Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
azamattyk kukyk bilet jauaptary.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
611 Кб
Скачать
☆

29.Кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауапкершілік.

925-бап. Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар                 келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiк

      1. Жасы он төртке жетпеген кәмелетке толмағандар (жас балалар) келтiрген зиян үшiн, егер зиян өздерiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, оның заңды өкілдері жауап бередi.       2. Егер қорғаншылыққа мұқтаж жас бала тиiстi тәрбиелеу, емдеу мекемесiнде, халықты әлеуметтiк қорғау мекемесiнде немесе заңға орай өзiнiң қорғаншысы болып табылатын осы сияқты басқа мекемеде болса, егер зиян өзiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, жас бала келтiрген зиянды сол мекеме өтеуге мiндеттi.        3. Егер жас бала оқу орнының, тәрбиелеу, емдеу немесе оны қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi өзге мекеменiң, сондай-ақ шарттың негiзiнде қадағалауды жүзеге асыруға міндеттi адамның бақылауында болған уақытта зиян келтiрсе, зиян олардың қадағалауды жүзеге асырудағы кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, келтiрiлген зиян үшiн осы мекемелер мен адамдар, жауап бередi.        4. Заңды өкілдердің, оқу орындарының, тәрбиелеу, емдеу және өзге де мекемелердiң зиянды өтеу жөнiндегi мiндетi жас баланың кәмелетке толуымен немесе оның зиянды өтеу үшiн жеткiлiктi мүлiк алуымен тоқтатылмайды.        Егер заңды өкілдері қайтыс болса немесе олардың, сондай-ақ осы баптың 3-тармағында аталған басқа да азаматтардың жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу үшiн жеткiлiктi қаражаты болмаса, ал толық әрекет қабiлеттiлiгi болған зиян келтiрушiнiң өзiнде мұндай қаражат болса, сот жәбiрленушi мен зиян келтiрушiнiң мүлiктiк жағдайын, сондай-ақ басқа да мән-жайларды ескере отырып, зиянды зиян келтiрушiнiң өзiнiң мүлкi есебiнен толық немесе iшiнара өтеу туралы шешiм қабылдауға құқылы.

      926-бап. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiн  кәмелетке

толмағандар келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiк

      1. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар өздерi келтiрген зиян үшiн жалпы негiздер бойынша дербес жауап бередi.        2. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың зиянды өтеу үшiн жеткiлiкті мүлкі немесе өзге кiрiс көздерi болмаған жағдайда, егер олар зиянның өз кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, зиянды толық немесе оның жетпей тұрған бөлiгiн заңды өкілдері өтеуге тиiс.        Егер он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi қамқоршылыққа мұқтаж кәмелетке толмаған адам тиiстi тәрбиелеу, емдеу мекемесiнде, халықты әлеуметтiк қорғау мекемесiнде немесе заңға орай оның қамқоршысы болып табылатын сол сияқты басқа да мекемеде болса, зиян өздерiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, зиянды толық немесе оның жетiспей тұрған бөлiгiн сол мекемелер өтеуге мiндеттi.        3. Заңды өкілдердің және тиiстi мекеменiң зиянды өтеу жөнiндегi мiндетi зиян келтiрушiнiң кәмелетке толуы бойынша немесе онда кәмелетке толғанға дейiн зиянды өтеуге жеткiлiктi мүлiк немесе кiрiс көздерi пайда болса не ол кәмелетке толғанға дейiн әрекет қабiлеттiлiгiне ие болса тоқтатылады (осы Кодекстiң 17-бабының 2-тармағы, 22-1-бабы). 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]