Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
azamattyk kukyk bilet jauaptary.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
611 Кб
Скачать
☆

19. Тапсырма шарты

846-бап. Тапсырма шарты

      1. Тапсырма шарты бойынша бiр тарап (сенiм бiлдiрiлген өкiл) екiншi тараптың (сенiм бiлдiрушiнiң) атынан және соның есебiнен белгiлi бiр заңды iс-әрекет жасауға мiндеттенедi. Сенім білдірілген өкiл жасаған мәмiле бойынша құқықтар мен мiндеттер тiкелей сенiм бiлдiрушiде пайда болады.        2. Тапсырма шарты жазбаша нысанда жасалады.

Тапсырма шарты бойынша бiр тарап (сенiм бiлдiрiлген өкiл) екiншi тараптың (сенiм бiлдiрушiнiң) атынан жəне соның есебiнен белгiлi бiр заңды iс əрекет жасауға мiндеттенедi.

Тапсырма өзi арқылы өкiлдiк қатынастары қамтамасыз етiлетiн негiзгi құқықтық нысандардың бiрi болып табылады. Тапсырма шарты өкiл мен өкiлдiк етiлетiн тұлғаның (сенiм бiлдiрiлген өкiл мен сенiм бiлдiрушiнiң) iшкi қатынастарын рəсiмдейдi, сирек жағдайларды қоспағанда, онсыз шарттық өкiлдiк мүмкiн емес. Қызметтiк тапсырмалардың заңдық табиғаты жеке құқық доктринансының кеңiнен дамуын ескергенде жалпы тапсырмаға өте ұқсас болады.

тапсырма шарты арқылы сенiм бiлдiрушiнiң атынан жəне соның есебiнен заңды iсəрекеттер жасайтын сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң қызметi қамтамасыз етiледi деп қорытындылауға болады. Сенiм бiлдiрiлген өкiлмен жасалған мəмiле немесе өзге заңды iсəрекеттер бойынша құқықтар мен мiндеттер сенiм бiлдiрушiде туындайды. Тапсырма шарты сенiм бiлдiрiлген өкiл жасауға тиiс iсəрекеттердi анықтау үшiн арналады.

20. Заң бойынша мұрагерліктің кезектері.

 1061-бап. Заң бойынша мұрагерлердiң бiрiншi кезегi

      1. Заң бойынша мұрагер болу құқығын бiрiншi кезекте мұра қалдырушының балалары, оның iшiнде ол қайтыс болғаннан кейiн тiрi туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы (зайыбы) мен ата-анасы тең үлеспен алады.        2. Мұра қалдырушының немерелерi мен олардың ұрпақтары ұсыну құқығы бойынша мұра алады.

   1062-бап. Заң бойынша мұрагерлердiң екiншi кезегі

      1. Егер бiрiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын екiншi кезекте мұра қалдырушының бiр әке, бiр шешеден туған және әкесi немесе шешесi бөлек аға-iнiлерi мен апа-қарындастары (сiңлiлерi), сондай-ақ оның әкесi жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесi - тең үлеспен алады.        2. Мұра қалдырушының бiр әке, бiр шешеден туған және әкесi немесе шешесi бөлек аға-iнiлерi мен апа-қарындастарының (сiңлiлерiнiң) балалары (мұра қалдырушының немере iнi-қарындастары, жиендерi) мұраны ұсыну құқығы бойынша алады. .

      1063-бап. Заң бойынша мұрагерлердiң үшiншi кезегi

      1. Егер бiрiншi және екiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын үшiншi кезекте мұра қалдырушының әкесiмен бiрге туған ағалары мен апалары, нағашы ағалары мен нағашы апалары тең үлеспен алады.        2. Мұра қалдырушының немере аға-iнiлерi, апа-қарындастары (сiңлiлерi) мұраны ұсыну құқығы бойынша алады. 1064-бап. Кейiнгi кезектегi мұрагерлер

            1. Егер бiрiншi, екiншi және үшiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагерлiк құқығын мұра қалдырушының алдыңғы кезектердегi мұрагерлерiне жатпайтын, үшiншi, төртiншi және бесiншi туыстық дәрежесiндегi туыстары алады.        Туыстық дәрежесi туыстарды бiр-бiрiнен сатылап алшақтататын туу санымен айқындалады. Мұра қалдырушының өзiнiң дүниеге келуi бұл қатарға жатпайды.        2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес мұрагерлiкке:        төртiншi кезектегi мұрагерлер ретiнде үшiншi туыстық дәрежесiндегi туыстар - мұра қалдырушының арғы аталары мен әжелерi;        бесiншi кезектегi мұрагерлер ретiнде төртiншi туыстық дәрежесiндегi туыстар - мұра қалдырушының туған немере iнi-қарындастарының, жиендерiнiң балалары (шөбере iнi-қарындастары, жиеншарлары) және оның аталары мен әжелерiнiң туған аға-iнiлерi мен апа-қарындастары (сiңлiлерi);        алтыншы кезектегi мұрагерлер ретiнде бесiншi туыстық дәрежесiндегi туыстар - мұра қалдырушының шөбере iнi-қарындастарының, жиеншарларының балалары, оның немере аға-iнiлерi мен апа-қарындастарының (сiңлiлерiнiң) балалары және оның екi атадан қосылатын аталары мен әжелерiнiң балалары шақырылады.        3. Егер алдыңғы кезектердегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша жетiншi кезектегi мұрагерлер ретiнде мұра қалдырушымен кемiнде он жыл бiр отбасында тұрған мұра қалдырушының өгей әкесiне не өгей шешесiне ерiп келген аға-iнiлерi мен апа-қарындастары (сiңлiлерi), өгей ұлдары, өгей қыздары, өгей әкесi және өгей шешесi шақырылады. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]