- •Банктердің ерікті және мәжбүрлі таратылуы
- •Кәсіпорынның инвестициялық қызметіндегі екінші деңгейдегі банктердің рөлі
- •Қаржылық құралдардың түрлері және олардың жіктелінуі
- •Консервацияны жүргізу тәртібі және оның тоқтатылуы
- •2. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің қазіргі жағдайы
- •Капитал жеткіліктілігі және оны анықтау әдістері.
- •Нақты сектордағы кәсіпорынның инвестициялық белсенділігін ынтыландыру
- •Банктің меншікті капиталы, оның құрамы мен функциялары
- •Қазақстанның қаржылық институттары және олардың инвестициялық үрдісті кеңейтудегі рөлі
- •Инвестициялық қызметті қаржыландыру көздері және әдістері.
- •Пруденциалдық нормативтер: банктің жарғылық капиталының минималды мөлшері, меншік капиталының жеткіліктілігінің коэффициенттері, ашық валюталық позицияның шектеулері.
- •3.Екінші деңгейдегі банктердің делдалдық операциялары
- •Пассивті операциялар өзіндік қаражаттың, тартылған қаражаттың және эмиссияланған қаражаттардың есебінен банк ресурстарын қалыптастырумен байланысты болады.
- •Сақтандыру тәуекелдерді төмендету әдісі ретінде
- •Кәсіпорынның амортизациялық саясаты, оның рөлі
- •3.Қазақстанның зейнетақы нарығын қалыптастыру және дамыту
- •Банктердің лизингтік операциялары, олардың түрлері және табыстылығы
- •Инвестициялық жоба және оның негізгі сатылары, жобалау қажеттілігі және тиімділігін талдау
- •3.Жеке және мүліктік сақтандыру ерекшеліктері
- •Нәтижеге бағытталған бюджеттік жоспарлау
- •Инвестициялық жобаны жасаудағы ақша ағындарын моделдеу
- •3.Қазақстандық зейнетақы нарығының құрылымы
- •Жергілікті қаржы, оның құрамы және сипаты
- •Банктердің форфейтингтік операциялары: мәні және ұйымдастыру тәртібі
- •3.Инвестициялық жобалардың тәуекелі мен табыстылығы
- •Банктердің трасттық операциялары және олардың түрлері
- •Қарыз қаражатын тартудың негізгі аясы ретіндегі несие нарығы және оның даму проблемалары
- •3.Қазақстанның төлем балансы: қазіргі жағдайы
- •Бағалы қағаздар нарығы, оның экономикадағы рөлі
- •Инвестицияны қаржыландырудың ерекше әдісі ретіндегі портфельдік инвестициялау
- •3.Қаржылық бақылау: ұйымдастыру, түрлері мен әдістері
- •2.Қазақстанның инвестициялық қызметтерінің заңнамалық қамтамасыз етілуі
- •Факторингтік операциялардың мәні, қағидалары және жүргізу шарттары
- •Қазіргі даму кезеңіндегі Қазақстан зейнетақы жүйесін қайта құру мәселелері
- •3.Аймақтың инвестициялық әлеуеті және оны құрушы факторлар
- •Банктерді қайта ұйымдастырудың мәні
- •Қазақстан қаржы нарығының ерекшеліктері
- •3.Бюджет тепе-теңдігі экономикалық жағдайдың сипаты ретінде
- •Банктік маркетинг: мәні, қағидалары және ерекшеліктері
- •Қазақстан Республикасының Даму банкінің қызметі, елдің инвестиция нарығында оның орны мен рөлі
- •3.Қазақстан қаржы нарығының қазіргі құрылымы
- •Банктік тәуекелдер және оларды төмендету тәсілдері
- •Қаржылық механизм: құрамы, динамикасы.
- •Қазақстан Республикасының несиелік серіктестіктері мен ломбардтары, олардың инвестиция нарығын қалыптастыруындағы және дамуындағы маңызы
- •3.Қор биржасы, оның функциясы мен құрамы
- •Лизинг инвестицияны қаржыландыру көзі ретінде
- •3.Мемлекеттің қаржылық функцияларды орындауы
- •Қазақстандағы тұтынушылық қарыз нарығы: проблемалары мен шешу жолдары
- •3.Қаржылық резервтер: қалыптастыру көздері және мақсаты
- •Корпоративтік қарыз алушылардың несие қабілеттілігін талдау ерекшеліктері
- •Бюджеттік реттеу және оның құралдары.
- •Қазақстан Республикасында банктік депозиттерді сақтандыру
- •Шетел инветицияларын тартудың негізгі себептері, мақсаттары және формалары
- •Салымдарды қорғау жүйесі, олардың әртүрлілігі
- •Қазақстан депозит нарығының институционалдық құрылымы
- •Мемлекеттің дамуында тікелей шетелдік инвестициялардың орны мен рөлі.
- •Салымдарды сақтандырудың шетелдік тәжірибесі.
- •Мемлекеттің дамуында инвестициялардың экономикалық мазмұны мен рөлі
- •Вексель: негізгі сипатты белгілері және жіктелінуі
- •Несиелік қарым-қатынастың объектілері мен субъектілері
- •Тікелей шетелдік инвестицияларды тартудың жағымды факторлары
- •Депозит нарығының экономикалық мәні мен рөлі
- •Банктік несиелеудің қағидалары
- •Мемлекеттің валюталық ресурстарын қалыптастыру және пайдалану. Валюталық бағам
- •Ақша нарығының негізгі буыны ретіндегі пластикалық карталар нарығы
- •Ресурстарды тартудың депозиттік емес көздері
- •Нақты және қаржылық инвестициялардың мәні мен мағынасы
- •Төлем карталары, олардың түрлері және қаржы нарығындағы рөлі
- •Коммерциялық банктердің активті операциялары, олардың құрылымы
- •Төлем тапсырмалары мен төлем талап-тапсырмалары арқылы есеп айырысудың ерекшеліктері
- •Төлем талап-тапсырмасы
- •Негізгі және туынды бағалы қағаздар, олардың айырмашылықтары.
- •Қарыз алушыны несиелендіру кезеңдері
- •Қазақстан экономикасына инвестицияны тартудың жағымсыз факторлары
- •Депозит түсінігі, Қазақстан депозит нарығындағы депозиттің түрлері
- •Қазақстанның инвестициялық климаты
- •Аккредитивтер, олардың түрлері. Аккредитивпен есеп айырысу ерекшеліктері
- •Шетелдік және отандық инвесторларды ынталандыру жолдары
- •3.Мерзімді депозиттердің және талап еткенге дейінгі депозиттердің ерекшеліктері
- •3.Қазақстанның сақтандыру нарығының қатысушылары
- •Мемлекеттің инвестициялық саясат түсінігі, мақсаты мен міндеттері
- •Қаржылық аппарат, оның құрамы және сипаты
- •Инвестициялық ресурстардың жалпы сипаты, олардың жіктелінуі
- •3.Қазақстан аумағында шығарылатын мемлекеттік бағалы қағаздардың түрлері
- •Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі және оның бюджеттік қарым-қатынасты заңнамалық реттеудегі рөлі
- •Кәсіпорынның инвестицияларының сыртқы және ішкі көздері
- •3.Қазақстанның сақтандыру нарығының құрылымы
- •Несиелік келісім-шарт және оның мазмұны
- •Қазақстанда инвестициялық саясатты жүргізетін жауапты мемлекеттік органдардың қызметі
- •3.Акция түсінігі және оның жіктелінуі
- •Банктік тәуекелдердің жіктелінуі
- •Мемлекеттің экономикалық саясатының ажырамас бөлігі ретіндегі Қазақстанның инвестициялық саясатының негізгі бағыттары
- •3.Акция мен облигация түсінігі, олардың ерекшеліктері
- •Несиел нарығының түсінігі мен функциялары
- •«Проблемалық» қарыздардың пайда болуын алдын алу
- •3.Кәсіпорынның меншік қаражаттары. Пайда инвестицияны қаржыландырудың көзі ретінде
- •Бөлшек несиелеу: жеке тұлғалардың несие қабілеттілігін бағалау
- •Кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржыландыру көздері: қарыз және тартылған бюджеттен тыс көздер
- •3.Қазақстан депозиттерді сақтандыру жүйесі
- •Кепілдемелер, олардың формалары. Кепілдемелерді рәсімдеу тәртібі
- •Қаржы нарығында жедел ресурс ретіндегі банктердің несиелері
- •3.Қазақстандық бағалы қағаздар нарығының құрылымы
- •Несиенің кепілмен қамтамасыз етілуі. Кепілдің түрлері
- •Мемлекеттің инвестициялық қызметінің көзі ретіндегі халықтың жинақтары
- •3.Несие нарығындағы қаржылық құралдардың түрлері мен формалары
- •Банктік қарызды сақтандыру
- •3.Бағалы қағаздар нарығындағы қаржылық құралдар және олардың жіктелінуі
- •Цессия, оның құқықтық құрылымы және түрлері
- •Қазақстандағы бюджетаралық қарым-қатынасты реттеу ерекшеліктері
- •3.Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қатысушылар
- •3.Бағалы қағаздар нарығының түсінігі. Бағалы қағаздар нарығының жалпы нарықтық және арнайы функциялары
- •Несиелік тәуекел түсінігі және оны төмендету тәсілдері
- •Қазақстан экономикасын дамытудағы халықаралық қаржылық ұйымдардың рөлі
- •3.Валюталық операциялар және олардың сипаты
- •Проблемалық несилер, пайда болу себептері және оларды басқару
- •3.«Своп», «спот», «форвард» валюталық операцияларының түсінігі
- •Несиелік тәуекелдерді төмендеті әдістері
- •Қазақстандағы тікелей шетелдік инвестициялар, олардың экономикадағы рөлі мен орны
- •3.Валюта нарығының түсінігі және оның құрылымы
- •Несиелік тәуекел және оның деңгейіне әсер етуші факторлар
- •Қазақстан аймағындағы инвестициялық әлеует, қалыптастыру ерекшеліктері
- •3.Қазақстандағы ипотекалық несиелеу жүйесі
- •Жедел және қаржылық лизинг
- •Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу түсінігі және жіктелінуі
- •3. Қазақстан Республикасындағы бюджеттік жүйенің даму кезеңдері
- •Қазақстандық ипотекалық компания қайталамалы нарық операторы ретінде
- •Инвестицияны қаржыландыру көзі ретіндегі қысқа мерзімді несиелеу
- •3.Депозитарлық қолхаттар және олардың түрлері
- •Қазақстандық ипотекалық несиелерді кепілдендіру қоры: қызмет ету ерекшеліктері
- •Қазақстанның инвестициялық қызметін дамытудың заңнамалық негізі
- •3.Сақтандыру нарығының мәні мен функциялары
- •Банк қызметінің өтімділігі: түсінігі және басқару
- •Мемлекеттің инвестициялық саясаты, оның мәні және Қазақстан экономикасының қазіргі даму жағдайындағы рөлі
- •3.Материалдық емес қызмет аясындағы шаруашылық субъектілер
- •Өтімділікті басқару әдістері
- •Инвестицияны қаржыландыру көзі ретіндегі меншікті және тартылған қаржылық ресурстар: тарту мәселелері және шешу жолдары
- •Инвестициялық жобаларды несиелеудегі банктердің рөлі
- •3.Қаржылық құарым-қатынастарды құқықтық қамтамасыз етуі
- •Экономикалық ресурстарды қайта бөлудегі мемлекеттің рөлі
- •Қазақстан ипотека жүйесінің инфрақұрылымы
- •3.Екінші деңгейдегі банктердің делдалдық операциялары
- •Қаржы жүйесінің жетекші буыны ретіндегі мемлекеттік бюджет
- •Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі
- •Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелеудің проблемалары мен даму перспективалары
- •3.Белгісіздік және тәуекел түсінігі
- •Мемлекеттік табыстардың мәні және жіктелінуі
- •Бағалы қағаздар нарығындағы қазақстандық банктердің негізгі бағыттары
- •Циклдері
- •Жобаның тұжырымдалуы
- •Үй шаруашылығы субъектілерінің қаржысының мазмұны мен функциялары
- •Коммерциялық банктердің шығыстары
- •3.Инвестициялық жобаның таза дисконтталған табысы (құны)
- •«Стрестік активтер қоры» ақ және оның қызмет етуінің ерекшеліктері
- •2.Қазақстандағы тікелей шетелдік инвестициялар, экономикады олардың рөлі мен орны
- •3.Бюджеттік жіктеліну
- •«Проблемалық несиелер қоры» ақ-ның мақсаттары, міндеттері, қағидалары және оның Қазақстан Республикасындағы қызметінің ерекшеліктері
- •Инвестициялық жобалар тиімділігінің көрсеткіштері
- •3.Қаржылық құралдардың түрлері және олардың жіктелінуі
- •Қаржыны басқару: қағидалары, міндеттері, элементтері
- •Бағалы қағаздар нарығындағы банктік операциялар
- •3.Қазақстан Республикасында инвестициялық үрдістегі Ұлттық инновациялық қордың рөлі
- •Қаржылық саясат, оның мазмұны, қағидалары, типтері
- •Бағалы қағаздар нарығында банктік қызметтердің проблемалары және даму болашағы
- •3.Әлемдік интеграциялық үрдістегі трансұлттық корпорациялардың орны мен рөлі
- •Банктердің экспорттық және импорттық операцияларды жүргізу ерекшеліктері
- •Қазақстан инвестициялық қорының қызметі, оның Қазақстанның инвестиция нарығындағы орны мен рөлі
- •3.Мемлекеттік қаржының сипаты
- •Валюта нарығында банктердің қызметі
- •Қазақстан Республикасының инвестициялық климаты. Тікелей шетелдік инвестицияларды тартудың жағымды факторлары
- •3.Үй шаруашылығындағы табыстар мен шығыстарының сипаты
- •Коммерциялық банктердің валюталық операциялар түсінігі және түрлері
- •Инвестициялық жобаларды қаржылық жүзеге асыру
- •3.Қаржы нарығындағы қазақстандық қаржылық компаниялардың қызметі
- •Ел экономикасындағы Қазақстан Республикасының Даму банкінің рөлі
- •Мемлекеттік несие: түрлері, формалары, әдістері
- •3.Қазақстан сақтандыру ұйымдарының инвестициялық қызметі
- •Қазақстан Республикасының төлем жүйесі
- •Халықаралық валюталық қор, оның Қазақстан инвестициялық қызметін дамытудағы рөлі
- •3.Мемлекеттік бюджеттердің шығыстары: құрамы, құрылымы
- •Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі және бюджеттік құрылғы
- •Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің дамуы
- •3.Негізгі және туынды бағалы қағаздар, олардың айырмашылықтары
- •Бюджеттен тыс қорлар: мәні және жіктелінуі
- •Банктік маркетинг тәсілдері. Банктік маркетингтің негізгі бөліктері
- •3.Жобалық тәуекелдердің жіктелінуі және оларды басқару
- •Депозит нарығының экономикалық мәні мен рөлі
- •Банктік тәуекел деңгейіне әсер ететін факторлар. Банктік тәуекелдердің жіктелінуі
- •3.Мемлекеттік бюджеттердің табыстары: құрамы, құрылымы
- •Банктердің өтімділігін басқару әдістері
- •Қазақстанның қаржы нарығын мемлекеттік реттеу
- •3. Қазақстан қаржы жүйесінде «Самрұқ – Қазына» Ұлттық әлеуеттік қорының рөлі
- •Несие нарығының түсінігі мен қызметтері
- •Банк табыстарының көздері. Пайыздық және пайыздық емес табыстар
- •3.Бюджеттік жоспарлау (болжау): мақсаттары, міндеттері, қағидалары
- •Фискалдық саясат және оның типтері
- •Пайыздық маржа. Коммерциялық банктің табыстары мен шығыстарын бағалау
- •3.Қазақстан сақтандыру нарығының құрылымы
- •Қаржы жүйесі: құрамы, қағидалары
- •Коммерциялық банктің пайдасын қалыптастыру мен пайдалану
- •3.Қаржылық құралдардың түрлері және олардың жіктелінуі
- •Қаржылық ресурстар, оның құрамы, өсу факторлары
- •Ақша нарығының құрылымы мен қаржылық құралдары
- •3.Банк табыстылығының деңгейін бағалау
- •Ақша нарығының түсінігі мен фунциялары
- •Қаржының қоғамдық ұдайы өндірістегі рөлі
- •3.Банктік қадағалау жүйесі, оның құрамы
- •Ақша нарығының түсінігі мен фунциялары
- •Банктік қадағалауды жүргізудің түрлері
- •3.Қаржының экономикалық категорияларымен өзара байланысы: құнмен, ақшамен, бағамен, несиемен, жалақымен, сақтандырумен
- •Экономикалық категория ретіндегі қаржының мәні
- •Банктік ревизияны жүргізу. Қадағалау циклі
- •3.Қазақстан қаржы нарығының ерекшеліктері
Қазақстанның қаржылық институттары және олардың инвестициялық үрдісті кеңейтудегі рөлі
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру және әлемдік нарықтағы өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге ықтимал жайсыз әсер етуі факторларынан сақтандыру үшін құрылды. Ұзақ мерзімді құндылықтарын күшейту және әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялар мен басқа да заңды тұлғалардың өзіне меншік құқығында тиесілі акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару Қорды негізгі мақсаты болып табылады.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» акционерлік қоғамы «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығына және « Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысы на сәйкес «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамын біріктіру жолымен құрылды.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру және әлемдік нарықтағы өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге ықтимал жайсыз әсер етуі факторларынан сақтандыру үшін құрылды.
Ұзақ мерзімді құндылықтарын күшейту және әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялар мен басқа да заңды тұлғалардың өзіне меншік құқығында тиесілі акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару Қорды негізгі мақсаты болып табыла ды.
Қор қызметінің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
Қордың жалғыз акционері ретінде мемлекеттің мүдделерін сақтау;
Қордың және оның компаниялары қызметінің ашықтығы, тиімділігі және икемділігі;
шешімдер қабылдауда және оларды іске асыруда кезінде жүйелілік және шұғылдық;
жауаптылық және есептілікте болу.
Қор қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
ұлттық экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға жәрдемдесу;
елдің экономикасын тұрақтандыруға жәрдемдесу;
компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларын, Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын, «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасын, компаниялардың алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру шеңберінде жаңғырту мен әртараптандыру Қордың және компаниялар қызметінің негізгі бағыты болып табылады.
Қор экономиканың шынайы секторына инвестициялар тарту, өңірлерде жұмыстарды жандандыру, салааралық және өңіраралық байланыстарды нығайту жөніндегі мәселелерді жылдам әрі шұғыл шеше отырып және бар басымдықтар мен мүмкіндіктерді барынша қолдана отырып Қазақстан Республикасының Үкіметіне барынша жәрдемдесу үшін танылған.
Ұлттық экономиканы тиімді әртараптандыру және жаңғырту, әсіресе, мынадай экономиканың басым секторларында белсенді инвестициялық қызметті іске асыру арқылы жүзеге асырылады:
мұнай- газ сектор ы ;
электр энергетика сы ;
металлургия;
химия, мұнай- химия;
инфра құрылым .
Қордың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
өңірлік, ұлттық және халықаралық ауқымдағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;
Қордың компаниялары топтарының қолданыстағы активтерін қолдау және жаңғырту;
өңірлерді дамытуға және әлеуметтік жобаларды іске асыруға жәрдемдесу;
отандық тауар өндірушілерді, отандық тауарлар мен қызметтерді қолдау.
Қаралатын міндеттер шеңберінде Қор мынадай функцияларды жүзеге асырады:
өздігінен және (немесе) компаниялардың қатысуымен, сондай-ақ жарғылық капиталдарына қатысу және қарыздар беру арқылы стратегиялық және (немесе) отандық инвесторлармен бірлесіп, өңірлік, ұлттық және халықаралық ауқымдардағы, оның ішінде экономиканың шынайы секторындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және (немесе) іске асыру, және (немесе) қаржыландыру;
«Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша өзге бағдарламалар мен жоспарларды іске асыру жөніндегі оператордың функциясын орындау;
экономиканың жаңа секторларын игеру және елден және де шетелден экономикалық жағынан тартымды активтер сатып алу;
Қазақстан аумағында жобаларды асыру негізгі басымдығы болып табылатын инвестициялық және инновациялық жобаларды компаниялардың іске асыруы кезіндегі үйлестірілген және белсенді инвестициялық саясатты қамтамасыз ету;
отандық және шетелдік, мемлекеттік және жеке инвестицияларды тарту және экономиканың әртүрлі саласына инновациялар енгізу;
капиталдың дүниежүзілік және отандық нарығында капиталды теңгерімделген қарызға беруді жүзеге асыру;
шағын және орта бизнестің жобаларын қаржыландыру;
компаниялардың топтары шеңберінде қаржы-инвестициялық құралдарының тиімді кешенді жүйесін құру;
өңіраралық экономикалық байланыстарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында жобаларды іске асыру арқылы дамыту;
әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы өңірлерді серпінді дамытуды қамтамасыз ету.
Қор мынадай функцияларды да орындайды:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрақтандыру бағдарламаларына қатысу;
екінші деңгейлі банктерден жарияланған дауыс беруші акцияларды сатып алу;
әлеуметтік-экономкалық дамуды қолдау мақсатында екінші деңгейлі банктерде негіздемелі қаражатты орналастыру, оның ішінде құрылыс объектілерін аяқтау, шағын және орта бизнес субъектілерін және агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру;
ипотекалық кредит беру нарығын және тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы жүйесін дамытуға жәрдемдесу;
Қордың және компаниялардың қазақстандық тауар өндірушілерден тауарлар мен қызметтерді сатып алуда отандық маңызды ұлғайту, компаниялар импорттық жабдықты ірі сатып алуды жүзеге асырған кезде өндірісті, жинау, жөндеу бойынша жұмыстар және оларға қызмет көрсетуді Қазақстанда оқшауландыру қамтамасыз ету бойынша тетіктерді көздейтін Қордың және компаниялардың сатып алуды жүзеге асыру тәртібін анықтау, бекіту және жүзеге асыру;
«Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру.
Сонымен ұлттық даму институттарына бөлінген «Қазына» қордың қаржы активтері мен «Самұрық» мемлекеттік холдингтің мемлекеттік акция пакеттерінде жинақталған акционерлік капиталы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат Қорының басқаруына біріктірілді.
Қор қызметінің негізгі мақсаты – меншігіндегі біріктірілген активтерді басқару, олардың ұзақ мерзімді құндылығын арттыру және дүниежүзілік нарықта бәсекелестігін көтеру. Сәйкесінше, Қор қызметінің бірінші дәрежелі ұстанымдары – жалғыз акционер ретінде мемлекеттің мүдделеріне сай тиімді, икемді әрі таза жұмыс жүргізу.
Ұлттық жобалардың операторы
Қор активтерін басқарудың тиімділігі жалпы экономиканы басқару тиімділігімен тығыз байланысты. Бұл орайда Қор ұлттық экономиканы дамытуда маңызды мәселелерді қолма-қол және сапалы шешу үшін Қазақстан Үкіметіне қолғабыс етеді.
Қор – ұлттық көлемді мәселелерді шешуге қатысатын мемлекеттік саясаттың жолбасшысы. Министрліктермен бірлесе отырып, Қор ұлттық экономиканы диверсификациялау мен жаңартуға, ал экономикалық қиыншылықтар кезінде – оның тұрақтандыруға ықпалын тигізуде.
2009-2010 жылдары экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру үшін бірлескен әрекеттер жоспарын жасауда Қор негізгі оператор рөлін атқарды. Дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында Қор қаржы секторын тұрақтандыруға, тұрғын үй саласын дамытуға, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға, инновациялық, индустриялық және ішкі құрылымдық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған 7 млрд. АҚШ долларды игерді. Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде Қазақстан ұлттық экономикасының дағдарыс кезінде өсуіне септігін тигізді.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат Қоры Қазақстан Республикасының Президенті жыл сайынғы халыққа Жолдауында көрсеткен тапсырмаларын және мемлекеттік бағдарламаларды, яғни индустриялық-инновациялық даму стратегиясы, тұрғын үй құрылысының стратегиясы, қазақстандық мазмұнын даму стратегиясын орындауда негізгі серіктес болып табылады.
Инвестициялық серіктес
Қор Қазақстан және одан тыс жерлерде белсенді түрде инвестициялық қызмет атқаруда. Міндеттерінің қатарында аймақтық, ұлттық және халықаралық көлемдегі жобаларда, соның ішінде жарғылық қапиталынына қатынасу мен қарыз беру арқылы экономиканың нақты секторында инвестициялық қатысу бар.
Экономиканың мұнай-газ секторы, электроэнергетика, металлургия, химия және мұнай-химия, инфрақұрылым сынды салалар Қор инвестициялары үшін басымдыққа ие.
Қордың инвестициялық қызметі ең алдымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат Қорының еншілес компаниялардың активтерін қолдау және жаңартуға бағытталған. Қордың көптеген инвестициялық жобалары еліміздің аймақтарында жүзеге асуда, осының арқасында шалғай жатқан аудандарды әлеуметтік-экономикалық дамытуға мультипликативті әсер етеді.
Қор отандық тауар өндірушілерге, қазақстандық өндіріс тауарлары мен қызметтерін жергілікті және шетел нарықтарда таратуға ерекше назар аударады.
«Самұрық-Қазына» АҚ инвестициялық қызметке көп жоспарлы қатысушы. Оның міндеттері:
Компаниялар тобының шеңберінде қаржы-инвестициялық құралдардың кешенді әрі тиімді жүйесін құру;
Қазақстанда және шетелде экономиканың жаңа салаларын игеру, экономикалық тұрғыдан тартымды активтерді сатып алу;
Компаниялар инвестициялық және инновациялық жобаларды жүзеге асырғанда үйлестірілген әрі белсенді инвестициялық саясатты қамтамасыз ету, соның ішінде Қазақстан аумағында жүргізілетін жобалар басымдыққа ие;
Отандық және шетелдік, мемлекеттік және жеке меншіктегі инвестицияларды тарту, экономиканың әр түрлі салаларына инновацияларды енгізу;
Шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыру;
Аймақаралық экономикалық байланыстарды дамыту, соның ішінде Қазақстан аумағында жобаларды іске асыру арқылы.
Қазақстан Даму банкісінің қызметі
Банк бүгінгі күнде өнеркәсіптің шикізатқа жатпайтын салаларында бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған өндірістер құруға, сондай-ақ Қазақстанда өнеркәсіптік, энергетикалық, көліктік және телекоммуникациялық инфрақұрылым объектілерін құруға және жаңғыртуға бағытталған жобаларды ұзақ мерзімді қаржыландыру бойынша қызметтердің кең спектрін ұсынады.
Банк, инвестициялық жобаларға және экспорттық операцияларға ұзақ мерзімді (5 жылдан артық мерзімге) кредиттеу қызметтерін көрсету, жобаларға агенттік қызмет көрсету және банктік кепілдіктер берумен қатар клиенттерге:
- жобаларды тиімді құрылымдау есебінен тартылған капиталдың құнын төмендету; - олардың қаржылану көздерін саралау;
- бірлесе қаржыландырып отырған тараптар арасында жоба бойынша тәуекелдерді бөлу;
- жобаларды қаржыландыру үдерісін жеңілдетуге мүмкіндік беретін бірқатар қосымша қызметтерді көрсетеді, сондай-ақ клиентке капиталдың сыртқы және ішкі нарыққа шығатын кезінде инвестициялық банкинг қызметін көрсетеді.
Әлемдік жетекші даму банктерінің тәжірибесіне сүйене отырып, Банк, жобалық облигациялар шығару, мезаниндік қаржыландыру және т.б. сияқты қаржыландырудың инновациялық тетіктерін енгізу есебінен пайдаланылатын қаржылық құралдар қатарын кеңейту мақсатында үздіксіз жұмыс істейді.
Банктің кредиттік саясатының негізгі қағидаттары және басымдықтары, инвестициялық басымдықтары, қарыздық қаражаттар тартуға сандық шектеулер, лимиттер, бағыттар, мүмкін болған талаптар, кредиттеудің тәртібі мен мерзімі, меншікті капиталын орналастыру, бірлесіп қаржыландыру, кепілдіктер беру, агент функцияларын орындау ұлттық басқарушы компания бекіткен Банктің кредиттік саясаты туралы меморандумда белгіленген.
Сайттың «Банк көрсететін қызметтер» бөлімі Сіздерге банктің шынайы сектор кәсіпорындары мен қаржылық ұйымдар үшін талаптарын, мерзімдерін, қажетті құжаттар пакетін, кері байланыс сауалнамасын, клиенттерге ұсыныстарды, байланыс ақпаратын қоса алғанда ұсынатын қызметтер туралы барлық қажетті ақпаратты және басқа да көптеген ақпарат ұсынады.
Қазақстан Ұлттық қорының инвестициялық қызметтері
Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, қаржылық активтер түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлік түріндегі мемлекет активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қор мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге әлемдік бағалардың жағдаятына республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтерді және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүліктерді жинақтауға, экономиканың мұнай секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Ұлттық қор жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады.
Жинақтау функциясы материалдық емес активтерді қоспағанда, қаржылық активтер мен өзге мүліктің жинақталуын және тәуекелдің қалыпты деңгейінде ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық қор активтерінің кірістілігін қамтамасыз етеді. Тұрақтандыру функциясы Ұлттық қордың активтері өтімділігінін жеткілікті деңгейін ұстап тұруға арналған. Қордың тұрақтандыру функциясын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын бір бөлігі кепілденілген трансфертті қамтамасыз етуге қажетті мөлшерде айқындалады.
Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану әлемдік, ішкі тарау және қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдай, бұл реттемакроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық сақтала отырып және Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері сақталынып, Қазақстаннның әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтары ескеріле отырып айқындалады.
Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемдері мен бағыттары бойынша шешімдерді Президент қабылдайды.
Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталармен жүргізіледі, ал оның операциялары бойынша есепке алу мен есептеме ұлттық валютамен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды Ұлттық банк пен Үкімет арасында жасасылатын сенімгерлік басқару туралы келісімшарттың негізінде Ұлттық банк жүзеге асырады.
Ұлттық қорға жіберілетін бюджеттік түсімдер Ұлттық қорды қалыптастыру көздері болып табылады. Бұл түсімдер:
1) мұнай секторы ұйымдарының тура салықтарынан (жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда) тұрады, оларға: корпоративтік табыс салығы, үстеме пайда салығы;бонустар, пайдалы қазбаларды өндіру салығы; өнімді бөлу бойынша үлестер; экспортқа рента салығы және өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі жатады;
2) мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда), соның ішінде мұнайлық келісімшарттар талаптарының бұзылғаны үшін түсетін түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда);
3) республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдерден;
4) ауыл шаруашылығы арналымындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерден тұрады.
Ұлттық қордың қаражаттары:
1) Ұлттық қордан түсетін республикалық бюджетке кепілденілген трансферт түрінде;
2) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын мақсаттарға Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттер түрінде;
3) Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығыстарды жабуға жұмсалады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сақталуын;
Ұлттық қордың жеткілікті өтімділік деңгейін ұстап тұруды;
тәуекел деңгейі қалыпты болған кезде ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық қор табыстылығының жоғары деңгейін;
ұзақ мерзімді перспективада инвестициялық табыстар алуды қамтамасыз ету мақсатында материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржылық құралдарға орналастырылады.
Материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржылық құралдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп айқындайды. Ұлттық қорды жеке және заңи тұлғаларды кредиттеуге және міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдалануға болмайды. Активтерді Ұлттық қорға есептеу және Ұлттық қорды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Ұлттық қорға түсетін немесе бұл қордан алынатын активтер Ұлттық банк белгілеген тәртіппен айырбастауға немесе қайта айырбастауға жатады. Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін кайтарусыз түсімдер осы Қордан кепілденілген трансферт болып табылады. Ұлттық қордан үш жылдық кезеңге арналған кепілденілген трансферт мөлшері республикалық бюджет әзірленетін жыл алдындағы қаржы жылының аяғындағы жағдай бойынша Ұлттық қор активтерінің үштен бір бөлігінен аспауға тиіс, ол Үкімет белгілеген тәртіппен айқындалады және Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі.
Есепті қаржы жылы ішінде Ұлттық қордан республикалық бюджетке аударылмаған кепілденілген трансферт сомасын Республикалық бюджеттік комиссияның ұсынысы бойынша және Үкімет бекіткен тәртіпке сәйкес Үкіметтің бюджетті түзету арқылы тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша төленбеген тіркелген міндеттемелер сомасынан аспайтын көлемде өткен қаржы жылының республикалық бюджетінде бекітілген бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін ағымдағы қаржы жылында пайдалануға құқығы бар.
Есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджетте Ұлттық қордан аударылмаған кепілденілген трансферт сомаларын тарту өткен қаржы жылының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша тіркелген міндеттемелердің төленбеген бөлігінің және қаржы жылының басындағы бюджеттік қаражаттар қалдықтары айырмасының сомасында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес Ұлттық қорды тиімді пайдалану және оны, материалдық емес активтерді қоспағанда,шетелдік қаржылық құралдарға орналастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейтін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің функциялары:
1) Ұлттық қорды калыптастыру мен пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) Ұлттық қорды пайдалану көлемдері мен бағыттары жөніндегі ұсыныстарды карау және әзірлеу;
3) Ұлттық қорды орналастыру үшін, материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржылық құралдардың тізбесі жөнінде ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңесті құру туралы шешімді, оның құрамы мен ол туралы қағиданы Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті Үкімет Ұлттық қор аудитінің нәтижелерін қоса отырып, жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін Ұлттық банкпен бірлесіп жасайды және оны Ұлттық банкпен бірлесе отырып жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Президенттін бекітуіне ұсынады.
Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті Президент бекіткеннен кейін Үкімет оны ақпарат ретінде Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынады.
Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргізіледі. Аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есеп және аудит жүргізудің нәтижелері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепте:
1) Ұлттық қордың түсімдері және пайдаланылуы туралы есеп;
2) Ұлттық банктің Ұлттық қорды сенімгерлікпен басқару жөніндегі қызметі туралы есеп;
3) Ұлттық қорды басқару жөніндегі өзге мәліметтер болуы тиіс.
Ұлттық қордың активтері 2020 жылға қарай 90 миллиард долларға дейін өсуі тиіс, мұның өзі ІЖӨ-нің 30 пайыздан кем емес мөлшерін құрайды. Қазір Ұлттық қорды қалыптастырудың және пайдаланудың жаңа тұжырымдамасы жасалуда.
Қордың активтері айрықша шетелдік валюталарда номиналдандырылған шетелдік қаржылық құралдарға инвестицияланады.
Тұрақтандыру портфелі жоғары кредиттік рейтингі бар елдердің ақша рыногының сенімді активтеріне инвестицияланады. Жинақтау портфелі әртараптандыру және ұзақ мерзімді перспективада баршама жоғарырак табыстылық алу мақсаттарында дүние жүзінің дамыған елдерінде айналыста жүрген борышқорлық, сондай-ақ үлестік қаржылық қүралдарға инвестицияланады.
Ұлттық қор қаражаттарының жылдам өсуіне қарамастан оның қалыптасуының тұрақтылығы шындап күмән тудырмай қоймайды. Қор табысының толымдылығы көбінесе қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктурамен және ұзақ уақыт бағаның мұнайға жоғары болуымен байланысты болып отыр.
Бюджеттік кодекске сәйкес Ұлттық қорды толтырудың көздері республикалық бюджеттен түсетін трансферттер (шикізат салаларынан бюджетке түсетін жоспарланған түсімдердің 10%), сондай-ақ шикізат секторынан түсетін нақты түсімдердің олардың жоспарланғанынан асып түсу көлемі болып табылады. Сөйтіп Қорды қалыптастыру көздері жеткілікті сияқты болғанымен бірақ бұл оның тұрақты толымдылығына кепілдік бермейді.
Инвестициялық табыстардың бірде болуы, бірде болмай қалуы мүмкін, сондықтан қордың инвестициялық табыстары оған түсетін түсімдердің тұрақты көзі ретінде қарастырылмайды.
Мемлекеттік бюджеттен берілетін трансферттер сияқты көзіне келетін болсақ мүнай мен металдарға бағаның ұзақ уақыт төмендеуі кезінде олар едәуір қысқарады. Бұл жағдайда, керісінше, Ұлттық қордың қаражатынан бюджеттің ысыраптарын өтеуге тура келеді. Мемлекеттік меншікті жекешелендіруден түсетін кірістер мен бонустар біржолғы болып табылады, оларды да қорды қалыптастырудың тұрақты көзі деп атауға болмайды.
Сараптаушылардың кезқарастары бойынша тап табиғи рента ғана қор кірістерінің негізгі көзі болуға тиіс және ол кен өндіруші сектор кәсіпорындарының салық ауыртпалығын арттырмайды: табиғи рентаны алу кен-геологиялық жағдайлары әр түрлі кәсіпорындар қызметінің жағдайларын теңестіреді.
3.Қаржы жүйесінің буыны ретіндегі үй шаруашылығының қаржысы. Капиталдың толық айналымы өндіріс үдерісінің едәуір бөлігін қамтып отырған рыноктық қатынастар жағдайларында қаржы жүйесінің дербес буынына үй шаруашылығының қаржысын бөліп көрсету бір қатар факторларға байланысты болып отыр.
Үй шаруашылықтары экономикалық қызметтің маңызды субъектілерінің бірі болып келеді, олардың нәтижелерінен жеке шаруашылық бірлігінің ғана емес, жалпы елдің бүкіл халқының әл-ауқаты тәуелді болады. Экономиканың аса ірі субъекті бола отырып коммерциялық кәсіпорындармен және мемлекетпен бірге үй шаруашылықтары барлық макрореттеуші үдерістерге қатынасады. XXI ғасырдың басында экономиканың жандана түсуі үй шаруашылықтарын белсенді тіршілік етуге жеткізді:
Үй шаруашылықтары экономикалық агенттер ретінде негізінен отбасы мүшелерінің тіршілік әрекетін қолдауға қажетті игіліктерді тұтыну туралы шешімдер қабылдайды. Ақыр аяғында барлық экономикалық ресурстар үй шаруашылықтарына жатады, бірақ бұл ресурстар олардың арасында өте әркелкі бөлінген. Үй шаруашылықтарының басым көпшілігі жұмыс күшін иеленіп, басқарады.Рыноктық экономикада жұмыс күші үй шаруашылығы шеңберінде жасалатын және өндіріс факторлары рыногында ұсынылатын негізгі тауар болып табылады. Өзінің ресурстарын сатудан табыс ала отырып, үй шаруашылықтары әр түрлі тұтыну игіліктерін сатып алу үшін шектелімді табыстарды бөлу туралы шешімдер қабылдайды. Үй шаруашылықтарының басты экономикалық мүддесі сатып алынатын игіліктердің пайдалылығын барынша көбейтуде болып келеді. Үй шаруашылықтарының тұтыну игіліктерін таңдауы рыноктық экономикада сұранымды қалыптастырады.
Экономикада үй шаруашылықтары мен кәсіпорындардың (фирмалардың) арасында айырбас болып жатады. Үй шаруашылықтары ресурстарға иелік етеді және оларды ресурстар рыноктары арқылы фирмаларға береді. Фирмалар ресурстарды пайдаланады, өнімдер өндіреді және тауарлар мен қызметтер рыноктарына жеткізеді. Үй шаруашылықтары мен басқа субъектілер арасындағы өзара іс-қимылдар нәтижесінде экономикада өндірістің жалпы көлемі қалыптасады.
Экономикалық теорияда үй шаруашылығы деп бірлесіп тұратын және ортақ бюджеті болатын бір немесе бірнеше адам жүргізетін шаруашылық ұғынылады. Үй шаруашылығы қоғамдық өндірісте шұғылданатын және шұғылданбайтын барлық жалдамалы жұмыскерлерді, ірі және майда капиталдар, жер, бағалы қағаздар иелерін біріктіреді.
Үй шаруашылығын жүргізу отбасының өндірістік қызметінің нысаны болып табылады. Үй шаруашылығында осы отбасының мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған қызметтер мен өнім өндіріледі. Рынокта сату және өткізу үшін үй шаруашылығында үздіксіз енім өндіру дара еңбек қызметімен шұғылданатын отбасын, ал ауыл шаруашылығы өнімін өндіру тауар бағыттылығы бар жеке қосалқы шаруашылықты сипаттайды.
«Үй шаруашылығы» термині жиі экономикалық әдебиетте «отбасы» терминіне ұқсас термин ретінде пайдаланылады. Бірақ отбасынан айырмашылығы үй шаруашылықтары туған-туысқандарды ғана кіріктірмейді, бір, екі және одан көп мүшелерден де тұра алады.
Үй шаруашылықтарының қаржысы, тұтас алғанда қоғам қаржысы сияқты, шаруашылық мүшелерінің материалдық және әлеуметтік жағдайларын және олардың ұдайы өндірісін қамтамасыз ету мақсатында ақшалай қорларды қалыптастыру және пайдалану жөніндегі экономикалық ақшалай қатынастар болып табылады. Жеке отбасы деңгейінде қаржы жүйесінде буын бола отырып, ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының бастапқы әлементі болып келеді. Ішкі жалпы өнім мен ұлттық табыстың құнын жасауда, алғашқы бөлуде және пайдалануда шешуші маңызы болатын коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысынан айырмашылығы үй шаруашылықтарының қаржысы қаржы жүйесінің басым буыны болған емес және қаржылық қатынастардың жалпы жиынтығында маңызды болғанымен бағынышты рөл атқарады.
Үй шаруашылықтары қаржысын «адами капиталдың» дамуы тұрғысынан қарастырған маңызды. «Адами капитал» тұжырымдамасы өткен жүз жылдықтың 60-жылдарының басында тұңғыш рет Т.Шульц ұсынды. «Адами капитал» деп жұмыскерлердің қабілеттілігін, білімін және іскерлігі түсініледі, олар жұмыскерлерге әлеуметтік және экономикалық салаларда белсенді іс-әрекет етуге мүмкіндік береді. Бұл сапалар, бірінші кезекте, ұлттың білім және денсаулық деңгейімен айқындалады. Адами капиталдың негізгі әлементтеріне, Г.Беккердің ұсынылымына сәйкес мыналар жатады:
білім капиталы (жалпы және арнаулы білімдер);
өндірістегі даярлық капиталы (біліктік, машық, өндірістік тәжірибе);
денсаулық капиталы;
экономикалық мәнді ақпараттарға ие болу (бағалар мен табыстар туралы ақпараттылығы);
көші-қон капиталы (жұмыскерлердің жұмылдырылғыштығын қамтамасыз етуші);
экономикалық қызметтің уәждемесі.
Осыдан «адами капитал жұмсалатын инвестиция» яғни адам дамуына қаражаттар жұмсау, қызметтің таңдамалы сферасында шеберлікті арттыру, адами тұрмысының рухани және табиғи жақтарын жетілдіру ұғымы дамыды. Адами капиталға жұмсалатынинвестициялардың жалпы экономикалық сипаттамасы олардың рентабелділігі нақты капиталдағы пайдалылықтан әлдеқайда көп болып табылатындығына. Бұл тұжырымдар дамыған капиталистік елдерде ағарту және кадрлар даярлау сферасынын теңдесті дамуы үшін теориялық негіздеу болды. Адами капиталдың бірнеше қағидатты маңызды қағидаларын бөліп көрсетуге болады:
адами ресурстарды сақтау және дамыту қоғамның ұзақ мерзімді экономикалық дамуы үшін негіз болып табылады;
адами капиталдың сапасы Ұлттық білім, ғылым, мәдениет және денсаулық денгейімен айқындалады;
адами капитал ұдайы өндірілетін капиталдың кез келген басқа нысаны сияқты, тозуы мүмкін және тұрақты қолдауды талап етеді;
адами капитал құнсызданады, егер оның сапасына (білім, денсаулық, ғылым және басқалары) әсер ететін факторлар нашарласа.
Ішкі мүмкіндіктермен қамтамасыз етілетін үй шаруашылықтарының едәуір әлеуеті жөнінде ІЖӨ-дегі үй шаруашылықтары жасайтын өнім мен қызметтердің салыстырмалы жоғары және әрдайым көбейіп отырған үлесі растайды (17,6%, соның ішінде: 16,9% үй шаруашылықтарының секторы бойынша және 0,7% үй шаруашылығына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдарының секторы бойынша). ІЖӨ-ні нақты түпкілікті тұтынуға пайдалануда үй шаруашылықтарының секторы 50,7 %-ды алады.
Үй шаруашылықтары қаржысының мәні өзінің көрінісін функцияларда табады. Г.Б. Поляктың " пікірі бойынша ол екі негізгі функцияларды орындайды: отбасының қажеттіліктерін ақшалай қаражаттармен қамтамасыз ету; бөлу.
Бірінші функция бұл отбасы мүшенің өмір сүруінің нақтылы жағдайларын жасайды. Рыноктық қатынастардың дамуы бұл функцияның көріну нысанына айтарлықтай әсер етті. Тауар-ақшалай қатынастардың, рыноктың пайда болуының, онан кейін оның ұлғаюының нәтижесінде мыналар болды:
1) отбасының материалдық, әлеуметтік, мәдени және өзге қажеттіліктерінің көбеюі;
2) үй шаруашылығының ақшалай қаражаттарының жасалуы және өсуі;
3) ақшалай қордың - материалдық игіліктермен қамтамасыз етуге арналған отбасы бюджетінің пайда болуы.
Үй шаруашылықтары қаржысының бөлгіштік функциясы ұлттық табысты алғашқы бөлуді және отбасының алғашқы табысының қалыптасуын қамтиды. Үй шаруашылығының қаржылық қатынастары мынадай екі топты кіріктіреді:
1) осы шаруашылық бірлігімен қаржы жүйесінің буындары арасындағы мемлекеттің қаржысымен - бюджетпен және бюджеттен тыс қорлармен және коммерциялық ұйымдар мен кәсіпорындар қаржысы арасындағы қатынастар, нәтижесінде жалақы,зейнетақылар, жәрдемақылар және т.б. түріндегі алғашқы табыстар жасалады.
2) үй шаруашылығы мүшелерінің арасындағы қатынастар, бұл кезде оқшауланған ақшалай қорларды жасай отырып, қаражаттар бөлінеді және оқшауланады. Үй шаруашылығы ішінде қаражаттардың оқшаулануы әр түрлі баламалылықты жоққа шығара отырып, меншік иесін өзгертпейді.
Бұл функция үш дәйекті баспалдақты кіріктіреді: ақшалай қорларды қалыптастыру, бөлу және пайдалану. Үй шаруашылығы қаржысының екі функциясы өзара байланысты және бірін-бірі толықтыра отырып бір уақытта іс-әрекет етеді
5-билет
Базель келісімдері және оларды Қазақстанда ендіру. Қазіргі таңда ТМД елдерінің ішіндегі Қазақстанның банк жүйесінің мәртебесі жоғары, сондықтан Қазақстанның қаржы мамандары бір орында қалып отырғысы келмейді. Көрші елдер Базел I-ге өтуді жоспарлап жүргенде, қазақстандық қаржы мамандары Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің жаңа келісімін Базель III-ге өтуді қарастырып отыр.
Базель I келісімі 1988 жылы қабылданған, оның маңыздылығы тәуекел есебімен капиталдың активтерге қатысында. Әр түрлі ктив категориялары үлкен коэфиценттерге көбейтіледі. Мысалы, Базель 1-ге байланысты дамушы елдердің 1 жылға дейін мерзімімен алынған банктің несиесіне 20% коэффициент қолданса, ал дамығн елдің корпорация несиесіне 100% қолданады.
Базель II келісімінің 1-ші версиясы 1999 жарияланды, және әлі күнге дейін дамып келеді. Бұл келісім проекті капитал жеткіліктіліктің реттеудегі бірін-бірі қоштайтын 3 бағытын қарастырады.
Жеткіліктілік коэффициентін есептеудің жаңа методикасы. Капиталдың жеткіліктілігі коэффициенттер көмегімен анқталады, банктік нарық пен операциялық тәуекелдерін, заемшының несие тәуекелін өзгерте отырып.Бұл жаңа тәсіл тәуекелдерді білдіртпей дифференциялау мүмкіндігін бере отырып, келісімінің ортақ элементі болып табылады.
Капитал жеткіліктілігін қадағалау арқылы барабарлықтың нәтижелі бақылауы мен банктердің ішкі тәсілдерінің жұмыс істеуін жорамалдауға мүмкіндік береді.
Нарық дисциплинасы, яғни банк капиталының құрылымы мен барған тәуекелдер жайлы толық мағлұматтың анықтылығы және осыларды негізге ала отырып клиент, банк және эксперттер капиталдың жеткіліктілігі жайлы өз сындарын бере алуы әбден мүмкін.
Базель II-нің Базель I-ден айырмашылығы оның келісім ретінде құрылуында, нақты тәуекелдерге байланысты капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерінің максималды дифференциялауға бағытталған.
Қазіргі таңда Қазақстан Банктік қадағалау жөніндегі комитетінің жаңа келісімін Базель III-ке көшуді қарастыруда. Жуырда белгілі болғандай, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Базель III – ке өту шаралар жоспарын әзірлеуде. «Қазақстанның екінші деңгейдегі банктері Базель III – ке 2015 жылдың қаңтарынан бастап көшеді» деген мәліметті Ұлттық Банктің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді. «Жалпы қазіргі таңда Базель III ке көшу жоспарын АҚШ, Ұлыбритания, Ресей сынды мемлекеттер құруда. Бұл келісімнің жүзеге асуының ақырғы мерзімі 2019 жылдың 1 қаңтары, ал кейбіреулер тіптен 2014 жылдан бастап халықаралық банктер келісімге өтеді деп жатыр. Осыған қарағанда нақты өту мерзімі белгісіз болып отыр», - деді Ұлттық Банк төрағасы. Келимбетовтың айтуы бойынша, «қазір елімізде банктік лицензия алу үшін өзінідік капитал мөлшері 10 миллиард немесе 70 миллион теңгені құрауы керек дейді. Елімізде қазір 38 банктер жұмысын атқарып жатыр, ал 2019 жылы банктік лицензия алу шарттары қиындай түседі және өзіндік капитал мөлшері көтеріледі» деген болжам жасап отыр.
