Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әбілғазы.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
351 Кб
Скачать
☆

Жұмыстың негізгі мазмұны.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, нысаны, мақсаты мен міндеттері, теориялық және практикалық маңызы, ізденістердің ғылыми жаңалығы, зерттеудің әдіс-тәсілдері мен ұсынылған тұжырымдары айқындалып, жұмыстың талқылануы мен жариялануына қысқаша деректер берілді. 

Диссертацияның бірінші тарауы «Түркі шежіресінің» қазақ тіл білімі тарихында алатын орны» деп аталады. 1.1 «Түркі шежіресінің» зерттелу тарихы. XVII ғасырда жазылған құнды жазбаша ескерткіш Әбілғазы баһадүр ханның «Түркі шежіресі» зерттеуші ғалымдардың (А.Н.Кононов, Б.Әбілқасымов, Т.Қордабаев) мәліметтеріне қарағанда, еңбектің біздің дәуірімізге келіп жетуіне, зерттелуіне, танылуына, аударылуына ықпал еткендер – Сібірге жер аударылған швед офицерлері, солардың бірі Филипп Иоганн Табберт Страленберг. Ол қолжазбаны Тобыл қаласынан тауып, орыс тіліне аудартса, швед Шенстрем неміс тіліне аударады. Бұл аударма арада көп уақыт өткеннен кейін 1780 жылы ғана кітап болып басылып шығады. Ал одан бұрынырақ қолжазба неміс тілінен француз тіліне аударылып, 1726 жылы Лейденде жарық көреді. «Шежіренің» баспа нұсқасын орыс тіліне аудару бірнеше рет қолға алынса да, олар сәтсіз шығады [3].

«Шежірені» түпнұсқадан орыс тіліне алғаш аударған – Г.С.Саблуков. Бұл аударманы ол Қазан басылымы бойынша және Петербургтегі Ғылым академиясының мұражайында сақталған қолжазбалармен салыстыру негізінде жасайды. 1906 жылы Қазанда Г.С.Саблуков аудармасы кітап болып басылып шығады.

Белгілі ориенталист ғалым И.Березин «Шежіренің» Г.С.Саблуков жасаған аудармасын жеке кітап етіп, «Книга родословия тюркского» деген атпен өзінің «Шығыс тарихшыларының кітапханасының» 3-томына кіргізеді [1].

Бұдан кейін Әбілғазы еңбегін зерттеу қолға алынып, ол XIX ғасырда көп ғалымдардың назарына ілігеді. А.Н.Кононов «История изучения тюркских языков в России» атты еңбегінде осы аталған шежіренің зерттелу тарихына көбірек тоқталады [3].

«Tүrkì šežìresìnì็» ķұrylysyn arnalġan e็bekterdì็ grammatikalyķ sipattauġa bìrì – проф. С н. Rodoslovnoe drevotûrok Ivanovty็ «Абуль-Гази-Ханна» atalatyn monografiâsy EMD. ОЛ «Tүrkì šežìresìn» ôzbek tìlì retìnde eskì eskertkìšì ôz zertteulerì arķyly ķarap, ôzbek tìlìnì็ grammatikasyn žasauġa үles ķosatynyn Тарихи ajtady [4,5-b].

Àbìlġazyny็ «Tүrkì šežìresìn» zertteulerìnì็ etìp ôz nysany žyldary ġana ķazaķ kejìngì alġan bìrì Àbìlķasymov ġalymdaryny็ б Tүrkì šežìresì kìtabyny็ «» tarihyna šolu žasap zerttelu ondaġy tұraķty sôz tìrkesterìn, tìldìk tұrġydan taldajdy [5,48 62-BB]. Соль siâķty т. Ķordabaevty็ «màselelerì Тарихи синтаксис» atty Šežìrenì็ sintaksistìk monografiâsynda «ķұrylysy sôz bolady» [6].

Проф. Б.Әбілқасымов Әбілғазының аталған шығармасын 1992 жылы «Түркі шежіресі» деген атпен қазақ тіліне аударады [7]. «Түркі шежіресінің» қазақ тарихы мен әдебиетіне қатысты көптеген мақалалар жариялады. 2001 жылы «Әбілғазы ханның «Түркі шежіресі» және оның тілі» атты кітабы басылып шықты. Ғалым «Шежіренің» фонетикалық-орфографиялық ерекшеліктеріне, лексика-фразеологиялық сипатына, грамматикалық құрылысына жан-жақты талдау жасайды. «Шежіренің» тілін зерттей келе, оның қазақ тіліне, сондай-ақ, тарихи грамматика мен тарихи лексикологияға көп деректер бере алатындығын дәлелдейді [2,4-б.].