- •1 Халықаралық жүйенің т.Сінігі және оның құрамдас бөліктері.
- •2 Халықаралық және ішкімемлекеттік құқықтардың арақатынасы.
- •3 Халықаралық жария құқық және халықаралық жеке құқық: арақатынасы және өзара әрекеттесуі.
- •4 Халықаралық құқықтың тарихы.
- •5 Халықаралық құқықтың қайнар көздері.
- •6 Халықаралық-құқықтық нормалар, олардың түрлері мен құрылымы.
- •1) Нормадағы ұйғарымдардың сипаты бойынша:
- •7 Халықаралық құқықтың кодификациялануы.
- •8)Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •9)Күш қолданбаудың халықаралық-құқықтық қағидасы.
- •10)Аумақтық біртұтастық пен қол сұғылмаушылығы халықаралық-құқықтық қағидасы.
- •11)Шекараның қол сұғылмаушылығы мен бұзылмастығы халықаралық-құқықтық қағидасы.
- •12)Мемлекеттердің ішкі істеріне араласпауы халықаралық-құқықтық қағидасы.
- •13)Мемлекеттер егемендігінің теңдігі халықаралық-құқықтық қағидасы.
- •14)Халықаралық құқық бойынша міндеттемелерді адал орындау халықаралық-құқықтық қағидасы.
- •15. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың халықаралық тетіктері.
- •16.Халықтардың тең құқылығы және өзін-өзі анықтау халықаралық-құқықтық қағидасы
- •17.Халықаралық дауларды шешудің халықаралық-құқықтық құралдары.
- •18. Халықаралық құқықтағы құқықсубъектілік.
- •20. Халықаралық құқықтағы мемлекеттер юрисдикциясы мәселелері
- •22. Мемлекеттер конституциясы және халықаралық құқық.
- •23. Халықаралық құқытағы тану институты
- •24. Халықаралық құқықтағы құқықмирасқорлық институты.
- •25. Ксро ыдырағаннан кейінгі құқықмирасқорлық мәселелерін шешу.
- •26. Халықаралық шарттардың түсінігі мен түрлері.
- •27. Шарттарды жасасу сатылары
- •28. Халықаралық шарттардың әрекет етуі және тоқтатылуы.
- •43. Халықаралық экономикалық құқықтың пәні мен жүйесі.
- •Халықаралық экономикалық жүйедегі мемелекеттердің дифференциациясы.
- •45. Халықарлық экономикалық құқықтың қағидалары.
- •Халықаралық сауда жүйесі және оның құрамдас бөліктері.
- •Халықаралық сауда құқығының түсінігі және қағидалары.
- •Тариф және сауда бойынша бас келісім (гатт): ьарихы және жалпы сипаттамасы.
- •Дүниежүзілік сауда ұйымы (дсұ): жалпы сипаттамасы.
- •57. Халықаралық теңіз құқығының түсінігі, қағидалары және қайнар көздері. Теңіз кеңістіктерінің құқықтық режимдері.
- •58. Cуэц, Киль, Панама
- •61.Халықаралық әуе тасымалының түсінігі әдетте келесідей коммерциялық құқық (немесе «ауа бостандығы») арқылы ашылады:
- •62. Халықаралық ғарыш құқығының түсінігі, қағидалары және қайнар көздері. Ғарыш объектілерінің халықаралық-құқықтық режимі және ғарышкерлер мәртебесі.
- •63. Халықаралық іс жүргізу құқығының концепциясы.
- •64.Бұұ халықаралық соты.
- •65.Халықаралық сот мекемелері (Халықаралық қылмыстық сот, теңіз құқығы бойынша Халықаралық трибунал, басқа да халықарлық трибуналдар және арнайы соттар).
- •1993 Жылы 22 қаңтарда Минск қаласында Достастық Жарғысы бекітілді.
- •67.Тмд құқығы: түсінігі, қайнар көздері және қағидалары.
- •1993 Жылы 22 қаңтарда Минск қаласында Достастық Жарғысы бекітілді.
- •68.Тмд қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері (мақсаттары, мүшелік, органдары).
- •69.Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың құқықтық мәртебесі.
- •70.Қазақстан, Ресей және Белоруссияның Кедендік одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістігі: құрылуы, дамуы және перспективалары.
- •72. «Қазақстан-2050» Стратегиясына сәйкес Қазақстан Республикасының дәйекті де болжамды сыртқы саясаты.
57. Халықаралық теңіз құқығының түсінігі, қағидалары және қайнар көздері. Теңіз кеңістіктерінің құқықтық режимдері.
Халықаралық теңіз құқығының түсінігі. Халықаралық теңіз құқығы- Әлемдік мұхиттың қызметімен байланысты халықаралық құқық субъектілерінің қатынасын реттейтін халықаралық құқықтық нормалар мен қағидалардың жиынтығы болып табылады.
Халықаралық теңіз құқығының қайнар көздері. Көп уақыт бойы әдет-ғұрып, халықаралық теңіз құқығының басты қайнар көзі болып табылған. Тек ХХ ғасырда халықаралық бірлестіктері әлемдік мұхиттың қызметіне байланысты халықаралық қатынастарды реттеуге бағытталған көпжақты келісім-шарттарды қабылдауда басты қадам жасады. Теңіз құқығына байланасты БҰҰ халықаралық құқықтың Комиссиясымен дайындалған мақала жобаларының негзінде 1958 жылы БҰҰ –ның Женева Конференциясында төрт Коненция қабылданды: территориялық теңіз бен жанасатын аймақ туралы; ашық теңіз туралы; континентальді шельф пен балық аулау туралы; ашық теңіздің тірі ресурстарын қорғау туралы. Осы Конвенция күшіне енгенімен, оның қатысуша мемлекеттер саны шектеулі болатын. Әлемдік теңізді игеруге байланысты жаңа мүмкіндіктер мен теңіз түрлерінің жаңа технологиялары пайда болуы нәтижесінде, теңіз аясының тірі ресурстарын сақтау 1973 жылдың желтоқсанында теңіз туралы БҰҰ-ның ІІІ Конференцияны шақыртуды қажет болды. Ол 1982 жылы10 желтоқсанда всеобъемллющая Конвенция ООН по морскому праву қабылданумен аяқтады( Кейін 1982 жылғы конвенция 1994 жылы 16 қарашада күшіне енді). Сонымен қатар, Конвенция по регулированию китобойного промысла 1946 года, теңізде кемелердің қақтығысуын алдын – алудың Халықаралық ережелері туралы 1972 жылғы Конвенцияны, теңізде адам өмірін қорғау туралы 1974 ж-ғы Халықаралық Конвенция мен оған қосымша 1978 жылғы Хаттаманы, 1966 жылғы жүк маркасы туралы Конвенцияны, теңізге қалдықтарды және өзге де материалдарды тастауды және ластануды болдырмауы туралы 1972 жылғы Конвенцияны, кемелердің ластануын болдырмау туралы 1973 жылғы Халықаралық Конвенцияны және оған қосымша 1978 жылғы Хаттаманы, мұнаймен ластануға алып келетін ашық теңіздің апат жағдайларына қол сұғушылыққа қатысты 1969 жылғы Халықаралық Конвенция және оған қосымша 1973 жылғы Хаттаманы жатқызуға болады. Мемлекеттер теңіз құқығына байланысты екі жақты келісім шарттарды жасасады. Олардың ішіндегі кең таралғандар, , шетел кемелерінің порттарға кіру жағдайлары қарастырылған теңізде жүзу туралы және осы кемелер мен порттардың құқықтық режимдері туралы шарттар болып табылады. халықаралық теңіз құқығында ұлттық заңнмалар да маңызды рөл атқарады, өйткені мемлекеттің әр түрлі нормативті актілері, теңіз кеңістігі режиміне қатысты халықаралық құқықтық нормалардың имплементациясына бағытталған жағдайларды қарастырады немесе белгілі бір кеңістікті қолдану тәртібін бекітеді (мысалы, ішкі суларды пайдалану). Теңіз кеңістігінің түрлері: құқықтық көзқарас бойынша өзге кеңістіктері сияқты мемлекеттің егемендігінде және кез келген мемлекеттің егемендігінен тыс орналасқан кеңістікке бөлінеді. Бірінші топқа, ішкі сулар, аумақтық теңіз, архипелажды сулар, ал екінші топқа, жанасатын аймақ , ерекшеленген экономикалық аймақ, континентальді шельф, ашық теңіз, теңіз түбінің аймағы. Сонымен қатар, теңізде жүзетін кеме ерекше режимі бекітілген, халықаралық теңізде жүзетін кемелер үшін пайдаланатын бұғаздар сияқты теңіз кеңістіктері жатқызылады. Аумақтық сулар- құрғақ территорияға немесе ішікі сулардың шегіне жанасатын және жағалаудағы мемлекет өзінің егемендігін халықаралық құқықтың нормаларына сай жүзеге асыратын теңіз белдігін білдіреді. Егемендік теңіз суының қабаты мен бетіне ғана таратылады. Теңіз құқығы бойынша БҰҰ-ның 1982 ж Конвенциясына сәйкес әрбір мемлекет өзінің аумақтық теңіз ендігі 12 теңіз милі көлемінде белгілеуге құқығы бар. Аумақтық сулар осы қағиданың ережелеріне сәйкес белгіленген негізгі сызықтан өлшенеді. Аумақтық судың құқықтық тәртібі аумақтық теңіз және жағалық аймақ туралы Конвенциямен реттеледі. Осы Конвенцияға сондай-ақ Теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ Конвенциясына сәйкес, аумақтық теңіздегі тәуелсіздікті жағалаудағы мемлекттер халықаралық құқық нормаларын, ең алдымен аумақтық теңізден шетелдік кемелердің бейбіт өту құқығын сақтай отырып жүзеге асырады. Бейбіт өту құқығы жағалаудағы, теңізге шыға алмайтын, барлық мемлекеттердің халықарлық кеме құқығына сай аймақтық теңіз арқылы бейбіт өтуге құқылы. Бейбіт өту құқығы, ішкі суларға кірмей немесе порттарды қоса ішкі суларға өту немесе порттарды қоса ішкі сулардан өту мақсаты болып табылатын, аймақтық теңіз арқылы жүзіп өту дегенді білдіреді. Ішкі сулардың құқықтық режимі (тарихи сулар)-бұл халықарарық құқықтық доктринаға және мемлекеттер тәжіребиесіне сәйкес, кейбір жағдайларда тарихи қалыптасқан құқықтық негізге байланысты ішкі сулар болып жариялануы мүмкін теңіз сулары болып тыбылады. Шығанақтардан басқа кішігірім теңіз сулары, кішкене шығанақтар, бұғаздар кірмелер, қойаулардың жағалауы бір мемлекеттің иелігінде болса тарихи болып жариялануы мүмкін. Қолданыстағы халықаралық құқыққа сай, тарихи шығнақтар тарихи қалыптасқан құқықтық негіздер күшімен, олардың табиғи кіру ендігіне қарамастан, жағалық мемлекеттердің ішкі суларының құрамына кіруі мүмкін. Қалған шығанақтар олардың кіру бөлігінің ені 24 милден аспаған уақытта ішкі сулар деп жариялануы мүмкін. Тарихи шығанақтар деп жариялнуы олардығ ерекше жағдайларына негізделеді: тарихи, экономикалық, географиялық, сондай ақ бір мемлекеттің аумағында ұзақ уақыт болуы оған негіз болып табылады. мысалы, Гудзон Канадаға,Бристоль Ұлыбританияға жатады. Теңіздің ішкі сулары тікелей жағалаудағы мемлекеттің егемендігіне жатады. Осындай суларды, теңізде жүзу, балық аулау немесе ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатымен пайдалану, жағалаудағы мемлекеттермен қойылған шарты бойынша, шетел мемлекеттерімен жүзеге асырылады. Теңізде жүзудің маңызы объектісі порт табылады. Порттар мен ішкі сулар мемлекеткеттің егемендігінде болғасын, мемлекет бір жақты тәртіппен , қандай порттар шетел кемелері кіруі және келуі үшін ашық болып табылатынын анықтайды және портта осындай кемелердің келудің құқықтық режимін бекітеді. Коммерциялық емес мақсатпен пайдаланатын мемлекеттік кемелер мен әскери кемелерден басқалары осындай портқа кіруге құқылы. Коммерциялық емес мақсатпен пайдаланылатын мемлекеттік пен әскери кемелердің портқа кіруі және келуі үшін ерекше тәртіп орнатылады. Осындай кемелер портқа келуі мен кіруі үшін алдын – ала 30 күн бұрын дипломатиялық каналдардан рұқсат алулары тиіс. Бірақ форс-мажорлық жағдайда рұқсаттың қажеті болмайды (авариялар, табиғи апат, қатты штормның болуы, ледоход немесе ледоходные условия, кеменің қауіпсіздігіне қауіп төнген жағдайда). Архипелагтан өту- теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясы бекіткен архипелагтық сулардың құқықтық тәртібінің құрамдас бөлігі. Теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясына сәйкес, архипелаг суларына теңізге шығып тұратын және архипелагтың кеуіп бара жатқан рифтерімен қосатын архипелагтық негізі тік сызықтармен шектелген архипелаг –мемлекеттің сулары кіреді. Бұл барлық теңіз кемелерінің қалыпты кеме қатынасы құқығын тоқтаусыз, тез және кедергісіз ашық теңіздің бір бөлігінен немесе ерекше экономикалық аймақтың басқа бөлігіне транзит жасау мақсатында жүзеге асырылады. Архипелаг мемлекеттң тыйым салуы, қандайда болсын, оны тоқтатуы архипелагтан өтудің маңызды құрамдас элементі болып табылады. Ашық теңіз- бұл аумақтық суларға, қандайда болмасын бір мемлекеттің ішкі суларына кірмейтін ішкі кеңістігі. Құқықтық режимі негізін ашық теңіз еркіндігінің қағидасы құрайды. Бұл ашық теңізге бірде –бір мемлекеттің егемендігі жүрмейтінін көрсетеді. Ол жағалық және теңізге шықпайытын мемлекеттердің барлығының жалпы, тең және еркін пайдалануына ашық болады1982 ж БҰҰ –ның Конвенциясы келесідей элементтерден тұрады: теңізде жүзу, ұшу, су астында кабель мен құбыр өткізу, жасанды арал мен өзге де қондырғыларды жасау, балық аулау, ғылыми зерттеулерді жүргізу еркіндіктері. БҰҰ-ның 1982 жылғы Конвенциясы ашық теңізде еркіндігі қағидасынан басқа, ашық теңізді бейбіт жағдайында резервтеу және кез келген ашық теңіздің бөлігін кез келген ммлекеттің егемендініе бағындыруды болдырмау қағидаларын қарастырады. Ашық теңізде кемедегі мемлекет туының ерекше юресдикция құқығы жұмыс істейді. Бір мемлекеттің теңіз кемесін әскери немесе арнайы өкілді кемесі мынандай жағдайларда ғана тоқтатып тексере алады. Біріншіден егер бұл туы ілінген кеме мелекетінің қатысатын араный келісімінде қарастырылса және кемесі аталған әрекетерді жүзеге асыратын мемлекет болса. Екіншіден егер ол теңіз қарақшыларымен құл сатушылармен, кабель мен құбырларды зақымдаушылармен, есірткі қылмыстармен кәсіп құқықтарын бұзушылармен күреске қажет болса. Ашық теңіз құрамын келесідей бөлуге болады: жалаудағы аймақ, балық аулайтын аймақ, ерекше экономикалық аймақ. Жағалаудағы аймақ, жағаға жақын мемлекеттің аумағында немесе аумақтық теңіз шегінде тиісті ережелерді бұзуды алдын-алу мақсатында бақылау жасау үшін аумақтық судың сыртқы шекарасына жақын белгленген ашық теңіз ауданы. Осы ережелерді аумақ неесе жағалық мемлекеттің аумақтық суында бұзғандарды жазалау мақсатында белгіленеді. Халықаралық теңіз құқығында жағалық аймақтардың түрлері: кедендік, салықтық, санитариялық , қауіпсіздік аймағы, қылмыстық және азаматтық юресдикциялық аймағы, бейтрап, теңәздә бақылау, иммиграциялық аймағы, қорғау аймағы. Аумақтық теңіз және жағалық аймақ туралы Конвенцияға сәйкес, жағалық аймақтың ені 12 мильден аспауы керек, ал теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ Конвециясы бойынша аумақтық сулар өлшенетін негізгі шектен 24 мильден аспауы керек. Балық аулайтын аймақ-жағалық мемлекет судағы, теңіз түбін жабатын, теңіз түбіндегі және оның қойнаындағы тірі қорларды барлау, өңдеу және сақтау, сондай ақ осы қорларды басқару мақсатында егемендік немесе заңды құқығын жүзеге асыратын аумақтық теңіз сыртындағы және оған жақын жатқан аудан. Теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ Конвенциясы мемлекеттедің балық аулау аймағы емес, еркеше экономикалық аймақты бекіту мүмкіндігін қарастырады. Сонымен қатар, конвенция, теңіздің тірі қорларына жеке мемлекеттердің өздерінің егемендік құқығын жүзеге асыру үшін балық аулайтын аймағын белгілеуге кедергі жасамайды. Балық аулайтын аймақ ені аумақтық сулар ені өлшенетін негізгі шектен 200 мильден аспауы керек. теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ –ның ІІІ Конференциясында экономикалық аймақ мәртебесіне байланысты келіспеушіліктер болады. қатысушы мемлекеттердің бір бөлігі экономикалық аймақты енгізу туралы келісімге келгенге дейін аумақтық суларын 200 мильге дейін бір жақты тәртіпте кеңейтіп алады. Конвенция экономикалық аймақ мәртебеснінің ұғымын бермей, жағалық сондай ақ барлық пайдаланушы мемлекеттердің құқықтары мен міндеттерін баяндаумен шектеледі. Континенттік қайраң (шельф)- бұл жағалық мемлекеттердің аумақтық теңізінің сыртқы шекарасынан құрлықтың су асты шетінің сыртқы шекарасына дейін рналасқан немесе аумақтық теңіз ені өлшенетін негізгі шектен 200 мильге дейінгі, құрлықтың су асты шетінің сыртқы шекарасының осындай ұзындыққа жайылмайтын теңіз түбі мен оның қойнауы. Егер құрлықта су астының шеті 200 мильдік сызықтан әрә қарай жайылса, құрлық қайраңының сыртқы шекарасы аумақтық теңіздің негізгі шегінен 350 мильден немесе 2500 м изобатадан 100 миль аспауы тиіс. Жағалық мемлекет континенттік қайраңның қорлары барлау мен өңдеу мақсатында егемендік құқығын жүзеге асырады. Бұл құқықтардың ерекшелігі , егер жағалық мемлекет қайраң қорларына барлау мен өңдеу жүргізбесе, оны осы жағалық мемлекеттің айқын келісімінсіз ешкім жүргізе алмайтындығында. Халықаралық теңз құқығының негізгі қағидалары халықаралық құқықтың басқа да көпшілік мойындаған қағидалармен өзара байланысты. Ашық теңіз еркіндігі қағидасы. Бұл қағидаға сай аумақтық теңіздің сыртқы шегіндегі теңіз кеңістіктері ашық теңіз болып саналады. Ол іс жүзіндегі халықаралық құқықта анықталған жағдайлар бойынша барлық мемлекеттердің еркін және тең пайдалануға ашық. Ешбір мемлекеттің ашық теңіздің бір бөлігін өзінің иелегіне алуға, бағындыруға құқығы жоқ. Бұл ереже 1958 ж ашық теңіз туралы Женева конвенциясында бекітілген. Ашық теңіз еркіндігі қағидасы Дүниежүзілік мұхиттың түрлі су кеңістіктерінің құқықтық мәртебесі мен тәртібін анықтады және белгіледі. Бұл қағида теңіздің, оның түбінің табиғи қорларын игеруге, құқықтық реттеуге маңызды әсерін тигізді. Азаматтың ортақ мұралыры қағидасы оның мазмұнының ажырамас элементі ретінде терң су қорларының құқықтық мәртебесін анықтайтын және халықаралық аудандағы теңіз түбіндегі мемлекеттің нақты қызметін реттейтін жеке ережелерді айтуға болады. төмендегі ережелер осы қағиданың негізгі мазмұны болып табылады: бірде – бір мемлекет халықаралық ауданның және оның қорларының бірде –бір бөлігіне өзінің иелігін және егеменді құқығын жүргізе алмайды;мемлекеттер заңды және жек тұлғалар терең су қорларын меншіктене алмайды; халықаралық ауданның қорларына деген барлық құқық бүкіл азаматқы ортақ; халықаралық ұйымның бақылауымен жеке мемлекеттер мен олардың компанияларына терең су қорларын барлау мен өңдеуге рұқсат беріледі; халықаралық аудандағы жұмыстар барлық азамзаттың пайдасы үшін жүзеге асырылады; теңіз түбі мен оның қойнауының қорларынан түскен қаржы және басқа экономикалық пайда әділ және дамушы елдер мен халықтардың мүдделері мен қажеттерін ескере отырып бөлінеді; халықарылық аудан тек бейбіт мақсаттарға пайдалану үшін ашық болады. Дүнежүзілік мұхитты бейбіт мақсатта пайдалану қағидасы. Бұл қағида конвенциялық сипатан пайда болды. Күш қолдануға және күш қолданамын деп қоққан-лоққы жасауға тыйым салу қағидасы осы қағиданың басты ережелері болып табылады. теңіздің тірі қорларын тиімді пайдалану және сақтау қағидасы. Ашық теңіздің барлық кеңістігінде әрбір мемлекеттің теңқұқылы негізде осы кәсіппен айналыса алатын қағидасына сәйкес, балық аулау еркіндігі бұл қағиданың арқауы болып табылады. теңіздің тірі қорларын тиімдіпайдалану және сақтау қағидасы мемлекеттердің екі жақты немесе көп жақты кең халықаралық ынымақтастығын қарастырады. Сонымен қатар мұндай ынтымақтастық осы қағиданы тәжіребиеде жүзеге асыру үшін халықаралық ұйымның шеңберінде мүмкін болады. Экономикалық аймақты және ашық теңіздің басқа да аудандарында кәсіптің шарттарын келісу жолымен, ғылыми ақпараттармен, аулау деңгейінің , кәсіптік күштер туралы статистикалық мәліметтермен алмасу жолымен жетуге болады. осы қағиданы жүзеге асыра отырып, мемлекеттер Дүниежүзілік мұхиттың тірі қорларын сақтау, қалпына келтіру үшін өз күштерін үйлестіреді. Ғылыми зерттеулердің еркіндігі қағидасы. Теңіз құқығы бойынша өткізілген БҰҰ-ның ІІІ конференциясы және 1982 ол әзірлеген Конвенция осы қағиданың негізі болады. Ол әрбір мемлекеттің зінің географиялық жаідайына қарамастан, құзіретті халықаралық ұйымдардың ғылыми зерттеулер мен іздестірулер жүргізе алатынын білдіреді. Ғылыми зерттеулер мен ізденудің негізгі шарттары: біріншіден, оларды тек бейбіт мақсатта жүргізу; екіншіден, тиісті әдістер мен құралдар пайдалыну; үшіншіден, барлық ғылыми зерттеулер мен іздестірулерді халықаралық теңіз құқығының конвенциялық нұсқасында белгіленген жалпы қабылданған ережелерге қтаң сәйкестікпен жүргізіледі; төртіншіден, жүргізілетін ғылыми жұмыстар басқа құқыққа сай жұмыс түрлеріне кедергі келтірмеуі болып табылады. теңіз ортасын қорғау қағидасы. Халықаралық теңіз құқығында бұл қағиданаың пайда болуына алғашқы әрекет теңіздің мұнаймен ластануының алдын алу бойынша халықаралық конвенция қабыладнуға байлынысты 1954 ж жасалды. Теңіз ортасын қорғау қағидасы ядролық қаруды ауада, ғарыш кеңістігінде және су астында сынауға тыйым салады. Бұл қағида теңіз құқығынң дербес институтын-теңіз ортасын қорғау құқығын құрайтын көпетеген табиғи қорғау қағидаларының жүйесіне басшылық жасайды. Сонымен қатар бұл қағида халықаралық құқықтың жалпы қағидаларының бірі-қоршаған ортаны қорғау қағидасының құрамдас бір бөлігі болып табылады.
