Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЮВА шпор=)) УРРА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203 Кб
Скачать
☆
  1. Аймақтан тыс елдердің ата-ғы экономикалық мүдделері мен интеграциялық топтарға қызығушылығын сипаттаңыз

АТА (Азия Тынық Мұхиты елдері) – Тынық мұхиты жағалауларында немесе ортасында орналасқан көптеген негізгі мемлекеттерді білдіретін саяси және экономикалық ұйым.

Аймақтың ең елеулі мүшелері – Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур, Сеул, Токио, Лос-Анджелес, Сидней, Мельбурн, Сан-Франциско, Ванкувер.

АТА-н келесі субрегиондарға  бөледі :  Солтүстік – Шығыс  Азия, Оңтүстік –Шығыс Азия, Орта  Азия, Оңтүстік Азия, Тынық  мұхиттың  Оңтүстік  бөлігі.  Бұлардың  барлығы   өзінің  ұлттық мәдени  ерекшеліктеріне,  халықаралық аренадағы  саяси   «салмағынасаяси  және  экономикалық  интеграцияланғандығы   мен   интеграциялық  процестердің  даму  мүмкіншіліктеріне, қауіпсіздік   деңгейіне  байланысты  әртүрлі   болып келеді.

Аймақта экономикалық және басқа қорларының үлкен әртүрлілігі бар. Мысалы, динамикалық түрде дамып жатқан Гонконг, Тайвань мен Сингапур және Жапония, АҚШ, Тайваньн мен Корей елдерінің жоғары технологиялары, Австралия, Канада, Филиппин және Ресей Қиыр шығысының табиғи қорлары, Индонезия мен Қытайдың адам қоры, Чили, Жаңа Зеландия, Филиппин, АҚШтың жоғары ауылшаруашалық өнімі. 

АТА-да АҚШ, Ресей, Қытай және Жапония сияқты державалардық мүдделері қиылысады. Бұл аймақтық ұйымның державасының бірі Қытай болып табылады. Қытай бұл аймақтың процесстерін басқарады. 

Қазіргі  әлемде АТА алдыңғы орынды  алады.  Планетаның  бұл  үлкен  бөлігінде  жер  шары  халқының  1/3 бөлігі  тұрады ,  шамамен 50  мемлекет  орналасқан.  Солардың  ішінде  бәсекелестік  рейтингі  жоғары  Жапония, АҚШ, Канада, Гонконг, Сингапур, Австралия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея  сияқты  елдер  орналасқан. Қытай  қалыпты  финанстық – экномикалық  орынды  иеленеді. Индия, Индонезия, Тайвань, Малайзия, Шри-Ланка және т.б  елдер халықаралық авторитетімен, үлкен  экономикалық  потенциалымен, үлкен  адам  ресурстарымен, көне  және  ерекше  мәдениетімен  ерекшеленеді.

АТА-дағы  мемлекеттердің дамуының  әлеуметтік-экономикалық  ерекшеліктерін  айтатын  болсақ,  бұл  мемлекеттерге  бүкіл  дүниежүзінің ЖІӨнің  және  сауда  айналымының  60 %  келеді. Тек АҚШ  өзінің  экспортының  40 %, Жапония  мен   Корея  40 %  осы ауданға  шығарады. Бұл аймақта  автомашиналардың,  теңіз  кемелерінің, телевизор  және  синтетикалық  талшықтардың 70 %, алюминийдің 50 %, пластмассаның  60 % шығарылады.

16. Қазіргі Жапония экономикасының жалпы сипаттамаларын көрсетіңіз

Жапония елінің әлемдік экономикалық держава қатарына қысқа мерзім ішінде шығуына елдің, негізгі мақсаты ұлттық құндылығымен шетел жетістіктері және тәжиребелерге арнайы жағдайда жоғары дәріжеде бейімделуі болған майысқан экономикалық саясат жүргізуі себеп болды.

Пропорция жағынан жоспар мен нарықтың сәйкес келуі оптималды және эффективті экономикалық саясатты немесе жапондықтардың өзі атағандай ”индустриялды саясатты” жүргізуге мүмкіндік берді. Бұл саясатта екі негізгі элемент болды біреуі – бөлек өндіріс орындар дәрежесінде менеджмент, техника мен технологияны және жаңашыл ғылыми тетістіктерді еңізу жолы арқылы өндірісті райионалдандыру (микродәрежеде) және екіншісі – бүкіл экономика үшін эффективті бағаттағы, өнеркәсіпте құрылымдық қайта болды (макродәрежеде) .

Өндірісті рационалдандыру мен өнеркәсіпті құрылымдық қайта құру, соғыстан кейінгі Жапонияда мемлекеттің радикалды экономикалық реформалар жүргізу үшун барлық қаржылар мен қорларды мобилизациялау мақсатымен мемлекеттің ықпалынсыз орындала алмайтын еді. Себебі мемлекеттің аталған мақсаты бойынша елді казіргі замаңғы дамыған өнеркәсіпті капиталистік мемлекеттер қатарына шығару керек болды.

Жапон ғылымдары арасында “аралас” Жапон экономикасы туралы яғни күшті жоспарлы элементтері бар нарықтың экономикасындағы жоғары бақталаса алушылық туралы тезис туды. Әрине әлемнің басқа елдері сияқты Жапония да жалпы мемлекеттік ауқымындағы кеңес Одағының ұзақ мерзімді жоспарлау тәжиребесін пайдаланды. (Корпорация, фирма, өндіріс орындар дәрежесінде Жапония өндірісті, таулар өткізуді т.б. жоспарлауын бұрыннан үйренген). Бірақ жапондықтар кеңестік тәжиребеден жеке меншікті жаппай мемлекеттендіру мен халық шаруашылықты басқарудың әміршіл — әкімшіл әдістерін алмай, тастап яғни өздерінің экономикалық моделіне әдісін емес концепциясын ғана алды49. 1980-ші жылдардың басында жапондық капитализм өте ауыр жағдайда тап болды. Соғыстан кейінгі кезеңде ең терең циклдік және құрылымдық 1974 – 1975 ж.ж. дағдарыс Жапон экономиканың өсудің жоғарғы қарқынның «алтын ғасырының аяқталуын белгілеген өтпелі кезең болып табылды. Егер 1960 – шы ж.ж. Жапонияның ІҰӨ — ң орта жылдық өсуі 10,6 %, ал экспорт 15,8 % құраса, 70 – шы ж.ж. 4,9 және 9,4 %яғни екі есе қысқарды. Бұл Жапонияның шаруашылық құрылысының капиталистік экономикалық жүйесінде дағдарыстың құбылыстрға жағуғу дәрежедегі сезгіштігін дәлелдейді 1980–ші ж.ж. басындағы Жапон экономикасы үшін, басқа ердерімен әсіресе АҚШ және батыс европалық мемлекеттерімен сауда – экономикалық қарама — қайшылықты туғызатын динамикалық және экспорттың экспансия және сұраныс өсуінің төмен қарқыныны ерекше болды. Сонымен қатар мемлекеттік бюджеттің ірі жетіспеушулугун жою мен мемлекеттік әкімшілік апаратты қайта құру үшкір мәселе болды.

Одан басқа іскер белсенділігінің төмендеді, инвестициялық іскерлігінің тұрып қалуы, жұмыссыздықтың өсуі, инфляция т.б. сияқты құбылыстар  Жапонияда, басқа дамыған капиталистік елдерге қарағанда қатты үшкір болып көрсетілмеген.