Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Mikrobiologia_2014.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
471 Кб
Скачать
☆
  1. Бактерия қабықшасының химиялық құрамы мен құрылысы, грациликуттар және фирмакуттар деген терминдерді қалай түсінесіз, сипаттама беріңіз.

Клетка қабықшасы бактериялық клеткалардың негізгі құрылымы болып саналады.Клетка қабықшасы тек микоплазмаларда болмайды.Клетка қабықшасы клетканың құрғақ салмағының 5-50% аралығын құрайды,ал клеткасының қалыңдығы 10-80 нм аралығында болады.Эукариоттардан клетка қабықшасы айтарлықтай ерекшеленеді.Клетка қабықшасының негізгі элементі пептидогликан класына жататын муреин болып саналады. Пептидогликан гетерополимер,ол N ацетил ,N глюкозаамин және N ацетил муран қышқылдарының кезектесіп орналасқан қалдықтарынан тұрады.Бұлар өзара бір бірімен β 1,4 гликозидті байланыспен байланысады. N ацетил муран қышқылының құрамына 4 аминқышқылы кіреді,олар:эуаланин,д аланин,д глутамин және диаминопимилин қышқылы.Бұлар өзара бір бірімен тетрапептидті ковалентті байланыспен байланысады. Пептидогликандар гликозидті және пептидті байланыстармен байланыса отырып,торша түрінде құрылым құрады.Муреин синтезі цитоплазмада,ЦПМ да немесе клетка қабықшасында жүзеге асады.Прокариоттардың клетка қабықшасында муреин торшасында тейхой қышқылы болады.Тейхой қышқылы үш атомды спирт глицерин және бес атомды спирт рибид полимерлерінен тұрады.Олар бір бірімен фосфодиэфирлі байланыспен байланысады.Тейхой қышқылының бір молекуласы 7-15 ке дейін спирт қалдықтарынан құралады.Тейхой пептидогликанның сыртқы бетінде орналасады. Фирмакуттар Грам оң бактериялар клетка қабықшасы қалың,қалыңдығы 20-80 нм ді құрайды.Клетка қабықшасы,цитоплазмалық мембранамен тығыз жанасқан.Муреин құрғақ салмағының 50-90 % құрайды.Муреин тейхой қышқылымен байланысады.Грам оң бактерияларда белоктар белгілі бір тәртіппен цпм мен байланысып орналасады. Грациликуттар Грам теріс бактериялар,клетка қабықшасы көп қабатты қалыңдығы 14-17 нм құрайды.Клетка қабықшасының ішкі қабаты пептидогликаннан тұрады.Ол құрғақ салмағының 1-10 % құрайды.Грам теріс бактерияларда тейхой қышқылы болмайды.Пептидогликан сыртқы мембранамен қапталған.Оның құрамына липопротеид енеді.Липопротеид фосфолипид,липополисахарид және белоктардан тұрады.Липополисахарид тек Грам теріс бактерияларда болады.Қысқаша оны lkos деп атайды.Ол клетка қабықшасының антигені болып саналады.Грам теріс бактерияларда белоктар негізгі және минорлы болып бөлінеді. Негізгі белоктар сыртқы мембрананың құрылымдарының реттелуіне қатысады.Ал минорлы белоктар транспорттық және рецепторлы қызмет атқарады.Грам теріс бактерияларда цпммен электронды мөлдір аймақпен бөлінеді.Ол периплазматикалық кеңістік деп аталады.Бұл тек Грам теріс бактерияларға тән.Оның іші гидролитикалық ферменттерден,олигосахаридтерден және бейорганикалық заттардан тұрады.

  1. Микроорганизм клеткаларындағы қор заттары, олардың атқаратын қызметі.

Қосындыларға клеткадағы қосымша құрылымдар жатады. Олардың клеткада болу-болмауы мүмкін. Барлық қосындыларды 2 түрге бөледі: белок мембранамен қапталған және мембранамен қапталмаған.Бірінші топқа газ вакуольдер, карбоксисомалар, магнетосомалар, поли-β-майлы қышқылыдың түйіршіктері жатады. Екінші топты полисахаридті (полигликозидті) түйіршіктер, R-денелер құрайды. Газ вакуолдер. Олар газды көпіршіктердің жиынтығынан пайда болады. Әр көпіршік ұзындығы 200 – 1000 нм, ені 75 нм, қалыңдығы 2 нм цилиндр пішінді, белокты қабатпен қапталып, иректеліп орналасқан. Мембрананың гидрофилді аминқышқылдарының көпіршіктің ішіне, ал гидрофобтылардың – сыртына қарай орналасуына байланысты көпіршікке су ене алмайды. Көпіршіктің ішіндегі газдың құрамы қоршаған ортадағы газдың құрамына сәйкес келеді. Газды вакуолдер клеткаға қалғып жүру қасиетін береді. Поли-β-оксимайлы қышқылдың (ПОМ) түйіршіктері. Олар қор заттарға жатады, пішіні дөңгелек немесе сопақша, көлемі 200 – 800 нм, қалыңдығы 2,2 – 8,0 нм белокты қабатпен қапталған. ПОМ ацетил-КоА-дан түзіледі, сондықтан қоректік ортада ацетат болса, оның түзілуі жақсарады. Кейбір бактерияларда (Bаcillиs cereus, Azotobacter) ПОМ сыртқы ортаның құрамында азоттың мөлшері азайғанда глюкозадан түзіледі, ал сыртқы ортада энергия көзі болмаған жағдайда ПОМ индуцибелді ферменттер түзу үшін жұмсалады. Ол хлороформда, толуолда, 1М NaOH, камфорада ериді, ал суда, эфирде, метил және этил спирттерінде ерімейді.Карбоксисомалар (полиэдралды денешіктер). Бұл қосындылар барлық цианды және кейбір фототрофтар мен хемолитотрофты бактерия клеткаларында кездеседі. Олар – диаметрі 500 нм, көлемі ромб тәрізді немесе алты қырлы болып келетін, нуклеосоманың аймағында орналасқан денешіктер. Карбоксисомалар фото- және хемосинтездің негізгі ферменті болып саналатын Д-рибулозо-1,5-дифосфаткарбоксилазадан тұрады. Карбоксисомалардың белокты мембранасының қалыңдығы 3 – 4 нм. Магнетосомалар. Олар магниттік өрістің бойымен жүзе алатын бактерия клеткаларынан табылған. Магнетосомалар – сырты мембранамен қапталған магнетит (Ғе3О4) бөлшектер. Мысалы, Aquаspirillum magnetotacticum -ның пішіні куб тәрізді, шеттері 40 – 50 нм. Олар клетка осінің бойымен тізбектеліп орналасады. Волютин немесе метахроматинді түйіршіктер. Волютин түйіршіктері алғаш рет Spirillum volutans деген бактерия клеткаларынан табылған, сондықтан да волютин деп аталып кетті. Кейін волютинді метахроматинді түйіршіктер деп атады, себебі волютинді кейбір бояулармен бояғанда, ол түсін өзгертеді. Волютинді негізгі бояулармен, мысалы көк метиленмен, бояғанда ол көк түстің орнына қызыл-қошқыл түске, яғни метахроматин түсіне боялады. Метахроматинді түйіршіктердің пішіні сопақша, диаметрі 1 мкм. Олар полифосфаттан тұрады, сондықтан да олар фосфор қоры саналады. Полисахаридті (полиглицеридті) түйіршіктер. Олар дөңгелек пішінді, ұсақ, диаметрі 200 нм. Полисахаридті түйіршіктер азот көзі кем, ал көміртек көзі мол ортада құралады. Мысалы, адамның тіс өңезінде табылған Streptococcus mitis, глюкоза мол болған жағдайда полисахарид түйіршіктерін түзеді және оны қор ретінде сақтайды.R-денешіктер. Алғаш рет парамециум симбионттарында Caedobacter (цедобактер) туысына жататын бактерияларда табылған. R-денешіктер тығыз оралған пішіні лента тәрізді ақуыздан тұрады. R-денешіктер бар бактериялардың цитоплазмасында фагтарға ұқсас бөлшектер болады және ол бактериялар бөліну қабілетін жоғалтады. R-денешіктер бактерия популяциясының бір бөлігінде ғана орналасады. Цедобактер бар парамециумдар басқа симбионтсыз парамециумдар үшін өлтіргіш болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]