттерді таңдап, алуға байланысты.
Қазіргі замандағы мотивация теориялары
Мотивацияның диапазоны өте кең — «жұмыс істе немесе аттан өл»-деуден оларға тек нан емес, ойын-сауық беруге дейін қорқыту мен жазалау негативті санкциядан позитивті награды мен қызығушылықа дейін. Ынталандырулар мәжбүрлік еңбектен, қызметкерде материалдық ұтысқа, мақтанышқа жету тілегінің пайда болуына дейін өзгерген. Менеджердің тұрақты мақсаттарының бірі — өнімділікті және орындаушылар жұмысының тиімділігін өсіру болып табылады. Тиімділікті өсірудің шегі бар, бірақ еңбек бірлігінің құндылығын үнемдеуге әрбір қызметкерге шаққандағы өнімді арттыру арқылы жетуге. болады. Мұны жүзеге асырудың көптеген жолы бар. Бірақ, оның ішіндегі ең жақсысы — еңбек өнімділігін өсіру стимулы (ынтасы) ретінде материалдық мадақтауды пайдалану.
6-билет
1. Басқару қызметіндегі нормалау мен регламентеу
Басқару қызметі - 1.басқару әсерінің мазмұнын анықтайтын, қызметтің тұтас оралымы; 2. басқару оралымының сатысына сәйкес келетін операциялар, басқару субъектісінің қызметі. Басқару қызметінің оқу-тәрбие жүйесі ұйымдастыру-педагогикалық мәні бойынша мақсапылық, әлеуметтік-педагогикалық, ұйымдастыру-педагогикалық, нұсқалық-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық болып бөлінеді. Басқару ісіне жетілдіруге мындаған жылдар бойы қажырлы еңбек, оны тиімді ұйымдастыру кажет болды, бұған өз уақытында ең озық акыл-ой жетістіктері жұмсалды. Біздің заманымызға дейінгі үшінші мың жылдықта сазбалшыктан істелген табличкаларда көне жүйелердің коммерциялык келісімдері мен заңдар туралы деректер жазылған. Мұның өзі оларда басқару практикасының болғандығын дәлелдейді.
2 .Басқару мен кәсіпкерліктің өзара байланысы
Қазақстан экономикасында ақырғы он жылда өткізілген нарықтық реформалар өндіріс пен басқару үдіріміне қатысушылардың арасындағы, мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілердің және іскерлік серіктестіктердің арасындағы өзара қатынастың мәні мен түрлерінде елеулі өзгерістерді туғызды. Кәсіпкерлік іс-қызметпен айналысатын субъектілердің жұмысын бағалау өлшімімен бірге, осы субъектілердің өздері үшін іс-қимылдарының негізгі болып табылатын мақсаттарын да өзгертті. Бұның бәрі өндіріс үдерімін және жұмыскерлер ұжымын басқару ісін ұйымдастыруға қатысты көзқарастың өзгеруіне әкелді. Басқарудың және жұмыскерлер құрамын еңбектің өнімділігіне ынталандырудың жаңа нысаны мен түрлері пайда болды. Басқару сферасымен айналысқан қызметкерлерге енді кәсіпорындардың іс-жұмысының нәтижесіне ықпалын тікелей немесе жанама түрде тигізетін жаңа сыртқа және сыртқы факторлардың пайда болғанын ескеріп қана қоймай, есепке алып отырулары керек. Басқару ғылымының эволюциясы мен оның әрі қарай дамуы және бұл орайдағы отандық шетелдік зерттеулердің жетістіктері, менеджменттің оқу пәні ретінде жеке бөлініп шығуы табиғи қажеттілік екені байқалады. Бұл орайда айта кететін жағдай, басым түрде орталықтанған жоспарлауға негізделген басқарудың отандық тәжірибесін стихиялы қалыптасып жатқан нарық жағдайында толық қолдану мүмкін емес, бірақ кәсіпорындарды басқарудың теориясы мен практикасының жекелеген қағидаларын б.гінгі жағдайда пайдалануға болады. Бұнымен бірге шет елдерде қалыптасқан менеджмент жүйесі ұйымдастырудың мақсатына жету ептілікті қажет етсе де, адамдардың жүріс тұрысының ынта-ықыласын, интелектілігін, еңбегін жұмылдыра алатын болса да, біздің елдің экономикасында ойламай, бірден оның көшірмесін пайдалануға және ұлттық менталитетті ескермей, бұл жүйені тиімді түрде жүзеге асыруға болмайды. Соныдқтан, менеджментті басқарудың тәжірибесі ретінде өмірдің барлық жағдайына жарамды дайын рецепт немесе шешімдер жиынтығы түрінде қарастыруға болмайды. Менеджмент іс-тәжірибенің негізінде қалыптасқан постулаттар, принциптер және ережелер арұылы мақсаттар мен міндеттерді дұрыс қою мен оларды оңтайлы шешуге үйретеді. Бұл орайда шығармашылық істің ыңғайы болмаса, бүгінгі таңдағы менеджменттің барлық жаңалықтары тосқан нәтижені оңай бере алмайды. Шаруашылықты жүргізудің жаңа шарттары өндірісті ұйымдаструда және және ұжымды басқаруда менеджердің атқаратын ролін күшейте түседі және оның жеке кәсіби қабілетіне қойылатын талаптарды қатаңдатады. Басқарудың тиімді жүйесін құру үшін, менеджер кәсіпкерлік білімнің жиынтығын толық түрде біле отырып, практикалық іс-қызметте оны қолдануға қажетті тәжірибені меңгеруі керек, бұныммен бірге ұжыммен және жеке адамдармен қалай жұмыс істей алатындығын да білуі қажет.
