Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Nurmashev_Nursultan_Mirovaya_ekonomika-21_3-kur...docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
130 Кб
Скачать
☆
  1. Ұлттық және Дүниежүзілік валюталық жүйенің элементтері

Ұлттық валюталық жүйе

Дүниежүзілік валюталық жүйе

Ұлттық валюта

Резервтік валюталар

Ұлттық валютаның алмастырылу шарты

Валюталардың өзара алмастырылу

Шарты

Ұлттық валюта паритеті

Валюталық паритеттерінің ортақ режимі

Ұлттық валюта бағамының режимі

Валюталық бағамдар режимінің регламентациясы

Валюталық шектеудің, валюталық бақылаудың болуы немесе болмаүы

Валюталық шектеуді мемлекетаралық реттеу

Елдің халыкаралық валюталық өтімділігін ұлттық реттеу

Халыкаралық валюталық өтімділікті мемлекетаралык реттеу

Халыкаралық несиелік айналыс құралдарын пайдалануды регламенттеу

Халыкаралық несиелік айналыс құралдарды пайдаланудың ережелерінің біртұтастығы

Елдің халықаралық есеп айырысуларын регламенттеу

Халыкаралық есеп айырысудың негізгі нысандарының біртұтастығы

Ұлттық валюталық нарық пен алтын нарығының режимі

Дүниежүзілік валюталық нарықтар мен алтын нарықтарының режимі

Елдің валюталық қатынастарын басқаратын және реттейтін ұлттық ұйымдары

Мемлекетаралық валюталық реттеуді жүзеге асыратын халыкаралық ұйымдар

Аумақтық валюталық жүйе өнеркәсібі дамыған елдердегі әлемдік валюталық жүйе төңірегінде құрылады. Мысалы, Еуропалық валюталық жүйе (ЕВЖ) — бұл Еуропалық қоғамдастыққа мүше елдердің валюта аумағында ұйымдастырылу — экономикалық нысанындағы қатынастарды білдіреді.

Мұндағы, валюталық паритет— валюталық бағамның негізі болып табылатын заңды тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындағы шекті қатынасы.

ХВҚ жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде (арнайы қарызалу құқығы) белгіленеді.

Егерде, ұлттық валюталық жүйе, ұлттық валютаға, яғни елдің ақша бірлігіне негізделсе, ал дүниежүзілік валюталық жүйе — бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептеу бірліктеріне негізделеді.

Резервтік валюта — бұл басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауда негіз ретінде қызмет ететін және валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын халықаралық төлем және резерв құралы қызметін атқаратын, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің еркін ауыстырылатын ұлттық валюталары.

Валюта — бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері және төлемқ ұралы (СДР, еуро.).

Валюталықбағам — бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.

Валюталық бағамның қажеттігі:

  1. тауарлар мен қызметтермен сауда-саттықта, капиталдар мен несиелер қозғалысы барысында өзара валюталарды айырбастайды. Импортер ұлттық валютасын шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына ауыстырады.

  2. дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды, сол сияқты әр елдің құндык көрсеткіштерін салыстыруға;

  3. фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы шоттарын үздіксіз қайта бағалап отыруға;

Валюталық бағамға әсер ететін факторлар ықпал етеді:

  • Инфляция қарқыны. Инфляция қаншалықты жоғары болса ол елдің валютасының бағамы төмен болады. Ақшаның инфляциялық құнсыздануы, ол ел валютасының төлем қабілеттілігін және басқа елдің валютасына қатысты бағамын төмендетеді.

  • Төлем балансының жағдайы. Егер де төлем балансынының жағдайы активті болса, онда шетелдік борышқорлар жақтан ұлттық валютаға сұраныс өсіп, ұлттық валютаның курсын жоғарылатуға мүмкіндік береді, ал пассивтік болса, борышкорлар оларды өздерінің сыртқы міндеттемелерін өтеу үшін шетел валютасына сатып, ұлттық валюта бағамын темендетеді.

  • Әр елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі айырма. Бұл фактордың валюталық бағамға әсері екі жағдаймен болады:

  • Елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі өзгерістер, капиталдың халықаралық қозғалысына, ең алдымен қысқа мерзімді қозғалысына әсер етеді. Шын мәнісінде пайыз мөлшерлемесінің өсуі, шетел капиталының ішке ағылуын ынталандырып, ал оның төмендеуі ұлттық капиталдың шетелге шығуына

жол береді;

  • пайыз мөлшерлемесі валюталық нарықтағы операцияларға және ссудалық капиталдар нарығына әсер етеді, яғни, шетелден арзан несие алып, оны ішкі нарықка орналастырады.

  • Валюталық нарықтар қызметі мен алып-сатарлық валюталық операциялар. Егер қандайда бір валюта бағамы түсетін болса, оны банктер тез арада тұрақты валютаға сатуға тырысады.

  • Белгілі бір валютаның Еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда пайдалану дәрежесі. Мысалға: Еуробанктер 60—70% операцияларын АҚШ ($) долларында жасағандықтан, оған деген сұраныс пен ұсыныс ауқымы анықталады.

  • Халықаралық төлемдердің жеделдетілуі немесе кешіктірілуі де валюталар бағамына әсер етеді.

  • Валютаға деген ұлттық және халықаралық нарықтагы сенімділік дәрежесі.

  • Валюталық саясат. Нарықтың және мемлекеттік реттеудің шекті қатынасы оның динамикасына әсер етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]