Қорытынды
Қорыта келгенде, халықаралық валюталар қатынастар – ұлттық шаруашылықтарының қызметкерлерiнiң нәтижесiнен өзара қызмет ететiн және әлемдiк шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуi барысында қалыптасқан қоғамдық қатынастар жиынтығын бiлдiредi.
Халықаралық валюта қатынастары шаруашылық байланыстарының интернационалдануы негiзiнде бiрте-бiрте белгiлi бiр формаларды иемдене бастады. Нәтижесiнде валюталық жүйе қалыптасты.
Ваюталық жүйе дегенiмiз - ұлттық заңдылықтарымен немесе мемлекет аралық келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасын бiлдiредi .
Валюталық жүйелер 3 түрге бөлiнедi:
Ұлттық валюталық жүйе;
Дүниежүзлiк валюталық жүйе;
Аймақтық немесе мемлекет аралық валюталық жүйе
Валюталық рыноктарда валюталық операциялады жүргiзуге халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетiлген қызметтер және халықаралық капиталдар мен несиелер қозғалысы негiз болып табылады.
Ұлттық валюта жүйесi дүниежүзiлiк валюта жүйесiнiң құрылымдық принциптерiне сәйкес қалыптасты. Ұлттық валюта жүйесiнiң негiзiн осы мемлекеттiң заңымен бекiтiлген ақша бiрлiгi құрайды. Қазақстанның ұлттық валютасы Елбасының 1993 жылғы 12 қарашасындағы “Қазақстан ұлттық валютасын енгiзу туралы” жарлығы негiзiнде 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап айналымға теңге енгiзiлдi.
Қазақстанның дүниежзiлiк шаруашылыққа интеграциялануға ұмтылысы оның халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастарына белсендi түрде қатысуын талап етедi. Елiмiздiң бүгiнгi таңдағы негiзгi валюталық саясаты теңге құнының тұрақтылығын орнықтыру және оны еркiн ауысатын валюталарға айырбастауды мейлiнше ырықтандыру.
Қазақстан 1992 жылдың шiлдесiнде Халықаралық валюталық қорға мүше болып кiргеннен бастап өзiнiң валюта қатынастарын “Ямаика” валюта жүйесiнiң құрылымдық қағидаларымен қордың жарғысына сәйкес қалыптастыруда. Валюта қатыныастарын ұйымдастырушы үшiн 1993 жылдың 14 сәуiрiнде “Валюталық реттеу туралы” ҚР-ның алғашқы заңы қабылданды. Ол кезде Қазақстан Кеңес экономикасы аймағында болғандықтан шетелдермен жеке валюталық байланыстар жоқтың қасында болатын. Қабылданған заң бойынша валютаны ырқына жiберу деңгейiне сәйкес келiп кейбiр жағдайларға байланысты дамып келе жатқан валюта қатынастарына тiптi қарама-қайшы сипатта болды. 1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстанда “Валюталық реттеу туралы” жаңадан заң қабылданды.
Қазақстанның дүниежүзiлiк шаруашылыққа интеграциялануына ұмтылыстары қарыз капиталының дүниежүзiлiк рыногына шығуына, портфелдiк және тiкелей инвестициялар операцияларына қатысуына мол мүмкiндiктер бередi.
Жалпы валюталық қатынастардың дамуы елiмiздiң экономикалық тұрақтылығын, әлемдiк экономикадағы ұлттық экономикамыздың орнын көрсетедi.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
“Қ.Р-да ұлттық валютаны енгiзу туралы” Қ.Р. Президентiнiң заң күшi бар жарлығы // 12.11.1993.
“Қ.Р-ның ақша жүйесi туралы” Қ.Р-ның Заңы // 13.12.1996.
“Валюталық реттеу туралы” Қ.Р –ның заңы // 24.12.1996.
Баян Көшенова, Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
Байгiсиев Майдан-Әлі / Халықаралық валюта қатынастары және валюталық құқық: Оқу құралы. Алматы: Қазақ университетi, 2004. – 302 бет.
