Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekzamen_shpory_gotovye.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆
  1. Кәсіпорынның инвестициялық қызметіндегі екінші деңгейдегі банктердің рөлі

Банктік қызметті клиент қызығушылығындағы белгілі бір іс- әрекеттерді банктің орындауы деп айтуға болады. Нарықтық экономика жағдайында екінші деңгейлі банктердің инвестициялық қызметі орындаусыз активті операцияларды сапалы деу қиын. Банк аралық тартылған қаражаттарын дұрыс қолдануы мүмкін емес, олар есебінен ссуда беру арқылы банкпен тек ссудалық операцияларды жүргізу жеткілікті пайда алуға мүмкіндік береді, бірақ төмен деңгейлі тәуекелді қамтамасыз етпейді. Банктер ссуда беріп, олардың қайтарылмай қалған тәуекелін өзіне алады. Сондықтан активті операцияларды тек несиелік қызметтерімен ғана шектеп қоймау қажет.

Банк өзінде бас қаражаттарын сақтап, сәйкесінше пайда алып қана қоймай, өтімділігі және диверсификациясына да көңіл бөлуі қажет. Бұл тараптарға банктің инвестициялық операциялары толық жауап береді. Банкте бар және алынатын бағалы қағаздар үлкен 2 топқа бөлінеді: бірінші резерв, екінші резерв.

Бірінші резервке жататын бағалы қағаздар, банктің табыстылық мақсатына қызмет етеді.

Өз несиелеріне жеткілікті табыс әкелетін көптеген бағалы қағаздар бар. Бұл жерде ұзақ уақыт аралығында қаражат ағымын қамтамасыз ететін, мемлекеттік облигация жөнінде айтылып жатыр. Бағалы қағаздың жоғары табыстылығы, оның өтімділігінен көрінеді.

Екінші резервке жататын бағалы қағаздар, банктің өтімділігін ұстау үшін арналған. Өтімді активтер үлкен табыс әкелмейді. Бірақ бұл жоғары табыс әкелетін бағалы қағаздар автоматты түрде бірінші резервке жататындығын білдірмейді. Көбіне бағалы қағаздардың өтімділігі олардың өтеу мерзіміне тәуелді болып келеді. Неғұрлым мерзімі аз болса, соғұрлым міндеттеме өтімді. Өтеу мерзімі ұзақ бағалы қағаздар, үлкен табыс әкеледі, бірақ ақша нарығында ставкалардың өзгеру нәтижесінде, оның нарықтық құнымен төмендеуінен байланысты үлкен тәуекелмен байланысты.

Екінші деңгейдегі банктің инвестициялық байланыстығын келесідей бағдардан қарастыруға болады: банктің инвестициялық саясаты, бағалы қағаздар нарығындағы оперциялар, банктің басқа да қызметтері.

Екінші деңгейдегі банктер негізгі пайда бөлігін несиелік операциялар өткізу нәтижесінде алады. Олардың орындауына, депозиттерді қабылдауды ұйымдастыру нәтижесінде қаражат көздерінен алады. Банктердің инвестициялық қызметі оларға қосымша табысты қамтамасыз етеді және тәуекелді төмендетуге мүмкіндік береді. Сондықтан банктердің ұсынатын өнім қатары қосымша қызметтер есебінен әрдайым ұзарып отырады. Басқа банктік өнімдер, қызметтердің қатарын біріктіреді, соның ішінде банктік сферасына қатысты емесін де. Атап айтқанда келесідей қызметтер болуы әбден мүмкін: есептік кассалық қызметті ұйымдастыру, шетел валютасымен операциялар, құндылықтарды сақтау бойынша қызметтер, кеңес беру қызметі, ақпараттық қызмет, инженерлі-экономикалық сараптама бойынша қызмет, кепілдеме беру, трастық операция, басқа қызметтер [24, 53-56 б].

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның мысалына тоқталып кетейік, оның миссиясы – екінші деңгейдегі банктер қамтамасыз етпеген несие ресурстарында ел экономикасының бәсекеге қабілетті шикізатқа жатпайтын секторын жеделдетіп дамытудың инвестициялық қажеттіліктерін қанағаттандыру жолымен Қазақстан Республикасының тұрақты ұзақ мерзімді экономикалық өсуіне қол жеткізуде жәрдемдесуге негізделген.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның міндеттері:

    • инвестициялық жобаларға орта мерзімді (бестен он жылға дейін) және ұзақ мерзімді (он жылдан – жиырма жылға дейін) несие беру;

    • қазақстандық өнімді жеткізуші резидентке де, қазақстандық өнімді сатып алушы бейрезидентке де қарыздарды беру жолымен бірлесіп қаржыландыруды қоса алғанда, экспорттық операцияларға несие беру;

    • басқа несие институттары беретін қарыздар мен несиелер бойынша кепілдік берілген міндеттемелерді беру, сондай-ақ бірлесіп қаржыландыру жолымен Қазақстан Республикасы экономикасының өндірістік секторына несие беруді ынталандыру;

    • Қазақстан Республикасының Үкіметі іске асыратын инвестициялық жобаларды қаржыландырудың тетіктерін жетілдіру.

Жоба аясында Банк несиені төлеудің негізгі көздері ретінде инвестиция обьектісінің (қарыз алушының ақшалай түсімдері мен активтерін/кірістерін емес) ақшалай түсімдері мен кірістерінің ағымын, сондай–ақ несиені қамтамасыз ету ретінде шаруашылық обьектілері активтерін қарастырады және бағалайды. Яғни, кредиторлар несиені қайтару мүмкіндігін бағалай отырып, жоба акционерлерін емес, тікелей жобаның тиімділік және қолданылу қабілеттілігі деңгейін қарастырады.

Инвестициялық жобалар: Қазақстанның Даму Банкінің басты қызметі инвестициялық жобаларды қаржыландыру. Банктің несиелік меморандуымына сәйкес, инвестициялық жобаларды қаржыландыруда ең бірінші өндірістік емес салаларға, Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамытып, экспорт көлемін көбейтетін тауар, қызмет түрлеріне бөлінеді.

Қазақстанның Даму Банкінің әдеттегі инвестициялық қаржылары келесі салаларды дамытуға жұмсалады:

  • инфрақұрылым объектілеріне (энергетикалық, көлік және коммуникация, туристік);

  • өндірістік салалар, соның ішінде өндіру және сатып алу, жеткізу, оны қайта өңдеу және дайын өнімді шығару т.б;

  • ауылшаруашылық өнімдері, өндіру және өңдеу, жеткізу және дайын өнімді алу инвестициялық жобаға сәйкес болады;

  • қызмет көрсету салаларында (коммерциялық негіздегі, туристік, экологиялық, муниципалдық, білім алу, т.б) салалар.

Қазақстанның Даму Банкі шетелдік проектіні қаржыландыру, ең басты инфрақұрылымның дамуына, ҚР транзиттік ел болуына ықпалдасу, еліміздің өнімдерін, тауарларын, қызметтерін экспортқа шығару мәселелері алға қойған.

Банктің инвестициялық жобамен айналысыуына байланысты технологиялық жағынан жобаның қиындығы, жобаның масштабының өсуі, инвестицяны қаржыландырудың бағыттарының өзгеруі, барлығы егеменді есеп беру мен бағалаушылар кеңесіне жүгінуіне тура келеді.

Сыртқы бағалау инвестициялық жобалар бойынша маманданған компаниялар, арнайы Банктер мен компаниялар айналысады.

Қаржыландыру:

Құжаттардың толық пакетін ұсынғанан кейін, банктің арнайы шенді органдары (Несиелік комитет, Басқарушы органдар мен Директорлар кеңесі) жобаға қатысты керекті шешім береді.

Соның ішінде Несие Комитеті мен Басқарушы органдар 50 млн.доллар жобаларды қарастырса, одан жоғары соманы Директорлар кеңесі қарастырады.

Жобалық қаржыландыру:

Банк мемлекеттік – жеке кәсіпкерлік келісім негізінде ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыруды ұйымдастыру қызметін ұсынады.

Жобалық қаржыландыру – бұл белгілі инвестициялық жобаларды қаржыландыру, соның ішінде несие беруші осы объектілердің пайдасы мен қаржылануының ақша ағымын негізгі несиені төлеу үшін қарастырады, өндірістік активтерін несиенің кепілдігі ретінде алады.

Жобалық компания шетелдік банктер арасынан қаржылық консультант пен ұйымдастырушыларға тендер жариялайды, соның ішінде Қазақстан Республикасы атынан «Даму Банкі» шығады.

  • жобалық компания объекті құрылысы бойынша мүмкін болар тұтынушылармен келісім жүргізеді. Жобалық компания арнайы шот ашады, онда көрсетілген қызметтер бойынша келген ақша-қаражаттары түседі;

  • шетелдік банк «Қазақстанның Даму Банкі»-мен бірігіп: еурооблигация шығарып, несиелік торап жүргізеді;

  • жобалық компанияның шотына тартылған қаражаттар түседі, олар өз алдына тендер жұмысы мен керекті құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсалады.

  • объектіні пайдалануға берілгенен кейін қызметті тұтынушылардың ақша-қаражаттары арнайы шотқа түсуі, содан ол қаражат тартылған қаражаттардың қызметіне кетеді.